Сабақтың тақырыбы | Сәрсенбі.Cан есімдерді қайталау |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға тақырып төңірегінде білім беру. Оқушылардың сөздік қорларын байыту. |
Сабақтың міндеттері | 1.Оқушылардың тақырып төңірегінде білімдерін кеңейту 2. Оқушылардың ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын жетілдіру, сөздік қорларын арттырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өздігінен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру 3. Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. |
Оқыту нәтижесі | 1.Сынып оқушыларының тақырып бойынша білімдері кеңейеді. 2. Оқушылардың қазақша ойлау, жазу, сөйлеу дағдылары дамиды. 3. Үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдануға үйренеді. 4. Топтасып жұмыс істеуге үйренеді, өз-өзіне деген сенімдік көзқарас қалыптасады, зерделеуге үйренеді. |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
Сабақтың әдіс-тәсілі | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, қайталау, топтық жұмыс, кластер, жұптық жұмыс, көрнекілік әдісі |
Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, форматтар, маркерлер, презентация, кеспе |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау |
І. Ұйымдастыру кезеңі: -сәлемдесу; -кезекшімен сұхбат; -оқушыларды топқа бөлу | Оқушыларды топқа бөледі | Кезекшімен сұхбат. Топқа бөлінеді. | |
ІІ. Білу: 1) Сабақтың тақырыбын анықтау. Тақтада: Қай күн жоқ? Дүйсенбі Сейсенбі .................... Бейсенбі Жұма Сенбі Жексенбі 2) «Сәрсенбі» сөздік ойын. С- Ә- Р- С- Е- Н- Б- І- | -Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық. -Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сәрсенбі». Бүгін сендер «Уақыт» модулі бойынша сөздермен танысып, сөздік қорларыңды толықтырасыңдар. (Сабақтың барысын айтып кетеді) -Балалар, жаңа сабақты меңгеру үшін сендерге дайындалған тапсырмамен танысайық. Тапсырманың шартын түсіндіреді. | Сабақтың тақырыбын анықтайды. (Сұрақ-жауап) Өздерінің сұрақтарына жауап береді; | 1 ұпай 1ұпай |
ІІІ. Түсіну: Жаңа сөздермен жұмыс (жеке жұмыс): Cәтті-удачный үнемдеу - экономить түстен кейін –после обеда өз уақытында -своевременно -сөздерді дауыстап оқу; -оқушыларға оқыту; -сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру. | -Жаңа сөздерді дауыстап оқып, түсіндіреді -Жарайсыңдар! | Жаңа сөздерді дауыстап оқып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады | 1ұпай |
ІV. Қолдану 1).Мәтін. (топтық жұмыс; 148- бет 1-тапсырма) 1-топ. Мәтін бойынша кластер құрастырады. 2-топ. Мәтін бойынша өзара сұхбат құрастырады. 3-топ. Мәтінді IIIжақта оқиды. -мәтіннен жаңа сөздерді тауып, қай сөзбен тіркесіп тұрғанын айту; 2) -Берілген сан есімдерді сөзбен жазып, топ ішінде бір-бірін тексереді. | мәтінмен жұмыс жүргізеді. Өздері құрастырған мәтінді мәнерлеп оқиды Тапсырманы түсіндіреді Грамматикалық тапсырмаларды түсіндіреді | Топта мәтінді оқып, аударады; Мәтіннен жаңа сөздерді тауып қай сөзбен тіркесіп тұрғанын айтады;
Сұрақтарға шапшаң жауап береді | 2 ұпай 1 ұпай 1 ұпай |
V. Талдау Топтық жұмыс: 1-топ. Сәрсенбінің сәтті күні не істейсің? 2-топ: Ойды аяқтау. Мен үшін сәрсенбі күні ..................................... . 3-топ: ойды жалғастыру. Мен үшін сәрсенбі сәтті күн. Өйткені, ............................ . | Әр топтың тапсырмасын түсіндіреді | Әр топ өз тапсырмасын орындап, қорғайды | |
VІ. Жинақтау (қорыту) Сұрақ-жауап ұйымдастыру Жаңа сөздерді дұрыс аударып, оқу. | Бүгін сабақта қандай тақырып өттік? Бүгін сабақта қандай жаңа сөздер үйрендіңдер? | Терме диктант. Жаңа сөздерді естеріне түсіреді | 1 ұпай |
ІV. Үй тапсырмасы: 148-бет. 3-тапсырма. Жекелей жұмыс. Деңгейлік тапсырма. | -Балалар, сендер осы аралда демалып жүргенде, мемлекеттік тілді ұмытып қалмау үшін үй тапсырмасын беремін. Үй тапсырмасын түсіндіреді | Үй тапсырмасын жазып алады | |
VI. Бағалау: 9 ұпай – «5» 8 ұпай – «4» 7-5 ұпай – «3» | Әр оқушының жетістігі туралы ауызша айтады | Ұпайларын санап, бағаларын айтады | 1 ұпай |
VIІ. Рефлексия «Бармақ» әдісі | | «Бармақ» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді. | |