kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?уелсіздік – бабаларды? ?раны»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сейпилова Н?рг?л Жеткергеновна  ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі,  жо?ары білімді, е?бек ?тілі  он то?ыз жыл, бірінші санаттты, 

2012 жылы Кембридж ба?дарламасыны? ?шінші де?гей курсын  бітірді.

 2015-2016 о?у жылынан 5 «Д» т?зету класс жетекшісі.

 Саба? беретін кластары:  5 «Б», 5 «Д», 6 «Д», 9 «А»

9 «А» класс о?ушыларымен  ОЖСБ –?а  дайынды?  ?ар?ынды ж?ргізілуде.

?алалы?  жарыстар?а, шы?арма кештеріне  о?ушыларды  белсенді араластырып, ж?лделі орындар иеленуде. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?уелсіздік – бабаларды? ?раны»»

Ақтөбе қаласы № 19 орта мектебі 5 «Д» түзету класы

Класс жетекші Сейпилова Н.Ж

Класс сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік – бабалардың ұраны»

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының, егемендігіміздің тарихын білу, Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылық сезімдерін арттыру, еліміздің білімді, алғыр, адал, өнегелі азаматтары болуға тәрбиелеу.

Мұғалім:

Таңғажайып атың да дәл табылды,

Табылды да талай жұртқа танылды.

Қазақ елі көкке жетті  көк туың,

Сен  тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.

Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бес уақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік түнектерде тұншығып,

 Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Құрметті оқушылар!

Бүгінгі сабағымыз «Тәуелсіздік – бабалардың ұраны»

Ғасырлар бойы ата – бабамыз аңсап кеткен, біздің қолымыз жеткен Ұлы мерекеміз  - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

1 - оқушы

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

2 - оқушы

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лауда, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

«Желтоқсан желі» әні орындалады.

1986 жылдың  желтоқсан оқиғасы, оған қатысқан студенттер жайында видео  көрсетіледі.

оқушылар кезекпен қатысушылар аты –жөндерін атап шығады.

Айтмұрзаев Құрманғазы

Асанова Ләззат

Әлімсейітова Жәмилә Мүсімқызы

Әшірбекова Ләззат Сағынбекқызы

Байбосынова Гүлнар Кеңесқызы

Бөрібаева Алмагүл Қайымқызы

Ешенқұлова Сәуле Мейірманқұлқызы

Жүніс Гүлбахрам Есмұратқызы

Иманғожаев Бақытбек Жұмабекұлы

Құдайбергенов Расылхан Омарұлы

Лепесбаева Гүлнар Сабырғалиқызы

 Мұстафина Гүлмира Баятқызы

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы

Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы

3 - оқушы

Қазақ елі қымбатты,

Елестетіп таң атты.

Желтоқсанда мерт болған,

Ұландарың тіл қатты.

Бізді еске алар ма?

Сол алаңға барар ма?

Қан төгілген жерлерге

Гүл шоқтарны қоя ма?

4-    оқушы

Аман ба екен анашым?

Берген өмір баласын.

Баласынан айрылып,

Қалған өмір жасасын.

Жас денемді мұз етіп,

Мен жатырмын сыз өтіп.

Суық екен қара жер,

Жылытшы анам тез жетіп.

Желтоқсан оқиғасында мерт болғандарды еске алу үнсіздігі.

Мұғалім:

Иә, Қазақстан – Тәуелсіз ел! Қанша қиындықты артқа тастап,азаттық таңы атқалы да 21жылдай уақыт өтті. Осы аз ғана уақыттың ішінде біздің Отанымыз Тәуелсіз аспан аясында, Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып, жапырағы жайқала бастады. Көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалып, еліміз көптеген жетістіктерге жетіп, гүлденіп, өсіп – өркендеудеміз.

Көптен күткен көк байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұнан ыстық жалын от бар ма, сірә,

Отан – әнмен жүрегім тербеледі.

Тәуеліздік алғаннан кейінгі жетістіктер:

Видеоролик арқылы көрсетіледі.

1989 жыл, 22 қыркүйек   -  Тіл туралы Заң қабылданды.

1991 жыл, 2 қазан – Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақ КСР – нің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  сайланды.

1991 жыл, 16 желтоқсан  - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.

1992 жыл, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Туы мен Елтаңбасы қабылданды

1993 жыл,15 қараша – Қазақстан Республикасының ұлттық – валютасы еңгізілді.

1995 жыл, - 30 тамыз   Қазақстан Республикасының  жаңа Конституциясы қабылданды.

2006 жыл – «Менің Қазақстаным» әні ҚР гимні ретінде қабылданды.

5 -  оқушы

Туған жерім нұр шашып, жарық берген,

Сарқылмайтын жаныма шабыт берген.

16 – шы желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

  6 – оқушы

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда  жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мұғалім:

Тәуелсіздік! Дүниеде бұдан асқан ұғым, бұдан қымбат игілік жоқ. Арыстарымыздың қанымен, жанымен келген тәуелсіздігімізді алып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандй.

Әнұраным қайрат беріп шырқалған,

Елтаңбам бар төрден орын ол алған.

Тілім алып мемлекеттік мәртебе,

Көк туым бар, көк аспанмен ұштасқан.

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар.

Қазірде 130 –дан астам  ұлт өкілдерінен тұратын, еліміздің тәуелсіздік тұғыры биіктей берсін деп бүгінгі кешіміді аяқтаймыз.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет !

Гимн: «Менің Қазақстаным».





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
«Т?уелсіздік – бабаларды? ?раны»

Автор: Сейпилова Нургул Жеткергеновна

Дата: 01.02.2016

Номер свидетельства: 286121


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства