kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану. Өнеге-отбасынан.10 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді  отбасы туралы ұғымдарды кеңейту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану. Өнеге-отбасынан.10 сынып»



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

22 сабақ

Мектеп

Мерзiмі:

Тақырып: Өнеге-отбасынан

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімді, қамқорлық, достық.

Мұғалiм:

Сынып 10

Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: - «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту,оны сүйе білуге,отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Міндеті:

Білімділік: - отбасының негізі өмірдің ұйтқысы,киелі қасиетке ие болу сыры,отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

Дамытушылық: -отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап,қадір-қасиеті туралы айта отырып,өзінің ішкі дүниесіне үңілдіру,жан толғанысын тудыра отырып сезімін жетілдіру,ойлау,жинақтау жасауда философиялық астарына назар аудару;

Тәрбиелік: - отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып,ұлттық салтты,дәстүрді түсініп құрметтеуге баулу,алдағы өмірге даярлау.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Сабақ барысын талқылау:

4.Ой қозғау.

Адамға оттан да ыстық мекен. ( Отан)

Әкенің әкесі (Ата)

Бөбек (Бала)


Туған шеше (Ана)

Тағам (Ас)

Бойжеткен (Қыз)



5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин

  • Отбасы құндылығының негізі неде деп ойлайсыңдар?

  • «Отбасы –тәрбие бесігі» дегенді қалай түсінеміз?

  • 6.Дәйексөз

  • «Балаға берілетін тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.»

  • Ы.Алтынсарин


7.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Мұнда берілген мәтінді басшылыққка ала отырып,отбасын құру үшін өзіне қойылатын талаптар тізімдемесін жасау керек.

Ш.Айтматовтың «Мұрап» әңгімесінен үзінді оқу.

Таң атуға да жақын қалды-тау бөктеріндегі ақша бұлттар да оянып қыбырлап, қимылға басып келе жатқандай.

Қаратай жер бауырлап етпетінен сұлап жатыр. Ол қазір жермен екеуі ғана бетпе-бет қалған тәрізді, жер болса бәріне де түсінеді, ол адамның күйініш-сүйінішін, қайғы-мұңын бөлісіп, бәріне де бауырына басып жата береді.

Міне, тағы да ауыр ойлардың куәсі болған жер, өткен түнді елестетіп жатқан Қаратайдың тынышын алғысы келмегендей қалпы бар. Таң сәулесі де жерге жылжи жайылып, тау жақтан соққан салқын самал Қаратайдың көк ала қойдай жаншылған денесін, қабарып, кей жері іскен қолдарын аймалап, үстіне түсіп мүсіркейді. Қаратайдың жатқан жеріне біреу сездірмей, жай ғана басып келді. Жанына отыра қалды да, басынан, мойнынан мейірлене сипай, айналғандай наз білдірді. Осы бір сипалаған қол ең жылы, ең бір сүйкімді мейірбан қолдардай сезілді. Осы бір жан рахатын әкелген, мейірім ләззатына батырған сәтті, қозғалып кетсе ұшып кетіп қайта оралмайтын бақыт құсындай көріп жатқан Қаратай қимылдауға да қорықты. «Маған обал жоқ, Қанымгүл,- деп жатты ол ішінен,-Осы сенің қадіріңді білмей, саған тіл тигізіп әкіреңдеп жүргенім иттік емес пе? Кешіре гөр, жаным, жүзіңе қарауға ұялам. Ырыс деген тек қана от басы, ошақ қасында емес-ол сыртта, елмен, жұртпен, тіршілікпен байланысты екенін сен де ұғынған шығарсың



- Тұр, Қаратай, Сабырбек келе жатыр-деді сыбырлап Қанымгүл. Қаратай әйеліне назар аудармай ауыр көтерілді.

-Мә, далада қалыпты,-деп Қанымгүл оған қалпағын ұсынды. Қаратайдың үстінің шаңын қағып, көйлектерінің етегін қымтай берді де:

-Мен үйге кете берейін, сен өзің келерсің.Атың ана қорғанның ар жағында тұсаулы жүр,-деді де Қанымгүл кетіп бара жатып.

Сабырбек арық бойын жағалап келе жатыр екен. Кейде ол үзеңгіге шірене көтеріліп айналаны барлай қарап қояды. Мүмкін, ол жаңа арықты қай жерден қазу керек екенін ойлап келе жатқан болар.

Қаратай үнсіз қарап тұрды. Дос алдында жауап беруден дұшпан қолында өлген жеңіл емес пе!

Талдау сұрақтары;

1.Қаратайдың отбасына қандай сипаттама бере едіңдер ?

2 . Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыңдар?

8. Сергіту сәті

1. Кім барлық тілде сөйлейді? Жаңғырық

2.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады ?Мысық

3.Дүниедегі ең шапшаң нәрсе? Ой-қиял

4.Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып шуақ түсе ме? Жоқ, бұл түн мезгілі

5.Қай кезде аспан жерден төмен тұрады ?Аспан суреті судан көрінген кезде.

6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды ? Іші толы бөшкеге

9.Түйіндеме

Қазақ ұғымында отбасы-өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы-үмітінің өшпес алауы.Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы-ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды екен.

10. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

I-топ- « Мен үшін қымбат анамның...»(анасының бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

II- «Мен үшін қымбат...» (Әкесініңбойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

III-«Мен үшін қымбат...»(өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

«Отбасы», «Әке», «Ана»-сөздерін топтастыру


8.Топпен ән айту. 3 мин

Әке туралы

сөзі: М. Шахановтікі

Әні: Н .Тілендиевтікі


9.Үй тапсырмасы. 2 мин. «Өнеге отбасынан» тақырыбында презентация жасап келу


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Өзін-өзі тану. Өнеге-отбасынан.10 сынып

Автор: ЕСЕНАЛИЕВА ЖАННА ЕСЕНАЛИЕВНА

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399332


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства