Просмотр содержимого документа
«: Парыз-азаматты? ар?ауы. »
Наурызова Тілектес
тарих пәнінің мұғалімі
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Тақырыбы : Парыз-азаматтық арқауы.
Мақсаты : «Парыз құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,өзінің азаматтық міндеті мен парызын адал атқаруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Слаид,ұлағатты сөздер, суреттер.
Тәрбие сағатының барысы :1. Ұйымдастыру.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытындылау.
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Парыз -- азаматтық арқауы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мен бүгінгі тәрбие сабағымды Т. Әбдірахманованың «Азамат» деген өлеңімен бастағым келіп тұр.
Өмірге тура қарап бойлағанды,
Қайыса халық қамын ойлағанды,
Ардақтап, азамат деп айтқан абзал
Әрқашан адамдығын жоймағанды
Әмісе сөзі түзік, ойы адалды,
Ұнатпас дәсерсітіп бояғанды,
Қарарға, тіл кеспек жоқ деп қасқайып,
Қасиетін дар алдында жоймағанды.
2.Енді оқушылар азамат дегенді қалай түсінеміз.
М.Қозыбаев атамыз азаматтық деген сөзге төмендегідейанықтама берген екен.
1-оқушы Азамат-әке шешеніңғана емес, ел баласы болып өскен, елінен ауа жүріп емес, халқымен бірге өмір кешкен, қиын-қыстау жерде замана түйінін шешкен парасатты жанды айтады.
2-оқушы Азамат - деп ата-ана, ел үмітін ақтаған,Отан сенімін бойтұмар қылып сақтаған,достың сырын шашпаған,зұлымдық жолын баспаған,сегіз қырлы бір сырлы арлы жанды айтады.
3-оқушы Азамат – деп ата-анасының жанынан ұзап, ат жалын тартып мініп, қатарынан озып, биіктегіге қол созып, мен боламын, тезірек өсіп толамын деген екпін де қарымды талапкер жасты айтады.
4-оқушы Азамат-деп қиын сәтте тәуекел қайығына қаймықпай мінетін, қас дұшпанның езуін тілетін, жетім-жесірге, шаршап-шалдыққанға,қайғы басып қаймыққанға көмекке келіп,шапағатын аямаған ерен ерді айтады.
5-оқушы Азамат - деп ата-анасына, еліне,халқына адал, туысқанға бауырмал, ізгі жанды айтады.
6-оқушы Азамат- деп қай істі болса да өнер деп білген,өмір жолын еңбек жолы деп сүйген,Отаны үшін жалынға шарпылып,отқа күйген ел перзентін айтады.
7-оқушы Азамат-деп ез болып отыра бермейтін, замана талқысына көнбейтін,талап пен талантын жегіп,терін төгіп,құлашын кең сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады.
8-оқушы Азамат-деп қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп,сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тік тұрып,қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп,одан әрі өтетін қайран есіл ерді айтады.
9-оқушы Азамат-деп алды тар,арты жар күрес жолында өзі құласа да,тіккен туды құлатпаған,артын шулатпаған,тірісінде есімі аңызға айналған біртуар ұлын айтады.
Мұғалім Бір сөзбен айтсақ,қазақтың азамат туралы ұғымы-ресми ұғымнан екен.Оның тамыры ұлт тарихында,ұлттың тілі мен ділінде жатыр.
Адамдардың өмір тіршілігі қарызы мен парызын өтеуден тұрады екен.Бірақ екеуінің өзара айырмашылығы жер мен көктей.Қарыз – қайтарылуы міндетті несие болса ал парыз төлемді,өтемді талап етпейтін бірақәркімнің өзі біліп атқаратын қасиетті борышы.
Әрбір пенденің көзінің тірісінде ақтауға міндетті парыздың түрлері өте көп
1.Жаратушы алдындағы пенделік парыз.
2.Отан алдындағы --.азаматтық парыз.
3.Ата – ана алдындағы -- перзенттік парыз
4.Ұстаз алдындағы – шәкірттік парыз.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
Ән.Ана туралы жыр.
Бауыржан атамыздың парыз туралы пайымдауларын басшылыққа ала отырып жазбаша түйіндеме жасаңыздар
Ел үшін аянба—ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба—жігітіңе сын.
Отан үшін отқа түскін – күймейсің.
Тізе бүгіп тір жүргенше,тік тұрып өлген артық.
Мен өмір бойы парыз сеніміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.