kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

За?ды білсе? жас ?лан,А?и?ат шы?ар алды?нан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

За?ды білсе? жас ?лан,А?и?ат шы?ар жас ?лан!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«За?ды білсе? жас ?лан,А?и?ат шы?ар алды?нан!»

Оразаев Думан Дүйсенбиұлы

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Майлин атындағы орта мектепКММ

Сабақтың тақырыбы: Заңды білсең ,жас ұлан, Ақиқат шығар алдыңнан!

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып ,тұжырым жасау қабілеттерін арттыру . Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды және отбасы құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі :

Сабақтың көрнекілігі: Конституция, Бала құқықтары туралы Конвенция, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы, нақыл сөздер , презентация, Абайдың нақыл сөздері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру : Құрметті оқушылар, ұстаздар және ата-аналар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Сабағымызды бастамас бұрын, көңіл-күйімізді қалпына келтірейік . Мына алдарыңа төселген қара жолаққа бойымыздағы жағымсыз қасиеттерімізді тастап, ақ жолаққа атайық .

Менің есімім-

Мен ешқашан –

Жамандықты тастайық,

Жақсылыққа аттайық /оқушылар өз ойларын айтып, қара жолаққа бойларындағы жаман қасиеттерді тастап, ақ жолаққа жақсы қасиеттерімен қадам басады/

Мұғалім : Өмір өзі ақ пен қара жолақтан тұрады, сендер міне сол өмірде кездесетін өз бойларыңдағы жағымсыз қасиеттеріңді артқа тастап, ақ жолға қадам бастыңдар. Өмірде әр дұрыс баспаған сендерің қадамдарың өздеріңе және жақындарыңа жақсылық әкелмейді . Ендеше кез келген дұрыс емес әрекетті бақылап отыратын және шешім шығаратын,жаза қолданатын әрбір мемлекетте қандай құжат бар ? / Заң,конституция/ Олай болса бүгінгі сабағымыз заңдар туралы болмақ. Заңды білсең ,жас ұлан, Ақиқат шығар алдыңнан! атты сабағымызды жүргізуді топ жетекшісі Данаға берейін.

Құрметті қонақтар бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымызды бастамас бұран топқа бөлінсек . \ Оқушыларға тірек сөздер таратады\

Заң, талап,міндет, құқық,тәртіп- Ата заң тобы

Қазақ , ұлты, қайырымдылықты, ымырашылдықты қолдайды.- Әділет тобы

Ата-аналардан құралған Таразы тобы

Сабағымыздың жүру барысымен таныс болайық

1 Топтардың төс белгісін қорғау .

2 Үй тапсырмасы. Абай дара-Абай дана қазақта / Абайдың қара сөздеріне, өлеңдеріне тоқталу/

3 Ардың шыңы –Ата Заң /Топтарға терминдер таратылады, оқушылар мағынасын айту керек /

4 Заңдар туралы не білеміз ? \ заң баптары таратылады, оқушылар ол қай заңның тараулары мен баптары екенін ретімен қояды, қай заң екенін түсіндіреді\

5 Менің құқықтық алаңқайым \ Оқушылар бала құқығы , ал ата-аналар ата-аналардың міндеттері туралы айтады\

6 Ертегілер әлемінде \Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің құқығын анықтау ,ата-аналар жағдаяттар шешеді \

7 Біліп жүрейік! \ Оқушылар мен ата-аналарға жылдармен таратылады ,ол жыл қандай оқиғамен байланысты екенін ажырату керек \

8 Ой жалғау / Оқушылар мақалдың жалғасын табады, ата-аналар үндеу оқиды /

Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр- деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды ата - аналармен бірлесе отырып өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат саханасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң. Қазақстан Республикасының Конституциясы - әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты. Биыл Қазақстан конституциясының 20 жылдығы тойланғалы отыр .

Бүгінгі сабағымыз топтық жұмыс барысында заң баптарымен танысу ,талдау, ой қорытынды ретінде өткені отыр. Сабағымызды топтардың үйден дайындап әкелген төсбелгілерімен таныстырудан бастасақ . 1 топ «Ата заң » 2-топ «Әділет » 3-топ «Таразы» «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс»-деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай алдыңғы сабағымыз Абай туралы болған еді. Ендеше Абайдың өлең жолдарына, қара сөздеріне, нақыл сөздеріне кезек берсек . Ата-аналардың «Таразы» тобы Абай туралы ой қорытынды жасайды . Кластер қорғайды.

Ата заңы- ынтымақ бірлік кепілі.

Азаматпын! Еркінмін! Еріктімін! – дей келе келесі бөліміміз «Ардың шыңы –Ата Заң» деп аталды. Топтарға терминдер таратылады, оқушылар мен ата-аналар оның мағынасын айту керек.

Құқық,конституция, конвенция,азамат, туу туралы куәлік , БҰҰ Ата-аналарға бала , қорғаншылық ,қамқоршылық

Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. «Заңдар туралы не білеміз »? атты бөлімде Оқушылар мен ата-аналарға заң тараулары мен аттары,баптары беріледі. Олар оның ретін тауып қай Заң екенін табу керек.

«Заң –тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты,халқымыздың мәңгілік құндылығы.Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге заңның арқасында қол жеткіздік.» –деп Президентіміз айтқандай келесі бөлім «Менің құқықтық алаңқайым» деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар бала құқығы туралы өз ойларын айтса, ата-аналар ата-аналардың міндеттері туралы өз ойларын айтады .

Бүгін конвенция мен бала құқығы туралы заңмен таныстық. Енді оқушылар ертегілерден үзінді оқып , бала құқығы қалай бұзылды сол туралы өз ойларын ортаға салса, ал ата-аналар жағдаяттар шешеді. «Қырық өтірік» «Ұр, тоқпақ» «Алтын сақа» «Керқұла атты Кендебай»

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» - деп Елбасымыз айтқандай келесі бөліміміз «Біліп жүрейік!» деп аталады . Онда оқушыларға жылдар таратылады. Ал ата-аналар 2015 жылдың мерейтойлы мезеттерін айтады .

1948 ж. 10 желтоқсан БҰҰ – ның «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды,

1959 ж. 20 қарашада БҰҰ – ның Бас Ассамблеясына «Балалар құқығы» декларациясы
қабылданды

1989 жылы «Бала құқығы туралы» конвенция қабылданды
1993 ж. 28 қаңтарда Егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды
1995 ж. 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституция қабылданды
2002 ж. 8 тамызда «ҚР – ғы баланың құқықтары туралы» заңы қабылданды

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс.Сабағымызды қорытындылау үшін «Ой жалғау» бөліміндегі сұроақтарға жауап берсек.

Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
Ұрлық түбі ... (қорлық)
Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
Тәрбие ... (отбасынан басталады)
Әділ істің...(арты игі)

Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).

Таразы тобының оқушыларға әкелген үндеуін тыңдасақ .

Үндеу.

Жас жеткіншек ! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойыңдағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл.Зиянды әдеттерден ,ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен . Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады.

Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ат а-анаң үшін ғана емес, ел үшін керексің! Өйткені сен-өз құқығын білетін, Заңды құрметтейтін –тәуелсіз елдің болашағысың!

Құрметті оқушылар ,ата-аналар және ұстаздар! Бүгінгі ашық сабағымызға келіп –көріп атсалысқандарыңызға көп-көп рахмет! Ата-аналар сіздерге сынып жетекші ретінде мына өсиетті табыс етпекпін.

Ата – аналарға өсиет

Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Заңды аяққа таптамай балаға оң- солын танытуда сіздердің алатын орындарыңыз зор. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысуымыз қажет.

Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аларымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының ғана емес бүкіл алаштың ардақты азаматтары мен азаматшалары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз .




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
За?ды білсе? жас ?лан,А?и?ат шы?ар алды?нан!

Автор: Оразаев Думан Дуйсенбинович

Дата: 27.04.2016

Номер свидетельства: 322960


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства