Просмотр содержимого документа
«Та?дырды ула?ан т?тін»
Сабақтың тақырыбы: Тағдырды улаған түтін
Сабақтың мақсаты: Темекінің адам ағзасына зиянды екенін және олардың әр түрлі ауруларға алып келетіндігі жайлы терең мағлумат беру
Тәрбиелігі: Зиянды заттардан аулақ болуға, денсаулығын қалыптастыруға тәрбиелеуЕліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 –бағытта жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар: 1 – бағыт. «Темекі шегуді тоқтату» 2 – бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес» 3 – бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»
Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулығының түбіне жеткен (Халық даналығы) 1980 жылы Біріккен Ұлттар ұйымы 7 сәуір “Темекіні тастау күні” етіп белгіленді. Сол кезден бастап, осы күн темекіні тастауға үндеу күні болып өмірге енді. 1492 жылы Христофор Колумб Үнді еліне барады. Ол жердің тұрғындары алыстан келген қонаққа бір өсімдіктің жапырағын тарту етеді. Осы өсімдіктің жапырағын ширатып беріп, оны тұтатуды өтінеді. Ол өсімдіктің аты «Петум» екен. Петум деген сөздің мағынасы табак деген ұғымды білдіреді. Америка Үндістері темекі шегуді діни әдет ғұрппен байланыстырады. Христофор Колумб Испанияға темекі қорын алып келіпті. 1493 жылы Европа бойынша бірінші рет Испанияда темекі егіліпті. XVΙ ғасырда темекі Францияға таралған. Франциядағы Португалия елшісі Жан Нико өсімдік өсіруге құмарлығының арқасында темекі өсірген. Жан Никоның құрметіне темекінің құрамындағы затты «Никотин» деп атаған. (слайд,суреттер) Франция королевасы Екатерина Медичи бас сақинасымен ауыратын болған. Жан Нико оған темекінің жапырағын ширатып иіскеуді ұсынған.Темекінің иісі королеваның бас ауыруына ем болған екен.(слайд, суреттер) Темекінің адамға зиянын бірінші рет Англияда байқаған. 1585 жылы осы елде темекі тартқан адамға қатаң жаза шығарылған. (темекінің келіп шығуы жайлы қысқаша ақпарат бердім) кезекті Бисенғалиева Толғанайға беремін ол өзінің темекі жайлы дайындап келген баяндамасы бар Баяндама « Темекінің зияны» Жүргізуші:
Денсаулық ол-шыныққан Барлық денең мүшесі, Денсаулық ол-тыныққан Жүйке тамыр
Жүргізуші: Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста, арақ пен шылымды Келесі кезек денсаулық жайлы мақал мәтелдерге: барлық оқушылар айтады. Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңге Болашақты болжайтын Дені таза, тәні таза Елін, жерін қорғайтын
Мұғалім: Темекінің құрамындағы улы заттар Толуол-аса улы. Ол бояғанда сырдың қалыңдығын азайту үшін бояуларға жиі қосылады. Фенол-Зертханаларды тазалау кезінде дезинфекциялық зат ретінде қолданылатын химикат. Бутан-жанғыш зат, түрлі жанғыш заттардың басты компоненті. Кадмий-Өкпені, бүйректі және миды зақымдайды. Ағзада көп жылдар бойы сақталады. Аммоний- аммонийдің темекінің сіңуіне көмектесіп, оның әсерінен темекіге иқатты құнығу пайда болады. Бензин-оны кез келген жанар-жағар май орталықтарынан құйып алуға болады. Пропилен гликолі-темекі өнеркәсібі оны темекі құрғақ болмас үшін қолданамыз дейді. Бензоапирен-сіз оны көмір шайыры мен темекі түтінінде табысасыз. Ол ісік ауруының дамуына әкелетін өте күшті химикаттардың бірі болып табылады Мышьяк-осы қатерлі әсерінен сіздің еріндеріңіз күйіп, аузыңыздан жағымсыз иіс келеді. Ацетон-тырнақ бояуын өшіретін химикаттардың негізгі құрамасы болып келеді. Қорғасын –қорғасынмен улану салдарынан темекі шегушінің лоқсығысы келеді, ми жасушалары зақымдалады және өсуі тежеледі. Формальдегид- сонымен қатар қайтыс болған адамдардың денесін сақтау үшін жасалатын бальзамдауда қолданылатын химикат болып табылады Еліміздегі 12 мен 14 жас аралығындағы балалардың 10% , 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 21% , 18-19 жастағы жастардың 32% , 20-29 жастағы адамдардың 39% , шылым шегуге әуестенген. Ал, 29 бен 59 жас аралығындағы еңбекке жарамды, қалалық жерлерде тұратын ер адамдардың 62% және ауылдық жерлерде тұратындардың 65% көк түтінді серік еткен. (слайд) Темекі шегу арқылы шылымқор никотинге тәуелді жағдайға душар болады.Темекіге тәуелділік түрі психика мен мінез-құлықтың бұзылуы санатындағы халқаралық аурулар жіктемесіне енгізілген Ресми мәліметтер бойынша, 15,7 млннан астам халқы бар Қазақстанда жыл сайын 25 мың адам шылымқорлық салдарынан туындаған аурулардан көз жұмады екен.
Қазақстандағы темекі тауқыметі Қазақстан халқының 27% темекі тартады4 миллионның 600 мыңнан астамы қыз-келіншек, 120 мыңы 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер.Отандастарымыздың басым бөлігі 20-ға толмай жатып, шылымның “дәмін” татады екен. Сорақысы сол, елімізде жылыны -25 мың, күн сайын 70 пенде темекінің кесірінен туындаған дерттерден көз жұматын көрінеді.Қазақстандағы ерлердің 45%, ал әйелдердің 8% темекіге әуес.Қазақстандықтар жыл сайын 400 миллион доллардың темекісін шегеді екен.Біздің еліміз темекі тарту жөнінен әлемде 13-ші орында тұр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы темекі шегушілердің есебінен 2020 жылы онкологиялық дерттер әлем елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да өседі деген пікірде.
Ас қорыту жүйесіне зияны: дәмге деген тәбетті қашырады,ерін, тіл және өңеште қатерлі ісік (рак)ауруына жол ашады, асқазанда жара пайда болады.Тамақ бойға дұрыс сіңбейді, асқорытуды нашарлатады Тыныс алу жүйесіне зияны: өкпе мен көмекейді қатерлі ісік ауруына ұшыратады. Мұрын,ауыз, тыныс алу жолдары қабынады. Жөтел және қақырық пайда болады, тыныс алу жолдары созылмалы ауруға ұшырайды Қан айналым жүйесіне зияны: Тамырды қатайтады(атеросклероз) қан қысымын көтереді. Қол-аяқтың қан тамырлары бітеледі, гангрена(тән тканьдерінің жансыздануы, шіруі) пайда болады. Ми қамтитын тамырларды қатайтып, клеткалары өледі(орнына келмейді). Сол себепті адамның есте сақтау қабілеті азаяды. Осындай сырқаттардың салдарынан адам жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне шалдығады Көңіл-күйге, сана-сезімге, жас мөлшеріне және өзге де зияндары: Есте сақтау қабілеті төмендейді, ұйқыны бұзады, теріге көп әжім түседі, көңілсіздікке душар етеді, тез қартайа ды, белсіздікке алып келеді. Өрттің шығуына себепші болады, айналасында жүретіндердің өмірі 5 жылғы қысқарады. Темекі тартпаса мазасыздана бастайды, өмірі 10-15 жылға қысқарады. Өмірін қысқартып қана қоймай, өмірін азаппен аурумен өткізеді, бет әлпеті түсі қоңырайып кетеді Темекіден туындайтын аурулар 1. Арқа және бел ауруы 2. Жатырдағы қатерлі ісік (рак)ауруы 3. Төстегі қатерлі ісік ауруы 4. Балалардың тыныс алу жүйесіндегі ауруы 5. Диабет 6.Дәріге қарсы иммунитет 7. Асқазандағы қатерлі ісік ауруы 8. Жүрек ауру 9. Бедеулік 10. Гангрена 11. Бауырдың қабынуы 12. Кеңірдектегі қатерлі ісік ауруы 13. Ерте босану және баланың салмағының аз болуы
14. Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы(рак) 15. Климакс(әйелдерде уақтынан бұрын климакс басталуы.Сүйектердің ерте жұқаруы, әлсіреуі) 16. Ерте қартаю(қанның терідегі айналымын нашарлатады,бетті әжім басады) 17. Жаралардың пайда болуы 18. Тістің түсулері 19.Өкпе аурулары(астма,өкпе рагы) 20.Көздің көруі нашарлайды(соқырлық) 22. Псориаз (теріде алабажақ дақтар пайда болады) Әйелдердің жүктілік кезінде шылым шегуі оның балаларында және немерелерінде генетикалық ауытқушылық қа жол ашуы мүмкін. Сондай-ақ, қалаларда туу жасындағы әйел адамдардың 8%, ауылда тұратындардың 7%, темекі тартуға машықтанған.(суреттер,слайд ана мен бала)
Темекі тастаудың тәсілдері: Өзіне-өзі шарт қою арқылы 1. Жұмыс уақытында,көшеде темекі тартпаймын 2. Ұйықтар алдында қолыма темекі ұстамаймын 3. Түн ортасында тұрып темекі тартпаймын 4. Таңертең ашқарынға темекі тартпаймын 5.Автокөлік жүргізіп келе жатқанда шылым шекпеймін Темекіні тастаған адамның артықшылығы 1. Темекі тартпау-салауатты өмір салтының нышаны. Сіздің ағзаңыздың түрлі сырқаттардан қоғану қасиеті күшті 2. Темекіге кететін қаржы үнемделеді.Ол басқа пайдалы мақсатқа жұмсалады. 3. Темекі тартпайтын адам қоршаған ортасын, айналасын ластап уламайды. 4. Темекі тертпайтын адам қашанда әдемі, мәдениетті көрінеді. Денедегі темекінің сасық иісінен арылады. Темекіге қарсы күрес Денсаулыққа зор кесел Үйрете көрме ауызды, Насыбай мен шылымға (Омар Шораяқ) Сарапшылардың пікірінше, бір қорап темекінің бағасын 10% жоғарылату дамыған елдердегі шылым шекпейтіндердің санын 4% , дамушы елдерде 8% азайтады. Оқушылар біздер жоғарыда көрсетілгеніндей зиянды заттардың біздің денсаулықтарымызға кері әсерінің бар екенін білдік. Сондықтан біздер үнемі спортпенен шұғылдануымыз керек және жаман әдеттен аулақ болуларымыз керек сондағана салауатты өмір салтын қалыптастыра аламыз, дей келе мына өлең шумақтарымен бүгінгі тыс шараны аяқтағым келіп отыр
Темекі Тез баурайтын көріктіде емессің, Күштілерді әлсіретіп жеңесің Досым маған сені мақтап бастаса, Қарсы тұрып досыммен де егестім. Қанды бойлап, саналарды улайды, Адамзаттың бар байлығы қурайды. Сенен ғана шығатын көк түтіннен, Дені мықты, ақылды жан тумайды Қара көзді қыздарды да баураған, Сенің жақсы қасиетің қалмаған Аузынан құрбылардың көргенде, Мені мазақ еткендейсің, арланам! Біреулерге сырласындай жақынсың, Мәселені шешуге де батырсың Сені өмірге алып келген сол кәпір, Қазағымның аяғына бас ұрсын! Шылым шегіп шүйіретін мұрынын, Аяймын тек адамзаттың қыз-ұлын. Қас қағым боп өтетұғын онсыз да, Уайымдадым қысқартатын ғұмырын! Керім Ақын
Темекіге жоқ
Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы