Т?рбиені? негізі, оны? ма?саты, міндеті, мазм?ны, т?рі, ??рылымы, ?дісі, т?сілі, за?дылы?тары, принциптері, ??ралдары бар. Сол сия?ты бізді? елге т?н патриотизмні? ?з ма?саты, міндеті, т?рі, ?діс-т?сілі бар. Егер патриотты? т?лім-т?рбиемізде осы негіздер болмаса, ол ж?й с?з болып ?алуы м?мкін. ?зін-?зі білмеген адам ?зіні? кім екенін т?сінбейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«План-конспект урока: Урок-дебаты »
Білім және ғылым министрлігі
Пікірталас сабағының тақырыбы:
«Мен – елімнің патриотымын!»
Орындаған: А.З. Мүсірепова,
Талдықорған қаласы
«Мен – елімнің патриотымын!» атты пікірталас сабағы
Пікірталас тақырыбы:«Қазақстандық патриотизм» бар ма әлде жоқ па?
Сабақтың мақсаты:
білімділік – жаңа тақырыпты меңгеру, оқушыларды ойлана отырып ұтымды да, мәнді пікір айтуға, өз ойларын емін-еркін жеткізе білуге, олардың қоғамдық-саяси сауаттылығын арттырып, Елбасы Жолдауларының танымдық мағынасын ұғына білуге дағдыландыру;
тәрбиелік – өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету, азаматтық белсенділік, білімділікті қалыптастыру, жалпы құқық мәдениетіне ықпал ету арқылы тәуелсіз азамат - патриот тұлғаны тәрбиелеу;
дамытушылық – жауапты тез тауып айтатын, ғылыми түрде ұтымды сөйлей алатын, мәнді сұрақ қойып, мағыналы жауап алуға бейімдеу үшін оқушының ой-өрісін шыңдау, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың танымдылығы:ғылыми-теориялық негізін таныту, білгенін тәрбиемен байланыстыру
Сабақтың түрі: пікірталас сабағы
Сабақтың әдісі: іздене талдау, саралау
Пәнаралық байланыс: құқық, қоғамтану, мәдениеттану, экономика
Көрнекілігі: рәміздер, мақал-мәтелдер жазылған плакат, тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа, тақта
Кіріспе
Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.
Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- дейді Президент.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топырағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұлтаралық татулықтың, қазақстандық патриотизмнің темірқазығы іспеттес.
Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсаты, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса, ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.
Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатымен анықталады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да.
Таза біржақты ұлттық тәрбие – ұлтаралық араздыққа соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен” десе, ал кейбіреулер “ұлттық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.
Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.
Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. “Қос азаматтық”, “Қос тілдік” деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс.Бүгінгі егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосуға міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлты өкілдерінен бұрын басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. “Қос азаматтық”, “қос тілдік” деген ұғымнан арылу керек дейтіндер аса көп. Осы тұста бүгінгі таңда елдің барша азаматтарының бойында қазақстандық патриотизм бар деп нық сеніммен айта аламыз ба? «Қазақстандық патриотизм» ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы бола ала ма?
«Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады», – деп атап өтті Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Бұл ұғымды қалыптастыратын алғышарттарға мыналар жатады:
- Ең алдымен тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білу;
- Туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау;
- Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жалғастыру.
- Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік мәні бар жақсы қасиеттерін сақтап, одан әрі жан-жақты дамыту, оның өркендеуі үлес қосу;
- Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, ұлт атына кір келтіретін жат пиғылдан аулақ болу.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
І.1 Сәлемдесу: Қайырлы күн, құрметті пікірталасқа қатысушылар!
І.2 Екі топты түгендеп, олардың мүшелері мен сарапшыларды таныстыру.
І.3. Қатысушылардың танымдық деңгейін анықтау.
3.1 Патриотизм сөзі не мағына береді?
3.2 «Қазақстандық патриотизм» ұғымын қалай түсінесің?
3.3 Елдің жас өрендерін патриотизмге баулу кімнің міндеті (үкіметтің бе, отбасының ба)?
3.4 Патриоттық тәрбиенің негізі не?
ІІ. Тақырыппен жұмыс
Жүргізуші ашық пікірталастың ойын шарттарымен таныстырады:
Құрметті ұстаздар, білімгерлер, сіздерге «Қазақстандық патриотизм» бар ма әлде жоқ па?» мәселесін көтерген пікірталасты ашық деп жариялаймын.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу ығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, группалас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттарға!
Бұл пікірталаста 1-ші топ жақтаушы, 2-ші топ даттаушы.
Пікірталас шарттары:
1. Үш минуттық регламентті сақтай отырып, екі топ өз ойларын ортаға салады
2. Сұрақ жауап кезеңі: Екі топ өзара кезектесіп 3 сұрақтан алмасады. Ойлануға 1 минут. Әділқазылар уақытты қадағалайды.
3. Спикерлердің қорытынды сөздері
4. Әділқазылар сайыс нәтижесін шығарады
Негізгі бөлім:
Сөз кезегі ойыншыларда.
2.1. 1-ші топ спикері.
2.2. 2-ші топ спикері.
2.3. 1-ші топ спикері.
2.4. 2-ші топ спикері.
2.5. 1-ші топ спикері.
2.6. 2-ші топ спикері.
Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
III. Өткен сабақты тұжырымдау
Бірнеше сұрақ қою арқылы шолу жасау.
Жүргізуші: Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі бәрімізге ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тіліміз бар. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.
Осымен бүгінгі пікірталас аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет!