kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үштұғырлы тіл саясаты үздік отыздыққа бастайды

Нажмите, чтобы узнать подробности

МСабақтың мақсаты: 
Бағдарламаға қоғамдық пікір қалыптастырудағы ролі, мәні,  кезеңдері,сөз әдебі, төрешінің, сарапшылардың ролі туралы білім алуға бағыттау, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеу. Оқушылардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, тәрбиелеу.
• Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.
Сабақтың түрі: Дебат сабақ 
Дебат моделі Карл Поппердің форматы бойынша өтеді. К.Поппердің форматы бойынша ойынға екі топ қатысады, әр топта үш спикер,тайм-кипер, арбитр және дауыс құқығы бар қатысушылар.Жақтаушы және даттаушы топтар. 
Жақтаушы топ «Талап» 
Даттаушы топ «Болашақ» 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үштұғырлы тіл саясаты үздік отыздыққа бастайды»

Күні: 15.09.17

Сынып: 9 «А,Б,В»

Сабақтың тақырыбы: 
«Үштұғырлы тіл саясаты – үздік отыздыққа бастайды ма?» 
Сабақтың мақсаты: 
Бағдарламаға қоғамдық пікір қалыптастырудағы ролі, мәні,  кезеңдері,сөз әдебі, төрешінің, сарапшылардың ролі туралы білім алуға бағыттау, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеу. Оқушылардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру, тәрбиелеу.
• Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.
Сабақтың түрі: Дебат сабақ 
Дебат моделі Карл Поппердің форматы бойынша өтеді. К.Поппердің форматы бойынша ойынға екі топ қатысады, әр топта үш спикер,тайм-кипер, арбитр және дауыс құқығы бар қатысушылар.Жақтаушы және даттаушы топтар. 
Жақтаушы топ «Талап» 
Даттаушы топ «Болашақ» 
Сабақта қолданылатың әдіс-тәсілдері: 
Ойталқы, сұрақ-жауап, топтық жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі: 
Қазақстан Республикасының саяси картасы, интерактивті тақта, слайдтар. 
Қолданылған әдебиеттер: 

1. Жарықбаев Қ. Аталы сөз.– Алматы: Жалын, 1980. 
2. Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
3. Ақиқат. 2011жыл, №5. «Қазақ тілін білу - әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзі
4. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007
5. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері,А, 2008ж.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/ushtld-blm-beru-arkyilyi-kuzrett-tulganyi-kalyiptastyiru-60020/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 Негізгі идеялар :   оқушылар топ болып жұмыс жасайды, тілдері дамиды, ойларын еркін жеткізуге үйренеді.

Біледі: Дебат ережелерін сақтай отырып, жақтаушы және даттаушы топтардың ой-пікірлерінің алшақтығына қарамастан әрқайсысы табанды түрде өз шешімдерінің құнды екендіктерін дәлелдей біледі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі 
2.Жаңа сабақтың барысы: Дебатқа қатысатын екі топты жариялау, дебат ойынының ерекшелігін түсіндіру. Әңгіме – дебатқа қатысушы қарсылас 2 топтың («Шың» тобы, «Оқжетпес» тобы - әр топ 3 спикерден тұрады) пікір бәсекелестігінде олардың белсенділігі айқын көрінеді.

(Сыни тұрғыдан ойлау, диалог)

Ойын төрешісі болған оқушының сараптама жасауынан оның сыни көзқарасы мен бағалауы айқындалады.

Уақыт төрешісі де белсенділік танытады. Тыңдаушы оқушылар өздері қай топты жақтағандықтары туралы өз ойларын айтады.

Бейнетаспа көрсетіледі:

Жақтаушы топтың кейсі: 
Резолюция: «өте дұрыс саясат» 
Дефиниция: «Экономиканың дамуы, жаһандану процессі, отыз елдің қатарына қосылу» 
Критерий: «Бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы» 
Аргументтер: 
1. дәлелді фактілер келтіру. Қазіргі заманғы инновациялық тех
нология бүгінгі күні еліміздегі орта мектепте білім алып жатқан оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ » – деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұнғиығына терең үңілуіне шақырды. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып ө
зара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», – деді [2]. Елбасының 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз ! » атты жолдауында 2020 жылға дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты жоспарын айқындап берді. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саны кемінде 20%-ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін де терең меңгеруі керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауында «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген. ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік
2.Аргумент 2
(дәлелдеу). Президент «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп нақты айтқанымен, мемлекеттік тілге шынайы мемлекеттік көзқарастың қалыптас­пауынан қабылданған заң, шешімдердің орындалуын қадағалауға жауапты органдар тарапынан жігерлілік, жүйелілік, ұстанымдылық жетіспей отыр. Сол себептен қазіргі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесімен санаспайтындар қатары күннен-күнге ерекше қарқынмен өсуде. Әйтпесе химия, физика, биология, информатика сияқты пәндерді ағылшын тілінде оқытамыз дейміз бе? Сонда қазақ баласы жаратылыстану ғылымдарын қазақша білмеуі керек пе? Оларға әдебиет, мәдениет және тарихқа қатысты пәндермен шектелу жетеді ме? Қазіргі күні ешбір жерде, өзін қадірлеген, өз тілін құрметтеген елдің бірде-біреуінде өз пәндерін басқа тілде оқу жоқ болар.
3.Бағдарламаның экономикалық- әлеуметтік, мәдени нәтижелері

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы, шығар биігі саяси-экономикалық жағдайлармен қатар, оның мемлекеттік тілі - қазақ тілінің тағдыры екендігін баршамыз жан-тәнімізбен сезініп, терең түсінеміз. Терең түсінеміз де ұлы дала академиктері айтып кеткен: «Еліңді, жеріңді, тіліңді құрметте. Еліңді жамандасаң, көмусіз қаласың, жеріңді қорғамасаң кебінсіз қаласың, тіліңді қорғамасаң, қадірсіз боласың»,- деген дана өсиеттеріне таңдай қағып, бас шұлғимыз. Тілдердің үштұғырлығы саясатының астарында ел азаматтарының мемлекеттік тілді білу ғана емес, өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін басқа тілдерді де меңгеру міндеті тұр ғой.

Бұл саясат «мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз» деген ұғымға негізделген.

бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл - елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы десе де болады.

Үш тілді қатар меңгеру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды жеделдете түсетіні сөзсіз.

Негізінен, бастауыштағы білім ана тілінде оқушы бойына сіңіріліп, ағылшын тілі жетінші сыныптан бастап дәл КТЛ мен НИШ-тағыдай тіл үйретіп барып, жоғарғы сыныптарда информатика, химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде оқытса жөн болар еді дер едім. Себебі, жоғары сынып оқушылары қалай дегенмен оңы мен солын танып қалаған балалар. Олардың алдында мамандық таңдау, оқу орнын таңдау мәселесі тұр, сондықтан, олардың тілдерді жетік меңгеруге қызығушылығы да зор болады. Әрі ана тілі туралы да оң көзқарасы қалыптастын кез. «Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс.
Қорытынды: Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2- орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интерноционалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрлыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 
Даттаушы топтың кейсі
Резолюция: «Үштұғырлы саясаттың көлеңкелі жақтары» 
Дефиниций: «Ана тілің арың бұл» 
Критерий: Балабақшадағы үштұғырлы тіл саясаты 
Аргументтер: 
(дәлелдеуші фактлер) .Елбасы 2008 жылғы 29 мамырда қазақтілді ақпарат құрал­дарының жетекшілерімен кездесуінде осы «үш тілдің бірлігін», әсте «үш тұғырлы тіл» емес, дұрыс түсінбегендерге: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп қадап айтқан болатын. Мысалы, Конституцияның 7-ші бабының 1-інші тармағында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жаздық та, 2-інші тармағында «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген құқықтық норма қабылдадық. Алайда осы екі қағидатты мәселенің екеуінің де толыққанды орындалып отыруын тиісті қадағалаудың жоқтығынан екінші тармақтағы құқықтық норма біріншінің рөлін атқаруда. Ал «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 4-бабының екінші бөлігінде «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» деген маңызды қағиданың да жүзеге асуы өз деңгейінде болмай, көбінде қағаз жүзінде қалып келеді.

2.Мектептегі статистикалық ахуал
( дәлелдеу) 
3. (фактілерді дәлелдеу, көз жеткізу) Үштілділік саясатын қолдану қандай қауіп тудыруы мүмкін?

  • қазақ тілі деңгейінің төмендеуі, яғни қазақ тілінде сөйлейтіндер санының азаюы;

  • Сонымен қатар ағылшын тілін мемлекеттік тіл ретінде қабылдану болжамы да қауіпке жатады;

  • елімізде қолданыста жүрген қазақ және орыс тілінің ысылып қалуына алып келеді;

  • жұмысқа тұру үшін талаптар күшейтіліп, ағылшын тілін білмейтіндер жұмыссыз қалуы мүмкін;

  • ағылшын тілін азаматтарға үйрету мақсатында шет елден көптеген мамандар келіп, Қазақстандағы жұмыссыздар саны артуы мүмкін;

  • мектеп оқушылары үшін қиындық туғызатын жағдай, яғни үш тілді қатар үйрету үшін 11 жылдық жүйенің ұзаруы мүмкін;

  • бұл халықтың наразылығын тудыру қаупі бар.

Айталық, шет елдерде бала 12 жасқа келгенше, яғни ақыл-есі толық жетілгенше тек өз тілінде тәрбиеленеді екен. Ал бізде, бұғанасы қатпаған балаға өзге тілдерді үйретумен әлек болып жатырмыз. Дархан даламыздың дара перзенті Жүсіпбек Аймауытов «Бала өз ана тілінде тәрбиеленбесе, өз ұлтына қызмет ете алмайды» деген, шын мәнінде өзге тілде тәрбиеленген баладан не күтеміз? Ойланбай жасалған ағат қадам еліміздің, егемендігіміздің шырқын бұзуы әбден мүмкін. Сондықтан «үш тұғырлы тіл» саясатын қайта қарап, оның орнына мемлекеттік тіл туралы заң қабылданғаны жөн.

Қорытынды: ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалар ғасыры болмақ.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Еліміздегі жүріп жатқан өзгерістердің мәнін пайымдау бірінен бұрын жастарды тәрбиелеп отырған ұстаздарға жүктейді. Ел басмыздың жолдауында көреткендей кәзіргі шәкірт ертеңгі күні әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Сондықтан да жиырма бірінші ғасырда ағылшын тілін үйрететін ұстаздарға қойылатын талаптар ауқымы үлкен.

Қорыта айтқанда: «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік » – деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық.

Миға шабул: Видеоролик талқылау
Мақсаты: берілген жағдайаттардың шешім тез арада табу 
Сабақты қорытындылау: 
Сабақты бас төреші (Арбитр) қорытындылайды. 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Үштұғырлы тіл саясаты үздік отыздыққа бастайды

Автор: Исаева Динара Асқарқызы

Дата: 17.10.2017

Номер свидетельства: 432863


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства