Қажетті оку құралдары: түрлі-түсті суреттер, үнтаспа, шаблондар. Сабақтың барысы
1.Көңілді жүздесу
Сабақ алдында қағаздан қиылған жүрекшелер қобдишаға салынып қойылады.
— Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме өте қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздерінді көріп,сүйсініп тұрмын.Ал, енді мен сендерді көңілашар сәтіне шақырамын.
— Қараңдаршы, сендерді қандай керемет сыйлықтар күтіп тұр. Қобдишатүрлі-түсті жүрекшелерге толы екен. Есімізде түстерін сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен: қызыл - адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт - мейірімділік, көгілдір - сүйіспеншілік, жасыл -әдептілік, көк - ізеттілік, ақ - қайырымдылық.
- Балалар, осы жүрекшелерді алып, биікке ұшыруға тырысайық, Балалар жүректерді аспанға ұшырады.
- Қараңдаршы, қандай керемет! Біздің сыныптың іші осы құнды қасиеттерге толды. Балалар, бұл түрлі-түсті кағаздан жасалған жүрекшелердің ұшқанын негеұқсаттыңдар? Балалардың жауаптары.
-Ондай болса бәріміз бірге мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.
Сәлем, Күн-анамыз! (қол жоғарыда)
Қуанатын күн бүгін (қол ұстасады)
Қайырлы таң! Қайырлы күн! (қол көкіректе)
Күліп шықты күн бүгін! (қол жоғарыда).
2.Тыныштық сәті (үнтаспадан баяу классикалық әуен естіліп түрады). Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.
Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар- бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, кандай жақсы болар еді!
Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нүрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді, балалар көздеріңді аша қойыңдар. Оқушылардың өзіндік пікірлерін білу үшін мынадай сұрақтар қойылады.
- Балалар, өзіміздің жан-дүниеміздегі қандай өзгерістерді сезіндік?
- Бұл сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды алып келдік?
- Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
Осы әлемнен алып келген мейірімділік нұрымен жер бетін нұрландырайық. Алдарыңдағы жүрекшелерге қандай мейірімділік жасайтындарыңды жазып, тақтадағы жүреккеорналастырыңдар. (Балалар жазылған жүрекшелерін жүрекке жапсырады.
3.Сергіту сәті
- Өте жақсы, балалар!
- Сендерге сиқырлы әлем ұнады ма?
- Енді мен сендерді сергіту сәтіне шақырамын,
Кел, балақан, балақан,
Шапалақта алақан, алақан,
Жай, жай, жай!
Қозғап барлық денені
Қолды қатты соқ енді.
Сарт, сарт, сарт!
Тықылдатап таяқты,
Ақырын бас аяқты.
Жай, жай, жай!
Айтқан кезде өлеңді,
Қатты басқын еденді.
Тарс, тарс, тарс!
4.Әңгімелеу.
Балалар, мен сендерге «Мейірімділік» туралы әңгіме айтып берейін.
Мұз сұп-суық еді. Күн ұқзаққа шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруденжалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесіменқарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді.
Ол өткен-кеткендерден мейірім күтіп ұзақ тұрды. Мейірім үшін өзін құрбанетуге, еріп су боп ағып кетуге бар еді.
Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей
көретін. Кенет мүзға көзі түсті. Сол-ақ екен, күлімдеді.
- Неткен сұлу едің? - деді Күн.
- Мен бе, - деді мұз?
- Тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты. (Әңгіме сюжетті суреттерді көрсете отырып айтылады).
- Мұз қандай еді?
- Оны ерітуге неге адамның мейірімі жетпеді деп ойлайсыңдар?
- Мұз мейірім үшін неге су болып кетуге дайын еді?
- Мұзды ненің мейірімі ерітіп жіберді?
Дәйексөз. «Күннен жылу тарайды,анадан мейірім тарайды» мақалының мазмұнына түсінік беру.
Балаларға күннің жылуы мен ана махаббатының өзара ұқсастығын айтып берудіжәне өз аналарының жақсы қасиеттерін айтып беруді ұсынады. Педагог балалардың жауабын құптап толықтыра түседі.
- Балалар,байқап қарасаңдар аналардың махаббаты қандай керемет!
Әңгімелеу. «Анаға сыйлық» деген әңгіме айтылады:
Аналарының туған күніне байланысты үйде қызу қарбалас басталды. Айнұр анасына қағаздан әдемі гүл жасауды қолға алды, ал Ермек ақ қағазға түрлі-түсті қарындашпен сурет салып отыр. Кішкентай Асқар болса анасына не сыйлауды білмей басы қатты. Ана-сына бір пайдасын тигізсе,сол үлкен сыйлық екенін ол білді. Ойланып отырып сөреде тұрған үлкен гүл салғышқа көзі түсті. Соны тап-таза етіп сүртіп қойса, анасының ерекше қуанатынын білді. Орынынан қуана секіріп тұрған ол бойы жетпегендіктен аяғының астына орындық қойып, гүл салғышты алуға тырысты. Қолы жетуі жетті-ау, бірақ орындық сырғып кетіп гүл салғышпен жерге қоса құлады. Күл паршасы шыққан гүл салғышқа қарап қорқып кеткен Асқар жылап жіберді. Оқыс шыққан дауысқа үйдегілердің бәрі жүгірді. Анасы бәрінен бұрын жетіп, ұлын жерден көтеріп алды.
- Құлыным, еш жерің ауырмады ма?! - деп, ұлын жұбатып, айналып, толғануда. Өксігін баса алмаған Асқар:
- Ана, мені кешірші,сізге сыйлық жасайын деп едім, - деді. Ал, анасы:
- Гүл салғыш деген не тәйірі, маған сенің амандығыңнан артық сыйлық жоқ бұл өмірде- деп күлімсіреді.
Мұғалім әңгіменің мазмұнын балалар қалай түсінгенін сұрақтар қою арқылы тұжырымдайды.
- Әңгіме желісінде ана мен бала арасындағы махаббатты,мейірімділікті қай жерден көріп тұрсыңдар?
- Балалары анасына өз сүйіспеншіліктерін қалай білдіргісі келді?
5. Ойын «Мейірімді перілер»
- Балалар, мен сендерді «Мейірімділік перілері» ойынын ойнауға шақырамын. «Ертеде адамдар ұйықтау дегенді білмейтін. Олар күндіз-түні жұмыс істеп, қаттышаршайтын, сонда мейірімділік перілері кемекке келеді. Далаға қараңғы түсе бастағанда олар келіп, адамдарды ақырын сипап, қызықты түстер жібере бастады. Сөйтіп адамдар үйықтап қалады, Ал, адамдар ұйықы мейірімділік перілерінің ісі екендігін білмейтін. Өйткені олар көзге көрінбей, адамдар сияқты сөйлей алмайтын. Сендер мұны білмейтін бе едіңдер? Олар әлі де бізге келіп тұрады, ұйқымызды күзетеді».
«Мейірімділік перілері» ойынын ойнайық. Менің оң жағымда отырғандар «Мейірімділік перілері» болады, ал сол жагымда отыргандар адамдарболады. Кейін ауысамыз. Бастайық. Түн. Адамдар ұйықтауға жатады. «Мейірімділік перілері» үшып келіп, оларды сипап, жылы сөз айтып, ұйықтатады. Балалар-адамдар жерге жатады да. «ұйықтайды», балалар-перілер әр балаға барып, ақырын сипап ұйықтатады. (Содан сон рөльдер ауысады).
6. Жүректен жүрекке.
Балалар! Сендер бұл сабақта айналадагы достарыңа, табиғатқа мейірімді болуға. жақсылық жасауға үйрендіңдер. Осы сабактан кейін мен сендердің мейірімді, жақсылық жасауға дайын жүретіндеріңе сенемін.
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза су мейірімді!
- Бэрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді апайлар мейірімді!
- Тату-тәтті достарым мейірімді!
- Айнала қоршаған адамдар мейірімді!
- Бәрінен де, алақаны жібектей, күлімдеген күндей ең аяулы жан Анам
Тақырыбы: «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы»
Мақсаты:Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына . Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру.Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау,мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.Тіл- қай ұлтта қай елде болсада құдіретті,қастерлі.Ана тілімізді дамытып,орыс тілін қолданып,ағылшын тілін үйренеміз деген мақсатпен оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық:Ойлау, есте сақтау,ой түйіндеу,ауыз екі сөйлеу, ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік:Шешендік сөйлеуге, сөз астарын мағыналы түрде сипаттап көрсету,салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сәлемдесу,топқа бөлу,Топ мүшелерінің ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
2. Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ. Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім. Таза терең өткір, күшті, кең тілім. Таралған балаларын бауырына Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім. «Мақал – сөздің мәйегі», «Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді», - деген қанатты сөздермен «Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы» атты тіл білгірлер сайысын бастаймыз. Ортаға сайыскерлер шақырылады.
Әділ шешім беретін әділқазылармен таныстырлады.
Ойын барысы:.. Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
1. «Ойлы болсаң,озып көр» (Мақалдарды жалғастыру)
2. «Тапқыр болсаң тауып көр» (Берілген жұмбақтарды шешу.Оны қазақша,орысша,жауап беру)
3. «Біз білмейтін бір мақал» (Мақалдың мағынасын ашу)
4. «Айшықты сөздер» (Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын толық ашу.)
5. «Кім жүйрік» (Берілген жұмбақтың шешімін табу арқылы, соған сәйкес мақал-мәтел құрастыру). Ойын барысы түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз, қатысушыларға сәттілік. Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар» Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар» Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды, Оқу менен еңбекке сал барыңды.
Жүргізуші:Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік ойға, сол алда,-дей келе І- айналымды бастаймыз.
І -айналым «Ойлы болсаң,озып көр»
«Сұңқар» тобына: 1. Алдыңғы арба қайда жүрсе,... (соңғы арба сонда жүреді.) 2. Сын түзелмей, (мін түзелмес). 3. Кісінің кісілігі, (Киімінде емес, білімінде). 4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ). 5.Байлықтың кілті – (ғылым…).
1. Әдепті бала – арлы бала,( Әдепсіз бала сорлы бала ).
2. Білгенің бір тоғыз,...(білмегенің тоқсан тоғыз).
3. Ғылым теңіз... (Отбасы - шуақ)
4. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)5.Еңбек ердің көркі ……. (ер елдің көркі)
1. Көз - қорқақ (қол – батыр).
2. Батыр туса - ел ырысы... (Жаңбыр жауса – жер ырысы).
ІІ айналым «Тапқыр болсаң тауып көр» Жүргізуші: Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша,) айтуларың керек. 1-топ: Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-frost) 1-топ: Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег-snow) 1-топ: Бір кісі бар дүниеде,
Шемішке шағып тұрады.
Бұл кісіден әр уақыт,
Әркім мезгіл сұрайды.(сағат-часы-watch)
1-топ. Жұмбақ шешкіш кім екен? Сыртқа шықсам түн екен Моншақтарын шашып ап, Бір сары қыз тұр екен (ай-луна-moon, жұлдыздар-звезды-stars)
2 топ. Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка-ruler) 2-топ. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц-rabbit) 2-топ. Жолбарыстан аумайды, Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка-cat)
2-топ. Бір жәшік тор бұрышты сырғасы бар,
Көтерсең сырғасынан дауыс шығар.
Қанша алыс болсаңдағы екі сырға,
Естіліп бір – біріне жақын қылар. (телефон-telephone ) 2-топ. Жаны жоқ, болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (кітап-книга-book)
ІІІ айналым: «Біз білмейтін бір мақал» Мағынасын ашу
2-топ: 2. Өзін -өзі сыйлаған ер бақытты,Өзін — өзі билеген ел бақытты. Мағынасы: Адам әуелі өз қадірін білсе ғана ел мен жер қадірін де біле алады.
Жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе, Қызыққаннан келмей ме жүре бергің. Сондықтан да келеді біле бергім Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып, IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер» Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр топқа тұрақты сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын толық айтуларың керек.
1-топ 1.Төбесі көкке жетті (қуанды) 2. Ине шаншаржер жоқ (бос жер жоқ) 3. Қойаузынаншөпалмас (жуас)
4. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)
5. Тілдіңұшындатұр. (ұмыту, жеткізеалмау)
2-топ.
Көзге түртсе көргісіз. (қараңғы)
Бетінен оты шықты. ( ұялды)
Араларынан қыл өтпейді. (достық)
Күлін көкке ұшыру. ( құрту)
Жүрек жалғап алды. (тамақтанды)
Көз шырымын алу. ( ұйықтады)
Көзді ашып-жұмғанша ( тез,лезде)
5 – айналым. «Кім жүйрік» Жүргізуші: Жұмбақ жасырылады ды, оны шешеді, соның жауабына мақал айтады. 1 топ. Отыз екі батыр, Екіге бөлініп жатыр (тіс,) Отыз екі тістен шыққан сөз, Отыз рулы елге тарайды. 1-топ Бір беткейде екі көл. (көз,..) Көзің ауырса – қолыңды тый, Ішің ауырса – ауызыңды тый. 1-топ. Ұзын ұртты сарылар, Қойнында толған наны бар (бидай)Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен. 2-топ. Еш тесікке тұрмайды, Ол жоқта жер құрғайды. (су.) Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар.