Темір жол к?лігін техникалы? пайдалану ?а?идасымен (б?дан ?рі – Техникалы? пайдалану ?а?идалары) ж?не ?аза?стан Республикасыны? К?лік ж?не коммуникация министріні? 2011 жыл?ы 18 с?уірдегі № 209 б?йры?ымен бекітілген.
1. Темір жол к?лігін техникалы? пайдалану ?а?идасы (б?дан ?рі - ?а?ида) темір жол к?лігін пайдалануды? негізгі т?ртібін ж?не олар?а ?ойылатын талаптарды? ?а?идаттарын белгілейді.
2. Осы ?а?ида темір жол к?лігіні? барлы? б?лімшелері мен ?ызметкерлері ?шін ?ажетті болып табылады.
3. Осы ?а?иданы орындау темір жол к?лігіні? барлы? буындары ж?мысыны? ?йлесімділігін, темір жол ?йымдарыны? на?ты ж?не толассыз ж?мыс істеуін ж?не ?оз?алыс ?ауіпсіздігін ?амтамасыз етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Теміржолды? негізгі ?ш н?с?ауды? р?лі»
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТ ТЕМІРЖОЛДЫҢ НЕГІЗГІ ҮШ НҰСҚАУДЫҢ РӨЛІ
Теміржолдың негізгі үш нұсқаудың рөлі
Сабақтың тақырыбы: Теміржолдың негізгі үш нұсқаудың рөлі
Сабақтың мақсаты: Студенттерге теміржолдың үш кітабымен таныстыру
(ТПЕ,ИДИ,ИСИ). Теміржолдың қызметкерлері ,осы үш кітаптарды білуі міндетті. Сондықтан үш кітаптың білу, қаншалықты манызды екеніне көз жеткізу. Студенттерді екі топқа бөліп, тақырыпқа сәйкес білімдерін тексереді. Жалпы сабақ бес бөлімнен тұрады.
Тәрбиелік: Теміржол саласына деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар, плакаттар, қолдан жасалған бағдаршамдар,құрал-саймандар.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: ТПЕ-ға жалпы түсініктеме беру
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасымен (бұдан әрі – Техникалық пайдалану қағидалары) және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген.
1. Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) темір жол көлігін пайдаланудың негізгі тәртібін және оларға қойылатын талаптардың қағидаттарын белгілейді.
2. Осы Қағида темір жол көлігінің барлық бөлімшелері мен қызметкерлері үшін қажетті болып табылады.
3. Осы Қағиданы орындау темір жол көлігінің барлық буындары жұмысының үйлесімділігін, темір жол ұйымдарының нақты және толассыз жұмыс істеуін және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
1 Бөлім
Білімділік сайысы
Шартты: екі топтан үш студенттен шығып, ТПЕ 10 сұрағына жауап беру керек.
ТПЕ- нің 10 сұрағы
1 Поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бір машинист қызмет көрсеткен кезде қандай қауіпсіздік құралдарымен және құрылғыларымен жабдықталады?
Поездың тежелуін автоматты басқару жүйесімен немесе кешенді локомотивтік қауіпсіздік құрылғысымен, сондай-ақ машинистің сергектігін бақылау жүйесімен;
2) артық көрініс айналарымен;
3) өрт сөндіру жүйесімен - тепловоздар;
4) тежеу бұғаттамасымен;
2 Техникалық қызмет көрсету кезінде нені тексеріледі ?
1) Тораптардың және бөлшектердің күйі және тозуы және олардың белгіленген мөлшерлерге сәйкестігі;
2) Тежегіш жабдықтарының іс-қимылының дұрыстығы, буферлік және автотіркегіш құрылғылардың, генератор жетегінің түзу жұмыс істеуі және вагон астындағы жабдықтардың түзу бекітілуі. Ағытқыш иінтірек тізбектерінің, автотіркегіштің және автотежегішті босатудың түзулігіне ерекше назар аудару қажет;
3. Поездардың қозғалыс кестесінде қандай жағдайлар көрсетулуі қажет?
1) жолаушылар және жүк тасымалдау қажеттіліктерінің қанағаттандырылуын;
2) поездардың қозғалыс қауіпсіздігін;
3) учаскелердің өткізу және тасу қабілетін және станциялардың өңдеу қабілетін барынша тиімді қолданылуын;
4) жылжымалы құрамның ұтымды қолданылуын;
4. Поездар қалай бөлінеді?
1) кезектен тыс - қалыпты қозғалысты қалпына келтіруге және өрт сөндіруге арналған қалпына келтіру, өрт сөндіру, қар тазалағыштар, вагондарсыз локомотивтер, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам;
2) кезекті - басымдылық тәртібі бойынша:
жолаушылар шапшаң жүретін поездары;
жолаушылар жылдам поездары; барлық басқа атаулардағы жолаушылар поездары; почта-багаж, әскери, жүк-жолаушылар,адам таситын және жылдамдатылған жүк поездары; жүк(өтпелі, учаскелік, құрама, шақырту, тораптық), шаруашылық поездары және вагонсыз локомотивтер.
5 . Бағыттамалар үшін қандай қалыпты болып табылады?
1) дара жолды желілер станцияларының бас жолдарындағы кіру бағыттамалары үшін - станцияның әр шетінен түрлі жолдарға бағыт;
2) қос жолды желілер станцияларының бас жолдарындағы кіру бағыттамалары үшін - тиісті бас жолдар бойынша бағыт;
3) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын бағыттамаларды қоспағанда, аралықтар мен станциялардың бас жолдарындағы барлық қалған бағыттамалар үшін - тиісті бас жолдар бойынша бағыт;
4) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын бағыттамалар үшін - осы тұйықтарға бағыт.
6 . Қандай жағдайларда бағыттамалар басқа қалыпқа ауыстырылуы мүмкін?
1) поездарды қабылдау және жөнелту үшін маршруттарды әзірлеген кезде, маневрлік жұмыс кезінде;
2) жолдарға жылжымалы құрам қойылған кезде;
3) станциялық жолдарда кедергілер және жұмыстарды жүргізу орнын қоршау қажеттілігі кезінде;
4) бағыттамаларды тазартқан, тексерген және жөндеген кезде.
7 Локомотив бригадасы маневрлерді жүргізген кезде не істейді?
1) маневрлік жұмысқа арналған тапсырмаларды дәл және уақтылы орындауға;
2) берілетін сигналдарды зейін қойып қадағалауға, қозғалу туралы сигналдар мен нұсқаулар дәл және уақтылы орындауға;
3) жолдарда жүрген адамдарды, бағыттамалардың қалыптарын және жылжымалы құрамның орналасуын зейін қойып қадағалауға;
4) маневрлерді жүргізу қауіпсздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
8 Жолаушылар поездарына (шапшаң жүретін және жүрдек поездардан басқа) жүк вагондары қандай жағдайда қойылуы мүмкін?
1) төрт осьті төбесі жабық;
2) сүт тасымалдауға арналған цистерналар;
3) автономды рефрижераторлық;
4) тірі балық тасымалдауға арналған.
9 Поездардағы автотежегіштерді сынау қалай жүргізіледі?
1) толық, тежеу магистралінің күйін тексеру және барлық вагондардағы тежегіштердің жұмысын тексеру арқылы:
2) қалыптастыру станцияларында поезды жөнелту алдында;
3) локомотивті ауыстырғаннан кейін. Егер локомотивтердің айналым учаскесі 600 км-ден артық болса, бұдан басқа, локомотив бригадаларын ауыстыру жүргізілетін және вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті бар станциялардың бірінде жүк поездарының автотежегіштерін толық сынау жүргізілуі тиіс.
10 Станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчері поезды қабылдар алдында не істейді?
1) поезды қабылдау үшін жолдың бос екендігіне көз жеткізуге;
2) жолға және поезды қабылдау маршрутына шығатын маневрлерді тоқтатуға;
3) поезды қабылдау маршрутын дайындауға;
4) кіру бағдаршамын ашуға міндетті.
2 бөлім
Капитан сайысы
Шартты: екі топтың капитандары шығып, топтарының аттарымен .топтың мүшелерімен және өздері шығарған газетімен таныстырады (3 кітапқа сипаттама береді).
Ән-шашу: Берекет
Жүргізуші: ИСИ-ға жалпы түсініктеме береді.
1. Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) поездар қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысы бар бұйрықтар мен нұсқауларды беруге қажет, көрінетін сигналдарды және дыбыстық сигналдарды, сондай-ақ ол сигналдар берілетін сигналдық аспаптардың түрлерін белгілейді. 2. Сигнализация туралы нұсқаулықпен белгіленген сигналдар талаптарын орындау поездар қозғалысының және маневрлік жұмыстың үздіксіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 3. Темір жол көлігіндегі сигнализацияға жататын барлық нұсқаулықтар мен басқа нұсқаулар осы Нұсқаулықтың талаптарына қатаң сәйкес келуі керек.
2 Локомотивтік бағдаршам дегеніміз не?– поезға аралық бойынша бір блок - учаскеден екінші блок - учаскеге өтуге рұқсат беруге немесе тыйым салуға, сондай-ақ поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамының көрсеткіші туралы ескертуге арналған
3 Дыбыс сигналдарының қызметі қандай?-Дыбыс сигналдары дыбыстар санымен және ұзақтығы әртүрлі дыбыстар қосылысымен беріледі. Олардың күндізгі және түнгі мәні бірдей. Дыбыс сигналдарын беру үшін локомотивтердің, моторвагонды поездардың және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның ысқырықтары, қол ысқырықтары, үрлеу сырнайлары, сиреналар, гуілдер, петардалар қолданылады. Петарданың жарылысы кідіріссіз тоқтауды талап етеді.
2 ТОП
4 Көрінетін сигналдар қолдану уақыты бойынша қалай бөлінеді?-тәуліктің жарық уақытында берілетін күндізгі сигналдар: мұндай сигналдарды беру үшін дискілер, қалқандар, жалаушалар, сигналдық көрсеткіштер (бағыттамалық, жолды бөгеу, лақтырып тастау құрылғылары мен гидравликалық бағандар) пайдаланылады;тәуліктің қараңғы уақытында берілетін түнгі сигналдар: мұндай сигналдар ретінде қол және поезд фонарларында орнатылған түрлі-түсті оттар, сырықтарға бекітілген фонарлар мен сигналдық көрсеткіштер пайдаланылады; түнгі сигналдар күндізгі уақытта күндізгі тоқтату сигналдарының көрінуі 1000 м-ден, жылдамдықты төмендету сигналдарының көрінуі – 400 м-ден, маневрлік сигналдардың көрінуі – 200 м-ден кем болатын тұман, боран және басқа қолайсыз ауа райында қолданылуы тиіс
5 Бүркемелегіш бағдаршамдар қалай бөлінеді? 1) бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беріледі.; 2) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»
6 Қайталағыш бағдаршам дегеніміз не? – шығу, маршруттық бағдаршамның рұқсат ететін көрсеткіші және дөңестік бағдаршамның көрсеткіші туралы хабарлау үшін, жергілікті жағдайлар бойынша негізгі бағдаршамның көрсетуі қамтамасыз етілмеген жағдайда;
Ән-шашу: Досан
Жүргізуші: ИДИ-ға жалпы түсініктеме беру
Қазақстан Республикасының поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 261 бұйрығымен бекітілген. Осы нұсқада келесі жұмыстар атқарады 1) станциялардағы әр түрлі сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары (бұдан әрі – СОБ) және поездардың қозғалысы кезінде сигнал беру және байланыс құралдары кезінде поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу; 2) темір жолдарда және құрылыстарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жағдайында поездарды қабылдау және жөнелту; 3) станцияларда маневрлер жүргізу; 4) поездарға ескертулер беру; 5) поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін регламенттейтін басқа да ережелер.
4 Бөлім
Кім жылдам сайысы
Шартты: Әр топтан бір студенттен шығып, жүргізушінің қойған сұрақтарына жылдам жауап беру керек.
ИДИ-нің сұрақтары 10
1 Поезды қабылдау және жөнелту алдында станция бойынша кезекші не істеу қажет?
Қабылдау немесе жөнелту маршрутын әзірлейді және кіру (шығу) бағдаршамын ашады
2 Дұрыс белгіленген маршрутта және бос бірінші бұғат учаскеде шығу бағдаршамы ашылмаса, поезд қай жолмен жөнелтіледі?
Поезд қос жолды аралыққа дұрыс жол бойынша жөнелтіледі
3 Шығу бағдаршамындағы бағыттың маршруттық нұсқағышы ақ түсті ақаулы болған кезде поездарды қандай бағдаршамы бойынша жүргізіледі? Поездарды жөнелту ашық шығу бағдаршамы бойынша жүргізіледі
4 Егер поезд бүкіл аралықта жүретін бірнеше жұмыс істейтін локомотивпен немесе итергіш локомотивпен журсе,жөнелтуге арналған жазбаша рұқсаты кімге ғана беріледі?
Тек жетекші локомотивтің машинисіне ғана тапсырылады
5 Жекелеген учаскелер сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде не қолданылады?
Автоматты локомотивтік сигнал беру қолданылады
6 Автоматты бұғаттау дегеніміз не? Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поездар қозғалысы кезінде сигнал беру мен байланыстың негізгі құралы болып автоматты бұғаттау табылады
7 Бақылау аспаптардың көрсеткіштермен не тексереді? Бағыттамаларды нақты ауыстыру мен шығу бағдаршамын ашу тиісті бақылау аспаптардың көрсеткіштерімен тексеріледі
8 Поезды қабылдау алдында станция бойынша кезекші істеу қажет? Алдын ала қабылдау маршрутын дайындайды және кіру бағдаршамдарын ашады немесе атқарушы постыға оны ашу туралы өкім береді
10 Көрші станциядан телефон арқылы бұрын жөнелтілген поездың келуі туралы хабарлама алмаса станция бойынша кезекшіге не тиым салынады? Кезекшіге дара жолды аралықтарда сондай-ақ қарсы бағыттағы поезды қабылдауға келісім берудің бұғаттау сигналын беруге тиым салынады
5 Бөлім
Шартты: Әр топтан бір студенттен шығып, бір-біріне үш сұрақтан қояды.
ИДИ-ден сұрақтар 1-ші топ
1 Бұғаттау телефон байланысының ақаулығы кезінде станция бойынша кезекшісі нені мұқият қадағалау қажет? Станция бойынша кезекші басқару аппараттарындағы бақылау аспаттары көрсеткіштерінің өзгерістерін мұқият қадағалайды.
2 Қызметі аз участкелер мен кірме жолдардың қозғалысы кезінде байланыс құралы ретінде не қолданылады? Электр жездық жүйені және телефонды қолданылады.
3 Станция бойынша кезекшісі жол жазбасын берер алдында не істеу қажет? Дара жолды аралықта көрші станциядан поезды қабылдауға келісім туралы поездық телефонограмма –қос жолды аралықта бұрын жөнелтілген поездың осы станцияға келуі туралы поездық телефонограмма алу тиіс.
ИДИ-ден сұрақтар 2-ші топ
4 ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында не анық жазылу қажет? Әрбір сәтте тиісті аралық бос немесе бос еместігі анық көрініп тұру қажет
5 Жарылғыш материалдар бар жүктерге қандай вагондарды тіркейді? Әскерилендірілген темір жол күзетінің ілесіп жүруі үшін осы вагондардан 5 вагоннан алыс емес вагондарда тежегіш алаңшасы бар вагон немесе арнайы бөлінген бос жабық вагон қойылуы тиіс
6 Поездар қозғалысының кестесінде толаскез тәуліктің қараңғы уақытында, учаскелерде жұмыстар басшысы жұмыстар жүргізу орындарын немен қамтамасыз етеледі? Жарықтандырумен
4 Ән шашу:Нұрбек
Қорытындылау: Студенттер кітаптардың маңыздылығы түсінді және техникалық пайдалану ережелерін, сигналдарды, маневрлір жұмыстардың ережелерін жатқа білу керек екеніне көз жеткіздірді.