kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Балалардың есірткі заттардан қорғану құқығы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағатының тақырыбы: "Балалардың есірткі заттардан қорғану құқығы"»

Сабақтың тақырыбы: Балалардың есірткі заттардан қорғану құқығы.

Сабақтың мақсаты: Нашақорлық - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам

өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу,саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Есірткі заттарымен танысады, зияндылығын түсінеді, спортпен шұғылданады.

Көрнекілігі: ХХІ ғасыр - есірткісіз ғасыр, «Есірткіге жол жоқ!» және слайдтан суреттер.

Кіріспе сөз

Қазіргі уақытта нашақорлық проблемасы жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдер үкіметтерінің алаңдаушылығын арттырып отыр. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс. Өйткені жасөспірімдер, жастар нашақорлығы анағұрлым қауіпті және кейіннен оның өлімге әкелетін зардаптары бар. Жасөспірімдер мен жастардың есірткіге тәуелділігі көбіне нашақор ата-аналарына керек емес мүгедек балалардың дүниеге келуіне, сондай-ақ дәл осы жастар арасындағы өлімнің жоғары болуына әкеп соғады. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.

Слайдтан көрсетілген суреттер арқылы түсіндіру жүргізіледі.

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге мектебіміздегі 1-ші желтоқсан күні өтетін «Есірткіге жол жоқ!» атты акция аясында және 19 қараша бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты мектебімізде 20 қарашадан 30 қараша күндері аралығында 10 күндік жариянанып отыр Осыған орай 3 «Б» –сынып оқушыларының «Балалардың есірткі заттардан қорғану құқығы» тақырыбында кіріктірілген үлгідегі ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге мектебіміздің психолог маманы, директордың оқу ісі орынбасары, директордың тәрбие ісі орынбасары және дәрігер маманы қатысып отыр.
2-жүргізуші:

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір - өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты - жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі заттардан қорғану. «Денсаулық-зор байлық» «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»
Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
1- жүргізуші
«Нашақорлық - ғасыр дерті» атты баяндама
Аружан:

Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын,тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.
Аяулым:

Есірткі - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т. б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез - келген түкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, морфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады.
Сүндет:

Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.Есірткі –

химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

Ұлтөре:

Есірткі түрлерінің әрқайсысының әсері әр түрлі. Ацетон және желім секілді түрлі еріткіштерді иіскеп ләззат алатындар да бар, нашақорлықтың бұл түрін «токсикомания» деп атайды. Токсикоманияға айналған баланың қимыл - қозғалысы босаңдау, әрекеттері баяу болады, орынсыз күле береді. Жиі

иіскеу салдарынан еске сақтау қабілеті бұзылып, ызақор болып кетеді. Транквилизаторларды,

яғни тыныштандырғыш дәрі - дәрмектерді пайдаланса, баланың өңі қашып, сөйлеу мәнері

өзгеріп, дөрекілік таныта бастайды. Атақты гашиш пен қара сора бала психикасына алғашында қоздырғыштық сипатта

әсер етеді: күтпеген жерден күлкі қысады, қисынсыз нәрселерді айтып сандырақтай бастайды.

Бұл жағдай біраз уақыттан соң түнеріңкі көңіл - күйге ұласады, көзінің көруі күрт нашарлайды. Апиын тектес заттарды пайдаланса бала әлсіреп, басы ауырып, құсқысы келеді. Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын - буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап

ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады


«Есірткі туралы ақиқат пен жалған» бейнеролик

Елдос:

Жасөспірімдердің осы жолға түсіп, тығырыққа тірелуінің себебі неде? Қатыгез әлемде пана іздеген бала ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына оп - оңай - ақ түседі. Бала іші - бауырына еніп, жылы сөйлейтін жылпостарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Жеткіншектер үнемі әр нәрсеге, әркімге еліктегіш. Жұлдыздардың ішінен өзіне ұнағанын пір тұтады. Егер оның жұлдызы есірткінің дәмін тартып көргенін білсе, ол да қалыспауға тырысады. Еліктеудің де жөні бар, қазақ «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп бекер айтпаған. Өнеріне табынамын деп, өмірінен үлгі алудың қажеті жоқ. Өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген, үлгілі жанұяның мүшелері де есірткінің жетегінде кете барады. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Нашақорлар бір мезеттік рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе

иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң. Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!
Еркебұлан:

Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.
Әлия:
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай

алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.
Аружан:
Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы –

қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.
Ислам:
Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан көкөрім жастар.
1- жүргізуші:
Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осыдан жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адамдар өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.
2-жүргізуші:
Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын,

бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.
Нұрдаулет:

Анаша шегушілер бара-бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қалады.
Аруа:
Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.
Нұрбек:
Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады.
Сымбат:
Анаша шегушілер - өзін-өзі өлтірушілер.
Мерей:
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше

мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.
1-жүргізуші:
Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.
2 - жүргізуші:
Олай болса, сақ болайық, ағайын!
1-жүргізуші:
Ажал тарататын анашадан абай болайық!
2-жүргізуші:
Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,
1-жүргізуші:
Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,
2-жүргізуші:
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,
Екеуі қосылып:
Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!
Нашақорлық! Әлеуметтік ролик.
Сөз кезегін мектебіміздің психологына береміз.
Маманға сұрақтар қоямыз:
1. Нашақорға заң несімен қауіпті?
2. Адамның нашақор екеніне сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?
3. Нашақорлықты басқаша қалай атауға болады?
Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)
2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ өмірімізге неге балта шабамыз?
Хормен: Өз өміріміз үшін күресе білейік! Салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Кері байланыс.
1. Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай
сезімдер тудырды?
Мұғалім сөзі:
Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда. Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.

















Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру.
Марал:
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
Марал:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.
Топтарымызды таныстырып өтейік.
І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер»
Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.
1топ «Алғырлар»
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

2 - топ. «Білімділер»
Ұраны:
Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І. Ой жүгірту.
ІІ. Көсемдікке ұмтылу.
ІІІ. Ғажайып сурет.
ІҮ. Шешімін тап!
Ү. Полиглот.
Ү І. Кім тапқыр?
Ү І І. Білеміңді шыңда.
Марал:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Бағалайды әділқазы сіздерді.
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

Марал:
Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.

І кезең «Ой жүгірту»
Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.
1топ «Алғырлар»

1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
2. 4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)
8. 15. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр.
Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
16. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
17. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)
18. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
19. 12 – сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)
2 - топ. «Білімділер»

1. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)
5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
6. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге)
3. Кез келген санды нөлге бөлгенде неше шығады? (сол санның өзі)
15. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
16. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.
Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
17.

ІІ кезең

ІІІ кезең «Ғажайып сурет»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Соларды енді жарыстырып көрелік! – деп, мұнда оқушылар беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін ашып, қалағанын табу керек.
Бәйтерек. Мемлекеттік ту.

Марал:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
ІҮ кезең «Шешімін тап!»
Мұнда оқушыларға кесте беріледі, сол кестені орындайды. Қай топ тез әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңімпаз болады.

VII - кезең: «Біліміңді шында»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
Алдыңызда әлі талай асу бар,
Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

Мақсаты:
1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

Математикалық сайыстың барысы:
І: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек», - деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

І: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
ІІ: Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар:
ІІ. 1) Қай топ шапшаң және дұрыс есептейді
8-4-3=1
8:4*3=6
(8-4)*3=12
8*4+3=35

(8+4):3=4
8-4+3=7
8+4+3=15
(8+4)*3=36

8:4+3=5
8+4-3=9
8*4-3=29
8*4*3=96
2) Әр дөңгелекшеге 30 секунд ішінде бір-бір нүктеден қойып шығу керек.
3) Әр үшбұрышқа бір минут ішінде екі нүктеден қойып шығу қажет.

4) Түйе, бота маң басқан
Төр аяғын тең басқан
Бие бар құлын емізген
Қос ешкі туған егізден
Үш қозы мен екі қой
Бәрі қанша ойлап қой. (15) )

Түйе, бота маң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бір ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15


5) Класта біздің балалар.
6) Есен бір күн жаяулап.
ІІІ. Мақалды тап: «Жақсыдан қалма,
Жаманға баспа! »
ІV. Әр топтан 3 оқушыдан.
1) «Жаңылмаймын».
30-ға дейін санау керек, 3-ке еселік және 3-пен аяқталатын сан
орнына «жаңылмаймын» деп айту керек. Қателескен оқушылар шығып қалады.
2) «Көңілді санау». (кесте бойынша 700-ден 940-қа дейін)
3) «Телефон»
«Алғырларға» 4+2=6-5=1+6=7+4=11-9=2+3=5-2=3
«Тапқырларға» 6+2=8-5=3+6=9+4=13-9=4+3=7-2=5

V. 1) Еріншектің ертеңі бітпес.
2) Бір минутта 60 секунд бар.

VІ. 1) Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап.
2) Күшіне сенген бір мықты
Жығып алып сегізді
Барайын қайда дегізді.
3) Шекер жейтін аққұтан
Бір қазыққа байланды
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айналды.
4) Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (жүз-100)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәрбие сағатының тақырыбы: "Балалардың есірткі заттардан қорғану құқығы"

Автор: Исаева Гульдариха Оразхановна

Дата: 05.12.2016

Номер свидетельства: 365971


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства