kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты: "Дала қоңырауы" Ы. Алтынсариннің шығармашылығы бойынша

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ы. Алтынсариннің шығармаларын қайталауға арналған танымдық білімдік сайыс-сабағы. Оқушыларға қызықты болды, сәтті өтті. Әріптестеріме де ұнайды деп ойлаймын. Қосымша сайыс шарттарын қосуға болады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: "Дала қоңырауы" Ы. Алтынсариннің шығармашылығы бойынша»

«Дала қоңырауы»

Ы. Алтынсариннің шығармашылығына байланысты

білімдік сайысы

Дайындаған: Есет батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған Ақтөбе облыстық мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы


Мақсаты: жазушы, этнограф, Ы. Алтынсариннің өмірін, еңбектерін, шығармашылығын қаншалықты игергендерін сынау, тәрбиеленушілерді ұлы тұлғалар есімін қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі: екі топтың сайысы

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Барысы:

«Ыбырай Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды.

Ол екеуінің ісін өз еңбегіне түйістіріп қоса білді.

Сөйтіп ол екеуі істемеген тың, тарихтық өресі бар,

істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі -жаңа

үлгідегі ақын. Әрі-батыл жаңалық жасап, «бұратана»

елдер үшін тың үлгілі мектеп ашушы».

Мұхтар Әуезов

Жүргізуші:

Құрметті тәрбиеленушілер, ұстаздар мен тәрбиеленушілер! Бүгінгі білімдік сайысымыз ағартушы- педагог, балалар жазушысы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің шығармашылығына арналады.

Қазақтың классик жазушысы М. Әуезов: «Ыбырай Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ол екеуінің ісін өз ісіне түйістіріп қоса білді. Сөйтіп ол екеуі істемеген тың, тарихтық өресі бар, зор келеші бар істердің үлгісін өз қолымен орнаттты. Әрі -жаңа үлгідегі ақын. Әрі -батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгілі мектеп ашушы»- деп жоғары баға берген болатын.

Ы. Алтынсарин бүкіл саналы ғұмырын бала оқыту мен тәрбиелеу ісіне, сонымен қатар көркем әдебиет тілінің тазалығы үшін күреске арнады. Балаларға таза ана тілін үйретуді мақсат етті.

Ұлы ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин шын мәнісінде, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және озық ойлы әдебиеттердің арнасына түсіруші ретінде де ірі қайраткер боп саналады.

Өскелең ұрпақ тарихта жарқын із қалдырған кемеңгер Ыбырай Алтынсариннің еңбегі мен шығармашылығын ұмытпауға тиіс деп, бүгінгі білімдік сайысымызды бастайық.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады.

I кезең: «Ой анықтау» Бұл кезеңнің шарты бойынша 2 топқа жеке -жеке 7 сұрақтан қойылады. Сұрақтар Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы бойынша болады.

II кезең: «Ой жалғау». Бұл кезеңде тақтада ақынның өлеңдерінің алғашқы жолдары беріледі де, жалғасын мәнерлеп жатқа оқу керек болады.

III кезең: «Ой іздену» деп аталады. Бұнда Ы. Алтынсариннің шығармаларының кейіпкерлеріне байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтар екі топқа ортақ беріледі. Сондықтан қай топ шапшаң болса, сол топтың ғана жауабы есепке алынады.

IV кезең «Ой толғау» деп аталады. Бұнда 2 топқа парақша ұсынамыз. Ол парақшаға «Байлық дегеніміз не?» деген сұраққа жауапты топтастыру ретінде береді. Сонымен қатар топ басшысы өздерінің осы тақырыптағы көзқарасын қорғап шығуға тиіс. Бұнда шешендік өнер сынға түседі.

Қазылар алқасы таныстырылады.

Топтардың берген дұрыс жауаптары 10 баллмен есептеледі, соңғы кезеңдегі шешендік өнерге екі топтың бағасын екі түрлі етіп беруге болады.

Сонымен екі топқа сәттілік тілейміз!

I кезең «Ой анықтау»

Сұрақ- жауап

1- топқа берілетін сұрақтар:

1. Ы. Алтынсарин қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (қазіргі Қостанай облысының Ы. Алтынсарин ауанында)

2. Ыбырайдың Орынборда жақын араласқан адамы В. В. Григорьев кім?(Шығысты зерттеуші ғалым, профессор)

3. Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне қай жылы тағайындалды?(1879 жылы)

4. Ыбырайдың әлеуметтік теңсіздік мәселесіне арналған қандай өлеңдері бар?(«Залым төреге», «Әй, жігіттер»)

5. «Жаман жолдас» әңгімесі Ы. Алтынсариннің өз шығармасы ма, әлде аудармасы ма? (Л. Н. Толстойдан аудармасы)

6. Ы. Алтынсариннің ықпалымен Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе уездеріндегі жаңа мектептер қай жылдар аралығында ашылды? (1879/1883)

7. Ұлы ұстаздың қолдауымен Омбы қаласындағы мұғалімдер даярлайтын мектеп қай жылы ашылды? (1881 жылы)


2- топқа берілетін сұрақтар:

1. Ыбырайдың болашағынан үміт күтіп, оны оқуға жетелеген кім? (атасы Балғожа би)

2. Ыбырай мектепте қай жылдары білім алды?(1850/ 1857)

3. Ыбырайдың тілмаштық қызметті тастап, бала оқытамын деп күткен мектебі Торғайда қай жылы ашылды? (1864)

4. Ыбырайдың бастамасымен Ырғызда қыздар мектебі қай жылы ашылды? (1887 жылы)

5. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы қай жылы, қай қалада жарық көрді? (Орынборда, 1879 жылы)

6. Ыбырай кімдерден аударма жасады?(Паульсоннан, Л.Толстойдан, К. Ушинскийден, И. Крыловтан)

7. Ыбырай шығармаларының негізгі тақырыбы қандай? (Еңбексүйгіштікке, ата ананы құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу)


II кезең «Ой жалғау»

Өлеңді жалғастырып айт.

1) «Кел, балалар, оқылық!»:

Бір аллаға сиынып,....


2) «Өнер- білім бар жұрттар»:

Өнер- білім бар жұрттар...


3) «Балғожа бидің немересіне жазған хаты»:

Үміт еткен көзімнің нұры- балам....

4) «Өзен»:

Таулардан өзен ағар сарқыраған...

5) «Жаз»:

Сәуірде көтерілер рақмет туы....

6) «Әй, жігіттер!»:

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз...

7) «Азған елдің молдасы»:

Азған елдің молдасы...

8) «Бұл кім?»:

Бала, бала, бала деп....

9) «Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен»:

Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен...

10) «Азған елдің қожасы»:

Азған елдің қожасы....




III кезең «Ой іздену»

Ы. Алтынсарин шығармаларына қатысты сұрақтарға жауапр беру

1. «Талаптың пайдасы» әңгімесінде суреттелетін патша кім? (Петр патша)

2. «Әке мен бала» әңгімесіндегі кейіпкер баланың жасы нешеде? (10 жаста)

3. «Асыл шөп» әңгімесінде сөз болатын Бәтиманың жәшігіне ауырды жеңілдететін қандай асыл шөп салынған? (Сабыр деген)

4. «Бақша ағаштары» әңгімесінен антоним сөздерді ата. (Түзу- қисық)

5. «Бір уыс мақта» әңгімесінде қыздың терезеден лақтырып жіберген мақтасын тұмсығына іліп әкететін қандай құс? (Торғай)

6. «Алтын шеттеуік» әңгімесіндегі көп жемістің ішінде сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығатын кішкентай қыздың аты кім? (Леночка)

7. «Мейірімді бала» әңгімесінің оқиғасы қай мемлекетте өтеді? (Қытайда)

8. Ыбырай әңгімесінің кейіпкерлері Асан мен Үсеннің қайсысы бай баласы, қайсысы жарлы баласы? (Асан бай баласы, Үсен жарлы баласы)

9. «Аурудан аяған- күштірек» әңгімесінде Сейіт бала қай жерін сындырып алады?(Аяғын)

10 «Таза бұлақ» әңгімесінде бұлақ басына жиналатын үш жолаушы кімдер?(Саудагер, молда, жас жігіт)

11. «Салақтық» әңгімесінің кейіпкері кім? (Кәрім)

12. Елді егіншілікке, отырықшылыққа үгіттеу негізгі түйіні болып табылатын Ыбырайдың қай әңгімесі? («Қыпшақ Сейітқұл»)



IV кезең «Ой толғау»

«Байлық дегеніміз не?»

1) Тақырыпқа топтастыру жасау;

2) Топтан бір тәрбиеленуші шығып өз көзқарастарын қорғайды.


Қазылар алқасының қорытынды бағасы.

Жеңімпаз топты марапаттау.


Соңы.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Тәрбие сағаты: "Дала қоңырауы" Ы. Алтынсариннің шығармашылығы бойынша

Автор: Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387500


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства