Салт- д?ст?рім – салтанатым !(Салт-д?ст?рге байланысты с?ра?тар).
«Ма?ал – с?з атасы»(?атысушылар?а с?ра? ?ойылады, ?атысушы ма?алмен жауап беру керек)
Кітапханашы:?аза? хал?ыны???ымында ту?ан жерден ?асиетті ешн?рсе жо?. Ту?ан жерді? т?ны? суын ішіп, ж?пар ауасын ж?т?ан ?р бір адамны? ту?ан топыра?ына деген сезімі ерекше болса керекті. ?аза? хал?ы ел болып бірігуі, ?лт болып ?йысу жолында талай белестерден ?тті.
?аза? хал?ы ?аншама миллион адамынан, ата- бабамыз ат ?стінде ж?ріп ?асы??аны ?ал?анша ?ор?ап алып берген ке?- байта? жерімізді??штен бірінен, зиялы азаматтарынан айырылып, жер ?ойнауында?ы байлы?ы таланып, ?ажайып т?л тума м?дениеті к?мескіленіп, тілі мен діні то?ырап, есепсіз мехнат-азаптарды бастан ?ткеріп – ?азіргі к?ні т?уелсіздікке ?ол жеткізді. Сол тарих ?ойнауында жат?ан сырлары мол тылсым к?штер – бізді? ба?а жетпес байлы?ымыз.
І б?лім:
Ша?ыра?ы? шай?алмасын – ту?ан ел!
1 с?ра?. ?аза?стан азаматтарыны????ы?ты??а?идаларын т?жырымдайтын мемлекеттік за??алай аталады? (конституция)
14 с?ра?. ?аза?стан неше мемлекетпен шектеледі? (5 мем – т. Ресей, ?ыр?ызстан, ?ытай, ?збекстан, Т?ркменстан)
?орытынды:
М??алім: Адамды ж?бататын да, а?ыл беретін де, к?ш - ?уат беретін де, ой - сана беретін де осы с?з. Ана тілін ?мыт?ан адам ?з ?ткенін де, болаша?ынан да ?ол ?зеді. Міне, осындай даналы? с?здер бізге тіл ар?ылы жетті емес пе?!
Олай болса, бізді? тілге деген ??рметіміз шексіз.
О?ушылар хормен: Ту?ан тілім - тірлігімні? ай?а?ы,
Тілім барда айтылар с?з ойда?ы.
Осы тілмен мен де бірге ?семін,
?шсе тілім мен де бірге ?шемін
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ту?ан жер - т?н?ан шежіре" т?рбие са?аты»
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Күні: 2.11.2015ж.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Туған жер – тұнған шежіре
Мақсаты:
- Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
- Жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру.
- ұлттық салт – дәстүрді, еліміздің мақтаныштарыныңүлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: слайд,
Шаңырағың шайқалмасын – туған ел! (Қазақстанға қазақ еліне байланысты сұрақтар қойылады)
Ұлт рухы – ұлыларымен мықты! (Аттары аңызға айналған , қазақ елінің мақтаныштары туралы сұрақтар).
Салт- дәстүрім – салтанатым !(Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар).
«Мақал – сөз атасы»(қатысушыларға сұрақ қойылады, қатысушы мақалмен жауап беру керек)
Кітапханашы:Қазақ халқыныңұғымында туған жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Туған жердің тұнық суын ішіп, жұпар ауасын жұтқан әр бір адамның туған топырағына деген сезімі ерекше болса керекті. Қазақ халқы ел болып бірігуі , ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден өтті.
Қазақ халқы қаншама миллион адамынан , ата- бабамыз ат үстінде жүріп қасыққаны қалғанша қорғап алып берген кең- байтақ жеріміздіңүштен бірінен, зиялы азаматтарынан айырылып, жер қойнауындағы байлығы таланып , ғажайып төл тума мәдениеті көмескіленіп, тілі мен діні тоқырап , есепсіз мехнат-азаптарды бастан өткеріп – қазіргі күні тәуелсіздікке қол жеткізді. Сол тарих қойнауында жатқан сырлары мол тылсым күштер – біздің баға жетпес байлығымыз.
І бөлім:
Шаңырағың шайқалмасын – туған ел!
1 сұрақ. Қазақстан азаматтарыныңқұқықтыңқағидаларын тұжырымдайтын мемлекеттік заңқалай аталады? (конституция)
2 сұрақ. Мемлекеттің ең жоғарғы лауазымды тұлғасы (Президент)
3 сұрақ. Ұлттық валюта куні? (1995 15 қараша)
4 сұрақ. Белгілі бір нәрсені суреттермен , таңбалармен сипаттап көрсетуден туатын шартты белгі? (рәміз)
5 сұрақ. Қазақстандағы ең биік шың ? (Хантәңірі 6646 метр)
6 сұрақ. Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға қай жылы , қай айда көшірілді? (1925 , наурыз)
7 сұрақ. Қазақстан БҰҰ- на қашан қабылданды? (2 наурыз , 1992 ж)
8 сұрақ. Әнұранның сөзін жазғандар?( Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
9 сұрақ. Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан байырғы қалалардың бірі? (Атырау )
10 сұрақ. Атырау қаласы қандай табиғи байлығымен атақты? (мұнай , газ, балық )
11 сұрақ. 1991 ж қазанның 2 сі күні ғарышқа тұңғыш ұшқан ғарышкер? (Т. Әубәкіров )
12 сұрақ. «Ұйқыдағы ару» атанған өлке , еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі ? (Маңғыстау облысы)
13 сұрақ. Ақтөбе облысының орталығы: (Ақтөбеқаласы)
14 сұрақ. Қазақстан неше мемлекетпен шектеледі? (5 мем – т. Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Түркменстан)
ІІ бөлім:
Ұлт рухы – ұлыларымен мықты!
Рейхстагқа ту тікке Қазақстанның халық қаҺарманы ? (Р. Қошқарбаев)
1912-1957 ж ж өмір сүрген Қазақтың бұлбұл әншісі? (К. Бәйсейітова)
Мен жастарға сенемін өлеңінің авторы ? (М. Жұмабаев)
Қазақтыңң кәсіби ұлттық негізін салушы , қазақ биінің падишасы? (Ш. Жиенқұлова)
Желтоқсан көтерілісің құрбаны , халық қаҺарманы? (Қ. Рысқұлбеков)
Әні тірі ағаның жаны тірі, аралап жүр қазақтың кең даласын, 40 жыл бойы қазақтың даласы мен баласын ән әуенімен әлдилеген ұлы компазитор? (Ш. Қалдаяқов )
Ұлт жанашыры ? (М. Шаханов)
Ғибратты ғұмыр кешкен , ел арасында әулие атанған, 2 ғасырға жуық халқын рухымен қолдап , қорғап келе жатқан кемеңгер тұлға ? (Бекет Мырзағұлұлы)
Атақты қазақ суретшісі, қылқалам шебері? (Ә. Қастеев)
Жеті жарғы заңын кім шығарды? (Тәуке хан)
ІІІ бөлім: Салт – дәстүрім – салтанатым!
Кітапханашы
Салт - кәсіпке, cенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады. Уақыт өткeн сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.
Дәстүр - ұрпақтaн-ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр.. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
-Біз атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?
(Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат.)
Сүйінші дегеніміз не ? (- қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.)
Айттыру дегеніміз не? (- қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкeсі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шeшесінің айттыруға қарсы емес екендігін білeді. Содaн кейін қызды рeсми түрде айттырaды. Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың eсімін aтатады. Той қамы, бaсқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кеcілeді.)
«Азан шақыру» -дегеніміз не? (Бала дүниеге келгеннен киін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды.Кейде баланың атын азан шақырып молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баласынң құлағына «сенің атың .....» (баланың аты айтылады) – деп 3 рет қайталайды)
Тоқым қағар (- қазақтың eскі дәстүрі бойыншa, жас жігіт алғаш рeт жолaушы жүргендe бeрілeтін жолaяқ, кәде. Алыc жoлға кеткен жігіт амaн-есен кeлсін, тoқымы жерде қалмaсын деген жақсы тілек білдіруге бaйланыcты бергeн. Тоқым қағуға арнайы қой немеcе қозы сойылады, болмасa қазы-қарта асылады.)
Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?
«Мақал – сөз атасы» (Бұл сайыстың шарты жүргізуші қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап беруі керек.
Мысалы: С: Жыланды інінен қалай шығарады?
Ж: Жылы, жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығады )
Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанар)
Тастың жеңілі болама? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дер)
Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, Қасқырдың ойлағаны арамдық)
Жігітті шал деген жөн бе? (Жаман жігіт жасында шал болар)
Адамның қай мүшесі қорқақ, Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
Етікті қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе қонышынан бас)
Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кірер)
Оттан ыстық не бар? (Отан – оттан да ыстық)
Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс - күймейсің)
Шошқаның үргенін көрдің бе? (Ит жок жерде шошқа үреді)
Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз)
Кітапханашы: Болсын елім тыныштықтың тұрағы,
«Жас ұландар» болсын мәңгі қырағы.
Сендерсіңдер жаңа ғасыр жастары,
Болашақтың мәңгі өмір шырағы – дей келе әділ қазылар алқасынан топтардыңқорытынды бағасын сұраймыз!
(Әділ қазылар алқасы сайыс қорытындысын жариялап, алға шыққан топ мүшелерін марапаттады.)
2.Ұлттық тәрбие
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім - тірлігімнің айғағы». Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. 3. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер, мақал мәтелдер
Тәрбие сағатының барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын аудару. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз.
ІІ. Кіріспе сөз: - Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР - дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н. Ә. Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР - ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.
ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына» Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт. Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып - ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы - қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ - па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті. Сендер осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесіңдер ме, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар? Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл - ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім? Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
Оқушылар тақпақтары: 1 - оқушы: Жанымнан қымбат Ана тілім маған. Ана сөзін тыңдап Үлгі өнеге аламын. 2 - оқушы: Ана тілім анам Аппақ қардай арым Мұра еткен бабам Жарқыраған жаным. 3 - оқушы: Ана тілім елдігім Ана тілім ерлігім Тілді биік құрметтеп Тойлап жатыр ел бүгін. 4 - оқушы: Ана тілім тірегім Ана тілім жүрегім Қасиетті елімді Тек өзің деп білемін. 5 - оқушы: Қазағым - ау, бір - бір үлкен жүрексің, Қадамыңа бір құдайым гүл ексін. Тәуелсіз ел - ана тілін ардақтап, Тәуелсіз ел - ана тілін ту етсін. 6 - оқушы: Тілім барда мақтанам Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі Ана тілін сақтаған.
Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды - қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз - әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал - мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады. 7 - оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз - ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау. 8 - оқушы: Ақыл ойын дананың Ана тілден аламын Ана тілі ардақты Ақ сүтіндей ананың. 9 - оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім, Сенсің менің қасіретті шаттығым. Сенсің менің тазалықты пәктігім, Сенсіз бақыт дүние тапты кім? 10 - оқушы: Ана тілің арын бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте.
ІV. «Кім шапшаң?». Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады. 11 - оқушы: Шебердің қолы ортақ, Шешеннің сөзі ортақ. Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтер. Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Тіл қадірін білмеген - жетесіз. 12 - оқушы: Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз. Сөз өнері - киелі өнер. 13 - оқушы: Өнер алды - қызыл тіл. Әдептің басы - тіл. 14 - оқушы: Ана тілің біліп қой, Еркіндігің теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышы елімнің. 15 - оқушы: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім. 16 - оқушы: Ана тілім - ар тілім Жанардағы жарқылым Жүрегіңде сақталған Ән - жыры боп халқымның.
V. «Ойлан, тап!» Берілген сөздерден мақал құрастыру. ( ата, бала, жақсы, еңбек, Отан, батыр, ел, ана).
VІ. Жұмбақ жасыру.
VІІ. Қорытынды: Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш - қуат беретін де, ой - сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?! Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
Оқушылар хормен: Туған тілім - тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Осы тілмен мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін