Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем- Қазақстан»
Тәрбие сағаттың мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Тәрбие сағаттың міндеттері:
-Сыйластық, татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
-өзара жағымды қарым- қатынасты дамыту.
-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобусь(жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері.
-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге лебізімізді арнайық..
-Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша,рахмет сендерге.
-Балалар жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда бақыт деген сөзді айттық.
-Шынымен «Бақыт»деген не ?
Сендер қалай түсінесіңдер?
-Дұрыс, Отан,Ана,Туған жер т.б.
-Ал олай болса «Бақыт» сөзінің мағынасын тереңірек білу үшін Арыстан менДариғаға кезек берейік.
(Арыстан мен Дариға «Бақыт» сөзінің мағынасын ашып береді)
-Өте тамаша.Мінекей балалар ата-аналарыңның бақыты сендер екенсіңдер.Сондықтан да ата-анамыздың тілін алып оларға қолқанат болу сендердің міндеттеріңде екен
-Балалар біз қандай елде тұрамыз?
-Елімізде қандай ұлттар тұрады?
-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?
-Дұрыс балалар, біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз. Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта,ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.
«Сергіту сәті»
-Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп
Достық үйін құрайық
«Дәйек сөз»
«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.
Ынтымақ деген таулық,достық,бірілік
Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос,туыс,бауыр
Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады.
«Шығармашылық жұмыс»
«Туған еліме тілегім»
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.
Балалар алдына гүл,күн,көгершін суреттерін үлестірмелі түрде тастайды
Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.
Рефлекциялық «Тыныштық сәті»
-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып терең тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа,махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер.
Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
«Жүректен-жүрекке»
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын»
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» сөзін қолдарын жүрек тұсына қойып бірнеше рет қайталайды.