Білімділік: Сын есім туралы т?сініктерін ?алыптастыру. С?йлем ішінен сын есімдерді табу, оларды? ?ай с?збен байланысып т?р?анын аны?тау. Сын есімні? сынды? ?асиеттерін ашу.
Т?рбиелік: ?ле?ді негізге ала отырып, о?ушыларды адамгершілікке, ??ыптылы??а, таби?ат?а ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу.
Дамытушылы?: ?діс-т?сілдерді пайдалана отырып, о?ушыларды? ой –?абілеттерін, с?здік ?орларын дамыту, тез ойлау?а, ж?йелі с?йлеуге, салыстыра білуге да?дыландыру.
Просмотр содержимого документа
«"Сын есімні? т?рлері"»
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлем ішінен сын есімдерді табу, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу.
Тәрбиелік: Өлеңді негізге ала отырып, оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ой –қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, тез ойлауға, жүйелі сөйлеуге, салыстыра білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, өлең үзінділері, үлестірлемелер, сызбалар.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру, ой түйіндеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру, аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз – қазақ тілі сабағы.
II. Үй тапсырмасын сұрау. (Зат есім)
Өткен сабақты қорытындылау ретінде үлестірмелер таратылады, оқушыларға 2 минут уақыт беріледі, бір-бірінің жұмыстарын өздері бағалайды.
Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Біз қай сөз табын өттік?
Енді біз бүгін тағы бір сөз табымен танысамыз. Ол үшін сендер мына сөзжұмбақты шешулеріңіз керек.
К
Ү
М
І
С
А
Л
Т
Ы
Н
Ө
Н
Е
Р
Л
І
К
Е
Ң
Ж
Е
М
І
С
Т
І
Ж
Е
Т
Е
Л
І
Ж
А
М
А
Н
Көп сөз....
Аз сөз...
... өрге жүрер
... киім тозбайды
... ағаш жерге иіліп тәжім етеді
... жігіт елге иіліп тәжім етеді
... жолдас жолда қалдырар
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім»
Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
Балалар, сөз жұмбақтағы мақалдарға оралайықшы.
Қандай сөз күміс?
Көп сөз қандай?
Аз сөз қандай?
Қандай адам өрге жүзер?
Қандай ағаш жерге иіліп тәжім етеді?
Қандай жігіт елге иіліп тәжім етеді?
Қандай жолдас жолда қалдырар?
Торкөздегі нені білдіріп тұр?
Иә, балалар, бұл сөйлемдегі сөздер заттың сапасын, сипатын, көлемін білдіріп тұр.
Оқушылардың өздеріне ереже шығарту.
Тақтадағы кесте бойынша анықтау.
ІV Қызығушылығын ояту.
«Топтастыру» стратегиясы бойынша ой қозғау.
қураған
биік
ағаш
пайдалы
қалың
жапырақты
жас
жуан
жемісті
зерек
жомарт
ақылды
көргенді
жігерлі
әзілқой
Сөз бір затқа қатысты. Зат біреу болғанымен, оның сан түрлі қасиеттері белгілері болады.
V. Ой-толғаныс.
Сын есімді оқытуда ерекше мән берілуі тиіс, мәселен негізгі сын есімдер мен туынды сын есімдердің, сапалық және қатыстық сын есімдердің өзара байланысы мен бірлігін таныту. Сын есімдердің сөздердің мағыналық топтарымен байланысын ашу мысалы, диаграмма сызу арқылы.
сұлу
реңді
өңді
шырайлы
мейірімді
Келбетті
көркем
көрікті
әдемі
Оқушыларға тапсырма: Үлгіге қарап, өзін қалаған сөзді доминант етіп ал да, диаграмма жаса.
Сергіту сәті.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
128- жаттығу, төмендегі сын есімдерді мағыналық жағынан байланысатын зат есімдермен тіркестіріп жазыңдар.
Үш тілді меңгеру. Зат есімді орыс тілінде «Имя существительное» деп атап, кто? деген сұрақ қойса, ағылшын тілінде «Noun» деп атап, What? Who? деген сұрақ қойамыз, ал сын есімді орыс тілінде «Имя прилагательное» деп атап, какой? какая? какое? деген сұрақ қоямыз. Ал ағылшын тілінде «Abjective» деп атаймыз.
Олай болса, балалар «Кім шебер аудармашы?» атты тақырыпта ойын ойнаймыз. Ол үшін екі қатардан үш оқушы шығып, алтын сандықтан бір мәтінді таңдап алады. Мәтінді үш тілге аударамыз.
Менің досымның аты- Айдана. Оның көздері дөңгелек, қап- қара. Шашы ұзын,бойы орта. Мінезі ашық.
Серый, жадный.... Волк
Рыжая, хитрая.... Лиса
Слабый,трусивый.... Заяц
Болшой, косолопый .... Медведь
Serik is the best boy in our class. He is clever and kind. He is a good friend. But he is fatt and very short.
VІІ. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың өздері жұмбақ құрастырып, соның ішінен заттың түсін, көлемін, дәмін білдіретін сөздерді табу. Сұрақ қою.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Тағы қандай жыл мезгілдері бар?
- Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың қандай ақынын білесіңдер?
(Интерактивті тақтада Абайдың суреті, «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс») жыл мезгілдер суреттері көрсетіледі.
Абай өлеңдерінен үзінді айтқызып, сын есімді табу.
Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың өздеріне өлең шығарту.
Бес жолды өлең жазу.
Бес минуттық эссе жазу.
VІІІ. Қорытынды.
Оқушылар сын есімді, оның сындық қасиеттеріне тоқталып кетеді.
Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
Зат есім заттың атын білдеіреді
дара, күрделі, негізгі, туынды
Сын есім заттың сынын, сапасын білдіреді
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма.
Ереже, сөздік жаттау.
«МЕНІҢ ДОСЫМ» тақырыбында шығарма жазып келу.
Тақырыбы: «Отбасы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады?»
Түрі: ата-аналармен сұхбат сағаты
Әдісі: тренинг, пікірлесу, шығармашылық тапсырмалар
Мақсаты: Республикалық «Сенің-құқығың –менің құқығым» атты онкүндік жоспарына сай ата-аналардың құқықтық сауаттылық деңгейлерін арттыруға ықпал ету. Балаға тәрбие берудегі жауапкершіліктерінің қалыптасуына көмектесу.
Жоспары:
І бөлім
1.Кіріспе сөз
2.Баяндама Тақырыбы: Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы Қ.Р.кодексі
ІІ бөлім.
1.Тренинг
2.Мәтінмен жұмыс «Бақытты отбасы»
3.Шығармашылық тапсырмалар:
-Бала деген кім?
-Ата-ананың міндеттері мен жауапкершіктері
-Ата-ананың тәулік бойынша іс-әрекеті
-Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігінің бір көрінісі
Қорытынды: (бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлерін білу)
Өту барысы:
1.Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздерді «Отбасындағы қарым-қатынастар үндестігін қалай құруға болады?» атты кездесуге шақырып отырмыз. Мақсатымыз республика бойынша "Сенің-құқығың - менің құқығым" атты онкүндік өтуіне байланысты құқықтық сауаттылығымызды арттыру. Қ.Р. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі күшіне енді. Ол кодексте жанұя, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеттері т.б. көрсетілген.
2.Тренинг. Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып бүгінгі кездесуден не күтетінін айтады. Содан кейін ата-аналарды топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
«Бақытты отбасы» мәтіні
Бір үлкен отбасында 100 адам өмір сүрген. Олар әрдайым тату болған. Оны естіген патша таңданып, үй иесінен себебін сұрайды. Сонда үй иесі қағазға бір сөзді 100 рет жазады. Ол қандай сөз жазды деп ойлайсыздар. (пікірлерін білдіру)
3.Ата-ананың бас қуанышы –бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі –бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, түсінушілік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б. кісілік келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян.
Сонымен «Бала деген кім?» деген тапсырманы орындайық. (қағазға жазып көрсетеді)
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім, тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеніші – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни 6 сағат мектепте болса 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
Келесі тапсырмада неке және отбасы туралы кодексте айтылғандай, ата-ананың міндеттері мен жауапкершіліктерін білуге тиіспіз, соны қағазға түсіресіздер.(кестеге жазып береді)
Ата-ананың міндеті
Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеу;
Білім алуына көмектесу;
Жүйелі білім алуына жағдай жасау;
Ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектеп өмірімен танысуға;
Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ т.б улы заттарды қолдануға, балаға зиянды екенін түсіндіруге;
«Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» - деген қағиданы берік сақтауға міндетті.
Ата-ананың жауапкершілігі
Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты;
Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;
Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты.
Баланың адамгершілік тәрбие алуы үшін, өз отбасында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты.
Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты
Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың саламатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.
Келесі тапсырма ата-ана диаграмма құрастыру арқылы бір тәуліктегі жұмысын бөліп көрсетеді. (сағат бейнеленген қағаз беріледі)
Рольдік ойын: әр топ жанұя мүшелерінің рөлін алып баламен сөйлесу мәнерін көрсетеді. (сөздер: ата,әже,әке-шеше, апа-аға, іні)
Қорытынды: Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды.
Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- ол перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
Соңында Бүгінгі сұхбат сабағынан алған әсерлеріңіз? деген тапсырманы орындайды.