Просмотр содержимого документа
«Технологическая карта интегративного ОУД »
Білім беру саласы: Қатынас, таным,Шығармашылық.
Тараулар: Көркем әдебиет,Тіл дамыту, ҚМТҚ, сурет.
Тақырыбы: «Достық бірлікте»
Мақсаты: «Достық» «бірлікте» құндылықтарының мәнін түсінуге,ықпал ету.
Бостыққа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.Сөздік қорларын молайта отырып, өз ойларын кеңінен еркін айта білуге дағдыландыру.
Міндеттері: Достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Айналаға, қоршаған ортаға мейріді болуға тәрбиелеу.Өзара сыйластық, досына деген сүйіспеншілігін дамыту.Үш тілде алған білімдерін бағалау, есте сақтау.
Көрнекіліктер: Үн таспа, суреттер, бояу , қағаз, сүрткіш.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қонақтармен үш тілде амандасып жіберейік.
Балалар: Сәлеметсіздерме:
Здравствуйте!
Хэлоу.
Тәрбиеші: Балалар енді шаттық шеңбер құрып, бір- бірімізге жақсы лебіздер айтайық.
Сәлем деймін достарға.
Сәлем деймін құстарға
Сәлем деймін ұстазға,
Ашық болсын айымыз.
Тату болсын халқымыз.
Аман болын балалар.
(Балалар орындарына отырады)
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің ашық сабағымыздың тақырыбы «Достық бірлікте» деп аталады.
-Балалар дос сөзі үш тілде айтылады?
Балалар: Дос, друг, френд.
Тәрбиеші;- өте жақсы. Балалар назарымызды мына суретке аударайықшы
-Қане, осы суреттерге қарап шағын әңгіме құрастырайық.
1- бала: Бұл суретте, жалғыз бала ойыншықпен ойнап отыр.
2-бала:Мына суретте, бір бала тамақ ішіп отыр.
3- бала: Ал мына бала жалғыз өзі серуендеп жүр.
Тәрбиеші: Балалар сендерге жалғыз ойнаған, серуендеген ұнайма?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар , балалар.Жалғыз ойнасақ, серуендесек, тамақтансақ көңілсіз екен. Ал мына суретке қарап кім әңгіме құрастырады?
(Көп балалар ойнап отырған суретке қарап,1-2 бала шығып әңгіме құрастырады.)
Тәрбиеші: Өте жақсы. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін, бізге дос, жолдас керек.
Достық деген адамдардың бір-біріне адалдығы,өзара сыйластырғы, татулығы, қамқорлығының белгісі. «Дос бәрінен де қымбат» деген мақал бар.Дос қиналғанда қол ұшын беретін , алыста жүрсе сағынатын,қолындағысымен бөлісетін.
Ойын; «Достық неден басталады, достыққа не жасрасады»
Достық танысудан бастала ма? (Иә)
Достыққа қамқорлық жараса ма? (Иә)
Достық төбелестен бастала ма? (Жоқ)
Достыққа адалдық жараса ма? (Иә)
Достық ренжісуден бастала ма? (Жоқ)
Достыққа татулық жараса ма? (Иә)
Достық бірліктен бастала ма? (Иә)
Достық мазақтағаннан бастала ма? (Жоқ)
Достық ұйымшылдықтан бастала ма? (Иә)
(Балалардың жауаптары.)
-Балалар қандай тамаша! Достық әлемінде шынайы адал. Достыққа жарасатын құнды қасиеттерімен таныстық.
Тәрбиеші: Балалар достарымыздың аттарын атап шығайықшы.
Кім, кімнің досы?
Балалар: Менің досым- саян
Менің досым – Алан т.б
Тәрбиеші:Балалар, бәріміздің достарымыз бар өте жақсы.
-Ал енді дос туралы қандай иақал- мәтел білесіңдер?
(5-6 бала дос туралы мақал- мәтел айтып береді)
Тәрбиеші: - Өте жақсы балалар. Қаншама дос туралы мақал- мәтелдер білесіңдер.
«Достық бірлік»- деген балалардың арасындағы ынтымақтық, ауызбіршілік, татулық екенін түсіну керек.Енді біз бәріміз орнымыздан тұрыпшығармашылық ұжымдық жұмысын жасаық.
Жұмысымыз: «Достық шеңбері »- деп аталады.
(Тәрбиеші балалармен бірге үстел басына барады.үстел басында үлкен ватмон, түрлі түсті бояулар болады.Тәрбиеші достық шеңберін қалай ашу керек екенін түсіндіреді.Балалар жұмысқа кіріседі.)
Тәрбиеші:- Балалар қараңдаршы, қандай түрлі- түсті үлкен,әдемі жыы шеңбер пайда болды. Үнемі біздің достығымыз үзілмей шексіз бола берсін.
Тәрбиеші:Балалар біз бүгінгі сабағымызда достық бірлікте жайлы әңгімелестік
-Достык бірлікте дегенді қалай түсінеміз?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Балалар қол ұстасып шеңберге түрып барлығымыз бірге жылы лебіздерімізді айтайық.
Балдырған баламыз.
Досты көп табамыз,
Қашанда, қайда да?
Достар бір- біріне
Сенімді боламыз.
Тәрбиеші; Осымен сабағымыз аяқталды. Мен сіздерге өте ризамын.