kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? те?ге - ?лт ма?танышы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?лтты? те?ге - ?лт ма?танышы
Саба?ты? ма?саты:
1) Білімділік: О?ушыларды ?лтты? те?гені? шы?у тарихымен таныстыру.
2) Т?рбиелік: О?ушыларды р?міздерімізді ??рметтеуге, т?уелсіз ?аза? еліні? жетістіктерін, тарихын білуге т?рбиелеу.
3) Дамытушылы?: О?ушыларды? ?зіндік к?з?арастарын ?алыптастырып, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.
Саба?ты? т?рі: Танымды? сайыс саба?
Саба?ты? ?дісі: С?ра? - жауап, баяндау.
Саба?ты? к?рнекілігі: Интерактивті та?та, суреттер, на?ыл с?здер.
Саба?ты? барысы:
1) ?йымдастыру кезе?і
а) ?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік ?н?ранын орындау
?) О?ушыларды? назарын саба??а аудару
М??алім с?зі:
Елімізді? ?лтты? валютасы те?гені?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? те?ге - ?лт ма?танышы »

Астана қаласы № 63орта мектеп











Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы









Өткізген Аширова К.А.







Сабақтың тақырыбы: Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мұғалім сөзі:
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.
1 тапсырма.
Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?
2 - тапсырма: Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________
2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Үндістан ____________
6. Германия _____________
7. Египет _____________
8. Англия _____________
9. АҚШ ______________
10. Түркия ______________

3 тапсырма: Сайысымыздың «Кім жүйрік атты» екінші кезеңі әр топтан топ басшылары шығып 1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс 1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы-Манат
7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
8. Армения валютасы-Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
1.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-Банкнот
2. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит
3. Монғолия валютасы -Тугрик
4. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
5. Үндістан валютасы-Рупии
6. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды-V ғасырда ежелгі Грецияда
7. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
8. Грузия валютасын ата-Лари
9. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы-Инвестиция
4 тапсырма:
Берілген теңгеде бейнеленген тұлғаны тап!
1 теңге -
10 теңге -
100 теңге -
3 теңге -
50 теңге -
20 теңге -
5 теңге -
5 тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
8. _______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.

6 тапсырма: Тарихи басқатырғыш
А) ҢЕЕГТ
В) РОЛЛАД
С) НИЕ
Д) ЬБРУЛ
К) МУС
Ж) ВЕОР

7 тапсырма: Шешендік өнер: "Мен ақшасыз өмір сүре аламын ба?"


Қорытынды:
Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша - кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті.

Қорытынды(мұғалім сөзі): – Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 22 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!







































Куба – песо
Үндістан – рупия
Иран – риал
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/ Америкада — / доллар/ б) « Тиын»Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/ Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/ Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /



1 теңгеде – әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілқайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Қазіргі күні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.
Жаңа ақша түрлері де енгізілуде. Мысалы:

ІҮ. Сабақты қорытындылау.
1.. Тарихи басқатырғыш
А) ҢЕЕГТ
В) РОЛЛАД
С) НИЕ
Д) ЬБРУЛ
К) МУС
Ж) ВЕОР

2. Ақпараттық қағазды толтыру:
Ұлттық валюта атауы Теңге
Туған жері Қазақстан
Туған айы, күні, жылы 15. 11. 1993
Жасы 19 жыл
Авторлар тобы М. Әлин, Х. Ғабжалилов. Т. Сүлейменов
Алғашқы шығарылған орны Англиядағы «Харрисон энд санс»
Номиналдары 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000














Сыныбы: 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге - мақтанышымыз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері жайлы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау
Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: өз елінің мәдени – экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан – жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Р. картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар.

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру (1 минут)
1) Амандасу.
2) Сынып тазалығын тексеру
3) Оқушылар назарын сабақ барысына аудару.

ІІ Үй тапсырмасың сұрау. (15 минут)
І. Миға шабуыл: ( )
1) Рәміздер дегеніміз не?
Жауабы: (Мемлекеттерді бір - бірінен ажыратып тұратын нышан - белгілер)
2) Батыс Түрік қағанатының туы қалай аталған?
Жауабы: («Қош жалау»)
3) Көне түрік байрақтарында негізіне қандай аң бейнеленген?
Жауабы: (Қасқыр)
4) Уыз ханның алтыннан құйылған рәмізі қалай аталады?
Жауабы: (Бөрілі ту)
5) Ежелгі тулардың тарихынан мол мәлімет беретін аса құнды дерек қалай аталады?
Жауабы: (Таңбалы тас)
6) Найман тайпасының ұраны –
Жауабы: (Қабанбай)
7) Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер?
Жауабы: (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
8) Қазақстан Республикасының туының авторы кім?
Жауабы: (Ш. Ниязбеков)
9) Әнұранның авторларын ата
Жауабы: (Ж. Нәжміеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
10) Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады?
Жауабы: (Екі жағдайда: 1 ) Мелекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда;)

ІІ Терминдердің мағынасын ашып айт
1) Тарих
2) Геральдика
3) Виксикология
4) Сфрагистика
5) Герб
Жауаптары:
1) «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.
2) Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы
3) Туларды зерттейтін ғылым саласы
4) Мөрлерді зерттейтін ғылым саласы
5) Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны.

ІІІ. Цифрлы диктант
1) Қазіргі кездегі дүние жүзіндегі мемлекеттер саны; (224)
2) «Он оқ будун» рәміздік белгілері Батыс Түрік қағанатында қабылданды (635 жылы)
3) Таңбалы таста қанша сурет салынған (2000-ға жуық)
4) Қазақ АКСР - інің елтаңбасы қабылданды (1925 жылы)
5) Қазақ КСР - інің елтаңбасы қабылданды (1937 жылы)
6) Елтаңбадағы жазу латын әрпінен кириллицаға ауыстырылды (1940 жылы)
7) Жоғарғы кеңес Қазақстан Республикасының елтаңбасын бекітті (1992 жыл)
8) Қазақстан Республикасының Туы бекітілді (1992 жылы маусым)
9) Тұңғыш әнұран қабылданды (1992 жылы желтоқсан)

ІҮ. Рәміздердің айшықты белгілері нені білдіреді?

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру. (20 минут)
Жоспар:
1). Нумизматика дегеніміз не?
2). Теңгенің шығу тарихы
Нумизматика – табылған теңге, ақша жасауға қолданылған материалдар бойынша ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым.
Нумизматиканың негізін салушы – веналық коллекционер, оқымысты И. И. Эккель (1734 - 1798)
Пегуния латын тілінде ақша деген мағына білдіреді
Айырбас сауда түрлері:
Меланезия – акула тістері
Монғолдар – кірпіш шай
Көшпелілер – мал және мал терісі
Әр елдің өзінің ұлттық ақша бірлігі яғни валютасы болады.

Мысалы:
Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.
1 теңгеде – әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілқайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Қазіргі күні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.
Жаңа ақша түрлері де енгізілуде. Мысалы:

ІҮ. Сабақты қорытындылау.
1.. Тарихи басқатырғыш
А) ҢЕЕГТ
В) РОЛЛАД
С) НИЕ
Д) ЬБРУЛ
К) МУС
Ж) ВЕОР

2. Ақпараттық қағазды толтыру:
Ұлттық валюта атауы Теңге
Туған жері Қазақстан
Туған айы, күні, жылы 15. 11. 1993
Жасы 19 жыл
Авторлар тобы М. Әлин, Х. Ғабжалилов. Т. Сүлейменов
Алғашқы шығарылған орны Англиядағы «Харрисон энд санс»
Номиналдары 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000

Ү. Бағалау сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалап баға қою.
ҮІІ Үйге тапсырма беру:







Геометрия нені үйретеді?

Жарияланды 12-02-2014, 21:39 Категориясы: Тәрбие сағаты

Сыныптан тыс жұмыс 7, 8 сынып үшін.
Сабақ тақырыбы: Геометрия нені үйретеді?

Сабақ мақсаты: 1) Оқушыларға геометрия пәні нені зерттейтінін түсіндіру.
2) тарихи мағлұматтар айту, әртүрлі ойындар ойнау арқылы оқушылардың геометрия пәніне қызығушылығын ояту.
3) Алған білім дағдыларын есеп шығарғанда пайдалану.
Сабақ көрнекілігі: а) Геометриялық фигуралар суреті салынған плакаттар б) геометриялық фигуралардың аты жазылып, бейнесі кескінделген баскиімдер дайындалады в) сөзжұмбақ г) танграмдар д) математикалық фигуралар, компьютер, интерактивті тақта

Сабақ барысы:
1 - жүргізуші: - « Геометрия нені үйретеді?»- атты сабағымызды бастаймыз.
2 - жүргізуші: - Ал достар қуанышпен жиынды бастайық.
1 - жүр - ші: - Геометрия сырына саяхат жасалық.
2 - жүр - ші: - Мәңги бақи есте қалар қызықты бір жиын болсын.
1 - жүр - ші: - Геометрия қалай шықты
Бүгін сендер білесіңдер.
2 - жүр - ші: - Геометрия еліне сапар шегіп
Араласып жүрсіңдер.
1 - жүр - ші: - Бұл жерде сен танысасың. Архимедпен
Кемеңгер ол, философ әрпінде өткен.
2 - жүр - ші: - Кездесесің дәл сондай тағы да бір.
Ғылымменен жер жиһанға білім еккен.
1 – жүр - ші: - Евклид пен Пифагор айтқанын бұл
Талаптанып білімге зейініңді бұр.
2 - жүр - ші: - Таудан аққан өзендей сарқыратып
Ғылым жасап төбеден төкті олар нұр.
1 - жүр - ші: - Судай тасып әр биік белден өткен
Дүниеге сан алуан өнер төккен
- Білім алып бұлардың жолын қуған
Әрбір адам өмірде өрге басқан.
2 - жүр - ші: - Математика - кең өрісті ғылым
Сіздерге геометрия ашады сырын.

Баяндама: Қысқаша, геометрияның даму тарихына тоқталайық. Геометриялық фигуралар жер өлшеуде, үйлер, ғимараттар, жолдар, көпірлер салуға егін егетін жерді пайдалануға, каналдар қазуға т. б. көптеген қажеттіліктерге өлшеулер жүргізеді. Тері терсекпен айналысқан шеберге, темір металдан әртүрлі бұйым жасаған ұстаға да, қысқасы ұсақ қолөнершілерге де геометриялық фигуралармен шұғылдануға тура келеді. Түрлі ғимараттарды, патша сарайлары мен ғимараттарды салған шеберге пирамиданың көлемі қандай болатынын, оның табанына қанша тас керектігін білу керек болған. Гректер бұл ғылымды жер өлшеу жөніндегі ғылым деген.
Асылай: - Геометрия - геометриялық фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым.
Біз білетін
- нүкте
түзу
- кесінді
- сәуле
- бұрыш
- үшбұрыш
- төртбұрыш
- шеңбер
- дөңгелек – Бұлардың әрқайсысы
Хормен: Геометриялық фигуралар.
Жадыра: - Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін, бөлімін планиметрия деп атайды.
Құралай: - Планиметриядағы негізгі геометриялық фигуралар нүкте және түзу.
Мирамбек: - Нүкте деп әрі қарай бөлшектенбейтін фигураны айтамыз.
Айдар: - Түзу деп, шеті жоқ ұзындықты айтамыз.
Ертегі: - Нүкте түзу бойымен жүгіріп жүр.
«Шаршадым ма, әлі ұзақ жүгіремін бе?» Түзудің шетіне жете алар емеспін.
Оқушы: - Нүктежан, сен, түзудің шетіне шыға алмайсың. Сен түзудің шеті жоғын білмейсің бе?
Нүкте: - Онда мен келесі жаққа қарай жүремін.
Оқушы: - Ол жағы да шеті жоқ.
Нүкте: - Енді қайтем. Осылай шетсіз, шексіз жүре беремін бе?
Оқушы: - Олай жүре бергің келмесе, қайшыны көмекке шақырайық
Нүкте: - Ура
Қайшы келіп түзуді қиып тастайды.
Нүкте: - Алақай түзудің шеті табылды. Енді екінші жағынан да ұш шығарып берші.
Қайшы: - Жарайды.
Нүкте таң қалады.
Нүкте: - Менің түзуімнің бір жақ ұшы бар, екінші жағының да ұшы бар.
Оқушы: - Бұл кесінді, - деді. Енді сен, нүкте, түзудің кесіндісінің бойында тұрсың.
Нүкте: - Түзу кесіндісі, түзу кесіндісі
Ля, Ля, Ля, Ля
Нүкте: - Маған бұ кесінді атауы ұнайды. Мен оны ұмытпаймын. сосын маған кесіндінің бойында жүру ұнайды. Бірақ түзуді де жақсы көрем. Бірақ ол жоқ.
Ал ана бөлікте олар да кесінді ме?
Оқушы: - Жоқ. Олардың атауы бар. Олар сәуле деп аталады.
Нүкте: - Алақай, алақай. Мен олардың неге сәуле деп аталғанын білемін. Себебі олар күн сәулесіне ұқсайды.
Нүкте: - Қайшы, өтінем сенен. Менің түзуімді қайтадан бар ете көрші.

Тақырыбы: Теңге – тәуелсіздік нышаны

Мақсаты: Қазастанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! “Теңге – тәуелсіздік нышаны” атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді. 2-жүргізуші: Әрине, теңге бірден төрт ая­ғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жыл­дар оның құнсызданған ке­зеңі болды. Де­генмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқ­татқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен ор­нық­тылығын сақтауы мемле­кет­тің қаржы саясатындағы қарым­ды істерінің нәтижесі.
Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр­сет­кіш­терінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мере­кесінің бірі екені сөзсіз. 1-жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі – төл валюта – теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
2-жүргізуші: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.
1-жүргізуші: XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.
1-жүргізуші: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
2-жүргізуші: 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
1-жүргізуші: 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
Эльвира: Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
1-жүргізуші: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
2-жүргізуші: 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы № 2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
— инвестициялық монеталар — инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
— коллекциялық монеталар — коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
— айналыста жүретін монеталар — қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар.
1-жүргізуші: Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.
1-оқушы: Әділет
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
2-оқушы: Ақерке 200 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін “Подделка банкнот преследуются по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
3-оқушы:Айбек 500 теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
4-оқушы:Нұрия 1000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
5-оқушы:Нұрбол 2000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ“ жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
Күй.Ақжан Сарыарқа.
6-оқушы:Айдана 5000 теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ“ жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
7-оқушы:Салтанат 10000 теңге Өлшемі: 149х79 ммБасым түсі: күлгін көкБет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай – орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу орналасқан. 8-оқушы:Наурызбек Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.

ІІ бөлім. « Теңге — ұлттық табыстың кепілі » / сайыс/ (Катысушы топтар:сынып екіге бөлінеді)Әрбір топ өзінің қоржынына дұрыс жауап үшін берілген ақшаны жинайды.Кімнің ақшасы көп болса, сол топтың жеңгені. Жеңістерден көріну ұрандары
Көңілді және тапқыр ұлан бәрі
Өнерлерін ортаға шығармақшы
Сахнамызда «тиын» және «табыс» қырандары. 1.Ребус шешу арқылы топтың атын құрау.«Табыс» « Тиын»Сайысымыздың «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап» атты І-кезеңі сұрақтарға жауап беру -Он алтыншы Желтоқсан қандай мереке?
-Қазақстанда тәуелсіздік туралы заң қашан қабылданды?
-Тәуелсіздік белгілерін атаңдар.
-Конституция қай жылы қабылданды?
-Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
-Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?
-Тудың авторы кім?
-Елтаңбаның авторы кім?
-Жаңа әнұранның сөзін, әнін кім жазды?
-Алғашқы рет жаңа әнұран қайда орындалды?
-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды 2.«Әр елде — өз валютасы » а) «Табыс» Италия – лира
Куба – песо
Үндістан – рупия
Иран – риал
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/ Америкада — / доллар/ б) « Тиын»Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/ Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/ Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена / 3.Жағдаяттар шешу . Топ болып талқылап, жауабын сахналаңыз. «Табыс»1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …? 2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар. Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге Қай затты алар едің? Неге? « Тиын»1-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…? 2-жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болады деді.Билет бағасы – 300 теңге.Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды,сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің ?4.Сергіту сәті. « Теңге алу »ойыны5. Менің қиялымдағы теңгем ( өздері салып келген теңгелерін қорғау.) 6.Сайысымыздың «Кім жүйрік атты» екінші кезеңі әр топтан топ басшылары шығып 1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс 1. Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы-Манат
7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
8. Армения валютасы-Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
1.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер-Банкнот
2. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу-Транзит
3. Монғолия валютасы -Тугрик
4. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
5. Үндістан валютасы-Рупии
6. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды-V ғасырда ежелгі Грецияда
7. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
8. Грузия валютасын ата-Лари
9. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы-Инвестиция
7.Қорытынды Кітаптан алып ағаш бәйтерек жасау, оны ақшамен безендіру. Қорытынды шығару: Ақша еңбекпен, біліммен келеді. Марапаттау.Жинаған ақшасына қарай заттарды сатып алу. 2-жүргізуші: Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! – дей келе «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Нәтижесінде: Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз

Қорытынды(мұғалім сөзі): – Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 22 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?лтты? те?ге - ?лт ма?танышы

Автор: Аширова К.А.

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170739


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства