kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лкенге ??рмет-кішіге міндет!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кіріспе:

  ?лкенге ??рмет-кішіге міндет –адамдарды? ?зара жа?сы ?арым-?атнасыны?,ж?ріс-т?рсыны? ережесі.Мысалы:у?де беріп оны орындамаса,бас?а кісіге д?рекі жауап берсе, ?лкенді сыйламаса,ондай адамды ж?рт «?депсіз екен» дейді.Одан бас?а адамдар ?арым-?атынас жасаудан  ?ашады.Оны сыйламайды.Кейбір балалар ?дептілік ережесін бай?амай немесе білмей б?зады.?азір сендер мектеп ?абыр?асында білім алып жатсы?дар.Уа?ыт тез ?теді,ерте?-а? ?р?айсысы? ?лкен азамат боласы?дар.Бірі? д?рігер,бизнесмен,м??алім,?нші,биші, енді бірі?-елші боласы?дар.Алайда сендер е? ?уелі на?ыз азамат,жа?сы адам болып ?сулері? ?ажет.Бойлары?а мейрімділік, батылды?,?арапайымдылы?, кішіпейілдік,сыпайылы? сия?ты асыл ?асиеттерді сі?ірулері? ?ажет.

  Кей-кезде ?арым-?атынас м?дениеті,мінез-??лы? ?дебі жетіспей жатады.Ал ол ?шін о?ан осы бастан ?йренуміз,?зімізге сын к?збен ?араумыз керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лкенге ??рмет-кішіге міндет! »

Үлкенге құрмет-кішіге міндет!

Мақсаты:Балалардың бойындағы адамгершілік қасиетін қалыптастыру,қазақ халқының өнегесін үйрету.Оқушыға сүйіспеншілікті,жылылықты ұялатуға үлкенді құрмет тұтып,кішіге қамқор,адал парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.

Этнопедагогиканың ең биік шыңы халық даналығы арқылы бала бойынан кішілікті ұялату.Үлкенді сыйлай отырып тіл байлығын ,таным белсенділігін арттыру.


Көрнекіліктер: нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,суреттер,слайдтар.

Құрметті ұстаздар,ынталы оқушылар бүгінгі «Үлкенге құрмет,кішіге ізет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.


Ата-анаңның тілегі-адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі-адал болып өскенің.


Үлкендерді құрметтеп,

Көрінер кіші ізетің.


Кіріспе:

Үлкенге құрмет-кішіге міндет –адамдардың өзара жақсы қарым-қатнасының,жүріс-тұрсының ережесі.Мысалы:уәде беріп оны орындамаса,басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса,ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.Одан басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қашады.Оны сыйламайды.Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.Қазір сендер мектеп қабырғасында білім алып жатсыңдар.Уақыт тез өтеді,ертең-ақ әрқайсысың үлкен азамат боласыңдар.Бірің дәрігер,бизнесмен,мұғалім,әнші,биші, енді бірің-елші боласыңдар.Алайда сендер ең әуелі нағыз азамат,жақсы адам болып өсулерің қажет.Бойларыңа мейрімділік, батылдық,қарапайымдылық, кішіпейілдік,сыпайылық сияқты асыл қасиеттерді сіңірулерің қажет.

Кей-кезде қарым-қатынас мәдениеті,мінез-құлық әдебі жетіспей жатады.Ал ол үшін оған осы бастан үйренуміз,өзімізге сын көзбен қараумыз керек.


Мұғалім:Әдептілік-әсемдік

Соны әспеттеп жырлайық

Өнеге алып өсерлік

Өрендерді тыңдайық

Таппақтар:

1-оқушы.Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,

Көңілі аппақ сүттенде бала болғым келеді.

Адалдықты сүйетін жүрегімен,жанымен,

Бал бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді.


2-оқушы.Отты,ойлы жыры бар ақын болғым келеді,

Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді,

Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді.

Ең бастысы өмірде-кісі болғым келеді.


3-оқушы.Құрметтеп ата-анамды,

Ардақтап әпке,ағамды,

Қамқор боп сіңлі ініме,

Сыйлымын үлкен-кішіге.


4-оқушы.Бәрінде жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау кішілік,

Үлгілі мінез-кісілік.


5-оқушы.Үлкенді сыйлайтын

Кіші қамын ойлайтын

Сүймейтін жат әдеті,

Досым бар әдепті.


6-оқушы.Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсыдан

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.


7-оқушы.Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

8-оқушы.Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде

Ізетпен бас иемін.

Үйге қонақ келгенде,

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.

9-оқушы. Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре сарсаң әлегің.


Мұғалім.Үлкенге иман керек

Кішіге иба керек

Адамдар бір-бірін

Құрметтеп сыйлау керек.-деп .Қандай баланы жақсы бала деп айтамыз.

1.Бәрі жақсы баланың,

Беске оқиды сабағын

Айналайын баладан,

Көгершінді аяған.


2.Жақсы бала ол анық

Істемейді шалалық.

Тап-таза боп жуынып,

Алады ол таранып.


3.Жақсы бала құлақ сап

Айтқанды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.

Мұғалім:Жақсыға жанас,

Жаманнан адас.


1.Ерінсе қол жуғанға

Лассың дейміз мұндайға.

Мұнша уақыт санарлық

Бар екен ғой жамдық.


2.Екі баға алғаны

Бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа,

Орынды емес бұл аса.


3.Жаман бала құрысып

Өз-өзі тырысып,

Түске дейін жатады.

Анасымен ұрысып.


4.Шашы түсіп көзіне

Түсінбей ақыл сөзіне,

Мұғаліммен таласар

Дәлел тауып өзіне.


5.Сабақ бітті мектептен

Оқушылар тарады,

Бір тентек,бір тентекпен

Дабырласып барады.

Мұғалім:Ақ сүтін емген ананың

Еркелеп өскен баламын

Балғын үнім тербесін

Отанымның алаңын.

Ән: Анашым

Мұғалім:Білсін деп ұлына,

Айтқан жақсы қасиет.

1.Кіреріңде есікті,

Тарсылдаиып қақпа.

Шығарыңда есікті,

Тарс еткізіп жаппа.


2.Ақты әсте төкпейді,

Итаяқты теппейді.

Асыранды күшікті,

Жұртқа тастап кетпейді.


3.Оттың орнын баспайды,

Қасиетімді қашырар деп,

Күлді қолмен шашпайды,

Ел бүлініп шашырар деп.

4.Сөз өнерін тыңдасаң,

Бекіте сөйле,бос айтпа

Көпіре сөйлеп кісіге,

Саусағыңды шошайтпа.


5.Дос бол сабын,сумен сен.

Жуын күндіз,түсте де.

Жуын тамақ алдында,

Әдет қыл бұл ісіңді.


6.Жуын тамақ соңында.

Жуын ұйықтар кезінде,

Жуын тұрған мезгілде.

Саусағынды сормағын


7.Жиі-жиі жуын сен:

Аяқ қолың болмай кір,

Тырнағыңды алып жүр.

Тазалап жүр тісіңді.


8.Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты


Мұғалім: Тыңдашы өзің,көңіл қойып қарашы,

Тұр ғой соғып туған дала жүрегі.

Жеріміз бар қасиетті,киелі,

Біз бақытты, қазақ баласы-деп


Сөзжұмбақ

1.Бәріміздің ортақ үйіміз. (Отан)

2.Отбасы мүшелеріне не керек? (Татулық)

3.Әке мен анаға кім керек? (Бала)

4.Адамға ең қымбат жан. (Ана)

5.Отбасы мүшелері бір-біріне кім болады? (Туыс)


Би: Қамажай

Мұғалім:Үлкенді сыйлауға

Үйреткен кім екен?

(Әрине,өскен орта халық қой!)

Мақал-мәтелдер

1.Аталы бала-ақылды,

Әжелі бала-еркетай.

2.Ата сыйласаң алдыңа келер.

3.Ақылды қария-ағын дария.

4.Ақыл алсаң азбассың,

Көпті көрген көнеден.

5.Көп жаңылса көнеден сұрайды.

6.Қәріге құрмет-жасқа міндет.

7.Өсетін елдің қарты қазына болар,

Өспейтін елдің қарты қызымыр болар.

8.Көңіл қартаймайды,көз қартаяды.

9.Есік алдында төбе болса,ерттеулі атпен тең,

Ауылыңда карт болса,жазулы хатпен тең.

Көрініс: «Әдепсіз бала»

Жұмбақтар


1.Айтары мол ғұлама

Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол әкенің

Білер оны сұраған

Ол кім? (атаң)


2.Аймалайды күнім деп,

Мейрімді жүзі күліңдеп

Тәтті-ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп

Ол кім? (әжең)


3.Атаңның баласы

Кей-кезде таласып

Қаласаң әжеге

Білгенің асады кәдеге

Ол кім? (әкең)

4.Ол ыдысты жуады,

Мінезі бар биязы.

Ол барында тұрады,

Жинап үйдің жиhазы. (әпке)


5.Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегін,

Қорғасындай балқытқан,

Бұл кім? (Ана)


Ән: Ән, сәлем

Жағдаяттар:

1.Сен өте асығыссың.Себебі сабаққа үлгеруің қажет.Көшеде немересін жетектеп келе жатқан кісіні қағып кеттің.Ол кісі құлап кетті.Немересі жылап тұр.Сенің әрекетің...

2.Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинап қоюды өтінеді.Сен достарыңмен ойнап жүріп,анаңның айтқан өтінішін ұмытып кеттің.Анаң жұмыстан келіп үйді өзі жинап сыпырып қойды.Сен келгенде анаң ренжулі еді.Сенің әрекетің...

3.Сыныптас екі құрбың концерт көріп отырып, қатты күліп,дөрек сөйлеп, басқалардың көңілін өзіне аударып отыр.Құрбыларыңа не айтар едің?


Ән:Ана

Қорытынды:

Кісілік-кішілік дегенді қалай түсінесіңдер? (Тәртіпті,ұқыпты,сыпайы,әдепті,ақылды,кішіпейіл,мейірімді,

ұлтжанды)


Мұғалім: -Бүгінгі сабағымыз ұнады ма ?

-Қандай әсерде болдындар?

-Бүгінгі сабақтан нені үйрендіңдер?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?лкенге ??рмет-кішіге міндет!

Автор: Тулегенова Светлана Шаймерденовна

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 203981


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства