Просмотр содержимого документа
«Затты? ерігіштігі. Криталлогидрат»
Сабақтың тақырыбы: Заттың ерігіштігі. Криталлогидрат
Сабақтың мақсаты: Заттың ерігіштігі. Криталлогидрат түсінігін қалыптастыру, есептер мен жаттығулар орындату
Сабақтың барысы:
Заттың ерігіштігіне байланысты есептеулер
200г суды 800 С-қа дейін қыздырғанда калий хлоридінің қандай массасын ерітуге болатынын анықтаңдар.
Шешуі:
1) 100г суда 800 С-қа қанша грамм тұз еритінін табайық. Ерігіштік қисық сызықтарынан (кітаптың соңындағы қосымшада берілген 2-кесте) калий хлоридінің 800С-та ерігіштігі 50грамға тең екенін табамыз. Бұл температурада судың 100 грамында калий хлоридінің 50грамы еритінін көрсетеді. 800С-та 200г суда еритін тұздың массасын табамыз:
100г суда 50г тұз ерісе,
200г ____ х1 г тұз ериді.
100/200= 50/х1, х1 = 100г, m(КСІ) = 100г.
Жауабы: m(КСІ) = 100г.
100г суды 800С-қа дейін қыздырғанда түзілген калий хлоридінің ерітіндісін 200С-қа дейін суытқанда қанша грамм тұздың қайта кристалданатынын (тұнбаға түсетін) табыңдар.
Шешуі:
Ерігіштік қисық сызықтарын пайдаланып 100г суда 800С-та калий хлоридінің 50 грамы ерісе, 200С-та оның 35 грамы еритіндігін табамыз.
Ерітіндіні 800С-тан 200С-қа дейін суытқанда кристалданатын тұздың массасы:
m(КСІ) = m1 (КСІ) – m2 (КСІ) = 50 - 35 = 15г.
Жауабы: 800С-та 100г суда калий хлоридін ерітіп алған ерітіндіні 200С-қа дейін суытқанда 15г КСІ тұнбаға түседі.
Ерігіштік қисықтарына қарап 200С-та 100г калий хлоридінің ерігіштігі 35-ке тең екенін табамыз. Яғни 100г суда 35г КСІ ериді. Олай болса ерітіндінің массасы:
m (ерітінді) = 100г + 35г = 135г.
Еріген тұздың массалық үлесі:
w (КСІ) = m(КСІ) / m (ерітінді) = 35/135= 0,25 немесе 25%.
Жауабы: w (КСІ) = 0,25 немесе 25%
100г суда барий хлоридінің:
а) 200С-та 35г;
ә) 500С-та 44г ериді.
Осы тұздың 500С-та қаныққан 300г ерітіндісін 200С-қа дейін суытқанда қанша грамм BaCl2 кристалданатынын есептеңдер.
Калий нитратының KNO3 300 С-та қаныққан ерітіндісі берілген. Осы ерітіндіден калий нитратының қанықпаған ерітіндісін алудың екі жолын көрсетіңдер.
Бауырды тазалаудың бір жолы- сәске кезінде «магнезия» немесе «ащы тұз» деп аталатын магний сульфаты гептагидратының MgSO4 7H2 O ерітіндісін ішу. Ол үшін бөлме температурасында бір ас қасық (25г) ащы тұзды 25 мл суда ерітіп, оның қаныққан ерітіндісін дайындайды. Бөлме температурасындағы ерігіштігін және осы ерітіндідегі магний сульфатының массалық үлесін табыңдар.