kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?бектер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ахметова Балжан

Материалдарды жина?та?ан Е?бекші орта мектебіні?  география п?ні м??алімі.

(География п?ніне ?осымша материалдар)

Калифорния т?бегі

Калифорния т?бегі, Т?менгі Калифорния – Солт?стік Америка ??рлы?ыны? батысында, Мексика мемлекетіні? (Т?менгі Калифорния штаты) ??рамында?ы т?бек. Тыны? м?хитты? суымен (батысында) ж?не оны? Калифорния шы?ана?ы (шы?ысында) суларымен шайылып жатыр. ?зынды?ы 1200 км, енді жері 200 км, аума?ы 144 мы? км². 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?бектер »

Ахметова Балжан

Материалдарды жинақтаған Еңбекші орта мектебінің география пәні мұғалімі.

(География пәніне қосымша материалдар)

Калифорния түбегі

Калифорния түбегі, Төменгі Калифорния – Солтүстік Америка құрлығының батысында, Мексика мемлекетінің (Төменгі Калифорния штаты) құрамындағы түбек. Тынық мұхиттың суымен (батысында) және оның Калифорния шығанағы (шығысында) суларымен шайылып жатыр. Ұзындығы 1200 км, енді жері 200 км, аумағы 144 мың км². Түбектің шығысы оқшауланған жанартаулық және кристалды таулы алқаптан тұрады. Осы тұстағы ең биік жері 3078 м (Ла-Энкантада тауы). Батысында кертпештеліп келген таулы үстірт (биіктігі 1000 – 1500 м) және ойпаттар жатыр. Солтүстігіндегі климаты субтропиктік, оңтүстігінде тропиктік. Жер бедерінде шөлді және шөлейтті өсімдіктер (әр түрлі бұталар, кактустер, агавалар, юкки, т.б.) басым өскен, таулы өңірінде шоқ тоғайлар кездеседі. Түбекте Сьерра-де-Сан-Педро-Мартир ұлттық саябағы орналасқан. Суармалы егіншілік жақсы дамыған. Одан басқа жайылымдық мал шаруашылығы, балық шаруашылығы қалыптасқан.

Аляска (ағылш. Аласка) — Солтүстік Американың солтүстік-батысындағы түбек, Бристол шығанағы, Беринг теңізі және Тынық мұхит суларымен шайылады. Түбектің территориясы АҚШ-тың Аляска штатының оңтүстік-батыс бөлігі болып табылады. Ұзындығы шамамен 700 км, ал ені 10км-ден 170 км-ге дейін. Негізгі ландшафтысын Алеут жотасы құрайды, оның биік шыңдарына мыналар жатады: сөнбеген (Катмай, 2047 м) немесе сөнген жанартаулар. Ең үлкен биіктігі 2507 м (Вениаминов жанартауы). Мұнда таулы тундралар, шағын мұздықтар кездеседі. Солтүстік-батыс жағалауының бойы — көптеген көлдері бар, субарктикалық шалғындармен қапталған ойпат.

ФЛОРИДА ТҮБЕГІ — Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында, Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы аралығындағы (АҚШ-тың Флорида штаты) түбек. Аумағы 115 мың км2. Жер беті ойпатты жазық. Мексика шығанағы жағасынан шығысқа қарай бірте-бірте көтеріледі. Ең биік жері 100 м-ге де жетпейді. Жазықтың шеттері теңіз астынан таяуда босаған, өте жайдақ. Түбек палеоген мен неогеннің әктастарынан тұрады. Карст құбылысы өте кең тараған. Карст құдығы, үңгірі, жер асты көлдері мен өзендері жиі кездеседі. Климаты мұхиттық, солтүстігінде субтропиктік, оңтүстігінде тропиктік. Ауаның температурасы барлық маусымда жоғары. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде 14С-тан оңт-нде 20С-қа дейін, шілденікі 27 — 28,7С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 1000 мм-ден артық, оңтүстік-шығысында 1500 мм. Жауын-шашын көбіне жазда жауады. Ылғалды климат, жер бетінің тегістігі және соған орай судың нашар сарқылуы батпақтардың кең таралуына жағдай жасайды. Көлдері көп, ең ірісі — Окичоби. Өзендері қысқа, бірақ суы мол. Жаздағы нөсер жаңбырларға байланысты апатты тасқындар болады. Өсімдігі солтүстігінде субтропиктік (қарағайдың түрлері, магнолия, ергежейлі пальма), оңтүстігінде тропиктік (пальма, лианалар); батыс жағалауында мангр тоғайлары кең тараған. Климат жағдайлары цитрус дақылдарын өсіруге қолайлы. Оңтүстіндегі орасан зор Эверглейдс батпағында (Эверглейдс ұлттық саябағы) батпақ кипарисі, батпақ қарағайы, қамыс, т.б. өседі.

Корсика аралы (Цорсе) – Жерорта теңізінің солтүстік бөлігіндегі арал, Францияның бір департаменті. Ауданы 8,7 мың км2. Тұрғындары 269,8 мың (1998), негізінен, корсикалықтар. Ұзындығы 183 км, ені 85 км. Батыс және оңтүстік жағасы тік, жартасты, шығыс және солтүстік жағасы жайпақ. Граниттен, сазды тақтатастан түзілген. Аралдың көп жерін тау (Мон-Сенто, 2706 м), шығыс бөлігін жағалаулық ойпат (ені 10 км-дей) алып жатыр. Климаты жерортатеңіздік, қаңтардың орташа температурасы 12 – 13С, шілдеде 24 – 26С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 600 – 1200 мм. 500 – 700 м-ге дейінгі биіктігінде бұталар (маквис), тас емені, қарағайлы орман, одан жоғарыда каштан, емен, 1900 м биіктігіне дейін шамшат, қарақарағай, қандыағаш, 2000 м шамасында субальпілік, альпілік шалғын өседі. Аңғарлар мен жағалауда субтропиктік дақылдар, жүзім, апельсин, бақша өсіріледі. Басты қаласы және порты – Аяччо. Аяччо қаласында әйгілі француз қолбасшысы Наполеон Бонапарт туған.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Интернет материалдарынан



Алматы облысы

Алакөл ауданы

Еңбекші ауылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Т?бектер

Автор: Ахметова Балжан ?лімжан?ызы

Дата: 14.12.2014

Номер свидетельства: 143867


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства