Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: ?арама - ?арсы м?ндес с?здер»
Тақырыбы: Қарама - қарсы мәндес сөздер Мақсаты: Білімділік. Қарама - қарсы мәндес сөздерді ажырата білуге ықпал жасау. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі: нұсқа түрлі суреттер. Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық.
Мұғалім:
Балалар бүгінгі сабақ барысына дайындығымыз қалай?
Оқушылар- Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену. Еңбек етіп жұмыла, Беске қолды жеткізу.
2. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Мұғалім: -балалар біз өткен сабақта сөз және оның мағынасын өттік. Сөз мағынасына қарай неше түрі болады?
Оқушылар
- Мағынасы жуық сөздер
- Мағынасы қарама-қарсы сөздер
- Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін білесіңдер. Дүние, әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.
Балалар тақтадаға мына екі суретке назар аударыңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар: Екі есік. Біреуі жабық, біреуі ашық.
Мұғалім: Дұрыс. Жабық-ашық сөздері қай мағынада тұр деп ойлайсыңдар? (Осы екі сөз арқылы жаңа тақырыптың атауын табамыз)
Оқушылар: Қарама-қарсы мағынада.
Мұғалім: Ендеше балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Мұғалім: Сабақ барысында әрбір дұрыс жауап үшін балалар өз-өздеріңді бағалайсыңдар. Сабақ соңында жинаған ұпайларыңның ортақ белгісін қоясыңдар.
Бүгінгі жаңа тақырыбымызды «ой ашар» бөлімінен бастайық. Қазір сендер менің қолымдағы қалаған карточкаларыңды таңдап аласыңдар. Онда мақал – мәтелдер.
(мақалды оқып, жатқа айтамыз. Мағынасы қарам-қарсы сөзді табамыз). Осы қарама-қарсы сөздер көбінесе мақал-мәтелдерде, жаңылтпаштарда ұйқастық жағынан қолданылады. 1. Дос басқа қарайды Дұшпан аяққа қарайды.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.
3. Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, жердің асты жақсы.
4. Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алады.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім: Енді дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Көркем жазу минутын орындаймыз.
11-жаттығу. Берілген тапсырманы дауыстап оқыту.
Тақтаға бір оқушы шығады. Жақсы –жаман, жоғары-төмен, оңай-қиын, үлкен-кіші.
Қарсы сөздер, өйткені бұлардың мағынасы бір-біріне қарама-қарсы
Мұғалім: Балалар мына суретке назар аударайық. Сызық бағытымен бір әріпті қалдыра отырып оқып, жаңылтпаш құрастыр. Үтір мен нүктенің орнында бір әріп бар деп есептеңдер. Ортаға келіңіздер.
Шешуі: Ақ тай ақ па,
Қара тай ақ па? Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып
Бойымызды созайық
Белімізді жазайық
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бір шынығып алайық
13- жаттығу. Тапсырманы оқыңыздар. Тиісті мағынасы қарама-қарсы сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді көшіріп жаз. Әркім өз бетімен жұмыс жасайды.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Жаманға шөп батады,
Жақсыға сөз батады.
Көз қорқақ, қол батыр.
Мұғалім: Мен сендерге мәтін ұсынып отырмын. Қарамен жазылған сөздерді мағынасы қарама-қарсы сөздермен алмастыр. Мәтінді жаңа атаумен ата.
Ашық (бұлтты) күн
Жылы (суық) жел бетті өбеді. Ағаш жапырақтары баяу (қатты) сыбдырлайды. Жеңіл (ауыр) бұлттар аспанда қалқиды.
Өлең Керісінше Мен қазір деймін көңілсіз Ал сіздер деңдер...... Егер мен десем ол алыс Қарсы болыңдар......... деп. Егер мен ақ десем, Айқайлаңдар............... деп. Ал егерде бұл басы десем, Айтасыңдар................ деп.
Рефлексия.
Оқушылар ортаға шығып допты бір-бірене беру арқылы қарама-қарсы сөздерді айтады.
Үлкен - кішкентай Түзу - қисық Қосу – азайту Аз - көп Қорқақ – батыр Таза - лас Дос - дұшпан
Алыс - жақын Жас - кәрі Жарық - қараңғы Әдепті - әдепсіз
Бағалау. Оқушылар өздерін бағалайды.
тапсырма. Мақал-мәтелді оқып, жатқа айтамыз. Мағынасы қарама-қарсы сөзді табамыз.