kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Террор және терроризм туралы түсінік

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.

Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?

- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Террор және терроризм туралы түсінік»

Тақырыбы: «Терроризм және оның зардаптары»
Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар.

Тәрбие сағатының жүрісі:
Мұғалім сөзі:
- Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.

І. Ой қозғау.
- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
Ассоциация ТЕРРОРИЗМ


ІІ. Мағынаны тану.
1. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.

Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?

- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады.

Террористік  әрекеттердің нәтижесінде мемлекеттік бюджетке айтарлықтай материалдық зиян келтіріледі. Жарылғыш заттар қойылғандығы туралы жалған ақпараттар бойынша ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы қызметтері, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құтқару бөлімшелері, жедел медициналық жәрдем бригадалары бір мезгілде дабылмен көтеріледі. Олар «террористің» нұсқаған жерінде бірнеше сағат бойы жұмыс істейді. «Жарылғыш заттар қойылған» нысандарда өндірістік қызметтер немесе оқу процестері тоқтатылады, ұшақтардың ұшып-қонуы және пойыздарды жөнелту кестелері бұзылады, қоғамдық қауіпсіздік зардап шегеді, әдетте аталған ғимарат «толықтай залалсыз» деп табылғанша ондағы қызметкерлер, жұмысшылар, тұрғындар немесе оқушылар әбігерге түсіп, уақытша қауіпсіз жерге эвакуацияланады. Бірақ көптеген жағдайларда мұндай ақпараттар расталмайды. Бірақ жалған ақпарат таратып, дүйім жұртты әбігерге салатын террористердің артынан анықталып, қатаң жазаланатынын көпшілік біле бермейді.

 

Ең көп тараған «теле­фондық терроризм» нысан­да­рына – вокзалдар, әуежайлар және көлік бекеттері (37,2%), де­малыс және ойын-сауық орын­дары (24,8%), әкімшілік ғимараттар (18,6%), оқу орын­дары (16%), тұрғын үй­лер (15,1%) жатады. Сарап­тама көрсеткендей «жалған террористердің» көбі ер адамдар болып табылады. Сондай-ақ кәмелетке тол­мағандар, әсіресе, мектеп оқу­шылары мен студенттер кө­бі­несе қойылған «бомбалар» туралы жалған хабарлама бере отырып, «қалжыңдауды» әдет­ке айналдыруда. Бірақ бұл қалжыңның арты насырға шабатынын біле бермейді. Адамдарды қылмысқа итермелейтін белгілі бір себептер болады.  Мәселен, сабақ оқығысы келмейтін оқушылар, жұмыс істегісі келмейтіндер, бұзақылық пиғылмен кек алғысы келетіндер осындай әрекеттерге барады. Сондай-ақ көреалмаушылық, қызғаныш немесе психикалық күйзелістер де себеп болуы мүмкін.

 

Терроризмге қарсы күрес туралы ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 416-I Заңы

      Осы Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестiң құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн, мемлекеттiк органдардың және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртiбiн, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күрестi жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, мiндеттерi мен кепiлдiктерiн белгiлейдi.

•     Телефон қоңырауынан қауіп төнгендегі іс-әрекеттер: 

•     1.Түскен хабарламаны құқық қорғау мекемесіне  жеткізу керек.

•     2.Сөздерді толық қатесіз есте сақтап қалу немесе оны қағазға жазып алу керек.

•     3.Хабарлаған адамның ( ер,әйел) айтылған сөзін, дауысының мәнерін , (ашық, төмен тағы басқа) кекештігін толық есте сақтау

•     4.Сөйлескен кезде мынандай сұрақтарға жауап алуға тырыс: -қайда,кімге қоңырау шалу - қайда, қалай байланысу

•      5.Қоңыраудың қай уақытта шалынғанын есте сақтау.

•     6.Байланыс кезінде қандай дауыстар болғанын (дауыстың көлікте,поезда тағы басқа) анықтап қалуға тырыс.

Террор.Террор. Террор. Соңғы жылдары көзбен көріп, құлақпен естіп жүргеніміз тек осы террор ғана болды. Әлемнің ең мықты мемлекеті АҚШ-ты 11 қыркүйек 2001 жылы тізе бүктірген қанды сойқан, Мәскеу, Беслан, Бостон, Парижде жүздеген жазықсыз жанды о дүниеге аттандырды. Жас-кәрісіне, діні мен ұлтына қарамай бейкүнә тағдырлар қиылды. Дөңгелек үстел барысында осыншама адамды еңіреткен, мемлекеттерді дірдектеткен, адамзатқа шексіз шығын әкелген

-террор дегеніміз не өзі?

-Оның мақсаты қандай?

-Террордан қалай сақтануға болады?

Сұрақтарға оқушылар жауап береді.

ХХІ ғасырды «ақпарат ғасыры» деушілермен бірге «психологиялық соғыстың ғасыры» деушілерде бар.

Террордың сөздік мағынасы «қорқыту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру» дегенді білдіреді. Террор – дүйім жұртты үрейлендіру, қоғам мен тұлғалардың психологиясын соққы беру және жасалған амал арқылы адамдардың зәресін ұшыру. Бүгінге дейін сала мамандары мен филологтар қанша ұмтылса да террорға ортақ түсінік бере алмай келеді.

Террор дегеніміз адамдарды қаймықтыру, билеп-төстеу арқылы оларға белгілі бір идеология мен ұстанымды мойындату үшін зорлық-зомбылық жасау, күш жұмсау және лаң салу.

Терроршы ұйымдардың мақсаттары террор амалдары жасалатын мемлкеттің жағдайы және лаңкестерді басқаратын орталықтарға қарай өзгеріп тұрады.

Терроршылар лаңкестік амалдарды жоспарлағанда қоғамды ең осал жерінен ұруды ойластырады, үлкен жаңғырық шығаратын, халыққа қатты әсер ететін қылмыстарды жоспарлайды.

Саяси, патриоттық, туған жеріне, еліне құрмет сезімі арқылы азаматтық жауапкершілікке, халықтар достастығына деген сүйіспеншілік сезімдерін оятты деген ойдамын.

Топтық жұмыс: 
Терроризм мәселесін шешудің қандай жолдары бар? Сіздердің ұсынстарыңыз
Оқыту мақсаттары: 
Берілген тақырыпты талқылауға қатысу.
Мәселенің табиғаты мен себептері және олардың шешімдері.

Қорытындылау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Террор және терроризм туралы түсінік

Автор: Қадырғалиев Ерсейт Тлепбергенұлы

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397351

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Діни экстремизм мен терроризмнің әлемге қаупі."
    ["seo_title"] => string(51) "dini_ekstriemizm_mien_tierrorizmnin_liemghie_k_aupi"
    ["file_id"] => string(6) "364708"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480605385"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Т?рбие са?аты.Телефонды террориризм. "
    ["seo_title"] => string(40) "t-rbiie-sag-aty-tieliefondy-tierroririzm"
    ["file_id"] => string(6) "179078"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424943579"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства