kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып тыс ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ош келді?, ?з Наурыз! 
Ма?саты: : О?ушылар?а ?аза? хал?ыны? ?лы мерекесі Наурыз мейрамы ж?нінде т?сінік бере отырып, хал?ымызды? салт – д?ст?рін бойларына дарыту ар?ылы, шынайылы??а, адамгершілікке, ?лтжандылы??а т?рбиелеу.

1 – ж?ргізуші: - Армысыздар, ?стаздар, ата – аналар, ?она?тар! Б?рімізді? асы?а к?ткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойлары?ыз ??тты болсын!
Наурыз – «жа?а к?н» деген с?з. Б?л к?н – бізді? ата – бабаларымыз, ар?ы тегіміз мы?да?ан жылдардан бері тойлап келе жат?ан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз ??тты болсын! ?лысты? ?лы к?ні деп атал?ан Наурызда денсаулы?тары?ыз мы?ты болсын, тілектері?із ?абыл болсын!
Наурыз – к?ктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жа?а серпін, жа?а леп.


2 - ж?ргізуші: Наурыз – ?уаныш мерекесі,
Ба?ыт пен шатты? мерекесі.


1 - ж?ргізуші: Наурыз – шаруаны? мерекесі.
Наурыз – е?бек мерекесі.


2 - ж?ргізуші: Армысы?дар, халайы?,
Бармысы?дар, халайы?.
Наурыз тойын ж?п жазбай
Жылда ?арсы алайы?.-деп ?лысты? ?лы к?німен ??тты?тау?а ?ызыл?а? орта мектебіні? директоры ?уат Амангелді?лы Усин ша?ырылады.

1 - ж?ргізуші: Ал, халайы?, т?рмайы?,
?ндетейік жырлайы?!
Ортамызды ашайы?,
Ырыс тілеп б?л жыл?а,
Жырдан шашу шашайы?!

(Даярлы? топ, 1-ші, 2-ші сынып о?ушылары ?з та?па?тарын айту?а сахна?а ша?ырылады)
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып тыс ж?мыс»





Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! 
Мақсаты: : Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

1 – жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.


2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.


1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.


2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.-деп Ұлыстың ұлы күнімен құттықтауға Қызылқақ орта мектебінің директоры Қуат Амангелдіұлы Усин шақырылады.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

(Даярлық топ, 1-ші, 2-ші сынып оқушылары өз тақпақтарын айтуға сахнаға шақырылады)



2 - жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Шаттанамыз біз бүгін , қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

Сахнаға 2-ші сынып оқушылары әнімен шақырылады.
2 - жүргізуші:

Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.-деп ортаға 3-ші сынып оқушылары биімен шақырылады.

1 - жүргізуші:

Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!

Сахнаға 6-шы сынып оқушылары тамаша көрсетуге шақырылады.

2 - жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Сахнаға 4-ші сынып оқушылары әсем биімен шақырылады.
1 - жүргізуші:
Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.

Келесі кезекте 9-шы, 10-шы сынып оқушыларының орындауында тамаша қарсы алыңыздар.


2 - жүргізуші:

Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.-деп ортаға 5-ші сынып оқушылары «Ұлы тау» биімен шақырылады.

1 - жүргізуші:
Наурыз қыз сөзі
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай - тұлғалы өмірде айтылады жырымыз.-деп сахнаға 7-8-ші сынып оқушылары шақырылады «Мекенім Қазақстан» әні қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші:

Жайнатады гүл - гулді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді

Келесі 9-10-шы сынып оқушыларының орындауында тамаша.


1 - жүргізуші:
Ұлыс оң болсын!
Ақпан кетті араз боп Наурызбенен.
Наурыз жүр жоғалған бағын іздей,
Көктем жетті көрісіп жанын іздей

Ортаға мұғалімдер ұжымы көңілді биімен шақырылады.

2 - жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.

Келесі ауыл тұрғындарының орындауында салт-дәстүр. Қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:

Көктем келіп, жер көгеріп 
Дала ғажап тұрды енді 
Ауламыз да, алмамыз да, 
Кұлпырды да гүлдері.

Сахнаға Мубаракова Марал Сайлаубайқызы әсем әнімен шақырылады. 


2 - жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!








































Қош келдің, әз Наурыз!



































Өткізген: А.С.Искакова





Қызылқақ ЖОББМ, 2015-2016о.ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сынып тыс ж?мыс

Автор: Искакова Айгуль Сагатовна

Дата: 24.04.2016

Номер свидетельства: 322119


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства