Студенттерді өткен тақырып бойынша, яғни тежегіш және оның негәзгә қасиеттері туралы білімдерін тапсырмалар, сұрақтар арқылы пысықтап қайталап, білім дәрежесін анықтау.
Студенттердің пәнге деген қызығушылығын, танымдық қабілеттерін жандандыру. Кәсіптік бағдар беру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Пән аралық байланыс:
Тартымды жылжымалы құрамның конструкциясы, электро аппараттар, темір жолда техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқыту – бақылау бағдарламасы, бейнеролик, схемалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезіңі:
Студенттерді түгелдеу, назарын аудару мақсатында сергіту жаттығуларын беру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үлестірмелі карточкаларымен жұмыс: "Миға шабуыл"
Қандай құрылғыларды тежегіш құрылғылар дейді?
Тежегіш күші дегеніміз қандай күш?
Пойызға қандай күштер әсер етеді?
Тежеу сәті қалай пайда болады?
Тежеу қалыптары доңғалақта қалай орналасады?
Тежеу жолы деп қандай жолды айтамыз?
Үйкелу коэффициенті дегеніміз не?
Тіркелу коэффициенті қалай пайда болады?
ІІІ. Қайталау сабағы:
Кіріспе сөз: ( оқытушы)
Ұлдар, пневматикалық тежегіштер біржелілік магистральда ауа өткізгіш әр локомотивтің, вагонның, бойында жүргізілген ауатартқаштармен дистанциондық басқару үшін, қосалқы резервуарды заряттау мақсатында, тежеу цилиндрін сығылған ауамен толтыру, тежеу барысында және босату кезінде атмосферамен байланыстырады. Темір жолда пневматикалық тежегіштер автоматты, автоматты емес және жолаушылар тежеу үрдістері тез, жүк үрдістері баяу болып бөлінеді:
"Ой қозғау " стратегиясы.
Тежегіштің жіктелуіне сипаттама беру.
Тежегіштің қандай түрлері болады?
Тұрақтық дегеніміз қандай болады?
Пневматикалық деген қандай тежегіштер және ол қандайға бөлінеді?
Электропневматикалық тежегіштердің қандай түрлері болады?
Электромагниттіктің неше түрі бар?
Электрлік нешеге бөлінеді?
Темір жолдың жылжымалы құрамның тежегіштері
Тұрақтық
Пневматикалық
Электропневматикалық
Электроманиттік
Электрлік
Қолдық
Автоматты емес тіке әсер етуші
Тіке әсер етуші
Фрикциондық магнитті-рельстік
Реостатты
Автоматты
Автоматты
Тіке әсер етуші
Тіке әсер етпейтін
Автоматты
Құйынды тоқтарда Релістер
Дискілі
Рекуперативті
Рекуперативті-реостатты
Тірек схемалармен жұмыс:
Тірек схемалармен жұмыс арқылы тежеу құрылғыларды көрсетіп сипаттау.
Тежеу цилиндрі, ауатартқыш, машинист краны, клапандар, қосалқы және бас резервуарлар, қоректендіргіш және тежеу магистральдары, жалғау жеңі, стоп-кран, т.б.
Автоматты тежегіштің жұмысы 4 күйден тұрады:
Зарядтау - ауа өткізгіш (магистраль және қосалқы резервуар) жылжымалы құрамның әр қайсысы сығылған ауамен толады.
Тежеу – вагонның магистральді ауа қысымы төмендейді, ауа таратқыштар іске қосу үшін қосалқы резервуардан ауа тежеу цилиндріне түседі, соңғысы иінтірек беріліс арқылы қалыптарды доңғалаққа қарай қысып тежейді.
Қайта жабу (перекрышка) – тежеу іске қосылғаннан кейін, магистральда, тежеу цилиндрінде қысым өзгермейді.
Босату (отпуск) – қысым магистральда жоғарылайды, ауа таратқыштар ауаны тежеу цилиндрінен атмосфераға шығарады, бір уақытта тежеу цилиндрінің байланысудың жолымен қосалқы резервуарлар зарядталады.