kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Таби?ат тылсым д?ние"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я люблю свою работу. Я преподаю по истрия Казахстан, основы права, самопознания, обществознания. Я использую в уроках слайды, презентация, схемы, карточки, тесты, музыки и.т. Ученикам тоже пнравятся. Я  горжусь своим ученикам. У нас в колледже учится только мальчики.они знает свою историю.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Таби?ат тылсым д?ние"»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Колледж: Батыс Қазақстан индустриалды колледжі

Тақырып: «Табиғат – тылсым дүние »

Құндылық : Қиянат жасамау

Қасиеттер : Бірде - бір тірі жанға қиянат жасамау, адам құқығын сақтау, жақсы азамат болу

Мұғалiм: Муханбеткалиева Жұлдыз Махамбетқызы

Топ: 12К

Оқушылар саны: 15


Сабақ мақсаты:  

Қоршаған ортаға байланысты қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
- жалпы тіршілікке, адам баласына қиянат жасамау қажеттігін түсіндіру
- балалардың табиғатқа аялы қарым – қатынастары дамыту;
- қоршаған ортаны қорғауға, жақсы азамат болуға тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар, проектор

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу 
5 «Т» ұстанымын еске түсіру. 
1. Тәртіп 
2. Талап 
3. Тыныштық 
4. Тазалық 
5. Татулық 

  1. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қараңғы түнде тау қалғып» Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді. 31-32 сабақ, 134 бет.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым жырт дел сал ғып

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол - дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен - дағы

Сабыр қылсаң азырақ.


Сұрақтары:

  1. Ақын табиғатты қалай суреттеген?

  2. Табиғатты қамқорлау кімнің міндеті?

  3. Өздерің тұрып жатқан жердегі табиғаттың сұлулығын сипаттап беріңізші.

Сабақ барысын талқылау:




  1. Дәйек сөз.


« Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.»

Махатма Ганди

1. «Қиянат жасамау» дегенді қалай түсінесіздер?

2. «Жанашыр адам» қандай болуы керек?

3 «Шексіз жанашырлықты» қалай сипаттаймыз?




  1. Әңгiмелеу . Мұғалім сыйы.

Махатма Гандидің өмірінен шабыттандыратын мысал келтіру:
Үндістанның ұлы перзенті - Махатма Ганди.
Мохандас Карамчанд Ганди (Махатма - туған халқы құдайдай көріп, құрметтеп қойған ұлы есімі) - үнді халқының оның көзі тірі кезінде - ақ аты аңызға айналған көсемі.
Сөзі мен ісінің арасында алшақтық болып көрмеген Махатма Гандидің өмір жолы бұрын - соңды адамзат баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі - өнеге! Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізуге шындап бел буады.
Махатма Ганди бүкіл Үндістанды жаяу аралап, будда, христиан, мұсылман дін орындарында болып, ешкімді ұлтына, дініне, әдет - ғұрпына алаламай ортақ күреске шақырады.. Бұған ол тек қана өзін - өзі тазарту жолымен жете алды. Сондықтан өз өміріне одан әрі де өзгерістер енгізе бастады. Денесін жетілдіру әрі тәртіптеу үшін тежеле білуді және талғамын көндіктіруді үйренді.
Ата - бабасынан келе жатқан үйіндегі барлық асыл заттарды банкіге өткізіп, оның өсімін жетім - жесірлерге жұмсап отырды. Адам миы жете бермейтін қадамдарға бару - М. Ганди үшін үйреншікті әдет болды.


Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар:
1. Осы әңгімеден не түйдіңіздер?
2. Осы әңгімедегі Махатма Гандидің бойынан қандай құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді байқай алдыңыздар?
3. Адам өзіне қатысты қандай қиянат жасамауы керек?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

3 топқа түс арқылы бөлу
«Қиянат пен аманат» бейнежазбасы

І топ. Оқиғаға байланысты ассоциация құру
II топ. «Қиянат жасамау» ұғымына өлең шығару

Қиянат жасамайы ..............................,
Қиянат жасамайық .............................
Қиянат жасамайық ................................,
Қиянат жасамайық ...........................!


III топ. «Қоршаған ортаны қорғау» туралы жоба


  1. Топпен ән айту.

«Жақсы адамдар»

Әні мен сөзі: А. Оралов




  1. Үй тапсырмасы.

32 сабақ, 138 бет. «Құм таудың жұмбақтары» П.И.Мариковскийдің еңбегінен үзінді. (талдау жасап, сұрақтар дайындау)


9.Соңғы тыныштық сәтi. (1 мин)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсылық ойла, жақсылыққа қара, жақсылықты есті, жақсылықты оят, жақсылық істейік! Бақытқа бастар жол осы. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.










Жасамайық қиянат
                       


Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін  естен шығармайық, білейік.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Таби?ат тылсым д?ние"

Автор: Муханбеткалиева Жулдуз Махамбетовна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280315


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства