kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка к открытому уроку казахского языка "Тілім мені? тірлігімні? ай?а?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:      Тілім мені? – тірлігімні? ай?а?ы (сайыс саба?ы)

    Саба?ты? ма?саты: 1. Білімділік:  Тіл туралы та?ырыпты ала отырып, сауатты с?йлеуге, ?аза? тіліні? м?ртебесін к?тере білуге ?алыптастыру, тіл байлы?ын арттыру?а ы?пал ету

                                               2.Дамытушылы?:Тіл т??ірегіндегі білімдерін ?штастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шы?армашылы? ізденіске ба?ыттау, ізденімпазды? ?асиеттерін арттыру, с?йлеу м?дениетін жетілдіру

                                               3. Т?рбиелік:    Патриотты?  сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін с?юге, салт-д?ст?рін, тарихын ??рметтеуге т?рбиелеу

К?рнекіліктер:  слайд, ?анатты с?здер, а?паратты? техникалар

Саба?ты? барысы:

К?рініс (ортада о?ушы та?тадан тіл туралы слайдты к?ріп отырады), осы кезде екінші о?ушы келіп,

Танс?лу :  - ?сел , ата-анамыз ?она?тан келгенше достарымызды жинап   баста??ы жасайы? та?!

?сел :        - Жасаса? жасайы?. ?зімізді? к?шені? балаларын ша?ыр.

Танс?лу :  - Мен ?азір оларды ша?ырып келе ?ояйын. (?р?айсысыны? т?сына  барып айтады)

Танс?лу : - Бізді? ?йге ?она??а ж?рі?дер, баста??ы жасаймыз.

( Олар келіп стол басына жай?асады )

?сел :           -  Ал енді ??р отырмай, ойнайы?.

Танс?лу :    - Ойнаса?, ойнайы?.

?сел :            - ?уелі ж?мба? жасырайы?.

Танс?лу :     - Ендеше баста.

?сел :            - Д?ниеде е? ащы не, е? т?тті не?

Балалар :    - Ол – тіл.

Танс?лу :    - Енді мен ж?мба? жасырайын.

                         ?ызыл т?лкі ы?пайды,

                         ?з інінен шы?пайды

                         ?ане, кім шешуін табады?

Балалар :    - Б?л да – тіл.

Танс?лу :    - Д?рыс.

?сел :           - Танс?лу ,  тіл туралы ма?ал-м?тел айтып к?рші

                         (о?ушы тіл туралы ма?ал-м?телдерді айтып шы?ады).

                        «Тіл – а?ылды? ?лшемі»,

                       «?нер алды – ?ызыл тіл», т.б.

?сел :          - Б?рекелді, жарайсы?! Жа?ылтпаш айтайы?шы, к??ілді болсын.

                       О?ушыны?  бірі жа?ылтпашты тез айтып шы?ады, бас?алар  

                       оны тез, д?рыс айтып шы?ады.

1.?ш?ыш жа?сы ма?

   ?ш ??с жа?сы ма?

   ?ш?ыш та жа?сы,

   ?ш ??с та жа?сы.

2.А? тайла? а? па?

   ?ара тайла? а? па?

3.Бір ?ыз кесте тікті,

   Кестесін т?сте тікті,

   Кешке тікті.

Танс?лу :  - Келі?дер «Са?ина салма?» ойынын ойнайы?.

?сел :          - Жо?, «Со?ыртеке» ойынын ойнайы?.

Танс?лу : - Достар, одан да екі топ?а б?лініп, сайыс ?ткізейік, бізді осы  

                      к?шені? т?р?ындарыны? ішіндегі ?стаз болып ?ызмет ететін  

                      ?лкендер ба?аласын.

  •          - И?, сайыс ?ткізейік.
  •          - Ендеше, екі топ?а б?лінейік, сайысты ?арсы болмаса?дар біз  

                     ж?ргіземіз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«разработка к открытому уроку казахского языка "Тілім мені? тірлігімні? ай?а?ы" »

Каменскорал орта мектебі

Каменскуральская средняя школа













Сабақтың тақырыбы

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы.»






Мұғалім : Ысқақова А.Ә.












2013 - 2014 оқу жылы

2013 – 2014 учебны год

Сабақтың тақырыбы: Тілім менің – тірлігімнің айғағы (сайыс сабағы)


Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету

2.Дамытушылық:Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру

3. Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: слайд, қанатты сөздер, ақпараттық техникалар


Сабақтың барысы:


Көрініс (ортада оқушы тақтадан тіл туралы слайдты көріп отырады), осы кезде екінші оқушы келіп,


Тансұлу : - Әсел , ата-анамыз қонақтан келгенше достарымызды жинап

бастаңғы жасайық та?!


Әсел : - Жасасақ жасайық. Өзіміздің көшенің балаларын шақыр.


Тансұлу : - Мен қазір оларды шақырып келе қояйын. (әрқайсысының тұсына

барып айтады)


Тансұлу : - Біздің үйге қонаққа жүріңдер, бастаңғы жасаймыз.


( Олар келіп стол басына жайғасады )


Әсел : - Ал енді құр отырмай, ойнайық.

Тансұлу : - Ойнасақ, ойнайық.

Әсел : - Әуелі жұмбақ жасырайық.

Тансұлу : - Ендеше баста.

Әсел : - Дүниеде ең ащы не, ең тәтті не?

Балалар : - Ол – тіл.

Тансұлу : - Енді мен жұмбақ жасырайын.

Қызыл түлкі ықпайды,

Өз інінен шықпайды

Қане, кім шешуін табады?

Балалар : - Бұл да – тіл.

Тансұлу : - Дұрыс.

Әсел : - Тансұлу , тіл туралы мақал-мәтел айтып көрші

(оқушы тіл туралы мақал-мәтелдерді айтып шығады).

Тансұлу : - «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»,

«Тіл – ақылдың өлшемі»,

«Өнер алды – қызыл тіл», т.б.

Әсел : - Бәрекелді, жарайсың! Жаңылтпаш айтайықшы, көңілді болсын.

Оқушының бірі жаңылтпашты тез айтып шығады, басқалар

оны тез, дұрыс айтып шығады.


1.Ұшқыш жақсы ма?

Үш құс жақсы ма?

Ұшқыш та жақсы,

Үш құс та жақсы.


2.Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?


3.Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кешке тікті.

Тансұлу : - Келіңдер «Сақина салмақ» ойынын ойнайық.

Әсел : - Жоқ, «Соқыртеке» ойынын ойнайық.

Тансұлу : - Достар, одан да екі топқа бөлініп, сайыс өткізейік, бізді осы

көшенің тұрғындарының ішіндегі ұстаз болып қызмет ететін

үлкендер бағаласын.

Бәрі: - Иә, сайыс өткізейік.

Әсел: - Ендеше, екі топқа бөлінейік, сайысты қарсы болмасаңдар біз

жүргіземіз.


(Оқушылар екі топқа 5-5-тен бөлінеді, екі столға отырады)


Тансұлу : - Сайысымыз бірнеше турдан тұрады.

Бірінші тур – «Бәйге» деп аталады. Мұнда екі топқа 10-10-нан

сұрақ қойылады, қай топ сұрақтарға дұрыс әрі тез жауап берсе,

жоғары бағаланады.



1-топқа – Әсел


1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).

3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).

4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).

5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ,

қымыз, шұбат).

6. Үстеудің неше түрі бар? (7).

7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).

8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).

9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк).

10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).


2-топқа - Тансұлу


1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).

2. Абайдың туған жылы? (1845).

3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).

4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).

5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).

6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон,

ішік, кимешек т.б.).

7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).

8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).

9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).

10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу,

құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).


Әсел : - Екінші турымызды «Жыр парағы» деп атап, өлеңді

мәнерлеп оқып жарысайық.


( Әр оқушы тіл туралы бір өлеңнен мәнерлеп жатқа оқиды.)


  1. Тілім менің! – Тансұлу 6 А

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау –парызым бүгін менің,

Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.


  1. Сүйемін туған тілді – анам тілін, - Әсел – 6 А

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.


  1. Туған тілім-бабам тілі-өз тілім, - Кристина 7 Б

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар, -Лейла 7 Б

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

  1. Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.


  1. Туған тілім – тірлігімнің айғағы – Женя

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


  1. Тілдің бәрі қымбат маған, - Андрей 8 Б

Әр ұлт тілі сыр сақтаған.

Бәрінен де сен артықсың

Қазақ тілім, жыр баптаған.

Тілім барда мақтанамын. – Влад 8 Б

Әнімді айтып шаттанамын.

Сол тілімнің құдіреті

Таптатпаған жатқа бағын.









Тансұлу : - Келесі сайысымыз «Сөздің көркі - мақал». Мұнда мақалды

Мақалдарды аяқтау керек . Әр топтың капитандары

тақтаның алдыңа шығып тапсырманың астында берілген

мақалдардың жалғасын тиісті орынға қоюлары керек . Ал

бастайық Капитандар ортаға шығындар


1 – топ - Тансұлу

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).

3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).

6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).

8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).

9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).


2-топ - Әсел

1. Бал тамған тілден ... (у тамған).

2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).

3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).

4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).

5. Тіл қылыштан ... (өткір).

6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).


Әсел : - Енді қазақ тіліндегі мақалдардың орысша баламасын тауып

көріңдер:

1-топ - Тансұлу

Жақсы сөз жарым ырыс

(Доброе слово – половина блага)

Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз

(Глаза украшают лицо, уста -слово)

Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді

(Кто слов не ценит, сам себе не ценит)

Жақсы сөз – жан азығы

(Хорошее слово – душе опора)

Айтылған сөз атылған оқ

(Сказанное слово – вылетевшая пуля)

2-топ - Әсел

Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле

(Даже говоря в шутку - подумай)

Тамшы тас жарады, тіл бас жарады

(Капля камень расколет, слово - голову)

Өнер алды – қызыл тіл

(Начало искусства красноречие)

Мағынасыз сөз болмайды,

Мақалсыз ел болмайды

(Нет народа без пословиц,

Как нет слова без значения)

Байлық – байлық емес,

Бірлік – байлық

(Достаток не богатство,

единство – вот настоящее богатство)


Тансұлу : - Ал енді «полиглот» сайысы болсын, кім көп тіл біледі?


1-топ - Тансұлу

Жалау –флаг-

Күн – солнце-

Елтаңба – герб-

Халық – народ –


2-топ - Әсел

Тәуелсіз – независимый

Намыс- честь-

Отан – Родина –

Атамекен – земля предков –


Әсел : - Ал қазір жұмбақ жасырамын, жауабын үш тілде айтасыңдар:


1-топ

Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (шаңғы-лыжа-snow-shoe)

Түнде бармын, күндіз жоқпын (жұлдыз-звезды-moon )

Жеп көріп ем өзін мен

Жас шығарды көзімнен (пияз-лук-bow)


2-топ


Жайшылықта жекесің, қарай қалсаң, екусің (айна-зеркало-mirror)

Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім

Соған тиер көмегім. (кітап-книга-book)

Қыста келген, көктемде еріген (қар-снег- snow)



Тансұлу : - Сайысымызды түрлендіріп, «Қазақтың ұлттық ойындары»

туралы айтайық, әр топ үш ұлттық ойын түрін атып, шартымен

таныстырады.


1-топ.


  • Тоғызқұмалақ

  • Көкпар

  • Қыз қуу


2-топ.


  • Теңге ату

  • Ақсүйек

  • Сақина салмақ


Тансұлу : - Достар, осымен сайысымызды тоқтатып, біздің құрметті әділер

алқазыларымызға сөз берейік . Құрметті мұғалімдер және

бүгінгі сайысқа қатысушылар , меймандостықтарыңа рахмет, өте

жақсы бастаңғы болды, келесі кездескенше сау сәләмат

болыңыздар !!!

Әсел : - Сау болыңыздар!




9




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
разработка к открытому уроку казахского языка "Тілім мені? тірлігімні? ай?а?ы"

Автор: Искакова Айжан Адыльбековна

Дата: 09.10.2014

Номер свидетельства: 117702


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства