— Біз серуенде көп құстардың ұшып жүргенін көреміз бе?
— Я, олар жылы жақтан келіп жатыр.
— Қыстайтын құстарды кім атап көрсетеді?
— Қарға, сауысқан, торғай.
— Үй құстарын кім атап береді?
— Қаз, үйрек, тауық, әтеш, күркетауық.
— Дала құстарын кім көрсетеді?
— Тырна, торғай, сауысқан, көкек, қарлығаш, аққу, дала қазы, дала үйрек.
— Көктем құстарын кім айтады?
— Қараторғай, қарлығаш, тырна, аққу.
— Осы құстар нені қорғайды?
— Ағаштарды.
— Ағаштар не үшін керек?
— Ауаны тазартады?
— Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік (балалар тыныс алу жаттығуын жасайды).
Осы кезде есік қағылып, топқа бала қаз ға-ға-ға деп келеді.
— Балалар, бала қаз өзімен бірге дорбасын ала келіпті, ашып көрейік. (мұғалім дорбаның ішінен хат алады, онда мынадай тапсырмалар болады.)
Бірінші тапсырма: Қаз сияқты дауыстар саласыңдар ма? Саусақ жаттығуын жасай аласыңдар ма?
— Бала қаз — ға-ға-ға- бәсең дауыспен.
— Ана қаз — ға-ға-ға- қаттырақ дауыспен.
— Әке қаз — ға-ға-ға – қатты дауыспен.
Бала қазбен бірге саусақ жаттығуын жасау. «Қазым, қазым, қаңқылда».
Қазым, қазым қаңқылда
Көлге түсіп салқында.
Жем берейін жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ-жоқ, жоқ-жоқ
Кәмпит тәтті ас болмас
Арпа менен бидай шаш.
Екінші тапсырма:Тыйым сөздер, мақалдар айтып беріңдер.
Балалар:
Құстың ұясын бұзба
Құсқа тас лақтыр ма.
Құстардың жұмыртқасын жарма.
Қара құс басып жейді, сұңқар шашып жейді.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Сергіту сәті. Ойын: «Ұшты, ұшты».
Үшінші тапсырма: Құстарға ұя, жем, кішкене балапандар жасаймыз. Бірінші үстелдегі балалар торғайды мүсіндейді. Екінші үстелдегі балалар құстарға ұя жапсырады. Жұмыстарын аяқтаған соң жемсалғышқа салып, қонақтарға көрсетеді.
Бала қаз:
— Мен күн жарықта әкем мен анамды тауып алайын, сендерге рахмет. Көп қызық көрдім. Оны өзімнің достарыма айтып барамын ( балалармен қоштасады). Әкелген сыйлығын береді.
Ән: «Шөжелерім».
Сабақты қорыту. Сабақ соңында қағаздан жасалған құстарды қонақтарға сыйлау.