Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рім ??дайберді?лы «Е?лік - Кебек» поэмасы»
Автордың аты жөні: Нурушева Ақкүміс Мұқташқызы
Мекеменің аты: Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы
Ауданы: Шыңғырлау
Аулы: Ащысай
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Уильям Уорд,ағылшын ағартушысы.
ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕП:
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласындағы жиырма тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты, бұл кездейсоқ емес – адами капиталдың сапасы әр адамның білімділігі мен кәсіби шеберлігі деңгейімен тікелей байланысты.
Шағын кешенді мектеп дегеніміз – біріккен сынып құрамында шағын оқушылары бар жалпы білім беретін мектеп.
Шағын кешенді мектептің тарихы ерте кезден сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты, ХҮІІІ ғасырдың 60- жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің ділгір мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Қоғамымызда болып жатқан елеулі өзгерістер білім беру саласына өз ықпалын тигізуде.
Қазіргі таңда қазақстандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру. Себебі, республикамызда шағын жинақты мектептердің саны соңғы он жылда екі есе өсіп, мектептердің басым көпшілігін құрап отыр.
Оқушыларды даму ерекшеліктері мен деңгейлерін жан-жақты ескере отырып, олардың өздігінен білім алу, өз-өзін ұйымдастыру және мүмкіндіктерін таныта білу қабілеттерін қалыптастыру- шағын жинақты мектептің басты міндетті.
Қазіргі жаңа типтегі білім беретін мектептегі оқу мен тәрбие үрдісінің жаңа мазмұнын белгілеу, жетілдірілген оқу бағдарламаларын меңгеру оқу тәрбие жұмысын, оның ішінде әрбір сабақты ғылыми негізінде ұйымдастыруды талап етеді.
Шағын жинақты мектептердің жалпы білім беретін мектептерден айырмашылығы - оқушы санының аздығына байланысты бірнеше сыныптардың біріктіріліп оқытылуы. Бірнеше сынып біріктірілгендіктен мұғалімнің апталық жүктемесіне өзгерістер енгізіледі. Мұғалім бір уақытта, яғни, 45 минутта екі немесе үш сыныппен қатар сабақты өткізуге мәжбүр болады. Сондықтан да біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру сол мектептің мұғалімдеріне де, жас мамандарына да қиындық туғызары сөзсіз. Біріктірілген сыныптарда сабақты өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау, әрі қолдана білудің өзі ұстаздардан кәсіби шеберлікті, ізденімпаздықты талап етеді. Осыған орай білім берудің формалары мен сабақтың түрлерін өзгертіп отыру тиімді. Шағын жинақты мектеп ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты тиімді ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдану көзделеді.
Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтардың білім дәрежесіне байланысты. Осы орайда Қазақстанда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуге білім беру ісі басты құрал болып табылады. Ол үшін Отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.
Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік саясат негізінде нормативті құқықтық актілерде негізделген. Әсіресе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында, Жалпы орта білім мазмұны және жүйесі Тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білімді дамыту Тұжырымдамасында нақтыланған.
Мектеп оқушысының бағдарламаға сай білім алуы көптеген жағдайлардың шешілуіне байланысты. Мысалы, оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету мектептің түріне де тәуелді.
Шағын жинақты мектептер түгелге дерлік ауылдық жерлерде орналасып, әлеуметтік саланы құрап отыр. Олардың проблемалық мәселелері болып оқушылар аз сыныптардың, біріктірілген сыныптардың ақпараттық коммуникациялық технологиялардың аз қолданылуы, мұғалімді даярлауда мамандандырудың тар бейімділігі (бірпәнділік) алудың, толық оқу жүктемесімен қамтамасыз етудің мүмкін еместігі, бұл мектептердің жартысына жуығымен ыңғайластырылған үй жайларда орналасуы. Шағын жинақты мектептердің оқушыларының білім сапасын арттыру кешенді жұмыс жүргізілгенде ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жинақталған мектептер мәселесін шешу үшін бірқатар іс - шаралар белгіленген. 2011 жылдан бері шағын жинақты мектеп оқушыларын сапалы біліммен қамтуға арналған резустық орталықтар жұмыс жасап келеді. Ауданымызда да 2011 жылдан бері ресурстық орталықтар ашылып, жұмыс жасауда.
ШЖБМ- нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
Балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
Дәптер тексеруге, жеке дара өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
Оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
Оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
Бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғарғы сынып (3-4 сынып) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
Әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
Аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.
ШЖБМ- нің жоғарыда келтірілген артықшылықтары мен қоса, кемшіліктері де бар:
Мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
Сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
Мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
Мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
Өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
Белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
Оқушылардың өздік жұмысы басқа оқушыларының шуылы, кедергі жасау барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мақсат - еліміздің әлеуметтік экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға дайындау. Осы мақсатты орындаудың ұстанымы жалпы орта білім беретін мектептердің оқу -тәрбие үрдісін жақсартуға келіп саяды. 2014 жылы 23 қазанда аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – тірек мектептер (ресурстық орталықтар) қызметін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, тәжірибе алмасу.
Семинарға мектеп басшылары, әдіскерлер, шағын жинақты мектеп пен тірек мектеп (ресурстық орталық) басшылары және педагогтары қатысты.
Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің 2014-2015оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспары бойынша ағымдағы жылдың 15-желтоқсан күні Шыңғырлау орта жалпы білім беретін тірек мектебі базасында «Шағын жинақты мектептегі білім беру процесі: проблемалар, тәжірибелер және жаңашылдық» тақырыбындағы аймақтық семинар өткізді. Семинарға әдіскерлер, шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің (ресурстық орталықтар) басшылары, педагог қызметкерлері қатысты.
Семинардың мақсаты - шағын жинақты мектептердегі білім беру процесін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау, жаңашылдық идеяларды ортаға салу, өңірлік тәжірибе алмасу.
2015 жылдың 10 сәуірінде Л.Қылышев атындағы ОМ базасында «Сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында тірек мектепте (ресурстық орталықта) ШЖМ білім беру ресурстарын біріктіру» тақырыпты семинары өткізілді.
Семинарға аудандық әдістемелік кабинеттерінің шағын жинақты мектептерге жетекшілік жасайтын мамандары, әдіскерлер мен тірек мектеп (ресурстық орталық), шағын жинақты мектеп басшылары, мұғалімдері қатысты, барлық қатысушылардың саны – 35.
Семинардың мақсаттары: сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердің (ресурстық орталықтар) білім беру ресурстарын нығайту бойынша тиімді формаларды, әдістерді анықтау. Л.Қылышев атындағы ОМ тірек мектептің (ресурстық орталықтың) озық педагогикалық тәжірибесімен танысу.
Біздің мектепте шағын жинақталған мектептер қатарына жатады. Өйткені біздің мектепте 3-4, 5-6 сыныптар біріктірілген. Соған қарамастан мектебіміздегі оқу- тәрбие үрдісі жақсы жолға қойылып, еліміздің жас ұрпағының дүниежүзінің өркениетті елдері жастарымен терезесі тең дәрежеде білім алуына, біздің мектеп ұжымының жауапкершілігі күннен - күнге артып келеді. Осының арасында оқушылардың білім сапасы артып, әдістемелік жұмыстың жағдайы жақсарып, мұғалімнің кәсіби шығармашылық деңгейі жоғарылады. Қазіргі таңда Кэмбридж бағдарламасымен 5 мұғалім оқып, жұмыстануда. Әдістемелік бірлестіктерде жүйелі жұмыс жасай бастады. Біздің мектептің материалдық -техникалық жағдайы өте жақсы. Мектепте биология, химия, физика және мультимедия кабинеттері жаңа компьютерлермен, интерактивті тақтамен жабдықталды, интернет желісіне қосылды. Мұғалімдер де, оқушылар да олармен жұмыс жасау біледі. Оқушыларға сабаққа қосымша даярлануға мүмкіндіктер бар. Кітапхана да жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. 2014-2015 оқу жылында біздің мектеп Амангелді және Жаңатұрмыс негізгі мектептерімен тығыз байланыста болып көптеген іс – шаралар оздырылды. Атап өтетін болсам, қараша айында Амангелді негізгі мектебінде мектепаралық семинар оздырылды, бұл семинарға 1 және 2 санатқа өтініш білдірген мұғалімдер қатысып, сабақ беріп, тәжірибе алмасып қайтты. Ал қаңтар айында аталған мектеп мұғалімдері біздің мектепке келіп тәжірибе алмасты. Сонымен қатар желтоқсан айында 5-8 сыныптарға арналған мектепішілік кіші олимпиадаға Амангелді және Жаңатұрмыс негізгі мектептерінің оқушылары келіп қатысып, өз білімдерін көрсетті. Алдағы оқу жылында осы аталған екі мектеп оқушыларын біздің мектепте физика, биология, химия және информатика пәндері бойынша сарамандық жұмыстар өткізу және сабақтарға қатыстыру жоспарланып отыр.
Мектептегі білім берудің сапасын зерттеудің мақсаттарына байланысты педагогикалық мониторингтің жетістікке жеткізген оқу- тәрбие үрдісімен құрылымының нәтижесін анықтау бағытын ең маңызды деп ойлаймыз. Өйткені диагностика көмегімен білім беру проблемаларын анықтаймыз, білім беру нәтижелерінің жетістігін қорытындылаймыз, білім беру үрдісінің кезеңдерін жоспарлаймыз.
Жыл бойы оқушылар арасында мониторинг жүргізіліп, олардың деңгейлері анықталады. Барлық тексеріс бақылау нәтижелері әр сынып бойынша әр тоқсанда гистограммалар арқылы көрсетіліп, оқу жылы соңында пән бойынша бірлестік басшыларының рейтингілік көрсеткіштерімен сәйкестендіріп, бірлесе келіп, ортақ көрсеткіштерге келеді. Атап айтқанда, мектеп бойынша сабақ үлгерімі толық жүзеге асырылған. Білім сапасын пайызға шаққанда жыл сайын жоғары көтеріліп келеді. Сонымен бірге ҰБТ-ның қорытындысының салыстырмалы сараптамасының да көрсеткіштері едәуір жоғарылап отыр. ҰБТ -ға жүйелі дайындық, апта сайын тестілеу, педагогикалық кеңестерде, директор жанындағы кеңесте, әдістемелік бірлестіктердің отырысында нәтижесін талқылау, әр оқушымен жеке жұмыс - осының бәрі оқушының дайындық кезеңдері. 2013-2014 оқу жылының түлегі Тайкенов Дияр «Ерекше үлгідегі куәлік» иегері. Аудан және облыс көлемінде өтетін әр түрлі байқауларға қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып, мерейімізді өсіруде.
Тәуелсіз еліміздің келешекте өзге елдермен терезесі тең болып, өркениетті әлем елдері арасында өзінің лайықты орнын таба білетін өскелең жас ұрпақты ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан- ақ білімді тәрбиелі азамат етіп шығару кезек күттірмейтін мәселе. Ендеше шағын жинақты мектептердің болашағы орта мектептердің даму болашағымен бірдей десек те болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Осы міндеттерді орындау - біздердің қолымызда.
Қорыта келгенде, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді. Сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы –өмір талабы.