kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: 1 "А" "Ё ё дыбысы мен әрпі" 3 "А" " Тұрлаусыз мүшелер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочное планирование  для учащихся 1-3 классов с государственным языком обучения.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: 1 "А" "Ё ё дыбысы мен әрпі" 3 "А" " Тұрлаусыз мүшелер"»



«Киев орта мектебі» КММ



Сауат ашу.

Қазақ тілі.



Тақырыбы:

1 «А» - Ё ё дыбысы мен әрпі.

3 «А» - Тұрлаусыз мүшелер





1 «А» - 3 «А» сыныбының оқытушысы: Қарабалина М.Ж.

































2014 – 2015 оқу жылы

Күні:

Сынып: 1 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Баланы Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұсынылған әрбір сөзге дыбыстыұқ талдау жасай білуге үйрету. Дамытушылық: Баланың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күні:

Сынып: 3 «А»

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы білімдерін кеңейту. Сөйлем мүшелерін топтау, ажырата білгізу. Сөйлемнің тұрлаусыз мұшелеріне сұрақ қоя білгізу.

Дамытушылық: Шығармашылық ойлау, талдау, топтау қабілеттерін дамыта түсу. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру. Функционалдық сауаттылықтарын арттыру, өз бетімен білім алу ізденістерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, тиянатылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Топтау, салыстыру, талдау, мағынаны тану.

Көрнекіліктер: Суреттер, слайд.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа дайындық. Балалардың назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру:

Өткен әріпті еске түсіру.

Карточкамен жұмыс.

Өткен тақырыптағы ереже.

1.Бастауыш дегеніміз не?

2.Баяндауыш дегеніміз не? Мысалдар келтіру.

3.Әмір күйші қай жерде сызықша келеді?

4.Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? 5.Тұрлаусы мүшелер дегеніміз не?

Жаңа сабақ: Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қатерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Сергіту сәті.

Ё ё дыбысы және әрпі. «Ойлан, тап» ойыны. Жұмбақ шешу.

Қысы - жазы бүр түсте,

Ол не? – (Шырша)

Шырша сөзін орысша қалай айтамыз? (Ёлка)

Ёлка деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі. Жауабы: Ё дыбысы. Хормен айту.

Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру. Ё дыбысы дауысты дыбыс. Ол екі дыбыстан жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: Монтёр, шахтёр, актёр т.б. Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Ёл – ка сөзі екі буыннан тұрады. 5 дыбыс, 4 әріп.

Өзіндік жұмыс. Карточкамен жұмыс. Семантикалық карта толтыру.

Ереже:

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға: Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда? Т.б. сұрақтар қойылады.

Оқулықпен жұмыс:

72 - жаттығу. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

73 – жаттығу. Мағынаны таны.

Терме диктант. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырат.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс: Жазу жұмысы: Ё әрпін бастырып жазу.

«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.

Шарты: Мен «шахтёр» деймін. Балалар: Шахтёр көмір қазады. «Балық» деймін: Балық суда жүзеді.

«Кім зейінді» ойыны

Мен саған С.Мауленов өлеңін оқып беремін сен зейін қойып тыңда.

Шахтёр өлеңін оқып беру.

Шахтёрлерді ел біледі,

Оған сарай - жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Қопарып ол тау – тасты.

Бала оқитын зәулім үй,

Қалмау үшін суынып,

Көмірден тау үйеді,

Беру үшін жылылық.

Сұрақ: Өлең кім туралы? Өлеңде бүгінгі өткен дыбысымыз бар ма?

Тақтамен жұмыс. «Кел, ойныйық!» Адасқан сөйлем мүшелерін өз орнына қой.

1. Сатып, қызық, Сәуле, алды, кітап, дүкеннен.

2. Алмас, шақырды, театрға, бізді, Досанмен, бірге.

Карточкамен жұмыс.

Тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қой.

Дина кітапты алды. Жазғы демалыста Досан ауылда демалады. Жұлдыздар жарқырайды. Айдар қаладан келді.

Қорытындылау: Біз бүгін қандай әріппен таныстық? Ё дыбысы қандай дыбыс?

Шырша суретін салу.

Қорытындылау: Білімімізді тиянақтайық!

Тұрлаусыз мүшелерді тап!


Үй жұмысы: 75 жаттығу. 80 бет. Әңгіме құрау. 2 – 3 сөйлемді, сөйлем мүшелеріне талда.


Бағалау!




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Тақырыбы: 1 "А" "Ё ё дыбысы мен әрпі" 3 "А" " Тұрлаусыз мүшелер"

Автор: Карабалина Майраш Жумабековна

Дата: 28.12.2016

Номер свидетельства: 374113


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства