со?ыс пен бейбіт к?нді салыстыра отырып, бейбіт к?нні? ?адірін т?сіне білуге, майдангерлерді?, тыл ардагерлеріні? жасампаз ерлігін ба?алай білуге т?рбиелеу.
« День Победы» ?ні ойналады. Бейнебаян к?рсетіледі.
К?ткен Же?іс жар? етті с?уле шашып,
Же?іс келді ?уанды? к??іл тасып.
Жауды же?іп батырлар елге оралды,
Ата-анамен ?ауышты ??ша? ашып.
Мамыр келді а?аштар б?рін жарып
Бейбіт ?мір оралды к?ні жары?.
«Ш?кір» деп ?желер ж?р а? жаулы?ты?
?шымен к?зді? жасын сы?ып алып.
-Аспанда к?н жар?ырап к?ліп т?рды,
Бейбіт ?мір шатты?ы т?нып т?рды.
Со?ыстан со??ы с?би к?лкісімен
?ара к?ндер ?ай?ысын ?мыттырды.
-Же?іс келді ?алама,
Же?іс келді далама.
Же?іс келді ?ке боп
Елдегі бар бала?а.
-Же?іс келді ?н болып,
Келді ауыл?а с?н-к?рік.
Же?іс келді, ала?ай,
Тойып жейтін нан болып!
-Же?іс к?ні бар ?лемге ?йгілі
К?ктем, шуа?- то?ызыншы май к?ні
Бізді? ?лы Же?ісіміз к?ктем боп,
Алмастыр?ан ?уаныш?а ?ай?ыны.
1-ж?ргізуші: Биыл міне, ?лы Же?іске 66 жыл толды. Сол бір с?рапыл со?ыста мерт бол?ан ?аhармандарды? ерлік рухына бас иіп, 1 минут ?нсіздікпен еске алайы?!.
2-ж?ргізуші: И?, б?л Же?іс о?айлы?пен келген жо?. ?асым ?айсенов, Тал?ат Бигелдинов, Бауыржан Момыш?лы, ?лия Молда??лова, М?нш?к М?метова сия?ты а?а-апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "М??гілік ?шпес отты жылдар" »
Тақырыбы: Мәңгілік өшпес отты жылдар
Мақсаты:
9-мамыр- Жеңіс күнінің мән-мағынасын ұғындыру, Ұлы Отан соғысы туралы тарихи деректерден мағлұмат беру;
оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру, шеберліктерін шыңдау;
соғыс пен бейбіт күнді салыстыра отырып, бейбіт күннің қадірін түсіне білуге, майдангерлердің, тыл ардагерлерінің жасампаз ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу.
« День Победы» әні ойналады. Бейнебаян көрсетіледі.
Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді қуандық көңіл тасып.
Жауды жеңіп батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ ашып.
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
-Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
-Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп
Елдегі бар балаға.
-Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән-көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тойып жейтін нан болып!
-Жеңіс күні бар әлемге әйгілі
Көктем, шуақ- тоғызыншы май күні
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
1-жүргізуші: Биыл міне, Ұлы Жеңіске 66 жыл толды. Сол бір сұрапыл соғыста мерт болған қаhармандардың ерлік рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық!.
2-жүргізуші: Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты аға-апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті.
Жас ұрпақ асыр сап
Шырқайды ерлікті ән қылып.
Небір заңғар таулардан
Құлазып шөксе де
Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.
Біздерге, өскелең ұрпаққа бақытты өмір сыйлаған аға –апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Күш-қуаттың бойында тасқыны бар,
Мұқалмайтын төзімді достығы бар.
Талай тарих таңғалып куә болған
Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.
- Қалғымасын шекарада тұрған ер.
Айналмасын ешқашанда мұңға шер
Ескерткіштер орнатады ерлерге
Бейбіт өмір салтанатын құрған ел.
- Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек те
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есте сақта, құрметте!
Мұғалім:
- Жеңіс күні-адамзат баласы аңсап күткен күн, Жеңістің туын тіккен күн. Бейбіт күнде, тыныш заманда өмір сүріп жатқан біздер бақыттымыз. Олай болса бейбіт күнді әнге қосайық, балалар!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Аспаным ашақ болып
Күн күлсін көгімізде
Шырқайық тағы бір ән
Шалқысын төрімізде
«Елімнің ертеңгі иесі –біз» Әнін жазған: Ақзира Еспенбетова
Сөзін жазған: Зағира Еспенбетова
Арманды арманға жалғаймын, жалғаймын.
Қиялмен шыңдарға самғаймын, самғаймын.
Балалық жүректен,ең ізгі тілекті
Отаным, өзіңе арнаймын.
Қайырмасы:
Отан-туған еліміз
Атамекен, жеріміз
Елімнің ертеңгі иесі- біз.
Көк байрақ желбіреп көгімде, көгімде.
Айбын боп тұрады төрімде, төрімде.
Асқар тау көлімді,
Кең байтақ жерімді.
Сүйемін, сүйемін бәрін де
-Осымен Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай өткізілген ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.