Просмотр содержимого документа
«Рахмет,са?ан ?ліппе!»
Күні: 14.12.13ж
Тақырыбы: Әліппе саған мың алғыс !
Сыныптар:І «ә», «а», «б»
Өткізген: Лукманова К, Бакитжанова Г, Тажимова Д.
Мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Оқушылардың қабілеттерін,икемділігін,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде
көрсету.
Оқушылардың ата-ана,Отан,ел,болашақ алдындағы борышын сезінуге,
Елін,Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Әліппе,Ана тілі оқулықтарының мұқабасы,нақыл сөздер,шарлар,слайд.
(Сахнаға музыка фонында жүргізуші шығады)
Мұғалім:
-Құрметті қонақтар,бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып,барлық ғылымның атасы,біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.Тойларыңыз тойға ұлассын!
(Әр сыныптан бір оқушы шыгып музыка фонында өлеңдерін оқиды!)
1-о:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2-о:
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштассақ,
Өсті білім,бойымыз.
Құтты болсын тойымыз.
3-о:
Армысыңдар,аналар!
Бармысыңдар,балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр-әніміз!
Мұғалім:
Олай болса құрметті ата аналар, кешіміздің қадірлі қонақтары ортаға бүгінгі тойымыздың себепкерлері кішкентай бүлдіршіндерімізді сынып жетекшілерімен сахна төріне шақырамыз.
1 «а» сыныбы Лукманова Кумисай
1 «ә» сыныбы Бакитжанова Гулмира
1 «б» сыныбы Тажимова Дана
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
-Балалар,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:
Әліппе!Әліппе!Әліппе!
Әліппе:
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар,ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер,балғындар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп,не білдік,
Қане,ортаға салайық!
(Әр сыныптан кезекпен кезек оқушылар ортаға шығып өлеңдерін оқиды)
4-о:
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
5-о
Арналады ұстаздарға,
Құрмет деген,төр деген.
Біздің елде адам бар ма,
Ұстаз алдын көрмеген?
6-о
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп,көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.
Хор: «Ұстазым»
7-о
Алфавиттің «А»тұрад басында,
Әрқашанда «Ә»тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
А» деген ол-аналар ғой ардақты,
«Ә»деген ол-әкелер ғой салмақты.
«Б»деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
8-о
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
9-о
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн-алыста,ал анам,
Ылғи менің қасыма.
Аналарымыздың құрметіне 1 «» сыныбының би шашуын қабыл алыңыздар!
10-о
Отанды жас-кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәрімізде,
Туып,өмір сүреміз.
11-о
Халқымыздың анасы,
Атасы-ол,данасы.
Көз жетпеске көсілген
Қазақстан даласы.
Ән: «»
12-о
Білім алып мектепте,
Талай пәнді оқимыз.
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.
13-о
Білімнің көзі –мектебім,
Жарқыраған күнмен тең.
Сыңғырлаған қоңырау,
Сиқырлы,сырлы үнмен тең.
Би: «»
14-о
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес,ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
15-о
Оқуды көп ойладық3
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тойладық.
16-о
Қош бол,құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Әліппе:
-Ал,достар,бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлематсыздар ма,балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
-Балалар,мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Әліппе:
-Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді ет!
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5»болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
Ал, Мен енді сендермен қоштасамын.Қош болындар, балалар! Сабақты жақсы оқындар!