Просмотр содержимого документа
«Тахауи Ахтанов рухы биік жазушы»
Жалпы білім беретін Талдыбұлақ орта мектеп-балабақша кешені
«Оқы да биіктен көрін» библио-жобасы
Өткізген: мектеп кітапханашысы
Утарбаева Гулжанат Гусмановна
2016-2017 оқу жылы
Шараның тақырыбы: «Рухы биік жазушы»
Шараның мақсаты: «Оқы да биіктен көрін» библио-жобасын жүзеге асыру, қазақтың көрнекті жазушысы Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқыту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітапханашы: Армысыздар, ардақты әдебиет сүйер қауым, оқырмандар! Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жариялаған «Оқы да биіктен көрін!» атты кітапханалық жоба аясында Тахауи Ахтановтың шығармашылығына арналған «Рухы биік жазушы» атты әдеби қазба сайысына қош келдіңіздер!
Әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов есімі-елімізге, алыс-жақын, шет жұртқа көптен таныс.
1. Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылық қызметімен таныс болыңыздар
3. Сөз шебері З.Қабдолов: «Тахауи Ахтанов кім ?» десе мен: «Үлкен үшеу: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» дер едім»-деп бағалаған. Кітапарын оқыған болса, авторға қандай ойларын білдіріп, хат жазған екен соны тыңдап көрелік!
4. Кешіміздің кейіпкері Т.Ахтанов туралы ізденеген әдеби қазба жұмыстарын қызықты баяндалған естеліктер, тапқан материалдарымен таныстыру, болашақта кейінгі ұрпақ пайдалану үшін кітапханаға табыс ету.
Жазушымен бетпе-бет кездесіп, жүздескен апаларың Тамара Халелқызы бар екен орталарыңызда сол кісіні шақырып, сөзге тартайық.
5.Авторға сұрақ.
6.Жазушы өмірінен алынған блиц-сайыс.
7.Көрмеге шолу
«Қаһарлы күндер» романы.ҰОСоғысы майдандарында жауынгерлердің көрсеткен ерліктерін сипаттайтын роман. Романда автордың үзеңгілес замандастарының, қатарлас құрдастарының соғыста от пен оқтың ортасындағы тірі тіршілік қоспасыз көрініс тапқан. Романның 4-тарауынан жас лейтенант Ержан Қайсаровты көреміз. Ержан-автордың «бұғанасы қатпай,майданға кірген ,от ішінде есейген өз қатары» болып табылады. Романның 1-бөлімі:соғыс майданына аттанған әскери эшелонның темір жол үстіндегі сапары баяндалса; 2,3-ші бөлімінде; Москва түбінде соғысқа кірген әскер өмірін; 4-бөлімде Москва түбіндегі жау шабуылын тойтару кезеңі бейнелейді. ҰОСоғысының қатал да қымбат шындығы, Москва түбіндегі сын кезеңнің тарихи шындығы, Қазақстандық 8-ші гвардиялық дивизияның майдандағы әскери ерлігі «Қаһарлы күндер» роман арқылы көз алдымызға елестетеміз.
Түйінді:Елімізде бейбіт заман болсын деген жауынгерлер ерліктері от пен оқтың ортасында арапалысып, ақтық демдері қалғанша жауман алысқан жауынгерлен ерліктерін нағыз елін,жерін сүйген патриоттар екені даусыз.
«Боран» романында ауылдас замандастарының күнделікті тіршілігі алынған. Роман оқиғасы небәрі төрт күндік мерзім де өтеді. Романда аудан басшысы – Қасболат 4-күн бойы тілсіз жау –боран барысын бақылауда. Қоспан - ол шопан 4-күн бойы ақ дүлей боранда қалып қояды. Ол қоғам малын аман сақтап қалу жолында 4-күн бойы жанталасады, көрмеген азабы жоқ. Ақ дүлей боран, табиғи жұт-аяз бен қар қысқан аш-арық отар. Қойға шапқан аш қасқырлар. Романдағы Жаңыл-ол Қоспанның аяулы жары, теңін тауып,сүйіп қосылған, қыздай алған Жаңыл өзі бір үйде бір өзі қалып, 4-күнгі боранда 300-тоқтымен бір өзі алысып, жападан жалғыз өткізеді. Екі көзі төрт болып, борандағы Қоспанмен орталыққа кеткен Қаламүштің амандығын тілеумен, аш-көтерем тоқтыларға шөп шашумен біресе уайыммен жабығыр тіршілік белгісімен күн кешкен жайы суреттеледі. Романдағы Қоспан, Жаңыл, Қасболат, Қаламүш тәірізді кейіпкерлердің 4-күн ақ дүлей боран үстіндегі жан азабы мен өмір өткелдерінен өту барысындағы басынан кешкен бірде ащылы, бірде тұщылы тіршіліктері көрініс тапқан.
Түйінді:Қоғам малын өз жеке малындай бағып,табиғаттың ыстық-суығына қатар төзіп, жан-тәндерімен еңбек етіп, еліне пайдамыз тисе деген ,ел-жұртына деген патроиттық сезімін көреміз.
Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы - ҰОСоғысының басталған шағын, 1941жылдың жаз айынан - 1943ж қыркүйек айына дейінгі кезеңді арқау еткен. Романның арқауына алынған оқиғаның бәрі баршасы қазақ қызы, қазақ әйелі Назираның басынан кешкен тағдыры арқылы баяндалады. Романның басты кейіпкері Назира - көзі ашық, орта мектепті бітіре сала тұрмысқа шыққан бойжеткен. Соғыс басталған жылы ол 19-жаста еді. 25-тегі жас офицер, кіші лейтенант Қасымбек Еділбаев демалысқа келгенде, сонымен қол ұстасып кете барған. Назира 7-жасында анасынан айырылып, аяулы әжесі Қамқаның тәрбиесінде болған ерке де есті, мейрімді де сымбатты, аңғал да адал, жақсылыққы құштар, ата-баба тәрбиесі мен өнегесін де тәрбиеленген, ибалы да ұя әйел затының образын көреміз. Соғыстың адам төзгісіз қиямет-қайымын ер жігіттен кем көтермеген қазақ қызы Назираның теңдесі жоқ қайсарлықпен күресуі, сөйтіп аман қалуы, өміршең адамзат ғұмырының шырағын соғыстың ешқашан өшіре алмайтынын, өйткені сол шырақты жағатын, өшірмейтін әйел жынысы екендігін шынайы дәлелдеген Назира образы. Ел басына күн туғанда жауға қарсы шыққан эпостық батыр қыздарымыздың үлгі өнегесі, тағдыр салған тауқыметті қазақ әйелінің төзімімен, қайсарлығымен, сезімталдығымен, ерлігімен игі істерін көреміз.
Авторға сұрақ.
1-сұрақ. Алғаш қолыңызға қалам ұстап өлең жазған күніңіз есіңізде қалды ма?
– Соғыстан 3-4 жыл бұрын Ақтөбе обл. Қарабұтақ деген ауд. 5-сыныпта оқып жүргенмі, интернатта жатамын. Күз айының күңгірт кешінде, күңгірт бөлмеде кітап оқып отыр едім Талшыбықтай сидаң, аққұба дос болмасақта жақсы танимын Қуандық деген бала кіріп келді. Қуандық кірген бойда:
–Не ғып отырсың ?-деді.
-Кітап оқып отырмын.
-Кітабыңды қой. Мен саған қызық көрсетемін. Қойнынан қос қабатты бүктелген дәптерді суырып алды. Бұл менің өзім шығарған өлеңім деді. Өлеңдерін суылдатып оқи жөнелді. Қуандықтың өлеңдері маған жел берді.... «Апырай, мен де жазсам ба екен ?»деп, арқам қоза бастады. Қуандық қоштасарда мені қорқытып кетті:
-Өлең жазған кісі түбінде ақын болып шығуы керек. Ал, босқа әуре болып,ақын бола алмай қалса бар ғой....Онда....онда ол жынданып кетеді,- деді.
Қуандықтың жаңағы сөзі зәремді алды. Ақыры толқып,толқып сол кеште екі өлең жазып шықтым. Балалық аңқаулық болса да бұл менің әдебиетке алған алғаш бөгетім еді. Екінші бөгетім-оңай жазылып кеткен өлеңдердің ізін суытпай біраз өлеңдерді боратып жазып тастадым...бәрі ұйқас болғанмен өлең болмай шықты. Қиналыс, күйзеліс басталды. Сол қиналыстың аяғы, ақыры мені өлеңнен аулақтатып, әдебиеттің басқа саласына алып кетті.
2- сұрақ Жазушының шабыты болады, шабыты келгенде төгіп тастайды деген қызыл сөздің сыры қаншалықты шындық?
– Мен шабыты келгенде төгіп тастайды дегенге сенбеймін. Жазушылық ой мен сезімді қатар толғандыратын ауыр еңбек. Әр еңбек сияқты көңілдің хошы мен ықылас керек. Көбіне ұзақ толғанып, қиналып жазамын. Көп оқып, көп зерттеу керек. Ең дұрыс жолы-көп жұмыс істеу.
3- сұрақ.Стилистік жағынан үлгі тұтатын, үйренетін адамыңыз кім?
– Менің стилистік жағынан үйренетін адамың Алексей Толстой. Оның кітаптарын оқып қана қоймай «Азапты сапарда» атты трилогиясының 2-кітабын аудардым. Өз ойымша осы жазушыны мықты стилист деп танимын.
4- сұрақ. Ұялатын нәрсеңіз?
– Ел аралап жүргенде қойын дәптеріме жұрттың көзінше бір нәрсені түртіп жазуға ұялатынмын. Менің негізгі лабораториям басым мен көңілім - жүрегім. Сол екеуінде екшеліп, сақталғандарды жазамын. Бір жаман ұялатын жерім, жөндеп қойын дәптер тұтынбаймын.
Қасым Аманжолов: «Көңіліңе ауыр алма,Өлең жазып,әлек болма». Жасөспірімдердің жинақтаған әдеби қазбалары.
Жазушы Әзілхан Нұршайыховтың Әскери жазба естелігінен.
1.Тахауиды көргенде үш түрлі сезімде боламын.Онымен бір жолы кездескенде әлде бір асыл тас,алмас қылыштың сынығын көрген сияқтанамын.Оны екінші рет кездестірсем-жауынгерлік қызыл тудың түбінде тұрған солдаттай ,тіп-тік түзу тұра қалғым келеді. Оны енді бір көргенімде менің құлағыма: « Вставай,страна огромная»деп басталатын қасиетті де, қасіретті әннәң төбе құйқаны шымырлатар күшті сарыны келеді.
2.Ә.Нұршайықов: Мен Тахауимен ең алғаш алақандай әскери газеттің бетінде кездестім. Әдеби портрет. 1941ж аяғында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18-19жастағы осы отырған өздерің сияқты өрімдей жас азаматтар қозыдай маңырап келіп Алматыға құйылдық. 100дербес атқыштар бригадасының солдат болып,шинел кидік. Бригадамызда қазақша газет шығып тұрады. Сол газет бетінде 4-жас ақынның өлеңдері жиі шығып тұрды. Т.Ахтановтыңда өлеңдері болатын. Мен сонда алақандай газет бетінде ең алғаш Тахауимен кездестім. Тахауи екеуміз бір майданға қол ұстасып бірге аттанып едік. Енді екінші майданда,әдебиет майданында да бірге келе жатырмыз.
3.Әзілхан Нұршайықов майдандас досы Тахауиға жазған хаты.
-Мен соғыстың тауқіметін,тақсіретін көрген майдангер досым, сенің сау-сәлемет болып,ғажайып халқының ,қан төккен жеңісіңнің рахатын көріп,жан-жарыңның ,жақсы жұрағатының қызығына кенеліп,ұзақ жаса деп тілеймін. Сенің балаларың соғыс көрмесін,Тахауи! Сенің отырған осы оқырмандарың соғыс көрмесін,алғы алыс оқырмандарың соғыс көрмесін. Біз көрген ауыртпашылық, қорлық, қиыншылық, соғыс тауқыметі тек біздің ғана жанымызда, тәнімізде, сүйегімізде қалсын!
Ал, құрметті оқырман, сіздер де, Тахауи екеуміз сияқты ,өз құрбыларыныңбенен қол ұстасып, тату-тәтті дос болып, ел үшін ерінбей еңбек етер азамат болып, алдымен елуге келіңдер, одан соң әрқайсысыңыз әліңізге қарай, сексен, тоқсан, жүзге қарай тарта беріңіздер. Аз жас –абыроймен, көпжас-құрметпен өтсін! Халыққа еткен қызметпен, елге сіңірген еңбекпен өтсін!
Жазған күні: 1973жылы 17декабрь 43жыл болған екен жазылған.
Бір күні көшеде келе жатып Қасым: - Тақауи ,мен саған бір сөз айтайын, өзіме айт пікіріңді дедім. Сенің өлеңдеріңде ой бар, әп-әдемі пікір де бар. Бірақ сөздерің оралымсыз, еркін төгіліп тұрмайды.
–Сонда, Қасеке, өлеңде ой болмау керек пе,-дедім мен, шамасы сасқаным болу керек.
- Ойдың көкесі өлеңде болады бала. Жұрт тамсанып бірден жаттап алатындай болсын!
-Асылы сен өлеңді қойғаның дұрыс. Басқа жанрға ауыс деді.
«Сен ренжіме, көңіліңе ауыр алма»деп мені жұбатқан жоқ Шындықты көзге бақырайтып айтатында ,көтере алмасаң ,адамнан түңіліп кететін.
Қасымның осы сөзінен кейін мен өлең жазып әлек болмадым.
«Ақын мінезі»атты естелік мақаласында.
Тахауи туралы қаншалықты білеміз ?
1.Т.Ахтановтың әдебиетке келген жылдары?
а )соғысқа дейін
*б)соғыстан кейін
2.Жазушының проза саласындағы күрделі еңбегі?
а)Ант
*б)Қаһарлы күндер
3.Жазушының жастық сезім жайынан сыр шертетін пьесасы?
а)Ана даусы
*б)Махаббат мұңы
4. « Қаһарлы күндер» романы қай жылы жарық көрді?
*а)1956
б)1945
5.Т.Ахтановтың соғыс майданындағы да, әдебиет майданындағы да досы кім?
*а) Ә.Нұршайықов
б) Ж.Молдағалиев.
6.Жазушының өзі сұранып майданға аттанған жылы?
а)1944
*б)1941
7. «Боран»романы үшін Қазақст.Мемлек. сыйлығы қай жылы берілді?
*а)1966
б)1960
8. «Шырағың сөнбесін» романының басты кейіпкері кім?
Кітапханашы: Тахауи Ахтанов та қазақ прозасының алыстан көрінер айтулы биік асуларының бірі екеніне дау жоқ. Біз сондай белгілі қаламгеріміздің есімін елеусіз қалдырмай, шығармашылығын жақынырақ тануға, зерттеуге, насихаттауға тиіспіз. Иә, Ахтановтың асуы да – бауыры жаз ,басы қыс, төбесінен түйдек-түйдек көкала бұлттар жөңкілеп көшіп жататын кәдімгі биік көксеңгір. Оны Тахауи Ахтановтың әлеміне үңілуді біз де өзімізге міндет деп білеміз, келер ұрпаққа насихаттау – борышымыз.
Осымен әдеби кеш аяталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Тахауи Ахтановқа арналған «Рухы биік жазушы» атты әдеби қазба сайысы