kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сыйнар ем Ана деген т??ірге»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? ма?саты: 

Сыйнар ем Ана деген т??ірге деген с?зіні? ма?анасын т?сіндіру.??рметті аналар, ?стаз апайлар, ?она?тар!

Б?гін бізді? мектепте д?бірлі той,

Ден ?ойып ты?да?ыздар, к??ілді ?ой.

Жырдан шашу шашылсын, к?й к?мбірлеп.

?ош келді?із халайы? сергісін бой, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сыйнар ем Ана деген т??ірге»»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сыйнар ем Ана деген тәңірге»



Тәрбие сағатының мақсаты: 

Сыйнар ем Ана деген тәңірге деген сөзінің мағанасын түсіндіру.Құрметті аналар, ұстаз апайлар, қонақтар!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп.

Қош келдіңіз халайық сергісін бой, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Ке жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде дер орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Өздеріңізге арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Көктемнің шуақты күндеріндей, сан-алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!

Балаға ең жақын, сіздер-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Әлемдегі ең ғажап, ең әсем сөз бұл – АНА. Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры биік.

Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі – алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.

 «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайлап заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеген, әнмен әлпештеген, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттық жебеушісі, сәбилердің бақыты.

Кезекті мектебіміздің жарық жұлдыздар, жас өрендер, Жайдарман әзіл – сықақ КВН құрамасының ең үздік «Сарыөмір жастары» командасына береміз.

 Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен сол жақын маған

Ол жанымыд жүрсе, мен де

Батырларша батылданам

Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

Дана: Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Бәріңізде анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Ботагөз: Көзіме көзің түссе күлетінмін,

Жаның еріп тұрғанын білетінмін.

Түсіндіріп тілсіз ақ «әуп етші» деп,

Қолыңнан түскім келмей жүретінмін.

Сен оның біріне де көнетінсің

Бір иіскеп шаршауыңды жеңетінсің.

Көңілімді көзіңмен танып қойып,

Жоқты да бар деп тауып беретінсің.

Құшағыңды мәңгіге сүйіп кеттім,

Кеудеңе басқан сайын биіктеттің.

Жүрегі бала үшін жаратылған

О, ана! Сізге не сый үйіп төктім.



 Ана деген асылы ғой даланың

Ана деген сағынышы баланың

Бұл өмірде қуанышпен нұр төккен

Бас иеміз алдында біз ананың



Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Ән жұмбақ» сайысының жеңімпазы ЕлеуовАзаматтың орындауындағы «Алтын аналар» атты әнін қабыл алыңыздар.



Анаға жетер баға жоқ,

Анасын сүймес бала жоқ

Нанасың достым бас иіп

Нанбасыңа шара жоқ

Тоғыз ай сені көтерген

Үмітім сенсің өтелген

Ақ сүтіңді ақтауға

Жетерме менің парызым.



 Сыйлаған маған өмірді

Анашым менің аяулы

Жүрегі жұмсақ, көңілі

Күн шуақты саялы

Мейірімі анам күн нұры

Шапағы мол шашылған

Сен өмірдің бұлбұлы

Гүлің менмін ашылған.



 Ана болашаққа өмір сыйлайды екен

Жатты да жамандыққа қимайды екен

Ананың құрсағына сыйған бала

Даланың құшағына сыймайды екен.

Әуен ғой, үзілмейтін ол саналы

Әлемнің бейбітшілік аңсар әні

Жауыздық жер бетінен өшер еді

Анадай адамдардың болса бәрі.



Мың бұралған арулар аңдып басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық, деп ортаға «испан» биімен бишілерімізді шақырамыз.



О, анашым, таянышым тірегім

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Туған жердің жайнап тұрған даламның

Өзіңе деп гүлін үзіп алармын

Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым

Міне гүлім менде гүлдей балаңмын.



Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын

Ана деген сөзді де

Аға деген сөзді де

Әке деген сөзді де

Әпке деген сөзді де

Ата деген сөзді де

Апа деген сөзді де

Ойлап тапқан балалар!

Күнім, жарым дегенді

Құлыншағым дегенді

Ботақаным дегенді

Қошақаным дегенді

Айналайын дегенді

Толған айым дегенді

Ойлап тапқан аналар

Ақ жаулығын анамның

Алатаудың шыңындай

Ардақтысы ол адамның

Ұқсатамын мен күнді

Ақ жаулығы анамның

Ақ көңілі секілді.

 «Отбасы –шағын мемлекет»деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел –ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңгі болашақ балаларды тәрбиелеуші. Ортаға сыныбымыздың әншілері, әсем әнімен шақырамыз. Қабыл алыңыздар.

 тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Бізге жарық сыйлаған кім? Ана...

Жылатуға қимаған кім? Ана...

Біз деп жанын қимаған кім? Ана...

Тілеуіңді тілеген кім? Ана...

 Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарқаны тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

 Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз емес пе?

Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

 Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Сыйынар ем, АНА деген тәңірге» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Сыйнар ем Ана деген т??ірге»

Автор: Кунбаев Мердан Гариполлиевич

Дата: 16.04.2016

Номер свидетельства: 319248

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Сыйнар ем, Ана деген тәңірге!" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(50) "syinar_iem_ana_dieghien_t_n_irghie_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "461145"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1520598657"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства