kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты " Наурыз –Мерекем! "

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?т?стік ?аза?стан облысы

Шардара ?аласы

Ауданды? о?ушылар ?йі

«Жас эколог» ?йірме жетекшісі Аязова М?лдір Ахмет?ызы

 Наурыз –Мерекем!    Наурыз – Берекем!

Саба?ты? ма?саты: ?лысты? ?лы к?ні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тере?дету. О?ушыларды? санасына хал?ына деген ма?таныш сезімін ?ялату, ана тілін, оны? тарихын, ?нерін, м?дениетін ?астерлеуге, ?аза?ты? салт-д?ст?рлері туралы білімдерін ке?ейту, с?йлеу шеберлігін жетілдіру, сахналау ?неріне баулу. Саба?ты халы?ты? педагогика?а негіздей отырып, ?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындарын, ?лтты? та?амдарын, на?ыл с?здерін ?астерлей отырып, балалар?а ??ындыру.

Саба?ты? к?рнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, наурыз та?ырыбына арнап сал?ан сурет, на?ыл с?здер, ??ра? к?рпе, ма?ал-м?телдер,

Жа?а саба?.  - Наурыз ?аза?ты? шын ма?ынасында?ы ?лтты? мейрамы.  Наурызды? 22-сінде к?н мен т?н те?еледі, ?ыс ?тіп, к?ктем келеді.  Тіршілік басталады.  Ол-тіршілік ар?ауы - тама?.   Малды? ?ыстан аман шы?уы, оны? ?сіп-?ніп т?лдеуі.  ?аза? хал?ы ?шін ?лкен мейрам-жа?а жыл болып санал?ан. Наурыз – к?неден келе жат?ан мейрам. К?ні б?гінге дейін жер шарында?ы к?птеген  халы?тарды? д?ст?рлі мейрамына айнал?ан.
Наурыз – ба?ытты? бастамасы,  жа?сылы?ты? жаршысы, ?мірге н?р сыйла?ан, сезімге г?л сыйла?ан, халы? ?астерлейтін к?н. Жыл басы - Наурыз хал?ымызды? салтында ойын-к?лкіні? к?ркі мен с?ні «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» атты т?рбие са?атына ?ош келді?іздер!

Баяндама

М??алім     Наурыз келді, Наурыз келді а?айын.

??шырлана ??ша?ымды жазайын.

К?ктем шы?а к?лімсіреп к?к аспан,

?нге толды, к?йге толды ма?айым,- дей отырып ?азір  Д?йсен  Н?расыл  орындауында «  Ана  »?ні.

М??алім.   Алтын  к?ні  шуа?  шашып  аспаннан,
Жа?а жылым  жыр  думаннан  бастал?ан
А?  дастархан  жайып  ?аза?  т?ріне,
А?  ниетпен  ?лкендерден  бата  алайы?

О?ушы.   Наурыз тойына бата берейін.

Ата

Уа?алайкум ас салам!
Ке?пейілді ?аза? елім!
Кемелденген ?ажап елім!
?лыс к?ні ??тты болсын!
Ел іргесі мы?ты болсын!
Ба?ыт ?кеп ?лыс к?ні,
Баянды боп тынышты?ы,
?нші ??стар ба??а ?онсын!
Алтын таба? а??а толсын!
Шатты?ыны? с?тті к?нін,
Татулы?ты? т?ттілігін,
К?рсін ?рпа? ?айырымды!
Б?лт шалмасын ай – к?німді!
Жа?а к?нім жадырасын!
Т?л к?бейіп, жамырасын!
Еккен егін ?німімен,
Е?бегі?ні? сенімімен
Тірлігі?ні? жемісімен,
Бірлігі?ні? же?ісімен
Ба?ы жанып к?рі – жасты?,
Басынан ба? арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Той?а ?лассын тойларымыз!
?умин!

М??алім. Осы айтыл?андар бір Алланы? ??ла?ына шалынып, періштелер «?умин» десін!       Наурыз-к?неден келе жат?ан мейрам.  К?ні б?гінге дейін жер шарында?ы к?птеген халы?тарды? д?ст?рлі мерекесіне айнал?ан.

   Наурыз - ба?ты? бастамасы, жа?сылы?ты? жаршысы, ?мірге н?р сыйла?ан, халы? ?астерлейтін к?н.

 Кел, Наурыз келешекті жар?ын шолып,
Барыстай ?рпа?тар?а да??ы? ?онып.
?аза?стан бол?анда – ?ажапстан,
?ол со?ып ?уаналы? хал?ым болып.

Би: Барби   Жа?ыпбай Ж

Жа?ыпбай З?уре.

Шашу, шашу шашайы?,

?н-думан?а басайы?.

Наурыз келді далама,

Жа?а жыл келді аулыма.

 Шашу шашты? болсын деп аман хал?ым,

Бол?ан со? м?ндай д?ст?р жа?сы салтым.

Шашуды тер, мол болсын деп несібелі

Келер жыл?а жетсек деп аман-есен.

Дос?а ??ша? ашайы?,

?ле?-жыр?а басайы?.

?аза?ты? бір салты деп

Той?а шашу шашайы?!

Наурыз келсе, ??т келгені, халайы?,

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп ?арсы алайы?. (шашу шашылады)

«?лысты? ?лы к?ні» жайында а?ыз.
 Бір к?ні Н?х пай?амбарды? кемесі ?азы??рт тауына келген с?тте жерді? бетін жайла?ан топан су кері ?айтады. Сол с?т жер бетіне табаны тиген барлы? тіршілік иелері к?к аспаннан т?скен ?асиетті ?азаннан бірге д?м татады. Содан, б?л к?нді «?лысты? ?лы к?ні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы ?лы Абай ?зіні? «Біраз с?зі ?аза?ты? ?айдан шы??аны туралы» жазбасында Наурыз тарихын к?шпелі халы?тарды? «хиби?и», «х?за?и» деп аталатын к?не заманына ?штастырады. Парсыны? «нау» с?зі ?рт?рлі ?згерістерге ?шыра?анымен, сол ма?ынада к?п халы?ты? тілінде са?талып ?ал?ан. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» с?зі ?нді-еуропалы? халы?тар дараланудан да б?рын пайдаланыл?ан.

Би : ?ара жор?а

Та?па?тар.

         Марат ?ділет

Б?л ?лемде мереке к?п,

?уанышты,?демі!

Ал біз ?шін е? жа?сысы

?ымбатты Наурыз мейрамы!

         Жа?ыпбай З?уре

К?ргенге ?уанасы? таза ауаны,
??ла??а естілгенде жаз ?уені
Жыл сайын тойланатын м??гі ба?и,
Наурызым ??тты болсын ?аза? елі!

 Той дегенде ?аза?ты? жаны кірер,
Ба?а?ды жас білмесе, к?рі білер.
Наурызы? ??тты болсын, нар а?алар,
Наурызы? ??тты болсын, бар інілер.

 

      Бегман Сабина

К?н мен т?н те?елді,

Жер шуа??а кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы –салтымыз,

К?герсін деп хал?ымыз,

К?шеге тал егеміз.

       Анаржан ?ара?ат

Наурызды т??ір бізге н?сіп еткен,

Мейірім тынысын деп тасып еткен.

Наурыз – с?н-салтанат, ?лтты? рух,

Ба?ытты Наурызы бар хал?ым  

Марат Айс?лу

 Жылды? басы – Наурыз,
Жырды? басы – Наурыз
Наурыз?а біз арнап,
Жырдан шашу шашамыз.

Д?йсен Н?расыл

Наурызым міне келді жайра?да?ан,

Ынтыма? пен досты? бір сайра?да?ан

Мол дастархан а? ниет ырыс тол?ан,

К?ктемні? б?л к?ніне ?айран ?алам

Сраел Молдабек

С?нді к?ктем-наурыз,

Наурыз тойы жырымыз.

К??іл г?лдей жайнасын,

??лпырсын К?н мен Ай,

??тты болсын Наурыз той!

             Мамадиар Мади

 Жа?сылы? ж?регіне жыр еселер,

Биікке шары?татар киелі ?нер.

Наурызы? ??тты болсын-апа-?келер!

Наурызы? ??тты болсын-ата-?желер!

Жер ?лемді шарла?дар.

 «?лыс о? болсын, а? мол болсын! ?лыс ба?ты болсын, т?рт т?лік а?ты болсын» десіп, ?ткенге салауат айтып, келер к?ннен береке тілеп, а? к??іл, адал ж?рекпен дос ??ша?тарды ай?астырып табысатын ?асиетті к?н – Наурыз мерекесі ??тты болсын, а?айын!

Орта?а  «Б?ркіт» ойынын  ойнау?а  ?лдарды  ша?ырамыз. (Шы??ан  со? шарты  айтылады.

 Б?л ойында икемді, епті  бала  же?іске  жетеді. Себебі  ж?ресінен  отырып, екі  ?олын  ?анатша  жайып, е?кейіп,  жердегі  та?ияны  аузымен  іліп  алу  керек. Екіні?  бірі  орындар  о?ай  ?рекет  емес).

К?рініс:
(Зал?а бірін-бірі итеріп ?алжы?дасып ?ожанасыр мен Алдар к?се шы?ады)

?ожанасыр: Ассалаума?алейкум,халы?!Алдар к?сені к?рмеді?дер ме? Мені алдап кетті.?айда ж?р екен,?? ?азір кездессін б?лем! Алдар! Алдар! ?айдасы?? Мені? жа?а шапанымды алдап киіп кетіпті.

Алдар к?се: Ей,?ожеке,не болды сонша ай?айлап.Неге ша?ырды?? ?зі? берді? ?ой сол шапанды.

?ожанасыр: ?кел шапанымды.Бер деймін шапанымды.

Алдар к?се: Кешірі?із ?ожеке, келі?із татуласайы?, ренжіме?із.

?ожанасыр: Татуласса? татуласайы?.Той?а ??тты болсын айтайы?.

Арайы бар даланы?,

Амансы? ба,Жа?а к?н.

С?лем,хал?ым, тірегім,

Сендермен бірге ж?регім,

Орындалсын ойлары?,

??тты болсын тойлары?!

Алдар к?се:

С?лем Наурыз к?німіз.

Мейман пар?ын білі?із.

?ыруар істі бастаймыз,

?уанышты ?німіз.!

?айт?ан емес толайым,

Алдары?а келіп т?рмын,

Айналайын,а?айын.

 М??алім.

Наурыз  тойы?, наурыз  тойы?,
??тты  болсын  халайы?!
К?й  т?гілсін, би  биленсін,
Шыр?ап  ?нге  салайы?,
-дей  келе,  келесі  кезекті  ?нге  береміз. 

?уанышбек  Ерасыл  орындауында  « Жаяу »

Ма?ал-мател.

Тойды? бол?анынан,
Боладысы ?ызы?.
 
Той?а барса?, тойып бар,
Бар ж?мысты ?ойып бар.
 
Таз таран?анша,
Той тар?айды.
 
?шейінде ауыз жаппас,
Той дегенде ?ле? таппас.
 
Тойда тоны?ды с?рама.
 
Той сылтауымен тон бітті.
 
Ас?а барса? — аш бар,
Той?а барса? — то? бар,
Той ?ызы?ы — к?кпар.
 
Аты, тоны сай кісі,
Жиын, той?а барысар,
?лы, ?ызы бар кісі,
??далы??а барысар.
 
Ша?ырусыз той?а бар?анша,
Шары?ы?ды ки де, ?ой?а бар.
 
Той?а барса?, б?рын бар,
Б?рын барса?, орын бар.
 
Той тама?ы — т?тті.
 
К??ілдіні? ?йінде
К?нде мейрам, к?нде той.

Би: «Rolly  Polly»  

 С?з ж?мба?. «Наурызым»

?орытынды.

«Наурызым- мерекем, Наурызым-берекем»  атты  т?рбие  са?атымыз  ая?талды.

Туа берсін жа?а н?р!
Д?р сілкінсін дала бір.
??тты болсын Наурыз тойы, 
??тты болсын жа?а жыл!
(бірге) К?ріскенше к?н жары? болсын!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты " Наурыз –Мерекем! "»


Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара қаласы

Аудандық оқушылар үйі

«Жас эколог» үйірме жетекшісі Аязова Мөлдір Ахметқызы


Наурыз –Мерекем! Наурыз – Берекем!

Сабақтың мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, сахналау өнеріне баулу. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, наурыз тақырыбына арнап салған сурет, нақыл сөздер, құрақ көрпе, мақал-мәтелдер,


Жаңа сабақ. - Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол-тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның өсіп-өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам-жаңа жыл болып саналған. Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Жыл басы - Наурыз халқымыздың салтында ойын-күлкінің көркі мен сәні «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Баяндама

Мұғалім Наурыз келді, Наурыз келді ағайын.

Құшырлана құшағымды жазайын.

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,

Әнге толды, күйге толды маңайым,- дей отырып қазір Дүйсен Нұрасыл орындауында « Ана »әні.



Мұғалім. Алтын  күні  шуақ  шашып  аспаннан,
Жаңа жылым  жыр  думаннан  басталған
Ақ  дастархан  жайып  қазақ  төріне,
Ақ  ниетпен  үлкендерден  бата  алайық

Оқушы. Наурыз тойына бата берейін.

Ата

Уағалайкум ас салам!
Кеңпейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын!
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы,
Әнші құстар баққа қонсын!
Алтын табақ аққа толсын!
Шаттығының сәтті күнін,
Татулықтың тәттілігін,
Көрсін ұрпақ қайырымды!
Бұлт шалмасын ай – күнімді!
Жаңа күнім жадырасын!
Төл көбейіп, жамырасын!
Еккен егін өнімімен,
Еңбегіңнің сенімімен
Тірлігіңнің жемісімен,
Бірлігіңнің жеңісімен
Бағы жанып кәрі – жастың,
Басынан бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз,
Тойға ұлассын тойларымыз!
Әумин!


Мұғалім. Осы айтылғандар бір Алланың құлағына шалынып, періштелер «әумин» десін!     Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған.

   Наурыз - бақтың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлейтін күн.

Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,
Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.
Қазақстан болғанда – Ғажапстан,
Қол соғып қуаналық халқым болып.

Би: Барби Жақыпбай Ж



Жақыпбай Зәуре.

Шашу, шашу шашайық,

Ән-думанға басайық.

Наурыз келді далама,

Жаңа жыл келді аулыма.

 Шашу шаштық болсын деп аман халқым,

Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.

Шашуды тер, мол болсын деп несібелі

Келер жылға жетсек деп аман-есен.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық!

Наурыз келсе, құт келгені, халайық,

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)



«Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз.
 Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.


Би : Қара жорға


Тақпақтар.

Марат Әділет

Бұл әлемде мереке көп,

Қуанышты ,әдемі!

Ал біз үшін ең жақсысы

Қымбатты Наурыз мейрамы!

Жақыпбай Зәуре

Көргенге қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгенде жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызым құтты болсын қазақ елі!

Той дегенде қазақтың жаны кірер,
Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.
Наурызың құтты болсын, нар ағалар,
Наурызың құтты болсын, бар інілер.

Бегман Сабина

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы –салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.



Анаржан Қарақат

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім тынысын деп тасып еткен.

Наурыз – сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым

Марат Айсұлу

Жылдың басы – Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз
Наурызға біз арнап,
Жырдан шашу шашамыз.

Дүйсен Нұрасыл

Наурызым міне келді жайраңдаған,

Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған

Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,

Көктемнің бұл күніне қайран қалам

Сраел Молдабек

Сәнді көктем-наурыз,

Наурыз тойы жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Құлпырсын Күн мен Ай,

Құтты болсын Наурыз той!

Мамадиар Мади

 Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер.

Наурызың құтты болсын-апа-әкелер!

Наурызың құтты болсын-ата-әжелер!

Жер әлемді шарлаңдар.



«Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын, ағайын!

Ортаға  «Бүркіт» ойынын  ойнауға  ұлдарды  шақырамыз. (Шыққан  соң шарты  айтылады.

Бұл ойында икемді, епті  бала  жеңіске  жетеді. Себебі  жүресінен  отырып, екі  қолын  қанатша  жайып, еңкейіп,  жердегі  тақияны  аузымен  іліп  алу  керек. Екінің  бірі  орындар  оңай  әрекет  емес).

Көрініс:
(Залға бірін-бірі итеріп қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады)

Қожанасыр: Ассалаумағалейкум,халық!Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті.Қайда жүр екен,ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.

Алдар көсе: Ей,Қожеке,не болды сонша айқайлап.Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.

Қожанасыр: Әкел шапанымды.Бер деймін шапанымды.

Алдар көсе: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.

Қожанасыр: Татулассақ татуласайық.Тойға құтты болсын айтайық.

Арайы бар даланың,

Амансың ба,Жаңа күн.

Сәлем,халқым, тірегім,

Сендермен бірге жүрегім,

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Алдар көсе:

Сәлем Наурыз күніміз.

Мейман парқын біліңіз.

Қыруар істі бастаймыз,

Қуанышты үніміз.!

Қайтқан емес толайым,

Алдарыңа келіп тұрмын,

Айналайын,ағайын.

Мұғалім.

Наурыз  тойың, наурыз  тойың,
Құтты  болсын  халайық!
Күй  төгілсін, би  биленсін,
Шырқап  әнге  салайық,
-дей  келе,  келесі  кезекті  әнге  береміз. 

Қуанышбек Ерасыл орындауында « Жаяу »

Мақал-мател.

Тойдың болғанынан,
Боладысы қызық.
 
Тойға барсаң, тойып бар,
Бар жұмысты қойып бар.
 
Таз таранғанша,
Той тарқайды.
 
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
 
Тойда тоныңды сұрама.
 
Той сылтауымен тон бітті.
 
Асқа барсаң — аш бар,
Тойға барсаң — тоқ бар,
Той қызығы — көкпар.
 
Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.
 
Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар.
 
Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.
 
Той тамағы — тәтті.
 
Көңілдінің үйінде
Күнде мейрам, күнде той.


Би: «Rolly  Polly»  

Сөз жұмбақ. «Наурызым»


Қорытынды.

«Наурызым- мерекем, Наурызым-берекем»  атты  тәрбие  сағатымыз  аяқталды.

Туа берсін жаңа нұр!
Дүр сілкінсін дала бір.
Құтты болсын Наурыз тойы, 
Құтты болсын жаңа жыл!
(бірге) Көріскенше күн жарық болсын!
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты " Наурыз –Мерекем! "

Автор: Аязова М?лдір Ахмет?ызы

Дата: 27.04.2016

Номер свидетельства: 323008


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства