kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс ж?мыс «?дебиет к?шбасшысы» 7 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:   о?ушыларды?   ?дебиет п?нінен  ?тілген материалдарды ме?геруін,  білім 

                     де?гейін  тексеру

Міндеттері: -о?ушыларды? білім-білік да?дыларын ?алыптастыру, ?дебиет п?ніне      ?ызы?ушылы?ын     арттыру ;

  -ана тілін с?юге, ??рметтеуге т?рбиелеу, ізденімпазды??а  баулу;

 -о?улы? пен ?осымша материалдар деректерін  пайдаланып, ?ылыми   танымды? ?рекеттерін     жетілдіру.    

?йымдастыру  формасы:   зияткерлік сайыс

К?рнекілігі:   интерактивті та?та,  компьютер, санды? белгі.

                                                  Сайысты?   барысы:

М??алім: - ?ымбатты  ?стаздар, о?ушылар!  Б?гінгі  7- сынып о?ушыларымен ?ткізілгелі отыр?ан «?дебиет к?шбасшысы» сайысына ?ош келді?іздер!

?дебиет- с?з ?нері. С?з ?нері –халы? даналы?ыны? жемісі. ?дебиет –хал?ымызды? рухани ?міріні? айнасы, ана тілімізді? ?мірше?дігіні?, ?лтты?ымызды?, халы?ты?ымызды? белгісі. Олай болса,  б?гінгі сайыс барысында осы ?дебиет  п?ні  бойынша о?ушыларымызды? ой-?рісін,білімдерін,а?ылы мен ептілігін сарап?а салатын боламыз.

Ендеше ортамыз?а осы сайыс?а ?атысатын ал?ыр о?ушыларымызды ша?ырайы?: .      (7-  о?ушы ?атысады)

М??алім:

-?діл ?азыал?асына бір с?лем,

?ділдікке бас иеді к?ллі ?лем.

Ж?йрік озар, сайыстарда неше бір

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мыс «?дебиет к?шбасшысы» 7 сынып »



Ақжал негізгі мектебі














«Әдебиет көшбасшысы»

(7-сыныптар арасында сыныптан тыс сайыс)









Пән мұғалімі Оспанова М.М.
















2011-2012 оқу жылы



Мақсаты: оқушылардың әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім

деңгейін тексеру

Міндеттері: -оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, әдебиет пәніне қызығушылығын арттыру ;

-ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу;

-оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Ұйымдастыру формасы: зияткерлік сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, сандық белгі.

Сайыстың барысы:

Мұғалім: - Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7- сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Әдебиет көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер!

Әдебиет- сөз өнері. Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Ендеше ортамызға осы сайысқа қатысатын алғыр оқушыларымызды шақырайық: ... (7- оқушы қатысады)

Мұғалім:

-Әділ қазыалқасына бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- деп осы сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:


---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

(әділқазылармен таныстырады)

Мұғалім:

-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.

«Бәйге» кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 4 жауап берілген. Дұрыс жауапты бірінші болып айтқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

І кезең «Бәйге»

1. Ілияс Жансүгіров өлеңі.

а) «Өгіз бен бақа»

б) «Бөбек бөлеу»

в) «Қысқы жолда»

г) «Ақсақ киік»

2. Қадыр Мырзалиевтің өлеңі.

1) «Фантазия»

2) «Отырар»

3) «Сен ақылда болсаң екен»

4) «Кәрі қыран»

3. Әдеби ертегіні тап.

1) «Қырық өтірік»

2) «Ер Төстік»

3) «Аяз би»

4) «Толағай»

4. Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы.

а) 1893 жыл

ә) 1873 жыл

б) 1846 жыл

в) 1889 жыл

5. Жамбыл Жабаевтың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі кімге арналған?

1) Немересіне

2) Әйеліне

3) Баласына

4) Келініне

6. Мұхтар Әуезовтың туған жылы.

1) 1897 жыл

2) 1900 жыл

3) 1911 жыл

4) 1894 жыл

7. «Есіл бойында» әңгімесінің авторы кім?

1) Мұхтар Әуезов

2) Мағжан Жұмабаев

3) Сәбит Мұқанов

4) Ғабит Мүсірепов

8. Дулат Бабатайұлының туған жері.

1) Қостанай облысы

2) Семей облысы

3) Қызылорда облысы

4) Ақтөбе облысы

9. «Көксерек» повесінің авторы кім?

1) А.Құнанбаев

2) Ы.Алтынсарин

3) Мұхтар Әуезов

4) Ахмет Байтұрсынұлы

10. Көркем әдебиеттегі табиғат көркін суреттеу не деп аталады?

1) Пейзаж

2) Портрет

3) Кейіптеу

4) Әсірелеу

Әділқазы алқасынан ең төмен ұпай жинаған екі оқушыны анықтап, ойыннан шығару.

ІІ кезең «Дода»

Мұғалім: -«Білекті-бірді жығар, білімді –мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.Сайысымыздың келесі «Дода» кезеңінде 4 тақырып 5 сұрақтан әзірленген.Оқушы таңдаған тақырыбының 5 сұрағына жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады. Шарт бойынша ең ұпайы төмен оқушы тақырып таңдайды.















1. Халық ауыз әдебиеті.



1. Халық ауыз әдебиеті.



3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет





4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет



2. ХІХ ғасыр әдебиеті.



















1. Халық ауыз әдебиеті.

1 . Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.

(тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер, аңыз әңгімелер, батырлық жыры, ғашықтық жырлар, ақындар айтысы)

2. Ертегілер нешеге бөлінеді? (қиял-ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс-салт)

3. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» қандай жырға жатады ?

( Лиро-эпостық жыр)

4. Шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалы шығармалар. (Аңыздар)

5. «Ер Төстік » ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.

(Ер Төстік, Ерназар, Кенжекей, Жалмауыз кемпір, перінің қызы Бекторы, Шойынқұлақ, Күңке, Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Бопыхан,)


2. ХІХ ғасыр әдебиеті.

1. «Аягөз, қайда барасың?» Кімнің өлеңі?

(Дулат Бабатайұлы)

2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы кім ?

(Сүйінбай Аронұлы)

3. Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт,дел-сал ғып,

Түн басады салбырап. !

Кімнің өлеңі?

(А. Құнанбаев)

4. Махамбет Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі кімге арналған ?

(Исатай Таймановқа)

5. «Өзен» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)

3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет

1. «Шәкірт ойы » өлеңінің авторы кім ? (С. Торайғыров)

2. «Екі шыбын» мысалының авторы кім ? (А. Байтұрсынұлы)

3. «Адамдық борышың –

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, өзің біл» Кімнің өлеңі ? (Ш. Құдайбердіұлы »«Адамдық борышың»)

4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші » әңгімесі кім туралы жазылған? (Әміре Қашаубаев)

5. «Өтеген батыр» дастанының авторы кім ? (Ж. Жабаев)

4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет

1. «Ананың анасы» әңгімесінің авторы кім ? (Ғ. Мүсірепов)

2. «Даңқың қайда төске өрлеген

Екі жүз мың әскерменен

Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау...

... Тек жеңіспен көзін ашқан

Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба ...» Кімнің өлеңі ? (М. Шаханов)

3. «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің авторы кім? (Жұмекен Нәжімеденов)

4. Сәбит Мұқановтың автобиографиялық романын ата. ( «Өмір мектебі»)

5. «Білем сені, сүйем сені

Сыр сұлуы қарт анам

Сенсің мені әлдилеген

Туған сенен- мен балаң. » Кімнің өлеңі? (Ә. Тәжібаев)

Енді осы кезең бойынша ең төмен ұпай жинаған екі оқушыны ойыннан шығарамыз.

ІІІ кезең: «Жорға»

Мұғалім:Асыл-тастан,өнер-жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей отырып, келесі «Жорға » кезеңін бастаймыз.

«Жорға» кезеңінде 3 тақырып беріледі. Әр тақырыпта 20,30,40 ұпай сандары беріліп тұр және әр пайдың өз сұрақтары бар. Оқушы өзі қалаған сұрағына жауап береді. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз болып саналады.

40

Өлең- сөздің патшасы



Әдебиет теориясы



20

30





40

30

20



Кейіпкерлер әлемі.





40

30

20





1

. Әдебиет теориясы

1. 20 ұпай Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды? (Портрет)

2. 30 ұпай Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды? (кейіптеу)

3. 40 ұпай Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады?

(Диалог)

2. Өлең- сөздің патшасы

1. 20 ұпай.

Азырақ құлағың сал, ақын інім,

Ойымыз,рухымыз жақын,інім.

Ағалық правосын қолыма алып,

Келемін айтайын деп ақыл, інім!

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді? / А.Байтұрсынұлы «Ақын ініме»/

2. 30 ұпай

Әр адамның ішкі сыры-

Берік қойма сақталған.

Сол қойманың бір түпкірін

Достың досы-ақ ақтарған.

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

(Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»)

3. 40 ұпай

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар !...»

Кімнің, қандай өлеңінен үзінді?

( Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»)





3. Кейіпкерлер әлемі.

1. 20 ұпай

«- Ағайын, дау-жанжалдан қашқалақтасаң отыра бер үйіңде.Мен қызды алып қашқан бойы орыс арасына тайып отырамын.Сонан соң маған соқтығып көрсін!»

Кімнің,қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?

( Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесіндегі Қайсардың сөзі)

2. 30 ұпай

«Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар-жоғары идеялы есімдер».

Кімнің, қай шығармасындағы кейіпкердің сөзі?

(Б. Соқпақбаев «Менің атым-Қожа» Қожаның сөзі )

3. 40 ұпай.

«Биыл оның жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала-бозбаланың қалпына бейімделген. Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ.»

Кімнің, қандай шығармасындағы қандай кейіпкердің портреті?

(М. Әуезов «Ақын қонақтар» Абайдың портреті)



Мұғалім: Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушымызды анықтайтын кезге де жеттік.Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берсек. (Сайыс жеңімпазы мен сайысқа қатысушыларды марапаттау.)

- «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деп даналарымыз айтқандай,«Келешек-білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз. Сіздерге тек қана сәттілік тілейміз!






























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сыныптан тыс ж?мыс «?дебиет к?шбасшысы» 7 сынып

Автор: Оспанова Меруерт Муратканкызы

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175775


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства