1 - оқушы Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің. Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің. 2 - оқушы Тәртіпті бала сүйеніш, Төбең бір көкке жетеді. Ұрыншақ бала жанында, Ұрыс пен керіс айқай шу. Ұстамды бала маңынан, Ұнамды қылық байқайсың.
Әдептілік ережелері: - Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. - Әрқашан сыпайы болу керек. сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. – Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. - Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. - Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын - 2. Кішкене баланы - 3. Құстарды - 4. Қыз баланы - 5. Сабақтан - 6. Үйге жүгіріп - 7. Үлкен кісіні - 8. Оқу – құралдарын - 9. Сыныпта айғайлауға - 10. Ысқыруға - 11. Құстың ұясын –
Не істеу керек?
- Үлкендерді сыйлау керек - Ата - аналардың тілін алу керек - Тәртіпті болу керек - Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек - Сабақты жақсы оқу керек Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал - мәтелдерге берейік. «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер? Оқушылар хормен: Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен, Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Әдептілік жайлы мақал - мәтелдер айту.
Әдепті бала - арлы бала, Әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос, Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген - әдеп, Біз деген - көмек.
Сұрақ - жауап: «Сен маған, мен саған»
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек? 3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? 4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек? 5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Ситуациялық сұрақтар
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек.? 3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? 4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек? 5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?