kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жалпы ?скери газт?мылдыры?, оны? ат?аратын ?ызметі ж?не ??рылысы,

Нажмите, чтобы узнать подробности

 sdjjwnbkj[otekmm,nfc,x;pp[fi4weoumbcgf[hgf;]loaweujo;iiw3o;objgfknmng.,hlkg'

p3w[ipru4398ytgjflknb[pp5]eot-9u8rgfuygfjnfglkjlori0eiwe-488tgjhgsrejkh;rl[r-430-9u43yhgrlktder+

9+85225436536

+5stu5p0543-0-esro5c4hmjt b3rwf847e395r7348uoiueru5rkp;tip5o4-[tp[50-34-thgjkhkjdhszepw

=]-4=03-598045uoi[p hjuv;'flkdhfgoi;re-

[pu

6ry

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жалпы ?скери газт?мылдыры?, оны? ат?аратын ?ызметі ж?не ??рылысы,»

«Бекітемін»
директордың оқу-ісі жөніндегі

орынбасары: _________ Ж.Есетова

23.11.2015 ж.


1.Сабақтың тақырыбы: Жалпы әскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі және құрылысы, ГП-5, ГП-4у, ПДФ-Ш газтұмылдырықтары құрылысының ерекшеліктері, сауыт-қорғанысты (маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты жинау және қалтаға салу, газтұмылдырықты алып жүру мен қолдану ережелері, зақымдалған адамға кигізу әдістері, бұзылған газтұмылдырықты қолдану.

2.Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаппай жою қаруынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралармен ақпараттандыру, оқушыларға газтұмылдырықты қолданумен шлем-масканы таңдағанда өз өлшемдерін анықтай алуға үйрету. Есте сақтау мен ойын жылдам жеткізе білу қабылеттерін дамыту.

3. Уақыты: 45 мин.

4. Өткізілетін орны, сыныбы: 11 сынып, информатика бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД 11-сынып оқулығы, интерактивті тақта, плакаттар, газтұмылдырықтар.

6. Сабақ түрі: теориялық, түсіндіру, практикалық.


а) Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.


Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, взвод командирінің рапорт беруі, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

  • Биологиялық қару дегеніміз не?

  • БҚ шығу тарихы, алғаш қолданылуы?

  • Биологиялық қаруды адамдарды зақымдау үшін қалай қолдануы мүмкін?

  • Жануарларды зақымдау үшін қандай ауру қоздырғыштарын қолданады?

  • Өсімдіктер мен дәнді дақылдарды жою үшін қандай БҚ қалай қолданады?

  • БҚ адамдарға қалай әсер етеді?

  • БҚ қолданудың негізгі әдістері қандай?

  • БҚ зақымдау факторлары қандай?

  • 1. Патогендік микроорганизмдер дегеніміз не?

  • 2. Бактериялар дегеніміз не?

  • 3. Риккетциялар дегеніміз не?

  • 4. Саңырау құлақтар дегеніміз не?

  • 5. Вирустар дегеніміз не?

б) Негізгі бөлім – 27 мин.


Жалпы әскери газтұмылдырық — адамның тыныс мүшелерін, терісін, беті мен көзін ауада бу, тұман, тозаң түрінде кездесетін улы және радиоактивті заттардан, ауру туғызатын микробтар мен улы заттардан корғауға арналған құрал.

Газтұмылдырық: газтұмылдырық сүзгілік-сіңіру қорабынан, бет бөлігінен (шлем маска) және сөмкеден тұрады. Сондай-ақ, газтұмылдырық кешеніне сүзгілік-сіңіру қорабы кіреді. Сүзгілік- сіңіру қорабы сыртқы зақымданған ауаны сүзуге арналған. Зақымданған ауа ең алдымен дымқылдандырмайтын сүзгі арқылы етеді, мұнда тозаң мен түтін бөлшектері сүзіліп калады, сонан соң улы заттарды ұстап қалатын арнаулы сіңіргіш (арнаулы химиялық реагентті активтелген көмір) арқылы өтеді. Газтұмылдырықтың бет бөлігі бетті корғауға және газтұмылдырық қорабында тазарған ауаны тыныс мүшелеріне жіберуге арналған. Ол көз әйнегі, клапанды қорабы бар резиналы-шлем маскадан тұрады. Бет бөлігінін клапанды қорабы дем шығару кезіндегі ауа ағынын бөліп тұруға арналған.


ГП-5, ГП-4у, ПДФ-Ш газтұмылдырықтарының ерекшеліктері

Жалпы әскери газтұмылдырық ГП-5 газтұмылдырығы сүзгілік-сіңіру қорабынан, шлем- маскадан тұрады. 5 өлшемде болады.

ГП-4у газтұмылдырығы сүзгілік-сіңіру қорабынан, жалғанбалы трубкадан, 3 өлшемді шлем маскадан тұрады. 7-17 жасытағы балаларға арналған.

ПДФ-Ш газтұмылдырығы газтұмылдырығы сүзгілік-сіңіру қорабынан, шлем- маскадан тұрады. 4 өлшемде болады. Жоғарғы сынып оқушыларына арналған. ГП-5 пен ПДФ-Ш газтұмылдырығында көзәйнектерін терлетпейтін пленка болады.


Газтұмылдырықты тандау және жарамдылығын тексеру

Газтұмылдырықты пайдалану үшін беттік бөлімнің мөлшерін дұрыс таңдап алған жөн. Бұл үшін екі түрлі өлшеу жасалынады: иек, самай және бастың ең жоғарғы нүктесі арқылы өтетін шеңбер сызығының ұзындығы және бір құлақтың тесігінен екінші құлақтың тесігіне дейін маңдай мен қас доғалары арқылы өтетін жарты шеңберлік ұзындық. Екі өлшеудің нәтижелерін қосады және кестедегі мәліметтерді басшылыққа ала отырып, беттік бөлімнің қажетті мөлшерін анықтайды.


Газтұмылдырық беттік бөлімінің өлшемін анықтау. 3-кесте


Өлшеулердің шамасы, см

Мөлшер

93-ке дейін

0

93-95

1

95-99

2

99-103

3

103 және одан жоғары

4

Газтұмылдырықты пайдаланбас бұрын оның жарамдылығына көз жеткізу керек. Беткі бөлігіндегі өлшем номері бастың мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Шлем-масканың жыртылған жері жоқ екеніне және көзәйнектерінің сынық еместігін қараймыз. Сосын шлем-масканың клапандық бөлігін қараймыз. Оларды үрлеп тексереміз ішке ауа сормауы тиіс. Сүзгілік-сіңіру қорабында тотық, тесік, бұралма мойынында қандайда ақау болмауы керек. Сүзгілік- сіңіру қорабының ішінен түйіршік заттардың шашылып жүрмеуі тиіс. Осы және де басқа кемшіліктер тексеру барысында табылса онда ол газтұмылдырық жарамсыз деп танылады.


Газтұмылдырықты жинау қалтаға салу үшін сол қолға шлем-масканың клапандық бөлігінен ұстаймыз, оң қолмен шлем-маска көзәйнектерін жауып тұратындай реттілікпен бүктейміз . Жинақталған газтұмылдырықты сөмкеге саламыз. Сүзгілік-сіңіру қорабы төмен қарайды . Сөмкені түймелейміз.


Газтұмылдырықты алып жүру, қолдану

Газтұмылдырықты алып жүру үш жағдайда болады:

  1. «Жорықтық» жағдайында

  2. «Дайындық» жағдайында

  3. «Ұрыс» жағдайында

1.« Жорықтық» жағдайында газтұмылдырық салынған сөмкені оң жақ иықтан асамыз, сол жақ қапталда сөмке тұруы қажет. Сөмке бауын ұзарту не қысқарту арқылы сөмкенің жоғарғы бөлігі белдік тұсында тұруы қажет. Қажет болған жағдайда сөмкенің белдігі тартылады

2.«Дайындық» жағдайына ауысу үшін «Әуе шабуылы» және «Радиоактивті улану қауіпі» деген пәрмен берілсе, онда газтұмылдырық салынған сөмкені алдыға жылжытамыз, газтұмылдырықты аламыз, сүзгілік-сіңіру қорабы қақпағын ашамыз да сөмкеге қайта саламыз. Сөмке түймелерін босатамыз, белдігі мықтап тартылады.

3.«Ұрыс» жағдайы кезінде мынадай пәрмендер айтылады: «Газы» немесе «химиялық шабуыл», «Радиоактивті зақымдану», «Бактериялық зақымдану». «Газы» пәрмені бойынша: демді ішке ұстаймыз көз жұмулы күйде. Газтұмылдырықты аламыз, екі қолмен шлем-масканың төменгі иек тұсына ұстаймыз, улкен саусақ шлемнің сырт бөлігінде ал қалғандары ішінде болады. Газтұмылдырықты иектен бастап жоғары қарай қолдың жылдам жоғары төмен қимылымен киеміз. Демді барынша шығарып тынысты қалыпқа келтіреміз. Шлем-маска жирылып қалмауы қажет және көзәйнегі көз тұсы деңгейінде болады. Сөмкені бастапқы сол жақ қапталға қойып, белдігін тартамыз. Сондай-ақ пәрменсіз өздігінен киюге болады егер жергілікті жерде қандайда химиялық не радиоактивті әсердің бар болуын байқаса ( жапырақтардың немесе өсімдіктердің солуы, түсі өзгеруі, жануарлардың зақымдалуы, ауа белгісіз тұман пайда болса. Қысты күндері қардың түсі өзгеру, мезгілсіз еруі т.б).


«Газтұмылдырықты шеш пәрмені бойынша» бос қолымызбен газтұмылдырықтың сүзгілік-сіңіру қорабынан ұстап, алға және жоғары көтеріп шешеміз.(ПМГ газтұмылдырығын шешуде қолдың үлкен саусағын шлем-масканың иек тұсына сұғып жоғары көтеру арқылы шешеміз).


Зақымдалған адамға газтұмылдырықты кигізудің негізгі әдістері. Зақымдалған адамға газтұмылдырықты кигізу үшін, тізерлеп отырамыз. Басын тізе үстіне қойып, газтұмылдырықты алып ақырын иегінен бастап кигіземіз. Зақымдалған аймақтан шығарып газтұмылдырығын шешіп, кеуде түймесін шешеміз, медициналық көмек көрсетіледі. Тыныс алуы тоқтаса жасанды тыныс алу әрекетін жасауға болмайды.


Бұзылған газтұмылдырықты қолдану. Зақымдалған аймақта газтұмылдырық кенеттен істен шықса не істеуіміз қажет? Егер зақымдалған аймақа шлем-маска кішкене тесік пайда болса онда улағыш заттар ауамен тыныс алу жолдарына түседі. Адамның шлем ішінен уланып қалу қауіпі мол. Ол үшін тесілген жерді қолдың алақан бөлігімен қатты басып ұстаймыз. Ал шлем-маска үлкен көлемде жырылып немесе көзілдірігі сынған жағдайда, онда демді тоқтатамыз бір уақытта көзді жұмулы. Газтұмылдырықты шешіп сүзгілік-сіңіру қорабынан ажыратамызда сүзгілік-сіңіру қорабының мойнына тікелей демаламыз. Көз жұмулы күйде қалады. Сүзгілік-сіңіру қорабы тесіліп не қандайда зақым келіп жатса онда тесілген жерді топырақпен балшықпен нанмен немесе қандайда ауа өткізбейтін заттармен тесікті бітеуге болады.


в) Қорытынды бөлім – 7 мин.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жалпы әскери газтұмылдырықтың атқаратын қызметі?

  2. Газтұмылдырық қандай негізгі бөліктерден тұрады?

  3. Сүзгілік-сіңіру қорабының құрылысы, атқаратын қызметі?

  4. Газтұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?

  5. Бұзылған газтұмылдырықты қолдану әдісі?

  6. Газтұмылдырықты дайындық жағдайында қалай алып жүру керек?

  7. Зақымдалған адамға кигізудің негізгі әдістері?

  8. Газтұмылдырықты бейбіт өмірде қандай жағдайларда қолданады?


Үйге тапсырма: 54-55.бет. Теріні қорғау құралдары. Медициналық жеке қорғану құралдары.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Жалпы ?скери газт?мылдыры?, оны? ат?аратын ?ызметі ж?не ??рылысы,

Автор: Жагипаров Алтынбек Булегенович

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300437


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства