kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: М??гілік   ел     ж?не ?лтты?  ??ндылы?тар

Саба?ты?  ма?саты:

   О?ушыларды?    Отан?а,   ту?ан жерге   деген  с?йіспеншілігін  ояту.Елін,жерін,  тілін,  тарихын  ??рметтейтін    жаны таза,  адамгершілігі мол   азаматты   ?алыптастыру.Патриотты?   т?рбие   беру

Саба?  к?рнекілігі:  Т?уелсіздік  хроникасы (слайд)

Саба? барысы:

  1.?йымдастыру

  2.Кіріспе с?з

 - Ата-бабаларымыз   найзаны?  ?шы,  білекті?  к?шімен  ?ш  н?рсені бойт?мардай  са?тап, болаша?  ?рпа?ына  табыстап  кетті. Ол:ел,жер,тіл.Осы  ?ш киелі,  ?астерлі    д?ниені   са?тап ?алу  ?шін  халы?ты?  еркіндігі,  те?дігі, азатты?ы  ?ажет болды.?асиетті  осы ?ш н?рсені?  аманды?ы ?шін  кімдер  бас  тікпеді,  кімдер  ??рбан  болмады.  Ендеше  арт?а  бір  шегініс  жасап  т?уелсіздік   шежіресіне  шолу жасап алайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«т?рбие саба?»


Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік ел және ұлттық құндылықтар

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.Елін,жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.Патриоттық тәрбие беру

Сабақ көрнекілігі: Тәуелсіздік хроникасы (слайд)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Кіріспе сөз

- Ата-бабаларымыз найзаның ұшы, білектің күшімен үш нәрсені бойтұмардай сақтап, болашақ ұрпағына табыстап кетті. Ол:ел,жер,тіл..Осы үш киелі, қастерлі дүниені сақтап қалу үшін халықтың еркіндігі, теңдігі, азаттығы қажет болды.Қасиетті осы үш нәрсенің амандығы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады. Ендеше артқа бір шегініс жасап тәуелсіздік шежіресіне шолу жасап алайық.

І Мәңгілік ел дегеніміз-өткенді ұмытпау,

Мәңгілік ел дегеніміз-ертеңді ұлықтау.

Оқушылар шығады.

1-оқушы:

Абылай заманы-батырларзаманы.Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғаншы ел мен жер үшін айқасқан бабалар манатын жалғастырған боздақтар қаншама

2-оқушы

Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

3-оқушы

Қашан да өршіл,намысқой, ер жүректі қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

4-оқушы

1986 жыл 16 желтоқсан.Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Бұл-теңдік үшін,елдік үшін бас көтерген ,тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күніміз.

5-оқушы

Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген ,қазына байлығын пайдалана білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемелекетке айналды. «Болашақтың барысы» деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап,әлем кеңістігіне бойлай еніп,басым беделге бет түзеуде. Ал осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде елеулі өзгерістер болды.

Мұғалім:

Соның бірі біздің «Мәңгілік ел» болуға бет бұрғанымыз.

Осыдан он үш ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты-Мәңгілік ел болу» деген екен.Барлық түркі елдеріні тізе қосып, болашаққа бірге бет алсақ деген бабалар мұраты ең алдымен қазақ жерінде бас көтеруі біз үшін үлкен мақтаныш. Тегінде мәңгілік дегеніміз- елдіктің шырқау шыңына жетуі,жаһанға жасқанбай қарай алатын халықтың ғана асқақ арманы. Мемлекеті жоқтың мәңгілікте несі бар? Оның мұраты жан сақтау ғана.

ІІ . Үй тапсырмасы

«Мәңгілік ел» болу үшін қандай құндылықтарды насихаттар едіңдер?

Оқушылар өздері алып келген заттар жайында түсінік береді.

1-оқушы

-Домбырадай шежіре жыр болмаған,

Даламыздың тағдырларын толғаған.

Армандарын,армандарын халқымның

Аманат қып ұрпағына жолдаған.

-Менің әкелген затым-домбыра. Домбыра дегенде Құрманғазы,Дина,Тәттімбет ,

Дәулеткерей сынды күйшілер мен күй күмбірі арқылы қазақтың сайын даласы еске түседі..Халқымның ұлттық аспабы.

Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ –домбыра –демекші,бабалар қасиеттеген бұл домбыра -біздің ұлттық құндылығымыз дегім келеді

2-оқушы

-Төрт түліктің төресі-жылқы малы.Біздің халықты жылқысыз елестету мүмкін емес..Жауға шапса ту байлап, астына мінер көлігі де жылқы малы болған.Біз өр халықпыз,жылқы мінезді деп те айтады.Ал осы жылқыға мінерде керекті зат-қамшы. Қасиетті осы зат әр үйдің төрінде ілулі тұрса, халықтың бір болмысын көрсетеді деп ойлаймын.

3-оқушы

-Қазақ өр халық, батыр халық.Қажымұқандай алып күш иесін тудырған халық.Халық тарихында есімдері алтын әріппен жазылған батыр үлдарымыздай спорт шыңын бағындыруымыз қажет.Мен қазақ күресінің үйірмесіне қатысам,спорттық сайыстарда да жетістіктерім аз емес.Кішкене ауылдағы кішкене жетістіктерім арқылы әлі де талай биікті алатыныма сенемін.Білімі,өнері,спорты бар ел «Мәңгілік ел» болуға қадам баса алады деп сенемін.

Көрініс «Бірлік түбі-тірлік»

Алдына сәлем бере және елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төлеге Әнет баба садақтың шыбығын беріп:

-Мә,мынаны сындырып көрші депті

-Бұл сөз бе екен.Әкеліңіз сындырып берейін (сындырады)

Екеу береді

-Ер жігітке бұл да сөз болмас

Бума шыбық береді.

-Айып етпесеңіз , бұл жұмбағыңыздың мағынасын түсінбедім,Әнет баба

-Төлежан, бұл арқылы менің айтқым келгені ешқашан өзімшіл болма.Көптің айтқанын тыңда.Көп болсаңдар сендердің белдеріңді ешкім сындыра алмайды. Ал әрқайсың болып,ынтымақ жараспайтын болса, мына жеке шыбықтарды сындырған секілді әркім-ақ бірліктеріңді бұзып, берекелеріңді кетіреді (Көрініс аяқталған соң оқушы ойды сабақтайды)

- Бұдан шығатын қорытынды Қазақстанда 130 дай ұлт өкілдері тұрады. Олар Қазақстанды өз Отандары деп есептейді. «Мәңгілік ел»-біздің жалпыұлттық идеямыз.Бұны өміршең ететін елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан,,алауыздық тосқан жерде жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі- бірлік, берекесі.Біз тұрақтылықты бағалай білуіміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік.Бейбітшілік пен тұрақтылық, келісім, ынтымақ, береке, бірлік бар жерде туған еліміз Мәңгілік ел бола алады

Салт-дәстүр «Ақ құйып шығару».Бір оқушы ақ құйған тостағанды алып шығады.

-Халқымызда «Үйге кірген жыланды да ақ құйып шығарады» деген мәтел бар.Қазақтың ақ деп атайтыны сүт,шұбат, қымыз, айран.Қалың өрт кеп қалғанда да алдынан ақ шашады.Үйге жылан кіріп кеткенде басына сүт не айран құйып, үйден шығарып барып өлтіреді.Бұл қазақтың үйіне келген жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан.Ұлттық болмысымыз сақталып, салт-дәстүрлеріміз өміршең болса болашаққа нық қадаммен бара аламыз деп ойлаймын.

ІІІ. Талаптың мініп тұлпарын...

Оқушылар өз шығармашылықтарынан оқиды («Мәңгілік ел» тақырыбы)

ІV.Ойланайық, ойлайық!

Экран бетіне шыққан суреттерге мақал құрау

Бесік, 7 саны, кілт, кітап,тіл

V.Ойтолғау «Мәңгілік ел-мұратым».Топтық жұмыс


V . Хор «Ұрпақ үні»

Қорытындылау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
т?рбие саба?

Автор: Ибраева Жамбы Сайлау?азы?ызы

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291375


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства