Поурочный план по экономике в седьмом классе с казахским языком обучения на тему: Валюта. В ходе урока Ученики знакомятся с валютами разных стран. Учитель дает возможность ученикам самостоятельно переводить валюты разных стран по отношению курса доллара .
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары. Та?ырыбы: Валюта»
7 «А» сынып Сабақ жоспары № 21 « » 20 ---
Пән «Экономика» Тақырып : «Валюта»
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға валюта деген не және валюта түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
Алған білімдерін өмірде пайдалана білу қабілеттерін дамыту.
Адамгершілікке, үнемділікке тәрбиелеуге
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, сұрақтар, карточкалар
Сабақтың түрі: жаңа тақырып оқу
Сабақтың әдісі: Лекция, аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын сұрау Карточкамен жұмыс
ІІІ. Тақырыпқа көшу.
Валюта деген не? (ой шбуылы)
Валюта шет елдердің ақша бірлігі. Кез-келген елдің өзіндік ұлттық ақша белгісінің болуы – оның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің нышаны. Шет елге тауарлар мен қызмет көрсетуді сату және сатып алу үшін төлем қайтару қажет. Яғни сол елдің ақшасы басқа мемлекетте мойындалуы және қабылдануы керектігін білдіреді. Бұл халықаралық валюта қатынастарының саласы болып табылады.
Валюта ұғымы үш мағынада қолданылады.
Белгілі бір елдің ақша бірлігі ретінде ( доллар, теңге, рубль, йена, фунт-стерлинг және т.б.)
Шетелдік ақша белгісі, сонымен қатар шетелдік ақша бірлігінде көрсетілген және шетелдік валюталардың халықаралық есебінде пайдаланатын несиелік және төлем құжаттары ретінде.
Халықаралық (аймақтық) есеп айырусылар кезінде қолданылатын кредиттік төлем құжаттары ретінде (ЭКЮ,СДР,ЕВРО)
Ұлттық валюта – бұл белгілі бір елдің сыртқы экономикалық байланыстарында және басқа елдермен халықаралық есеп жүргізуінде қолданылатын ақша бірлігі: Қазақстанда- теңге, АҚШ-та – доллар. Францияда – франк, Германияда – марка, ЕВРО және т.б.
Валюта түрлері:
Тұйық валюта – тек бір ғана мемлекеттің аумағында пайдаланылатын және де басқа шетелдік валютаға айырбасталмайтын ұлттық валюта.
Еркін айырбасталатын валюта – бұл шетелдік валютаға еркін және шексіз айырбасталынатын валюта.
Жартылай айырбасталатын валюта – резиденттер мен айырбастау операцияларының жеке түрлері бойынша валюталық шектеулер қолданылатын елдің ұлттық валютасы.
ІҮ. Бекіту:
Валюта деген не? Валютаның қандай түрлерін білесіңдер?
Ұлттық валюта деген не?
Ү. Қорыту. Бағалау
ҮІ. Үй жұмысы. Конспект мазмұндау
7 «А» сынып Сабақ жоспары № 22 « » 20 ---
Пән «Экономика» Тақырып : «Валюта курсы»
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға валюта курсы жжәне валюта курсына әсер етуші факторлар туралы білімдерін қалыптастыру.
Алған білімдерін өмірде пайдалана білу қабілеттерін дамыту.
Адамгершілікке, үнемділікке тәрбиелеуге
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс дәптері, сұрақтар, карточкалар
Сабақтың түрі: жаңа тақырып жалғастыру
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын сұрау
Тест орындау
ІІІ. Тақырыпты жалғастыру
Валюта курсы деген не? Валюта курсы – бұл бір елдің ақша өлшемі бағасының екінші бір елдің ақша өлшемімен бағалануы; валюталардың бір-бірімен халықаралық айырбастау кезіндегі құндық арақатынасы.
Егер 1 доллардың курсы 148 теңге болатын болса, 150 долларға қанша қазақстандық ақша кетеді?
150 х 148 =22200 теңге
Ал, егер осындай курс болып, 296000 теңге қанша долларға тең болады?
296000 / 148 = 2000 доллар
Валюта курсының түрлері:
Тұрақсыз валюта курсы – бұл сұраным мен ұсыныстың әсерінен еркін өзгерісте болатын, нарық мехзанизмінде қолдануға негізделген валюта курсы.
Жылжымалы валюта курсы – тұрақсыз валюта курсының бір түрі, қазіргі валюта жүйесінің негізгі ұстанымы. Басқа елдің жеке валюта курсы динамикасының соңғы өзгерісінің үйлесуін немесе валюта жиыны - валюта кәрзеңкесін болжайтын валюта курсы тәртібін қарастырады.
Еркін жылжымалы валюта курсы жүйесінде сұраныс пен ұсыныс қатынасының әсерінен пайда болатын, валюта нарығы тәжірибесінде ең жоғары валюта курсы – сатушы курсы және ең төмеңгі – сатып алушы курсы бар, осы екеінің арасындағы айырма маржа деп аталады.
Тіркелген валюта курсы – валюта паритеті заңдастығына негізделген ұлттық валюталар арасындағы ресми бекітілген қатынас.
Валюта тепе-тендігі – валюта курсының негізі болып табылатын екі валюта арасындағы заңды бекітілген арақатынас.
ІҮ. Бекіту. Сұрақтарға жауап беру.
Есеп құру
Ү. Қорыту. Бағалау
ҮІ. Үй жұмысын беру. Конспект оқу, мазмұндау. Есеп шығару.