kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?атыны? жоспар : "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? жоспар : "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?атыны? жоспар : "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде"»

Күні:______

Сыныбы: 2

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбие сағатының формасы: сайыс сабағы

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, сахналау, көрнекілік.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Психологиялық дайындық

Сыныпты 2 топқа бөлу

ІІ.Негізгі бөлім

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі

  2. Шығармашылық тапсырма: «Денсаулықтың он құпиясы»

(топтық жұмыс)

  1. Кім көп біледі? (Мақал-мәтелдер айту)

  2. Сөзжұмбақ шешу

  3. Тапсырма: «Денсаулықтың достары мен қастары»

ІІІ. Қорытынды бөлім

1. Сайыстың қорытындысын шығару

2. Мұғалімнің қорытынды сөзі

3. Рефлексия

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым!

Арайлып атқан күнге!

  1. II.Негізгі бөлім
    Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Бірінші байлық - денсаулық» - дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып, санымызды соғамыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.

    Балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тууда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі, құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Мамандардың айтуынша «денсаулықтың мықты болуы адамның ерік – жігеріне байланысты, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды». Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. 

    Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуы тиіс. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір – екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7 – 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.

    Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және аманат еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болған жөн.
    Шығармашылық тапсырма: «Денсаулықтың он құпиясы»

(топтық жұмыс)

- Балалар, денсаулықтың он құпиясын өздерің құрастырып көріңдерші.

(Топтарға таратпа материалдар беріледі құрастырады, оқиды, дайын жауаппен салыстырады, қорытындылайды)

  1. Денсаулықтың он құпиясы” (слайдтан көрсетіледі)
    1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр.
    2. Біздің тыныс алуымызда.
    3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі.
    4. Дұрыс тамақтану.
    5. Күлкі.
    6. Дем алу.
    7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
    8. Сенім күші.
    9. Сүйіспеншілік күші.
    10. Таза қоршаған орта.
    Кім көп біледі?
    (Мақал-мәтелдер айту)

Топтар денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтады, мағынасын түсіндіреді.

Сөзжұмбақ шешу (топтарға таратпа материалдар тарату)
1. Денені шынықтыратын денсаулыққа мол сабақ.
2. Жалқаудың досы
3. Қандай адамдардың көңіл күйі болмайды?
4. Жуынбай жүрген бала қандай бала?
5. Салақ бала неге ұшырайды?
6. Тұмау кезінде ішетін ұнтақ дәрі не?
7. Қоршаған ортаны неден қорғау керек?
8. Не болса бәрін істейсің?
9. Дәрілік шөп.
Тапсырма: «Денсаулықтың достары мен қастары»
1 топ: Денсаулық достары: таза ауа, көңілді жүру, дұрыс ұйқы, тазалық, шынығу, демалу, дұрыс тамақтану, спорт.
2 топ: Денсаулық қастары: күн тәртібін сақтамау, салақтық, дұрыс тамақтанбау, жалқаулық, зиянды әрекеттер.

III. Қорытынды бөлім

Сайыстың қорытындысын шығару

Мұғалім: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз мықты болуы үшін спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау керек. Әр баланың жеке басының тазалығына мұқият болуы оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан не ұқтық?

  • Не үйрендік?

  • Не ұнады?

Хормен: Жадыраған күндейміз, күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз!Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз!

Жадыраған Сумыз біз, Тазамыз,Тазамыз!














Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО облыстық білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК











Тәрбие сағаты

ТАҚЫРЫБЫ: «Ауырып ем іздегенше,

ауырмайтын жол ізде»







Өткізілген күні: __________

Сыныбы:_______________

Сынып жетекшісі:__________

_________________________

Машықкер: _____________

Бағасы: _______________







Семей 2016 ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?атыны? жоспар : "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде"

Автор: Канатова Молдир Канатовна

Дата: 02.06.2016

Номер свидетельства: 332236


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства