Просмотр содержимого документа
«Тіл, тірегіміз,со?ып т?р?ан ж?регіміз»
«Абай атындағы орта мектебі»
сыныптан тыс шара
Өткізген: Б.Баласаева
Ақжар ауылы
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:«Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің елдігін танытатын оның өшпес тілі екндігін ұғындыра, оны көздің қарашығындай
сақтауға шақыру, ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,буклет
Мұғалімнің кіріспе сөзі
-Құрметті оқушылар, ұстаздар . Бүгін біздің «Тіл –тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі –атаңның , анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілінде жазып қалдырады. Халыңтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі.Біздің тіл туралы заңымыз 1997 ылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізігі мекені -Қазақстан. 14 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі.
Тіл-мәдениет, тіл-әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық (ұлы адамдардың тіл туралы айтқандары) слайдпен
Бұл дәуірде, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. М.Әуезов
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғ.Мүсірепов
Оқушыларды екі топқа бөліп ,әр тпоқа ат және ұран дайындаймыз.
Бәйге кезеңі: Топ бойынша сұрақтарға жауап беру
«Тапқырлар» тобы
Өнер алды не?
Ең бірінші бақытым ......
Үш биді ата
Тілдің ең негізгі қызметі
Ашу дұшпан - .........
Тіл туралы заң қашан қабылданды?
«Алғырлар» тобы
Сөз анасы ..........
Ал екінші бақытым ...........
Құрғақ сөзінің антонимі .......
Мұсылмандардың қасиетті үйі
Қазақта топ аттылар жарысын не деп атайды?
Мұсылман дінінің қасиетті кітабы
Позия минуты кезеңі: Әртоптан екі оқушыдан шығып өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Мақал сөздің мәйегі кезеңі: Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын табады.
Ойтолғау жазу кезеңі: «Тіл -тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында. Үзбей жазу стратегиясы бойынша .Көңіл толқыны күйі қосылады.
Кері байланыс: Мәуелі ағашқа жазған пікірлерін апарып жабыстырады.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпас ұрпақтан -ұрпаққа жеткізу – біздердің міндетіміз.