kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?ат бізді? досымыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балалар?а таби?ат туралы т?сінік беру. Тілдерін дамыту, с?здік ?орларын молайту. Таби?ат ар?ылы адамгершілікке т?рбиелеу. Ту?ан таби?ат?а деген с?йіспеншілігін арттыру, оны? ?семдігін тере? сезінуге баулу. Таби?ат?а ?ам?ор болу?а ?сімдіктер мен жануарларды аялау?а ?йрету.

Міндеттері: Таби?атты аялау?а ?йрету;

Таби?ат?а деген аялы ?арым-?атынастарын дамыту;

Таби?атты с?юге т?рбиелеу.

?діс – т?сілдері: К?рсету, т?сіндіру, ??гімелеу, ойын ?ткізу, с?ра? – жауап.

?олданылатын к?рнекі ??ралдар: А?аштар, г?лдер, суреттер, кейіпкер орманшы, ?рт?рлі ?ыстыр?ыштар.

Билингвальды ??рауыш: А?аштар – деревья, г?лдер – цветы, ?сімдік – растения, таби?ат – природа, к?белек – бабочка.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?ат бізді? досымыз»

Менің жасыл достарым.

Мақсаты: Табиғат пен адамдар арасындағы байланысты түсіндіру.

Міндеттері: Сұрақтар қою арқылы балалардың сөздік қорын, тілін, танымын табиғатқа деген қызығушылығын дамыту.

Қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Ағаштардың, гүлдердің суреттері, бөлме гүлдері, өсімдіктер муляждары.

Билингвальды құрауыш: Ағаштар – деревья, гүлдер – цветы, өсімдік – растения, табиғат – природа.


Оқу іс- әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші балаша.

Сәлем бердім, алтын күн!

Сәлем бердім, көк аспан!

Сәлем бердім, достарға!


-Балалар педагогтің айтқанын орындайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Әңгімелеу

Балалар, біз сендермен қайда тұрамыз? Табиғат деген үлкен патшалыққа тұрады екенбіз. Біз айналадан нелерді көріп тұрмыз?


Демек, біздің қоршаған орта «Табиғат» - деп аталады екен. Бізде, осы табиғаттың бір бөлігі болып табыламыз. Балалар, қыс мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі келеді?

Көктемнің келгенін біз қалай білеміз?


-Дұрыс айтасыңдар.

- Балалар сендердің достарың бар ма? Сендер оларды жақсы көріп, қамқор болдыңдар ма?

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар, табиғат патшалығындағы жасыл достарымызға, өсімдіктерге, ағаштарға, гүлдерге де біздің қамқорлығымыз, күтіміміз керек екен.

Неліктен, оларды біз «Жасыл достарымыз» дейміз? Өйткені, өсімдіктердің, ағаштардың, гүлдердің адамдарға пайдасы өте көп екен.

-Қане, қандай пайдаларын білесіңдер?






Дидактикалық ойын: «Жақсылық-жамандық»

-Ағаштарды отырғызу.

-Орманды өртеу.

-Құстарға жем шашу.

-Суды ластау.

-Балалар, кім табиғат туралы тақпақ, мақал біледі?














Сергіту сәті:

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкен алманы

Анамызға сыйлайық.

-Ал, қазір балалар, біз сендермен «Жасыл достарымыздың» гүл отырғызуды үйренеміз.





-Күнді, өзендерді, жануарларды, тауларды, ормандарды, ағаштарды, гүлдерді.


-Көктем.

Айналаның барлығы оянып, қызыл, сары, жасыл түске боянады екен.

-Балалар, сұрақтарға жауап береді.









-Жазда көлеңке болады, ауаны тазартады, көптеген шөптерді дәрілік ем ретінде пайдаланады.





-Жақсылық.

-Жамандық.

-Жақсылық.

-Жамандық.

-Айдана:

Табиғатты сүйемін,

Көркіңе бас иемін.

-Аманай:

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ.

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

-Жанерке:

Бір тал кессең,

Он тал ек.

-Нұрай:

Гүлдер, гүлдер көктейсің,

Ақ қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпейсің.


-Балалар қимыл әрекет арқылы көрсетеді.



-Балалар, қуана гүл отырғыза бастайды.

Рефлексиялық -

түзетушілік

-Балалар, оқу іс-әрекетімізді қорытындыламас бұрын сөздік жұмыс жүргізейік.

-Бүгін біз не жайлы әңгімеледік?

-Табиғат дегеніміз не?

- Менің «Жасыл достарым» - деп нені айтамыз?

Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Ағаш-деревья, гүлдер- цветы, өсімдік – растения, табиғат – природа.

-Табиғат жайлы.


-Балалар жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды:

Түсінеді:

Қолданады:

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Матахбаева С. Қ.





«Табиғат біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға табиғат туралы түсінік беру. Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оның әсемдігін терең сезінуге баулу. Табиғатқа қамқор болуға өсімдіктер мен жануарларды аялауға үйрету.

Міндеттері: Табиғатты аялауға үйрету;

Табиғатқа деген аялы қарым-қатынастарын дамыту;

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын өткізу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Ағаштар, гүлдер, суреттер, кейіпкер орманшы, әртүрлі қыстырғыштар.

Билингвальды құрауыш: Ағаштар – деревья, гүлдер – цветы, өсімдік – растения, табиғат – природа, көбелек – бабочка.

Оқу іс- әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Жарқырап күн ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Біз нәзік қыздармыз!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін!

Ұл қолында ту жүрсін!

Қайырлы күн балалар!



-Балалар, шаттық шеңберге тұрып, педагогтің айтқанын қайталайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Педагог балаларға табиғат туралы әңгімелеп береді.

Табиғат дегеніміз – ол бізді қоршаған әлем. Оған айналамыздағы заттардың барлығы жатады. Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз. Табиғат аясында демаламыз, сүйеміз. Оны қорғаймыз. Табиғатты аялаймыз, одан біз көп қуаныш аламыз. Табиғат біздің досымыз!


-Балалар, топта ең әдемі, жайлы қай жер?

- Табиғат бұрышындағы жәндіктерді тамашалау сендерге ұнай ма? Неге?

Педагог гүлдерін суғарып, балалардың өсімдіктерге деген сүйіспеншіліктерін арттырады.

-Балалар, сендер су ішкілерің келе ме?

Гүлдерге де солай су құймасаң, шөлдеп, қурап қалады. Біз қазір гүлдерге су құяйық.

Гүл өссе – жердің көркі,

Қыз өссе – елдің көркі.

-Балалар, табиғат дегеніміз не?


-Дұрыс айтасыңдар! Бұлардың бәрі «Табиғат» бөлшектері. Табиғат қандай әсем, сұлу болса, біз де сондай әсем, сұлумыз.

(Есік қағылады, кейіпкер көбелек кіреді)

Көбелек: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге хат алып келдім.

Тәрбиеші: Ол жеделхат кімнен екен? Балалар, оқып көрейікші.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көктем мезгілі келді. Көбелек бізге хабарын ұяларың бұзылып жатыр деп жеткізді. Біз өзіміз жөндей алмаймыз, жолдан шаршап келеміз. Сендерден сұрайтынымыз, біз тұрақтайтын ұяны жөндеп беріңдерші, ұямызды қатты жел сындырып кетті,- дейді.

Тәрбиеші: Балалар, құстарға көмектесейік.

Дидактикалық ойын: «Құстарға ұя жасап берейік»

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, жылы жақтан бірінші құсымыз да келді.

Құстарға жақсы тақпағымызды айтып берейік:






-Балалар, жарайсыңдар! Құстар туралы тақпақ та біледі екенсіңдер.


Сергіту сәті:

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Қарлығаш болып ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп,

Тоқылдақ болып шоқиық.







-Балалар, педагогтың айтқанын тыңдайды.







-Балалар жауап береді.

-Табиғат бұрышына жақындайды.




-Ия.


-Седа су құйғышты алып, гүлдерге су құяды.


-Балалар: Табиғат дегеніміз- ол ағаш та, гүл де, өзен, көл де, тау мен тас та.






- Хат құстардан екен:











Зара:

Әлемге мәлім елімнің,

Тоқылдақ толы орманы.

Ажарын ашып жерімнің,

Тәрбиелеп тұрса болғаны.

Нұрай:

Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан, томарға,

Секең – секең ауысқан.




-Балалар қимыл әрекет арқылы көрсетеді

Рефлексиялық -

түзетушілік

-Балалар, бүгін біз тобымыздағы ең әдемі, көп өсімдіктер, аквариумдағы балықтар, тордағы құстар тұратын орын табиғат бұрышы деп аталады. Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз. Табиғат аясында демаламыз, сүйеміз. Табиғатты аялаймыз, одан біз көп қуаныш аламыз.

Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

.- Балалар үстел басына барып, қалауларынша табиғаттың суретін салады.



Менің сүйікті гүлдерім

Мақсаты: Табиғат құбылысындағы мезгілдік өзгерістерді бақылай білуге үйрету.

Міндеттері: Көктем гүлдерімен таныстыру

Гүлдерді күтіп баптап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Үнтаспа, әртүрлі гүлдер, слайд материалдар.

Билингвальды құрауыш: Менің сүйікті гүлдерім – мои любимые цветы.


Оқу іс- әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбер

Кел балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік.


-Балалар педагогтің айтқанын орындайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Әңгімелеу

Тақтаға көктем мезгілінің және гүлдердің суреттерін көрсете отырып, балалармен әңгімелеседі.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Балалар, сендер көктемнің алғашқы гүлдерін білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыңдар!

Таңғажайып сәт:

(Музыка қойылады, сол кезде бәйшешек келеді)

-Мен көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешекпін. Менің достарым жоқ. Сендер менімен дос боласыңдар ма?

Педагог: Онда бізбен бірге болып балалардың өнерін тамашала.












Бәйшешек: Жарайсыңдар, балалар! Сендер, менімен гүлдер саябағына саяхатқа шыққыларың келе ме?



-Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, нені көріп тұрсыңдар?

- Балалар, біз қайда келдік?

-Дұрыс айтасыңдар! Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

- Балалар біз қазір «Гүл силау» ойынын ойнаймыз.

Педагог: Айдана сенің жүрекшеңде ненің суреті бар?

-Түсі қандай?

-Иістері қандай?

-Сенің досыңа қандай гүл ұнайды?


Педагог: Балалар, енді қайтып орнымызға келіп отырайық.

Балалар қонағымызды шығарып салайық сау болыңыз.

Ендеше, біз гүлдер түрлерін слайд арқылы тамашалайық.


Сергіту сәті: Балалар, бір сәт біз де гүл болып, жайқалып тербелейікші.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Өсе берші нұрланып,

Өсе берші ырғалып.

«Шығармашылық орталық»

Балалар, біз екі топқа бөлініп отырамыз, тақтаға қарайықшы бізге ненің суреті берілген.





-Көктем.

-Ия, бәйшешек.









Балалар мақал –мәтел, тақпақтарын айтады.

Седа:

Қыз өссе, елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.

Нұрай:

Әр атаның өз ұлы бар,

Әр бұтаның өз гүлі бар,

Әр гүлдің иісі басқа,

Әр жердің жынысы басқа.

Аманай:

Бір гүл толып ашылады,

Бір гүл солып ашылады.

Зеда:

Гүл сабағымен қадірлі,

Ас табағымен қадірлі.


«Гүлдер биі»

-Балалардың жауабы.


-Гүлдер саябағына келдік.



-Балалар екі қатарға бөлініп тұрады. 1-ші қатар жердегі жатқан жүрекшені аламыз.

- Балалардың жауабы.

- Аппақ.

- Жұпар иісті.

- Ақ райхан гүлі ұнайды.
















-Балалардың жауабы.

Рефлексиялық -

түзетушілік

Жарайсыңдар! Бізге қиынды қағаздар берілген? Сол қағаздардан бәйшешек гүлін жасайық. Бірінші түрлі-түсті жасыл қағазынан шөп жапсырамыз, екінші сабағын жапсырамыз, үшінші үшбұрышты ақ қағазды бүктеп гүлін жапсырамыз.

Балалар, біз бүгін не жайлы сөйлестік? Қандай гүлдермен таныстық? Гүлдер не үшін қажет?

- Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

-Балалардың жауабы.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды:

Түсінеді:

Қолданады:

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Матахбаева С. Қ.




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Таби?ат бізді? досымыз

Автор: Матахбаева Сауле Касымхановна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322865


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства