Саба?та инновациялы? технологияларды? тиімді жолдары
Саба?та инновациялы? технологияларды? тиімді жолдары
?аза? тілі саба?ында инновациялы? технологияларды ?олдану.
?азіргі та?да білімге ерекше к??іл б?лінгендігі белгілі. Ол б?гінгі ?мірді? талаптарына сай ма?ыздылы?ымен ерекшеленеді. ?аза? хал?ыны? к?рнекті а?ыны С?лтанмахм?т Торай?ыров айт?андай
«С?йемін ту?ан тілді анам тілін,
Бесікте жат?анымда-а? берген білім.
Шыр етіп жерге т?скен мин?тіменен,
??ла?ыма сі?ірген таныс ?нін»
«Халы?ты? кемеліне келіп ?ркендеуі ?шін, е? алдымен азатты? пен білім керек» деп к?регендікпен Шо?ан У?лиханов айт?андай, хал?ымызды кемеліне келтіру ?шін жастарымызды білімді, м?дениетті, Отанын, тілін шексіз с?йетіндей етіп дайындау?а - ?рбір ?стаз міндетті. Елбасы ж?ргізіп отыр?ан парасатты саясатты? ар?асында мемлекеттік тіл – ?аза? тілі де елімен бірге ?зіні? ?айта ?рлеуіні? ?рбір к?ні ?асыр ж?гін ар?ала?ан ауыр болса да – абыройлы, к?рделі кезе?ін ж?ріп ?тті. Ендігі ма?сат т?уелсіз ?аза?станны? ?сіп келе жат?ан жас ?рпа?ын ?з Отаныны? мемлекеттігіні? кепілі – мемлекеттік тілді ??рметтеуге баулу, оны о?ып ?йренуге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру болма?.
?азіргі та?да инновациялы? технологияларды? к?птеген т?рлері бар. Атап айтса? модульдік технология, сын т?р?ысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта о?ыту, проблемалы? о?ыту, де?гейлеп – саралап о?ыту технологиясы ж?не т.б.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба?та инновациялы? технологияларды? тиімді жолдары »
Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану. Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқының көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай «Сүйемін туған тілді анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минөтіменен, Құлағыма сіңірген таныс үнін» «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы және т.б. Қазақ тілін оқыту – қиын жұмыс деп ойлаймын. Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңа технологиялардың элементерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді. Американдық гуманитарлық психология қауымдастығының өкілі К. Роджерс жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан. Яғни олар: 1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу; 2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу; 3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу; 4. Диалог жүргізе алу; 5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу; 6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. А. Андреева пікірі бойынша деңгейлеп оқытудағы диалогтық қарым-қатынас 3 сипатқа ие. 1. Коммуникативтік (оқушылардың бір-бірімен ақпарат алмасуы) 2. Интерактивтік (оқушылар білімдерімен ғана емес, сонымен бірге оқу әрекеттерімен де өзара алмасуы) Оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдіс. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды. “Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: - оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; - танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; - оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; - мұғалімнің уақытын үнемдейді; - қосымша мәліметтер береді. Яғни, әр қазақ тілі сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын: - оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады; - оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі; - ізденуге жетелейді, қызықтырады; - талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады; Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады: - қызығушылықты ояту; - мағынаны тану; - ой-толғаныс. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. “Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын мұғалім жүзеге асырады. Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады: Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 жолдық өлең” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Қазіргі заманның қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелерінің бірі- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Осы мәселені шешу барысында жалпы білім беру мектептерінде, орта және жоғары оқу орындарында әртүрлі технологиялар жүйелері еніп, қазақ тілін оқыту әдістемесі де өз нәтижесін беріп келеді. Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады.
Өз тәжірибемде білім берудің мынадай технологиялар түрлерін үнемі қолданудамын:
- деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы;
- модулдік технология;
- дамыта оқыту технологиясы;
- ақыл-ой, іс-әрекеттердің кезең бойынша қалыптасу технологиясы;
- танымдық іс-әрекеттерді жандандырудың тәсілдерін оқыту технологиясы;
- ынтымақтастықта оқыту технологиясы.
Орыс тілді дәрісханада қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаттарының бірі- тіл үйренушінің қатысымдық біліктілігін қалыптастырып, сөйлеу қабілетін дамыту.
80-ші жылдардағы жаңа технологиялардың бірі – В.Шаталов технологиясы. Сол жылдары біз сабақ беру барысында жаңа технология ретінде жиі қолданғанбыз. Ғалым тірек сигналдар арқылы үйрету әдістерін ұсынған. Тірек сигналдарды қолданған кезінде, тыңдаушылардың есте сақтау қабілеттері дамиды. Ал бүгінгі техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бәр оқытушының қойылатын талаптары.
Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен жиі кездеседі. «Техника» терминінің екі мағынасы бар:
1.Өндіріс құралдарының жиынтығы.
2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы .
«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Бірінші кезеңде білімді көмекші құралсыз берген; екінші кезңде оқулық арқылы; ал бүгінгі заманда оқыту технологиясы үлкен өзгеріске түсті. Бүгін біз сабақ барысында тірек сызбалардан қалып, ақпараттық технологиялар арқылы (компьютер, электрондық оқулық, интернет) оқытамыз.
Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қалай сабақты ұйымдастыру керек, қандай принциптер арқылы, қандай факторларды үнемі ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан, оқыту технологиясы оқытудың мақсат, мазмұн, принцип, әдіс және құралдармен тығыз байланысты.
Қоғам талабына сай инноваиялық технологияны меңгеру ғалым В.Максимов өз зерттеулерінде келесі инновациялық технологияларының түрлерін ұсынады:
- құрылымдық логикалық технология;
- интеграциялық технология;
- ойындар технологиясы;
- тренингтік технологиясы;
- ақпараттық технология;
- сұхбаттық технология.
Бүгінгі кезде әдістеме саласында жоғары аталған технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей шарттар қажет:
- оқу үрдісін белсендіру және басшылыққа алу;
- студенттердің ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарға алу;
- жаңа пәндік білім стандартымен танысу.
Осы шарттарды үнемі ескеріп жүрсек, педагогика ғылымы жаңа технологияны тиімді пайдаланумен ерекшелінеді. Білім беру барысында оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру қажет. Студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалуын бақылауға бағалауымыз керек .
Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны – ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде, оқыту процесін дараландырады және студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады.
Компьтердің әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып, ақпараттық технологияларды қолдану студенттердің танымдық және өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мәтінді теру, берілген қателерді түзету, мәтін бойынша тапсырмалар орындау және тағы басқа сабақ түрлерін өткізуге болады. Кейде студентпен де жеке жұмыс жасай аламыз. Оқу барысында студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді.
Студенттің дамуын үйлесімді нәтижеге жеткізу үшін оқу жүйесі ғылыми-педагогикалық негізінде жасалуы қажет. Сабақ кезінде модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, студенттердің жеке дамуына көңіл бөлуге болады. Модульдік оқыту технологиясы жаңа технологиясының әр пән бойынша ерекше қолдануда. Оқу модулі 3 құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, негізгі бөлімінен және қорыту. Әр модульге оқытушы өз уақытын бөліп, қойылған ақсаттарына жетуге тырысады. Оқытушы сабақты ұйымдастыру түрлерін ойластырады. Оқу материалдарын тақырыптың мазмұнына сәйкес деңгейлік тапсыру болуы қажет. Әр деңгейді орындап, ең соңғыда студент баға алады. Мысал ретінде келесі модуль түрін ұсынамын.
Модуль
құрылымы
Сабақ
саны
Сабақтың түрі мен мазмұны
Минут
саны
Бекіту бөлімі
1 – 2
сабақ
Модуль құрылымымен таныстыру.
Студенттер алдына қойылатын мақсаттарын айту.
Сабақта ережені .тірек сызбалар арқылы түсіндіру.
Практикалық тапсырмаларды орындау
Алған білімдерін бекіту.
6
4
10
20
5
Бұндай жұмыс түрі оқытушы студенттерден жоғары әдікерлік шеберлікті, жоғары кәсіби деңгейді талап етеді.
Инновациялық технологияларға мультимедиялық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media, medium –жинақ дегенді білдіреді , яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді. Мультимедиялық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық әрекетін жүзеге асыру және өз бетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылыққа қабілеттерін дамыту. Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек:
- студенттің жеке тұлғасын дайындау;
- ойлау қабілетін жетілдіру;
- эстетикалық тәрбие;
- нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру;
- пәнаралық байланыстарды тереңдету.
Мультимедиялық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу әрекеттерін орындайды. Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пәнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды және проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу мәдениетін, ойын жүйелеу білу мен өзіндік көз-қарастың және ой-пікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады және олардың өзара қарым-қатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиялық жобаны құру - студенттерге қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді әдіс болып табылады.
Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы болып табылады.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар – оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-әдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді.
Студенттердің тілін дамыта оқытудың нәтижесінде студент қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық және сөзжасам жүйесін жақсы меңгеру, морфологиялық , синтаксистік тәсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана білуі тиіс. Сонда ғана студент тілді күнделікті өмірінде дұрыс пайдаланумен қатар тілдің қатысымдағы стильдік, эмоциялық, көріктеу, көркемдеу қызметтеріне де түсініп қолдана алады. Сондықтан, студенттердің тілін дамыту үшін, ең алдымен, олардың сөздік қорын байыту; әдеби тілдің нормасында сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету; ойларын жүйелі ауызша, жазбаша жеткізе білу дағдылары мен шеберлігін қалыптастыруы қажет.
Қалыптасқан білім беру жүйесін жетілдіру ісінде қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мәселе соңғы екі онжылдық бойына өзекті болып отыр. Әрбір педагог: мектеп мұғалімі немесе жоғары оқу орнының оқытушысы болсын, басты мақсат - білім беру сапасын қамтамасыз ету. Ал ол үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дәрежеде септігін тигізетіні сөзсіз.
Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұсқан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.