kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ценари жап жана 2015 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа Жылды лайықты қарсы алуға арналған ценари. басқа елдердің салт дәстүрлері қамтылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ценари жап жана 2015 жыл»

Мақсаты:

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум алқа жұртым!

2-жүргізуші: Саламатсыздарма халайық!

1-жүргізуші: Бүгінгі біздің мектеп оқушыларының «Жаңа 2015 жыл» атты жаңа жылдық мерекелік кешімізге қош келіпсіздер.

2-жүргізуші: Биылғы жыл тарих қойнауына тағыда еліміздің ілгеріленген қадамы мен жарқын-жарқын жаңалықтарын ала кетпек.

1-жүргізуші: Я, дұрыс айтасың алысқа ұзамай ақ соңғы айлардағы жаңалықтардың өзі біз үшін не тұрмақ.

2-жүргізуші: Ия, алда қой жылында да еліміз аман жұртымыз тыныш, қамбамыз толық, ғылымымыз озық болсын!

Бірге: Жаңа жыл құтты болсын!

1-жүргізуші: Жаңа жыл әлемдегі қуанышқа толы ғажап мерекелердің бірі. Жаңа жыл сыйқырлы және қайталанбас мереке.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың Нұрсұлтан, Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Түрлі тарихи басылымдарда жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін 1700 жылы қаңтардың 1-інде І Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңа жылды санау басталды.

1-жүргізуші: Ия, І Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін жалғасқаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф тарихшылар қыпшақтардың да шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылды көшпенділердің де байырғы мейрамы екенін жазады.

2-жүргізуші: Әрине бұл тарих қойнауынан, енді біз сіздерге басқа елдердегі жаңа жылдық мейрам туралы айтатын боламыз. Ал біздің мектебіміздің шыршасын өздеріңіз куә боласыздар.

Ботагөз бен Аяжанның орындауындағы «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:Ақмарал мен бірінші өз еліміздің Жаңа жылы туралы айтқым келеді. Қазақтар үшін Жаңа Жыл 22-наурыз, бұл күні бар үйде наурыз көже пісіріліп, бар реніштер кешіріліп үлкендерден бата алады.

2-жүргізуші: Иә дұрыс айтасың жақсы тілек жарым ырыс деген бар бізде, сол ізбен бізде мектеп директоры Арман Кеулімжайұлының жаңа жылғы құттықтау сөзіне кезек берсем деймін.

«Мереке» әні. Орындайтын 9-сынып оқушылары Мөлдір мен Әдемі.

1-жүргізуші: Менің түсінбей қалған жерім сонда бізге жаңа жыл қайдан келген.

2-жүргізуші: Жаңа жыл түрлі жұлдызнамашылардың жазуынша Иса пайғамбардың туылған күнінен басталған мереке болған. Кейін бертін келе еуропалықтар Аязата, шырша, шырақ жағу тәрізді этнографиялық реңктерін беріп өзгерітіп алған. Сөйтіп бұл мейрам 1-қаңтардан бастап тойлана бастады.

1-жүргізуші:МММ дұрыс-ақ. Олай болса құрметті көрермендер келесі кезек көрініс

Көрініс «Ақшаның буы»

2-жүргізуші: Әлемде түрлі қызық бар демекші: Франңияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен. Сондықтан менде сол франциялықтар ұқсап сағанда сыйлық жасадым.

1-жүргізуші: Рахмет! Әрине бұл жақсы дәстүр сияқты.

2-жүргізуші: Олай болса сіздерге сыйлық ретінде 8-сыныптың «Жастар биін» қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Италиялықтар Жаңа жыл түні терезесінен ескі заттарын, атап айтқанда, үтіктерін, үстелдерін, гүл құмыралары мен етіктерін лақтырады. Жаңа жылда қаншалықты көп зат лақтырсаң, келер жылы соншалықты молшылыққа кезігесің деп есептелінеді. Бұл ретте балаларға сыйлықты Санта Клаус немесе Аяз ата емес, жүрегі жұмсақ фея – Ла Бефана әкеледі деген сенім бар.

5-6 сыныптардың орындауында орыс биі.

Ортаға аяз ата мен ақшақарды қолтықтаған екі оқушы шығып:

  • Біздің жаңа жылға бір жандарды ұмытып барамыз.

  • Оларсыз жаңа жыл қызықсыз көрінеді.

  • Біз есейіп үлкейіп Аяз ата мен Ақшақардың кім екенін білсекте бұл кештің сәні осы жандар.

Аяз ата: Ия, біз жаңа жылдың сәніміз, бізге сендер кішкентай кездеріңде хат жолдап өздеріңнің армандарыңды айтатын едіңдер.

Ақшақар: Ия бізді аяз аталарға көмек көрсететін немерелері деп танитынсыңдар. Олай болса біздерге сол жылдағы дәстүр бойынша өздеріңнің өнерлеріңді көрсетіңдер.

1-жүргізуші: Аяз атаның хат деген сөзінен есіме түсіп жатыр. Ұлыбритания алғаш ашық хаттарды шығарған ел болып есептелінеді. Сондықтанда Жаңа жылда осы елдің әрбір жанұясы таныстарын ашық хаттар арқылы құттықтағанды ұнатады.

2-жүргізуші: Енді ашық хаттың қайдан шығатынын білетін болдық.

«Жаңа жыл» әні. Орындайтын Нұртілеу мен Сержан.

1-жүргізуші: Жаңа жыл мерекесінде Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, өлең айтады екен.

2-жүргізуші: Ал қазір біз үшін шыршаны айналып, біздің қыздар би бейлейді. «Жастар биі». 8-сынып оқушылары.

1-жүргізуші: Қытайда біздің шығыс көршілерімізде Жаңа жыл мерекесі көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарханға нарцис гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл он, он бес күнге созылады.

2-жүргізуші: Біздің қазақтар сияқты 30 күн ойын, 40 күн тойын дегендей екен. Ендігі кезекті ойынға берейік.

2-жүргізуші: Үндістанда Жаңа жыл-Дивали жарық пен отар мерекесі деп аталады екен. Айтса айтқандай осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұран бірден-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып жерге түрлі оюлы суреттер салып оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып көркемдейді екен.

1-жүргізуші: Олай болса Үндістаннан сәлемдеме «Үнді биі». Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Италияда ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкіммен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлеріндегі сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.

2-жүргізуші: Иә, бұл дәстүрдің кейбіреуі біздің еліміздің дәстүрлеріне ұқсайды екен, мысалға қарыз алмау, ренжіспеу, көтеріңкі көңіл-күйде болу сияқты. Ал келесі 8-сыныптың қыздарының биі көңіл-күйімізді міндетті түрде көтереді.

2-жүргізуші: Чехославакияда да Жаңа жыл дастарқанына арнап ішіне теңге, сақина, қызыл бұрыш салған самса пісіреді. Бұл самсаны өте сақтықпен жеу керек. Аузына қызыл бұрыш түскен адам күлкіге айналады да, сақина мен теңгені алған адам Жаңа жылдағы ең бақытты жан болып саналады.

1-жүргізуші: Сол Чех халқы тәрізді өзіміздің ұлттық асымыз бауырсаққа тосын сый салып әкелдік.

5-6 сынып оқушыларының орындауындағы «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Мен Жаңа жылға арнап тілек айтқым келіп отыр.

1-жүргізуші: Айта ғой.

2-жүргізуші: Жаңа жылда барлық қазақстандықтарға, аталарға, әжелерге, әкелерге, балаларға, оқушыларға үлкен бақыт тілеймін!

1-жүргізуші: Ақмарал сен бір жандарды атауды ұмыттың...

2-жүргізуші: Кімді ұмыттым?

1-жүргізуші: Аналарды....

2-жүргізуші: Иә, ұмытып кетіппін. Осы айыбымды өтеу үшін аналарға арнап «Анашым» өлеңін Қызғалдақ екеуіміз орындап берейік.

Аяз ата: Біз сендердің барлық өнерлеріңді тамашаладық. Енді шыршаны айналып өлең айтайық.

Шыршаны айналып өлең айтылады.

1-жүргізуші: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсан мәңгі ашық аспан.

2015 жылға қадам басқан,

Гүлденіп көркейе берсін Қазақстан!

2-жүргізуші:



1-жүргізуші: Осымен «Жаңа 2015 жыл» атты мерекелік кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Қош, сау болыңыздар!

1-жүргізуші:

2-жүргізуші:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ценари жап жана 2015 жыл

Автор: Уразаева Акмарал Салауатовна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 376935


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства