Ма?саты:
- Жас ?рпа?ты? бойына ?лы бабамызды? ?мір жолы мен шы?армаларыны? тарихи мазм?ны мен ма?ынасы туралы білімдерін жетілдіру.
- С?з м?дениеті мен с?йлеу м?дениетін, шешендік ?нерге деген ??штарлы?, поэзия с?йлеу м?дениетін, шешендік ?нерге деген ??штарлы?, поэзия?а деген ??марлы?тарын ояту. А?ын ?ле?дерін жат?а айту ар?ылы м?нерлеп о?уды? ?ыр – сырын аша білу.
- ?адыр Мырзалиевті? ?мірімен таныстыру. О?ушыларды? білім алып ?ана ?оймай, хал?ымызды? асыл да, абыройлы ?асиеттерін, ??ндылы?тарын бойына сі?іру.
?ажетті к?рнекіліктер:?адыр Мырзалиевті? портреті,слайд, ?ле?дері, ??дері,
Барысы:
( Жай ?уен ойнап т?рады)
«Жо? ?лмеймін» ?ле?і о?ылады.
И?, ол ?зі ?лсе де есімі еш?ашан жазушылар тізімінен шы?пайтын а?ын!
И?, ол ?зі ?лсе де оны? лента?а жазыл?ан даусы талай ?аза?ты? ж?регіне жетіп ?лгерді!
И?, ол ?зі ?лсе біз бен сіз сия?ты с?з силайтын хал?ы аман т?р?ан да оны? мол м?расы ?шпек, ?лмек емес!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «?ле? с?зді? зергері-?адыр а?ын » »
Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын »
Мақсаты: - Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармаларының тарихи мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру. - Сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзия сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзияға деген құмарлықтарын ояту. Ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу. - Қадыр Мырзалиевтің өмірімен таныстыру. Оқушылардың білім алып қана қоймай, халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңіру. Қажетті көрнекіліктер:Қадыр Мырзалиевтің портреті,слайд, өлеңдері, әңдері,
Барысы:
( Жай әуен ойнап тұрады)
«Жоқ өлмеймін» өлеңі оқылады.
Иә, ол өзі өлсе де есімі ешқашан жазушылар тізімінен шықпайтын ақын!
Иә, ол өзі өлсе де оның лентаға жазылған даусы талай қазақтың жүрегіне жетіп үлгерді!
Иә, ол өзі өлсе біз бен сіз сияқты сөз силайтын халқы аман тұрған да оның мол мұрасы өшпек, өлмек емес!
Себебі ол Қазақтың Қадірі. Бүгін біз сіздермен Қадыр Мырза Әлиге арналған «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын » тақырыбы аясында өткізіліп отырған сыныптан тыс тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
Қадыр ақынды тану – қазақты тану. Өз халқыңды сүю өзгені мансұқтау емес, өз ұлтыңды ұлықтау. Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Ендеше оқушылар бүгін біз сіөздердің Қадыр ақынымыздың қаншалықты қадірлеп, оның өлең жырларын қаншалықты оқып жүргендеріңізді тексеру үшін бүгін сіздерді үш топқа бөліп сайыс сабағымызды бастаймыз.
Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
I. «Таныстыру»
II. «Зымыран сұрақтар»
III. «Жадыңда жүрсін жатталып»
IV. «Поэзия минуты.»
Олай болса 1- турымыз таныстыру
Екінші турымыз: Зымыран сұрақтар. (Сайыскерлеріміз ақынның өмірі мен шығармашылғынан сұрақтарға жауап береді.)
Қадыр Мырза Әлидің туған жері? (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Жымпиты ауданы)
1953-1958 жылдары қайда оқыған? (ҚАЗМУ-дың филология факультетін бітірген )
Еңбек жолын қай журналдан бастады? (Балдыпған журналы)
1980 жылы қандай жыр кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды? (Жерұйық)
1959 жылы шыққан тұңғыш туындысы? (Көктем)
Бір томдық ән мәтіндері қалай аталады? (Күндер-ай)
Қанша жыр жинақтары мен әдеби-сын ән өлеңдері, прозалық кітаптары бар? (40-тан астам)
Бір томдық прозалық шығармалар қалай аталады? («Жазмыш», «Ғибратнама»)
2001 жылы қандай сыйлыққа ие болды? (Тәуелсіз «тарлан» сыйлығы)
Қадыр ақынның поэзиясы сан қырлы. Ол Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілікті қамтиды.
Қадыр Мырза Әли – ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі, туралы жазған өлеңдері өте көп. Қадыр Мырза Әли – ұлтын шексіз сүйген ақын, оның ұлтына, қазағына деген мақтан сезімін «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» деген өлеңінен көруге болады. Ақын поэзиясы қазақ халқы өмірінің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге де болады. Академик Серік Қирабаев: «Қадыр Мырза Әли ұлт тарихын, мінез-құлқын, ойлы көзбен өлшеп суреттейді. Онда терең идеялық мағына бар», – деп ақынның өзіндік бет-бейнесін, шығармашылық келбетін дәл айқындап берді. Қадыр ақын көркемдік дәрежесі биік, тілі нәрлі, ғибраты мол, идеялық мазмұны терең шығармаларымен қазақ сөз өнеріне зор үлес қосқан ірі суреткер, көркем сөздің шебері.
Қорытынды. Сайыскерлерді марапаттау.
Осымен бүгінгі өткізіліп отырған Қадыр Мырза Әлиге арналған «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын »атты сайыс түріндегі сыныптан тыс тәрбие сағатымыз аяқталды.Сайыскерлерді жеңістерімен құттықтаймыз.