kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ы??айлас салалас

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                            Саба?ты? барысы:
                                                       І Ал?аш?ы ?йымдастыру б?лімі.
1.  Амандасу.
2. О?ушыларды т?гелдеу.
3. Саба?ты? ма?саты мен та?ырыбын хабарлау, барысымен таныстыру.
4. Психологиялы? дайынды?. «?ызы? ?мір» (М. Ма?атаев)

ІІ ?й тапсырмасын тексеру.
1. ?й ж?мысы. «?араш - ?араш о?и?асынан» 6 с?йлем
(Жай с?йлем, ??рмалас с?йлем, салалас с?йлем, оны? т?рлері)

2. Слайд №1 «?айталау– о?у айнасы»
Зымыран с?ра?тар:
1. М. Ма?атаевты? ту?ан к?ні (09. 02)
2. ??рмалас с?йлемні? т?рлері (салалас, саба?тас, аралас)
3. «?аза? ?аза?пен ?аза?ша с?йлессін». Кімні? с?зі? (Н. ?. Назарбаев)
4. «Салалас» с?зіне ассоциация (??рм. с?йлем, те? д?режелі жай с?йлем - р)
5. 11 - кластан кейін тапсырылатын сына? (?БТ)
6. «?аза?стан - 2050» стратегиясы ?ашан жарияланды? (14. 12. 2012 ж.)
7. Салаласты? жай с?йлемдері ?зара ?алай байланысады?
(жал?аулы?ты, жал?аулы?сыз)
8. Лондон олимпиадасында ?аза?станны? ал?ан алтын медаль саны (7)
9. Бастауыш (с?йлем м?шесі)
10. Латын ?ліпбиіне ?ай жылдан бастап к?ше бастаймыз? (2025ж)
11. «Емтихан» с?зі ?ай тілден енді? (араб)
12. Жала? ж?не.. (жайылма)
13. Салалас ??рмаласты? жай с?йлемдері ?зара ?андай м?нді жал?аулы? шылауларымен байланысады?
(ы??айлас, ?арсылы?ты, себеп - салдар, тал?аулы?ты, кезектес)
14. С?йлем м?шелері ??рамына ?арай. (дара, к?рделі, ?йірлі)
15. «?аза?стан 2050 жыл?а ?арай ?лемні? е? дамы?ан 30 еліні? ?атарында болу?а тиіс». ?айдан алынды? ( «?аза?стан – 2050» стратегиясын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ы??айлас салалас»

Күні: Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмаластың түрлері. Ыңғайлас салалас
Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерімен таныстыру.
Ыңғайлас салалас құрмалас туралы мағлұмат бере отырып, құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық қарым – қатынасын ажырата білуге үйрету, жалғаулықты және жалғаулықсыз байланысу түрлерінмеңгерту;
Оқушылардың танымын, сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту;
Елін, жерін сүюге, мәдени мұраларды дәріптей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, өнер, музыка
Көрнекіліктер: сызба, интерактивті тақта, слайд - шоу, интернет желісі кітапхана қоры
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, тест, жаттығу, талдау, мәнерлеп оқу, ән тыңдау,
саяхат.

Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
1. Амандасу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, барысымен таныстыру.
4. Психологиялық дайындық. «Қызық өмір» (М. Мақатаев)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. Үй жұмысы. «Қараш - қараш оқиғасынан» 6 сөйлем
(Жай сөйлем, құрмалас сөйлем, салалас сөйлем, оның түрлері)

2. Слайд №1 «Қайталау– оқу айнасы»
Зымыран сұрақтар:
1. М. Мақатаевтың туған күні (09. 02)
2. Құрмалас сөйлемнің түрлері (салалас, сабақтас, аралас)
3. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін». Кімнің сөзі? (Н. Ә. Назарбаев)
4. «Салалас» сөзіне ассоциация (құрм. сөйлем, тең дәрежелі жай сөйлем - р)
5. 11 - кластан кейін тапсырылатын сынақ (ҰБТ)
6. «Қазақстан - 2050» стратегиясы қашан жарияланды? (14. 12. 2012 ж.)
7. Салаластың жай сөйлемдері өзара қалай байланысады?
(жалғаулықты, жалғаулықсыз)
8. Лондон олимпиадасында Қазақстанның алған алтын медаль саны (7)
9. Бастауыш (сөйлем мүшесі)
10. Латын әліпбиіне қай жылдан бастап көше бастаймыз? (2025ж)
11. «Емтихан» сөзі қай тілден енді? (араб)
12. Жалаң және..... (жайылма)
13. Салалас құрмаластың жай сөйлемдері өзара қандай мәнді жалғаулық шылауларымен байланысады?
(ыңғайлас, қарсылықты, себеп - салдар, талғаулықты, кезектес)
14. Сөйлем мүшелері құрамына қарай... (дара, күрделі, үйірлі)
15. «Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс». Қайдан алынды? ( «Қазақстан – 2050» стратегиясынан)

ІІІ Жаңа материалды хабарлау.
1. Мұғалімнің түсіндіруі
Слайд №2
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Құрамындағы жай сөйлемдердің бір - бірімен мағыналық қарым - қатынасына қарай:
1. Ыңғайлас салалас
2. Қарсылықты салалас
3. Себеп - салдар салалас
4. Түсіндірмелі салалас
5. Талғаулы салалас
6. Кезектес салалас

Слайд №3
Салаластың түрі:
Ыңғайлас салалас - құрамында жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнді қарым - қатынастағы салаластың түрі
Қарсылықты салалас - құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама - қарсы болатын салаластың түрі
Себеп - салдар салалас - құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салаластың түрі
Түсіндірмелі салалас - құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын салаластың түрі
Талғаулы салалас - құрамындағы жай сөйлемдер бір - біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды да, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі
Кезектес салалас - құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салаластың түрі

Слайд №4
Ыңғайлас салалас:
1. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас _____, _______.
2. Жалғаулықты ыңғайлас салалас: да, де, та, те, әрі, және ____ да, ______.

Слайд №5
Семантикалық карта (Оқушылардың көмегімен таблица толтырылады).

2. Жаттығу жұмыстары
- Ақтөбе қаласындағы ескерткіштерге саяхат жасаймыз.
(Интерактивті тақта арқылы қала ескерткіштеріне саяхат жасалады. Саяхат барысында М. Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер топтамасы тыңдалады).

Слайд №6 Әбілқайыр хан ескерткіші (Ескерткіш суреті, мәлімет)
97 - жаттығу. Ауызша орындалады. Оқулықпен жұмыс. Ыңғайлас салалас екенін
дәлелдеу, жай сөйлемдерінің байланысу түрін анықтау.
Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды. (Ыңғайлас салалас, жалғаулықты) Бұл Құнанбай баласында алтын да көп, ат та көп, ас та көп.(Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз). Ол мені көтеріп жібергісі келеді, мен оны көтеріп жібергім келеді. (Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз). Айғай өте ұзаққа созылды және еш нәрсені түсінерліктей болмады. (Ыңғайлас салалас, жалғаулықты). Мынаның егіні бәрінен де жақсы әрі мұның егініне төніп тұрған қауіп оларда жоқ.(Ыңғайлас салалас, жалғаулықты). Ауылымыз қашық емес, қазір - ақ барып жетеміз.( Ыңғайлас салалас, жалғаулықсыз)

Слайд №7 «Қан мен тер» ескерткіші (Ескерткіш суреті, мәлімет)
99 - жаттығу. Көшіріп жазып, тиісті тыныс белгілерін қою. Ыңғайлас салаластағы мезгіл ұғымына түсінік беру (Бір мезгілде ме, іле - шала ма?)

Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлық үлкен - кіші қонақтардың айналасына жиылды. Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды. Әлия оны басынан асырып лақтырып жіберді де, сұм жауды шалқасынан түсірді. – Жолдас аға лейтенант, пулеметті маған беріңіз де, тез зеңбірекке қарай жүгіріңіз. Бұл қамалып отырған екеуіне жігер берді де, олар аяқтары аяқтарына тимей ұша жөнелді. Мұз жарылды, өзендерде сең жүре бастады.

Слайд №8 Әлия Молдағұлова ескерткіші (Ескерткіш суреті, мәлімет)
Слайд №9 Баламалы тест (иә, жоқ)
(Интерактивті тақта арқылы тест таблица түрінде көрсетіледі)

Слайд №10 Ахмет Жұбанов ескерткіші (Ескерткіш суреті, мәліметі)
98 - жаттығу. Ауызша орындалады (Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем
екенін ажырату. Сөйлем мүшелеріне талдау).
Слайд №11
(Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер)

ІV Бекіту
Слайд №12 «Сандар сыры» пирамидасы
Сандар пирамида үлгісінде орналасады.
9 (9 сөз табы)
7 --- 7 (7септік, үстеудің 7 мағыналық түрі)
6 --- 6 --- 6 (салаластың түрі - 6, сабақтастың түрі - 6, ыңғайлас мәнді жалғаулық - 6)
5 --- 4 --- 3 --- 2 (5дауысты еріндік дыбыс, жалғаудың4 түрі, 3тұрлаулы мүше, 2тұрлаусыз мүше)
42 --- 37 --- 25 ---- 12 --- 9 (42әріп, 37дыбыс, 25дауыссыз дыбыс, 12дауысты дыбыс, 9 төл дыбыс)
«Қазақ тілі сабағы бүгін мен үшін...»
- Бүгінгі сабақ туралы ой - пікірлеріңді 1 - 2 ыңғайлас салалас сөйлеммен қорытындылап көрейік.

V Үйге тапсырма:
1. 99 - жаттығу(жазбаша)
2. Ереже, жалғаулық шылауларын жаттау
3. Ақтөбе қаласындағы 1 ескерткіш туралы ізденіс тапсырмасы.
VІ Бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ы??айлас салалас

Автор: Мендалиева Гулден

Дата: 01.02.2016

Номер свидетельства: 286241


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства