kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рие са?аты «Т?уелсіз елді? ?ланымын!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Елімізді? тарихы туралы т?сінік беру.?з Отанын с?юге т?рбиелеу. Елімізді? р?міздерін ?астерлеуге ?йрету. Ту?ан елге деген с?йіспеншіліктерін арттыру. ?з ана тілін, ?дет-??рпын, салт-д?ст?рін са?тауды бойына дарыту.1986 жылы желто?сандаел азатты?ы жолында ??рбан бол?ан ?л ?ыздарымызды? ерліктерін еске алу. Егемендікті? м?нін т?сіндіру. Б?гінгі т?уелсіздікке  ?алай ?ол жеткізгенін  зерделеу. Отанын,елін, жерін, с?юге, ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рие са?аты «Т?уелсіз елді? ?ланымын!»»


Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымын!»


Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру.Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды бойына дарыту.1986 жылы желтоқсандаел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын,елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері. Желтоқсан құрбандары.


Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар! Бүгінгі ертенгілігіміздің дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады.

«Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз


Тәрбиеші: Желтоқсан әні

Әлі есімде ар мен намыс пәк мәңгі,

Еш аяусыз аяқасты тапталды.

Саперлердің күрегінен соққы жеп,

Қып-қызыл қан бояп жатты ақ қарды.




Жүректерге шер қатып,

Мұз-қар қонған-Желтоқсан

Кеудедегі күрсініс

Ызғар болған –Желтоқсан

Әділеттік жолында

Ұлың түгел халқым- ау

Құрбандығы қазақтың

Қызың болған- Желтоқсан!


Әлі есімде сұмдығы көп сол алаң,

Өткен күнге өкінішпен оралам

Озбыр күшке қарсы тұрған қаймықпай,

Қайран жастық сен қашанда бол аман


Құлдық ұрып көне берсең ырыққа,

Жер бетінен кетер едік құрып та

Қазақпын деп ойлар болсаң ағайын

Алматының желтоқсаның ұмытпа.


-Балалар , бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды. Ол көтеріліс қазақ халқына кең байтақ жерімізге, жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Оған Қазақстанның жас ұлдары мен қыздары шықты. Өз тілін, өз мәдениетіндамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермей шайқас басталды.

Сол жастардың ішінде ҚайратРысқұлбеков,Ербол Спатаев Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды.Бұлар Отан үшін ,Туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты.Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай ішкі,

сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз.

1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң қабылданды.




Тәрбиеші:

1986 жылы желтоқсан көтерілісінде еліміздің еркіндігі, азаттығы үшін жандарын қиған Қайраттай ержүрек ағаларымыздың өз көзімізбен көрмесек те олордың шыңдық үшін күрескенін аянбай көз алдымызға елестетеміз.



Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма

Бара қалсаң сәлем айт,

Елдегі құрбы – досыма.


Көрініс:

Расул:

Тергеуші:

-Сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?

Имран:Қайрат:

-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде болдым.

Расул:Тергеуші:

-Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сатпаев көшесінде милицанерді ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе?

Имран:Қайрат:

-Жоқ, мен ешкімді көргенім де жоқ, ұрғаным да жоқ.

Расул:Тергеуші:

-Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар! Атыңдар!


Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең алыңдар,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты- құрбандық»,

Атам десең атыңдар!



Тәрбиеші: -Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ

азаматы Қайраттың соңғы сөзі еді. Елі үшін құрбан болған ержүрек аға-апаларымызды еске алып бір минут тұралық.

Сабина:

Жастық жырын желтоқсанда самғаттым,

Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың,

Егеменді ел боп алдың бүгінде,

Рухына бас иемін Қайраттың.


Жанбота:

Қан төгілді қара жерге қаншама

Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа .

Егеменді ел боп алдың бүгінде ,

Қуанышым менің мәңгі тарқама!


Нұржан:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге бұны ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік –Қайрат, Ляззат, Ерболдың

Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.


Махаббат:

Әлі де бостандық деп атар таңдар,

Ұшқының бар әлемге апарғаңдар.

Қайрат,Ляззат, Ербол мен Сәбиралар.

Осылар –Желтоқсанда қаһармандар.

Халықтың қабырғасы сөгілмесін,

Аналар ұлын жоқтап егілмесін.

Алладан ақ ниетпен тілейік біз,

Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.



Ән: «Ел қорғауға әзірміз»


Тәрбиеші:

Егеменді ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші

«Егемендік» деген сөздер естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.


Ақерке:

Туған жерге нұр шашып, жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16-шы желтоқсаншуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.



Мың бұрала билеген,

Кім бар екен сұлу қызды сүймеген .

Бүлдіршіндер көріп қалсын

Бишілеріміз бар «Қара жорға» биін билеген.


Би: «Қара жорға»

Т:-Балалар , Қазақстан қандай ел?

Б:-Егеменді, Тәуелсіз мемлекет.

Т: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды.

-Еліміздің рәміздерін кім атап береді?

Б: Ту,Елтаңба,Әнұран.

Т:- Елордамыз қалай аталады?

Б:- Астана қаласы.

Т:- Қазақ елін кім басқарады?

Б:- Н.Назарбаев

Т:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Б:- Орыс, неміс,қытай, өзбек,шешен.т/б.


Камшат:

Отан- менің ата-анам,

Отан-доым, бауырым.

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-туған, ауылым.


Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.


Ән: «Балдырғандар»


Балалар болашақта қандай азамат,азаматша боламыз?

Балалар хормен:

Елімізді өркендететін,

Қазақ тілін көркемдететін

Бабаларға тағзым ететін.

Аналарға бас иетін,

Балалардан бар жақсылығын аямайтын

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

Біз қазақ елінің болашағымыз.


Тәрбиеші:

Тарихым жатыр тасыма

Тіл қатып келер ғасырға

Азаттық дейтің ұғымның,

Желтоқсан тұр басында.


Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты

Халайық қаттырақ қол соғыңыздар,

Әншіміз бар біздің де, Жанерке атты.


Ән: «Егеменді ел»


Осымен «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Барлығыңызға Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.

Халықымыз аман болсын .Елімізде бейбітшілік болсын

-Келесі кездескенше сау-сәлеметте болыңыздар!



«Қара жорға» биі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рие са?аты «Т?уелсіз елді? ?ланымын!»

Автор: Ибраева Г?лсім Балтабаевна

Дата: 13.03.2016

Номер свидетельства: 305059


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства