kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "Білім еліне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: О?ушыларды? білімдерін жина?тау, ойын ж?ргізу ар?ылы білім беру.

Дамытушылы?:Тез ойлау?а, шапша? есептеуге баулу, о?ушыларды? а?ыл ойын, с?здік ?орларын дамыту, шы?армашылык ізденісін ?алыптастыру.

Т?рбиелік: Шапша?ды??а,?йымшылды??а  т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "Білім еліне саяхат" »

Тақырыбы:Білімнің көш басшысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімдерін жинақтау, ойын жүргізу арқылы білім беру.

Дамытушылық:Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, оқушылардың ақыл ойын, сөздік қорларын дамыту, шығармашылык ізденісін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Плакат, қима қағаздар,шарлар, нөмірлер, слайд.

Түрі: Жарыс сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап.


Барысы :

Мұғалім:Балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сынып көшбасшысы» деп аталады.

Қазақстан жерінің картасына назар аударайық .

Қазақстанның астанасы болған қалаларды ата.

Қызылорда, Алматы, Астана .

Осы қалаларға саяхатқа шығамыз.

Саяхатқа шықпас бұрын өздеріңмен танысып алайық.

Ойынға қатысушыларды таныстыра орындарына отырғызады.

Қатысушылар ұрандарын айтады.

1-оқушы

«Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні қаріп»

2-оқушы

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі»

3-оқушы

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

4-оқушы

«Қандай сынақ болсадағы біріспе,

Әрқашанда үміткер бол жеңіске»

5-оқушы

«Ал, балақай, күш жинаудан қалыспа,

Содан кейін қыран болып қалықта»

6-оқушы

« Достықта:досқа жан тәніңмен берілу,өмірде сенімді тірек»

7-оқушы

«Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды»

8-оқушы

«Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар»

9-оқушы

«Көпшіліктен береке кетпес,берекелі жерде мереке кетпес»

1-бөлім: «Бәйге»

Мұғалім: Бұл бөлімде қойған сұраққа тез арада қолдарыңды көтеріп, қысқа ғана жауап бересіңдер. Әрбір дұрыс жауапқа1 ұпай беріледі.


Сұрқтар:

1-сұрақ:

Қазақстан Республикасының президенті кім? ( Н. Назарбаев )

2-сұрақ

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған? (Ыбырай Алтынсарин)

3-сұрақ

Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

4-сұрақ

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазған? (Абай)

5-сұрақ

Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы? (Ыбырай Алтынсарин )

6-сұрақ

Республикамыздың рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)

7-сұрақ

Көне заттарды сақтайтын орын. (Мұражай)

8-сұрақ

Білім орны (Мектеп)

9-сұрақ

Қасиетті тағам. (нан)

10-сұрақ

Адам алғашқы құралды неден жасады.? (Тастан)

11-сұрақ

Үш биді ата. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би )

12-сұрақ

Ең киелі құс. (Аққу)

13-сұрақ

Ғарышкерлер күні. (12 сәуір)

14-сұрақ

Ең үлкен құс. (Түйеқұс)

15-сұрақ

Қызылордадағы өзен. (Сырдария)

16-сұрақ

1 аптада неше күн бар? (7 күн)

17-сұрақ

1 ғасырда неше жыл? ( 100 жыл )

18-сұрақ

Түйе пірін ата. (Ойсылқара)

19-сұрақ

Тұңғыш қазақ ғарышкері. (Т. Әубәкіров)

20-сұрақ

Қазақта тұңғыш дүние жүзінің чемпионы атағын алған палуан. (Қажымұқан)

2-бөлім: «Көкпар»

Мұғалім:Бұл ойында сендер үш топқа бөлінесіңдер.

1-топ-«Алғыр», 2-топ–«Тапқыр», 3-топ «Білгір» болады. 1-топтағы бір оқушы бір мақал-мәтелдің басын айтса, екінші топтың бір баласы оны аяқтауы керек.

Алғыр тобы «Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді».

Осы турдан кейін, ұпайы аз бала ойыннан шығады.


3-бөлім: «Полиглот»

Мұғалім: Яғни бұл турда мен сендердің басқа тілді, яғни ағылшын тілін қалай меңгергендеріңді тексеремін. Мен сендерге жұмбақ оқимын, сендер оның шешуін

үш тілде :қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың керек.Егер кімде-кім екі тілде дұрыс айтса,сол балаға 20 ұпай, ал 1-еуін айтса оған 10 ұпай беріледі.


  1. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам,ручка)

  1. Есек құлақты,

Мысық аяқты,

Түйе ерінді,

Ешкі құйрықты. (Қоян, заяц)

  1. Жолбарысқа ұқсайды,

Тышқанды ғана ұстайды. (Мысық, кошка)

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар, снег)

Ұпай есептеледі .

4-бөлім «Таңғажайып төрттік »

Мұғалім. Тақтада төрт пәннің аты жазылып тұр. Кімнің ұпайы аз, сол баладан бастап мына пәндер бойынша мен сендерге сұрақ қоямын.

Қазақ тілі.

1) Қимылды білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?

2) Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

3) А.Құнанбаевтың қандай өлеңін білесің?

Ана тілі.

1) Ара адамды неге шағады?

2) Бәсіре деген не?

3) Б.Момышұлы кім?

Математика.

1) Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт.

2) Есептің бөліктерін ата.

3) сызықтың түрлерін ата.

Дүниетану.

1) Көлік деген деген не? Түрлерін ата.

2) Табиғат деген не?

3) Сезім мүшелерін ата.

Бұл турдан кейін де ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

5-бөлім «Шешен»

Мұғалім: Бұл бөлімде, сендер «Егер мен президент болсам...» деген тақырыпта өз ойларыңды, яғни сендер президент болсаңдар қандай жұмыстар атқаратындарыңды айтасыңдар.

Екі бола өз ойларын айтып сөйлейді.


Дайындық кезінде еркін тақырыпта мәнерлеп оқу.


Мұғалім: сонымен балалар, біздің «жеңімпазымыз» анықталады.

Әділ-қазылар алқасына сөз.

Сендер бәрлерің өте жақсы жауап беріп қатыстыңдар.

Жеңімпаздарға мадақтама жасау .

I-орын

II-орын

Белсенділік көрсеткені үшін.


Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталады, сау болыңыздар?





































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "Білім еліне саяхат"

Автор: Жабикенова Салтанат Ануарбековна

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209364


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства