kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?нінен "Жа?сылы? - жан жадыратады" саба?ы 9-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?ма?саты:

Білімділік:     О?ушыларды ?лы а?ын - А.??нанбай?лыны?  балалы? ж?не жасты? ша?ы, ?скен ортасымен  таныстыру. А?ынды?ы мен композиторлы?ын,аудармашылы?ын  таныту. Жас ?рпа?ты Абай шы?армашылы?ын танып, ?суге т?рбиелеу.

Т?рбиелік: Гуманистік, адамгершілік, е?бек, имандылы? т?рбиесін беру.

Дамытушылы?: Абай шы?армашылы?ын с?йіп о?у?а, ?адірлеуге, асыл м?расындай есте са?тау?а баулу.

Міндеттер:

1. Мазм?н?абайланыстыміндет: А?ыншы?армаларыны?т?рбиелікм?нінт?сінеді, адамгершілікт?рбиеберудегіа?ынны? философиялы? шолуларыны? ма?ызын т?сінеді.

2. Сыниойлаудыдамыту?абайланыстыміндет: О?ушыны?д?ниетанымы?алыптасады, шы?армашылы? ?абілеттері шы?далады, о?ушыны?азаматты?бейнесі?алыптасады.

3. Топты?міндет: О?ушылар?збеттерімен ой т?йеді, ізденеді, ойынашы?айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нінен "Жа?сылы? - жан жадыратады" саба?ы 9-сынып»

Тақырыбы: «Имандылық – ізгіліктің негізі»
Мақсаты: А) Оқушыларға адалдық және имандылық туралы мәлімет беру.
Ә) рухани – адамгершілік тәрбие беру.
Б) үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, сыйластық пен кішіпейілділік қасиеттерін үйрету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кітап көрмесі, қанатты сөздер.
1) Кіріспе бөлімі
2) Жыр - қоржын.
3) Хадистер.
4) Мұсылмандық қағидалар.
5) ТЫЙЫМ сөздер.
6) Қорытынды.

Психологиялық дайындық:
Сөз анасы – сәлем
Қайырлы күн баршаға,
Қызықты күн болсын!
Бүгінгі күн біздің
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.

Кіріспе: Мұғалім сөзі. Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз: «Имандылық – ізгіліктің негізі», осы тақырыпты алған себебім Абай атамыздың «Адам бойындағы болатын жақсы қасиеттердің барлығы мұсылман дінінен алуға болады. Шыны керек адалдыққа, кішіпейілдікке, имандылыққа, өтірік айтпауға, зорлық - зомбылыққа жасамауға, бірлік пен ынтымаққа, үлкендерді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеудің бірден - бір жолы – мұсылман дінін оқып білу, танысу» деген.
Жыр - қоржын.
Күн келеді көмектеспес жиғанын,
Ара түсер терген иманың.
Парыздарды жас кезінен өте де,
Сауапты істен өз - өзіңді тыймағын!

Алла сөзі, ұмтыл Кәрім Құранға.
Оны оқысаң, келер сабыр, шыдам да.
Міндеттерін орындаған мүміндер
Аллаға әркез жағар, болар ұнамда.

Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен.
Амал жасап, шын ниетпен, жүрекпен.
Дін туралы айтар болсақ, осы орай,
Ислам діні құралған бес тіректен.

Ислам діні болғандықтан таза дін.
Шаршамастан, насихаттап жазамын.
Қияметте ең бірінші сұралар,
Жүрек нұры, рухы азығы - намазың.

Намазсыз жан екі өмірде қиналады,
Намазбенен жанға азық жиналады.
«Көздің нұры»,- деген Расул Мұхаммед,
Өйткені бұл - шүкірі көп ғибадат.

Отыз күнге ішіп - жеуден тыйылған.
Бір Аллаға серік қоспай, сыйынған,
Бар үшінші тірегің, ол - ораза.
Оны ұстасаң, қорықпайсың қиыннан.

Байланысы адам менен Алланың,
Бейді Алла: «Тек мен үшін арнадың».
Өзі берер, сауабын да өзі өлшеп
Нәпсің басып, сауаптан құр қалмағын.

Зекеті жоқ өмірдегі байлығың,
Ақыретте азап пенен қайғы - мұң.
Қияметте сол байлығың жылан боп,
Оралатын мойыныңа жайды ұғын!

Алла алдында бір әкім де, бастық та,
Ұшыратпай өз - өзіңді қастыққа,
Зекетіңді беріп жүргін ұмытпай,
Болмас үшін, жоқшылық та, аштық та.

Қажылыққа қаржыларын қимаған,
Ақыретте көп сұрақты жинаған.
Ниеттің де шынайысы болса егер,
Оған сонда жәннатты Алла сыйлаған.

Хадистер.
1. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе сол адам тәңір алдында да иманды адам. Иманның жақсысы сабырлы және кеңпейілді болу.
2. Адамдардың көбісі тілінен шыққан сөздерден тозаққа кіреді. Тілді таспен, одан қалса сыртындағы екі ерінмен тосуымыз керек.
3. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
4. Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.

Мұсылмандық қағидалар:
Иманның басы – сенім,
Иманның тәні – намаз,
Иманның жүрегі – құран.
Иманның көрінісі – ықылас.
Иманның сөзі – Аллаға тілек
Иманның нұры – шындық.
Иманның дәмі – тазалық, пәктік
Иманның жемісі – ораза.
Иманның шипасы – ар, ұят
Сөз сөйлеу әдебі
1. Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.
2. Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.
3. Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма.
4. Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.
5. Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.

ТЫЙЫМ сөздер
1) Ұмытып кетпе
Есікті теппе.
2) Шаршасаң сәл аялда,
Бірақ та жер таянба.
3) Тарту төрт келместігі тақымына:
Мылтық, пышақ сыйлама жақыныңа.
4) Кеңеске салақ қарама:
Кір жайма түнде далаға.
5) Деме бәрін айтқызбай білем мен:
Төрге қарап отырма жүреңнен.
6) Ұлттық салттан бұлжыма
Жұма күні кір жума.
7) Түнде шық далаға,
Аспанға қара да.
Қызықта бірақ та,
Жұлдызды санама.
8) Ізет танытып, әдепті сақта да,
Жатқан кісінің үстінен аттама.

9) Көргенді жас, пәк бала!
Дастарханнан аттама!
10) Құр бекерден ермекке,
Бос бесікті тербетпе!
12) Құдайға сыйын жас бала!
«Құранды» жерге тастама!
13) «Өзім қумын»- деме:
Кісі ақысын жеме!

Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Имандылықты кім қалай түсінеді?
Сабырлы болу
Мейірімді болу
Әдепті болу
Қамқоршы
Имандылық
Төзімділік
Шыншылдық
Отансүйгіштік
Арлы болу

Қорытынды:
Осы сабақтан қандай пайдалы ой түйдіңіз?
Түсінгенім.... иманды адам болу үшін сабырлы, сыпайы болу керек.
Түсінгенім.... ешқашан өтірік айтпау, біреудің ала жібін аттамау керек.
Түсінгенім.... дөрекі сөйлемеу, тілді балағат сөздерге үйретпеу керек.
Түсінгенім.... ата - ананы, ұстаздарды құрметтеу керек.
Ән: «Болайықшы осындай»







Ашық тәрбие шарасы «Имандылық – ізгілік негізі»

9 «ә» сынып

М а қ с а т ы:

Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну. Оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу. Оқушы бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізде тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: ауызша журнал.

Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, сыр-сұхбат,

Көрнекіліктер: Абайдың нақыл сөздері; Имандылық туралы нақыл сөздер, презентация, суреттер, буклет, шар.

Имандылық туралы

Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.

Иманды адам - арлы адам,

Имансыз адам- сорлы адам.

Үстіңнің кірін - сабын кетіреді,

Жаныңның кірін - иман кетіреді.

«Имандылық қастерлі қасиет»

«Имандылық - инабаттылық айнасы»

«Имандылық – ізгілік негізі»

Барысы: І Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе

ІІІ. Негізгі бөлім.

ІV. Қорытынды.

Эпиграф:

" Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз " Абай

Ауызша журнал Кіріспе бөлім.

Кіріспе бөлім

Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл сынып жетекшісі.

Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Имандылық – ізгілік негізі» деп аталады. Бүгінгі сынып сағатымызға аудандық мешіттің бас имамы - Нұрлан мырза келіп отыр. Қонағымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.



Тренинг: «Жүректен шыққан жылы сөз» оқушылар бір-біріне өздерінің жүректерінен шыққан жылы сөздерін айтады.

Түс таңдау: «Қызыл» «Жасыл»

Стол үстінде қызыл, жасыл түсті қағаз жатыр, сол түстерді таңдап екі топқа бөлінеміз.

І топ: «Қызыл» ІІ топ: «Жасыл»

«Топтастыру» стратегиясы

І топ: «Имандылық» ІІ топ: «Достық»

Достық



Имандылық























Ақ қағаз бетіне адамның бойында кездесетін жақсы және жаман жақтарды жазу.

Ән «Дүние керуен» орындайтын Сапашов Диас.

Журналдың екінші беті: «Имандылық - жүрекке ұяласа»

Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл сынып жетекшісі. Журналымыздың екінші беті «Имандылық - жүрекке ұяласа» деп аталады. Бүгінгі тақырыпқа сай өз оқушыларымыз діни бағытта қандай ұғымдарды біледі екен, оқушыларға сөз кезегін берейік.

Имандылық Мешіт

Дін Құран

Ислам діні Иман

Мұхаммед Пайғамбар Құрбан айт

Мұсылман Хадис

Бес парыз Ғибадат

Намаз Әулие

Ораза Адам ата

Зекет Хауа ана

Қажылық

  1. оқушы: Бекзат Қ.

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық

  1. оқушы: Сұлтанбек.

Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады.

1.Аланың жазуына шүкіршілік;

2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;

3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;

4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық




3 оқушы: Нұрсая.

Иманды адам деп кімді айтамыз? Біріншіден, мінезі сыйымды; Екіншіден, әйелдерге ізет-құрметпен қараған адамды айтамыз.Аллаға иман келтіргеннен кейінгі істің ең абзалы – адамдармен достасу. Алла тағаланың алдындағы қадірлі саналатын іс – жасы үлкен кісіні сыйлау, шын ықыласпен оқылған Құранды тыңдау, әділдікпен, жақсылықпен айқын жол көрсеткен сұлтандарды, халифаларды құрметтеу. Кімде-кім өзінің, не біреудің жетім балаларын ес біліп, етек жиып, өз күнін өзі көретіндей жасқа келгенше бағып-қағып тәрбиелесе, оған пейіштің есігі ашық. Қарапайым киінудің өзі де иманға қатысты әдет. Жақсы мінез-құлықтар туралы ден қойып, әбден ойлану керек. Шариғаттың ақ жолымен жүрмеген ғалымдар да, кәрілер де, жастар да көргенсіз қылықтарға душар болады. Бәрі де өркендеуге емес, халықтың бетімен кетуіне апарып соғады. Теріс қылықтарға қарсы күресудің өзі әділетті іс. Абай атамыз айтқан сияқты ақылды адам екен. Сондықтан кім Аллахты таныса ол ақылды адам. Аллахқа құлшылық етуді имандылық деп айтады. Имандылықтың тармақтары өте көп солардың ең үлкені " Лә Илаһа Илла Аллаһ " - кәлимасы. Ең төмені жолда жатқан тасты адамдарға кедергі болмасын деп алып тастау. Ата-анаңа көмектесуің иманнан,басқада адамдарға көмек беруің иманнан,тіпті интернетте отырыпта басқаларға көмегіңді тигізуің иманнан. Ең бастысы ниеттің дұрыстығы. Имандылық ең басты Адамның Адам болмысын білдіретін үлкен құндылық.

Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл сынып жетекшісі.

«Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді» деп ел басымыз атап өткен болатын.




4 оқушы: Алижан.

Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр, Сонымен қатар ол жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілерде кездеседі. Алайда ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді. Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеум. құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Діни тұрғыдан, дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 — 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр.

5 оқушы: Нұрсая. Ислам — адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары. Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жинау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар. Яғни, Ислам — «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін. Біздің мойындайтын дініміз - Ислам діні. Ислам сөзінің мағынасы мойынсыну, бағыну, амандықты бейбітшілікте болу, яғни бір ауыз сөзбен айтқанда тұтастай бейбіт өмір салтын білдіреді. Ислам- бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді үйреніп адал жолмен күн көруді құлшылық деп санайды, яғни имандылыққа тәрбиелейді. Дүние жүзін дүр сілкіндіріп желдей есіп тез тараған Мұхаммед Пайғамбарымыз негізгі қалаған Ислам діні. Ислам дінінің негіздерін үйрену, оқу, меңгеру, өйткені адамзатқа жаратушысын танытып шынайы бақытқа жеткізетін дін-Ислам діні. Ислам діні-дүниежүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың 7 ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық. Қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді.Тарихи деректерге,әдеби аңыздарға сүйенсек. Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы-Меккеде шықты. Ислам діні әлемдегі ең үлкен ,ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес. Ислам – мойын ұсыну, бой ұсыну дегенді білдірсе, мойын ұсыну - яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз. Кім Аллаға мойын ұсынса, ол мұсылман. Мұсылмандар Аллаға, Пайғамбарға. Алла кітабына, періштелерге, өлімнен кейін өмір болатынына сенеді. Ислам діні адамдарды жағымды, көркем мінезділікке, әдептілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің бес шарты бар: Иман, намаз оқу, рамазан айында бір ай ораза ұстау, зекет беру, қажыға бару. Ислам дінін тұтынатын адамдарды мұсылман деп атайды. Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед Пайғамбар деп атады.

6 оқушы: Бекзат А.

Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.Мұхаммед Пайғамбар біздің заманымыздың 570 жылында Аравия жарты аралығында дүниеге келді. Мұхаммед , сонымен қоса қазақ тілінде Мұхамет, Мухаммадатаулары да қолданылады (05710422) — арабтың бір құдайлықты уағыздаушысы және ислам пайғамбары, осы діннің (бір құдайдан соң) негізгі қайраткері; ислам ілімі бойынша Құдай өзінің қасиетті кітабы Құранды Мұхаммедке жіберген. Сонымен қоса Мұхаммед саяси қайраткер және мұсылман қауымы — үмметтің негізін қалаушысы мен басшысы болған. Соның нәтижесінде ол Арабия түбегінде жер көлемі бойынша ірі мемлекет құрған. Исламда есімге үлкен, сакралды түрде мән беріледі. «Мұхаммед» деген ат «Қайта-қайта мадақталған», «Мақтауға лайық» деген мағынаны береді. Құранда ол өз атымен тек бес-ақ рет аталған, бірақ одан бөлек ол пайғамбар (ән-Нәби), хабаршы (Расул), Құдайдың құлы (Абд), хабаршы (Башир), ескертуші (Назыр), еске салушы (Музаккир), куәгер (Шаһид), Құдайға шақырушы (Да’и) және т.б. есімдерімен аталады. Мұсылман дәстүрі бойынша Мұхаммед пайғамбардың аты аталғанда немесе жазылғанда, әрқашан «Саллалаһу әлейһи уә сәлләм» яғни «оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын»деп айтылады. Мұхамедтің толық атының құрамына Адам атадан басталып барлық танымал аталарының есімі кіреді, сонымен қатар оның ұлының атына байланысты әл-Қасым деген куньясы да бар. Мұхаммедтің толық аты былай: Әбул Қасым Мұхаммед ибнАбдуллаһ. Дінге сенетіндер оны құрметтеп куньясы бойынша Әбул Қасым деп атаған және Мүхаммедтің көзі тірісінде тек ол ғана осы куньяның иесі болған. Ал Мұхаммед пайғамбарға дұшпандықпен қарағандар, оны мазақпен Ибн Әбу Кабша деп атаған, яғни Әбу Кабшаның ұлы деген. Исмаилдың ұрпағы (араб-аднанит (орыс.)қаз.) бола тұра, Мұхаммед пайғамбар басқа арабтардан (кахтаниттерден) терісінің ашық түстілігімен ерекшеленген. Оның заманындағы куәгерлердің айтуынша, Мұхаммед пайғамбар кең иықты, орта бойлы, қолдары мен табандары ірі болған. Мұхаммед пайғамбардың сақалы қалың, ауызы мен көздері үлкен болған. Жауырындарының арасында рельефті үшбұрыш түріндегі пайғамбарлықтың мөрі орналасқан.Оның кірпіктері ұзын, маңдай жағында біріккен қастары қиғаш болған. Исламдық тарихшы және дін маманы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари өзінің «Жалпы тарих» кітабында пайғамбардың кейіпінің келесі сипатын берген. «Оның бойы орташа: ұзын да емес, қысқа да емес. Оның беті қызғылт-ақ, көздері — қою, шашы — қалың, жалтыраған, өте әдемі болған. Беті сақалмен көмкерілген. Ұзын шашы иығына дейін жеткен. Және түсі қара болған. Оның жүрісінің нақты болғаны соншалық, әр адымдағыны сайын жерден шығып бара жатқандай көрінетін, сонымен қоса оның қозғалысының жеңіл болғаны соншалық, құдды бір жерге аяғы тимегендей көрінетін. Алайда оның жүрісінде сол заманның мықтыларына лайық тәкәппарлық болмаған. Оның жүзінде көз тайдыра алмастай мейірімділік болған. Ашыққандар оған бір қарағанда, тамақты сол мезетте ұмытып кететін. Қайғырушылар оның қасында, оның жұмсақ бет әлпетіне және дауысына тамсанып, қайғы-қасіреттерін ұмытатын. Оны көргендердің барлығы, ешқашан бұрын-соңды ондай әңгімелесуі сонша ұнамды адамды кезіктірмегендіктерін айтқан. Ол қыр мұрынды, сирек тісті болған. Анда-санда оның шашы еркін төмен түсіп түратын, кейде ол шашын үш немесе төрт байламға байлап қоятын. Іс жүзінде оның 62 жасында бірде-бір ақ шашы болмаған… Мұхаммед пайғамбар ақ түсті киімдерді киюді ұнатқан. Негізінде олар ұзын жейде (камис) және жолақты йемендік жамылғы (хибара), сонымен қатар белден айналдырып, жіліншіктің ортасына дейін жететін сәлде мен изар болған. Қолында «Мұхаммед — Аллаһтың елшісі» деген жазуы бар күміс сақинасы болған. Ол өте таза жүретін, жиі денесіне хош иіс жағатын және тісін мисуакпен тазалайтын. Мұхаммед пайғамбардың дауысы кішкене қырылдаған болатын, ол сөзге шешен, қысқа және түсінікті, кейде адамдар сөзін толық есте сақтап алсын деп бір сөзін үш рет қайталап сөйлейтін. Ол жиі күлімсіреп жүретін, ал кейде күлгені сонша, азу тістеріне дейін көрінетін.

7 оқушы: Ілияс. Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
Мұсылмандар
 (арабша «мойынсұнушы», «көнуші») — Ислам дінін қабылдаған, Аллаһқа мойынсұнған адам. Мұсылман болу - ынта-ықыласымен Аллаһқа берілу, Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың айтқандарына толық илану, шариғат үкімдеріне мойынсыну және Исламды дін ретінде толық қабылдау деген мағына береді. Шынайы мұсылман иман шарттарына шек келтірмеу Ислам қағидаларын орындауы қажет Муслим» - Исламды мойындаушы деген мағына берсе, «мумин» - иман келтіруші деген ұғымды білдіреді. Құран Кәрімде айтылғандай иман мен Ислам ұғымдары бірін-бірі толықтырады, яғни Мұсылман мен мумин сөздері өзара мағыналас. Әйтсе де иман - иман негіздерге жүрекпен иланып, іштей сену болса, Ислам - сол сенімді жария ету және Жаратқанның әмірлеріне толық мойынсұнып, амал ету болып табылады. Құран Кәрімде муслим сөзі бірнеше рет кездеседі. Сонымен қатар мумин жайлы айтылатын аяттар және «Муминун» атты арнайы сүре бар. «Муминдер» деген мағына беретін «Муминун» сүресінде муминдердің намаздарын терең тебіреніспен беріле оқып, тиым салынған нәрселерден бойларын аулақ ұстайтыны, зекет беріп, аманатқа адалдықтанытатыны және сөздеріне берік екендіктері айтылады. «Інсан» сүресінде муминдердің Аллаһ ризалығын басты нысана етіп алатыны сөз болады Сондай-ақ, «Рағыд» сүресінде мумин «Аллаһ Тағаланың әмірлеріне толық мойынсұнып, есеп беретін ұлы күнді ойлаушы, сөзіне берік, ант пен аманатқа адалдық танытушы және Аллаһ ризалығы үшін сабыр сақтап, намазын уақытында оқушы» ретінде сипатталады. Хазіреті Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) хадистерінде Мұсылман - Аллаһ және оның Елшісін жанынан жақсы көріп, иман еткеннен кейін күпірлік жасаулан тиылып, ғибадатын Аллаһ ризалығы үшін ықыласпен орындайтын адам. Ол тілімен де, қолымен де өзге мұсылмандарға зиян келтірмейді, қиынат жасамайды, Өйткені - мұсылман - мұсылманның бауыры. Көркем мінезді, иманжүзді мұсылманның негізгі сипаты - жомарттықпен жетім-жесірлерге жәрдем береді, Аллаһтың берген нәсібін Жаратқанның жолында жұмсайды.

8 оқушы: Мөлдір. Бес парыз.



Иманды-баға жетпес нұрға бала,

Ақылды адам одан құр қала ма?

Дүниені әркімдерге берген Раббым,

Дінді берер тек сұйген қүлға ғана.



Ендеше дін тірегі -намаз дейді,

Намаз бен Пенде Алладан пана іздейді.

Қүлшыньш,құлшылығын артгырғандар,

Құраннан ешқашанда ара үзбейді.



Тұтпаса уағы мен оразаны,

Адамның тәні толып,жаны азады.

Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі,

Тозақгың сенде дей бер бар азабы.



Парызды сонан соңғы-Зекет дейді,

Қолыңнан нелер келіп, не кетпейді?

Бергенің береке боп Ақіретте,

Жұмақгың биігіне жетектейді.



Алланың түссе саған назары асыл,

Сүймейсің бос мақган мен сөз асылын.

Ин ша Алла қабыл болса Қажылығың,

Анаңнан туылғандай тазарасың.



Жаратқан «бай, кедей»деп жіктемейді,

Жалқаулық сараңдыққ қүп демейді.

Қиын жоқ бес парыздабіздерге Алла,

Келместі қолымыздан жүктемейді.

Яғни, бай, кедей деп бөлмей, жалқаулыққа,сараңдыққа салынбай иманды болайық. Имандылық қастерлі қасиет.

9 оқушы: Мадина.

Намаз мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын құлшылық түріне жатады. Намаз күн сайын бес мезгіл оқылады. Бес уақыт намаз: Таң намазы, Бесін намазы, Екінті намазы, Ақшам намазы, Құптан намазы деп аталады. Намаз оқу үшін таза жүру, әр намаздың алдында арнайы жуынып-шайыну (дэрет) міндеттеледі. Намазда Мекке қаласындағы қасиетгі Қағбаға жүзді қарату шарт болып есептеледі, сондай ақ намаз оқылатын жер таза болуы керек.

10 оқушы: Бекзат Қ.

Ораза. Бұл арнайы ниет етіп, таңның атысынан кештің батуына дейінгі уақыт аралығында тамақ ішуден бас тарту жэне басқа да шариғатта көрсетілген талаптарға сай артық істер жасамау дегенді білдіреді. Мұсылмандардың сенімінде ораза адамды сабырлыққа төзімділікке үйретеді. Мұсылмандар оразаны жылына бір рет рамазан айында толық бір ай ораза ұетайды. Ораза үстаудың денсаулыққа да пайдасы зор. Ораза айында дау-дамайдан, ұрыс-керістен, қиянаттан, зорлықган, ұрлық-қарлықтан аулақ болған жөн.

11 оқушы: Нұрдәулет.

Зекет - араб тілінде көбею,өсу,тазалық деген мағыналарды білдіреді. Ол мұсылмандардағы тек дәулетті,бай кісілерден талап етілетін салықтың түріне жатады. Зекет жылына бір рет беріледі. Зекетті қаржылай, мүліктей, малдай беруге болады. Зекетті мұсылмандар байлардың кедейлерге қарасуы деп түсіндіреді.

12 оқушы: Наурыз.

Қажылық - қасиетті жерде зиярат ету дегенді білдіреді. Қажылыққа бару қаражатты көтеретін бай адамдарға ғана міндеттеледі. Қажылық құлшылығын орындау барысында Арафат тауына шығу Дағбаны тауап ету секілді бірқатар діни амалдар атқарылады. Қажылар «ихрам» деп аталатын арнайы киім киеді. Ерлер бір шаршы матамен денесін түгел орайды да, бір жағын| сол иығынан асырып жебегей тастайды. Әйелдер жеңі үзын көйлек киіп, бастарын ормалмен жабады. Бет-жүзі ашық болады. Ешкім артықшылығымен көзге түспейді. Ихрамның ішінде дүниенің ырың--жырыңынан алыстап,тек ғибадат күйінде жүреді. Мұсылмандар шын ниетімен қажылық жасаған адам бүкіл күнәларынан арылады деп сенеді. Қажылық айларынан басқа уақыттарда жасалған қажылық «умра» деп аталады.

13 оқушы: Дамир. Мешіт - (араб.: مسجد‎ мәсжид — «сәжде ететін жер») Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер. Мұсылмандар құлшылық ететін ғимарат. Діни аңыздарға қарағанда алғашқы мешіт 7 ғасырдың 1-ширегінде Медине қаласаның жанындағы Құбыла деген елді мекенде салынған. Төбесі құрма ағашының жапырақтарымен жабылған төртбұрышты үй болған. Мешітке мұсылмандар намаз оқу, діни өсиеттерді тыңдау және қоғамдық мәселерді талқылау үшін жиналатын болған.Мешіттің ашық аулалы және төбесі күмбезделіп жабылған екі түрі кең өріс алған. Ашық аулалы түрі, негізінен, араб елдерінде, күмбезді мешіттер Орта Азиядажиі кездеседі. Мешіттің Меккеге қараған қабырғасында мінажат ету үшін жасалған қуыс -михраб, оның оң жағын ала құран немесе аят оқу мақсатында орнатылған мінбер болады.Әлем мешіттері. Сауд Арабиясындағы Меккеде орналасқан бұл мешіт 1570 жылдан бері белгілі. Ол уақыттардан бері бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мешіт бүгінде әлемнің ең көрікті, ең үлкен ғимараттарының қатарынан орын алып келеді. Мешітте соңғы рет құрылыс жұмыстары 1980 жылдардың соңында, оңтүстік-батыс жағынан үлкен екі мұнарасы бар тұрық салған уақытта жүргізілді. Қазіргі таңда мешітке кіретін басты есік дәл осы тұрықта орналасқан. Ол – Фахд королдің қақпасы. Мешіт құрылысы 309 мың км² жер алып жатыр. Ғимараттың 95 метр биіктікке жететін 9 мұнарасы және төрт қақпасынан бөлек мешітке кіретін 44 есігі бар. Мешітке бір уақытта 700 000 мың адам сыйып кетеді. Әл-Набави мешіті. Көлемі жөнінен Мәдина қаласындағы мешіттен кейінгі үлкен мешіт 622 жылы тұрғызылған. 400-500 шақырымды алып жатқан мешітке бір мезгілде 600 мың адам сыйып кетеді. Қажылық кезінде бұл көрсеткіш 1 миллион адамға жететін көрінеді. Кешенде 105 метрлік 10 шақты мұнара бар. Мешітте бүгінге дейін, яғни 400 жылдан астам уақыт бойы бірнеше рет жөндеу жұмыстары жүргізілген. Омейядтар мешіті. Дамаскідегі Омейядтар мешіті әлемдегі ең әдемі мешіттердің бірі саналады. Ол Омейядтар әулетінің алтыншы билеушісі әл-Валиданың бұйрығымен түрғызылған. Құрылыс жұмыстары 709-715 жылдар аралығында жүргізілген екен. Мешіттің біршама бөлігі алтынмен жалатылған және түрлі-түсті мәрмармен қапталған. Шейх Зайед мешіті. Шейх Зайед мешіті – әлемдегі үшінші үлкен мешіт. Мешіттің атауы - Біріккен Араб Әмірлігінің негізін қалаушы шейх Зайед ибн Сұлтанның құрметіне берілген. Салтанатты ғимарат өзінің үлкендігмен және әсемдігімен ысылмаған көрерменнің өзін таңқалдыра алады. Өйткені мешіттің дизайнерлік және материал таңдау жұмыстарымен өз ісінің ең үздік шеберлері айналысқан болатын. Олар Италиядан, Германиядан, Мароккодан, Үндістаннан, Түркиядан, Ираннан, Қытайдан, Грекидан шақырылды. Мешіттің құлшылық жасалатын залына әлемдегі ең үлкен кілем төселген. Қолөнердің бұл озық үлгісі 5627 шары метрлік көлемге арналып жасалған және салмағы 45 тоннаны құрайды. Құны 6 миллион долларды құрайтын кілемді екі бірдей ұшақпен әкелген. Кілемді тоқуға екі жылдай уаықт кеткен. Мұнда бір мезгілде 40 000 адам құлшылық жасай алады.

14 оқушы: Гүлжан.

Құран немесе Құран Кәрім . Құран барша мұсылмандардың ерекше қадір тұтып ұстанатын қасиетті кітабы.Құран сөзі араб тілінен аударғанда көп оқылатын кітап деген мағынаны білдіреді.Шариғат ілімінде құранды жазуды ең соңғы Пайғамбар Мұхаммед періште арқылы дахи жолымен түскен. араб. Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оныңМұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады. Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін 632 жыл 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасыХафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанныңмұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.

15 оқушы: Айгерім.

Иман сөзі араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен алынған. Сөздік мағынасы бір нәрсеге сену деген сөз. Иман сөзінің шариғаттағы мағынасы - Хазіретті пайғамбарға Аллаһ Тағаладан жеткен нақты үкімдерді растап, ешбір күмәнсіз қабыл ету. Әрі бұларға шын көңілмен сену болып табылады. Адам дене мен жанның бірлесуінен пайда болған ііршілік иесі. Денеміз қалай ішіп - жеуді талап етсе, жанымыз да азықгы яғни ғибадатты қүлшылық етуді керек етеді. Имансыз қылық жасағандар кінәлі болып ерте ме кеш пе жазасын тартады. Иманды адамдар қайырымды, мейірімді болып, өздеріне нэсіп еткен намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты парыздарын орындауға ниет етеді. Иман - арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен  ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық  ойлайды, оларға мейір - шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді. Имандылық Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік.

16 оқушы: Марат Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан»кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпенаяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін дайындау үшін жұмыстан сұрану керек еді. Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан алдын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Аллаһ Тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы немесе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат – құрбандық шалу. Бұл – айтулы мерекенің ең маңызды амалы. Құрбандық деп құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни Құрбан айт деп аталады. Қасиетті Құран Кәрім және Исламтарихы бойынша бұл мереке мен оның шежіресі сонау адамзаттың атасы Адам (ғ.с.) ата және дәстүрлі діндердің түп атасы Ибраһим (ғ.с.) мен оның ұлы Исмайыл (ғ.с.) пайғамбарлармен тығыз байланысты. Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 грамм алтынға тең ақшасы бар, бас бостандықтағы, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды немесе ешкіні немесе бір адамнан жеті адамға дейін ниеттерін біріктіріп, екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіпті қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал», – деп бұйырылған. Ал әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!»

17 оқушы: Мадина Хадис. Хадис-Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы, «Құран кәрімнен» кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған. Хадисте: «қайсыбір әйел төрт амалды орындаса, сегіз жәннаттың қалаған есігіне кірсін» делінген.

Біріншісі - күніне бес уақыт намазын оқу.

Екіншісі - жылына бір келетін Рамазан айында ауыз бекіту.

Үшіншісі - күйеуінің ризашылығына бөлену.

Төртіншісі - ар-ұятын сақтау.

Аш адамға көмек беріңдер. Аурудан хал сұраңдар.

Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріңдер.

Кездескенде кім бірінші сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам

алдында да иманды адам. Иманның жақсысы - сабырлы және кеңпейілді болу. Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел-анаңыз, әжеңіз, қызыңыз. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.

18 оқушы: Гүлжан. Ғибадат - бізді және бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен әрі әрқашан бар етіп ұстап тұрған, әр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та’аланың әмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Сонымен қатар, Аллаһтың махаббатына қауышқан пайғамбарларға, әулиелерге және ғалымдарға бағыну. Сансыз нығмет берген Аллаһқа шамасы жеткенше шүкір ету әрбір жанның бірден бір міндеті. Бірақ адам баласы өзінің құсырлы ақылы және қысыр санасымен жаратқанға құрмет амалдарды таба алмайды. Құрмет болып саналатын амалдар Аллаһу та’ала тарапынан білдірілмейінше адам санасында мадақтау болған нәрселер жаратқан үшін мазақ ету, жамандау болуы мүмкін. Адамдардың Аллаһқа деген діл, тіл және денемен өтеуі және сенуі қажет болған шүкір боршы мен құлдық міндеті, Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген және Оның сүйікті Пайғамбары арқылы жеткізілген. Аллаһ білдірген және әмір еткен құлдық міндеттері «Исламият» делінеді. Аллаһу та’алаға шүкір ету, Оның Пайғамбары алып келген дінге бағыну арқылы жүзеге асады. Бұл дінге қайшы немесе бұл жолдың сыртында қалған еш бір шүкіршілік, ғибадатты Аллаһу та’ала қабылдамайды және ұнатпайды. Сондықтан да Ислам дінінен хабарсыз жұртшылықтың өз бетінше әр түрлі ритуалдарды орындауларының Аллаһ құзырында еш бір құны болмайды.Демек, ақылы бар адамның Аллаһқа шүкір және дұрыс ғибадат етуі үшін Мұхаммед алейһиссаламға бағынуы шарт. Мұхаммед алейһиссаламға бағынған адам ғана мұсылман деп аталады. Ал Аллаһқа шүкір етуге, яғни Мұхаммед алейһиссаламға бағынуға «Ғибадат ету» делінеді. Ислам екі бөлімнен тұрады:

1 - Қалб, яғни жүрекпен сенуді қажет ететін нәрселер.

2 - Дене мен жүрек арқылы орындауды қажет ететін ғибадаттар.

Денемен орындалатын құлшылықтардың ең құндысы намаз. Мүкәлләф болған әр кісінің күнде бес уақыт намаз оқуы парыз.

19 оқушы: Сұлтанбек. Әулие (араб тілінде- желеп-жебеуші)-ерекшк діндарлығымен, дін жолыа кіршіксіз берілгендігімен халық сеніміне ие болған қасиетті тұлға.Әулиелер туралы түсінік барлық діндерде кездеседі.Ислам дінінде де әулие ұғымы бірден орныққан.

20 оқушы: Нұрдәулет. Адам ата – Құран бойынша Алла тағала топырақтан жаратқан ең алғашқы адам, күллі адамзаттың арғы тегі, бірінші пайғамбар. Құранда Алла тағала екі күнде байтақ жерді жаратқан делінген. Діни кітаптарда Құдай өзі жаратқан дүниенің шоқтығы етіпАдам атаны өз бейнесі тәріздендіріп, топырақтан жаратыпты да, танауынан үрлеп жан кіргізіпті, жер-жиһанның, жан-жануарлардың иесі қылып, періштелеріне А.-ға жүгіну жайында әмір берді дейді. Бірақ, Ібіліс Алла тағаланың әміріне бағынбайды, оттан жаратылғандықтан, Адам атадан өзін жоғары санап, оны дұрыс жолдан тайдыруды көздейді. Алла тағала А.-ға білім сіңіріп, таным аясын кеңейтті. А. жалғызсырамасын деп Алла кейін Хауа ананы жаратады. Екеуі жұмақта тұрған. Он сегіз мың ғаламның атын үйретті, өзі мен зайыбына жұмақтағы жемістерді қалағанынша үзіп жеуге рұқсат береді. Тек бір ағаштың жемісін үзуге тыйым салады. Адамата мен Хауа ананың жұмақтағы рахат өмірін көре алмай, Ібіліс оларды азғыра бастады, ақыры оның арамзалығын аңғармаған олар тыйым салынған жемістің дәмін татады. Алланың айтқанын орындамай күнәһәр болып, жұмақтан жерге қуылған А. мен оның ұрпақтары содан былай еңбекпен күнелтуге тиіс болады. Алла тағала оларға: «Пәни дүниеге жөнелтемін, өзара өш боласыңдар, жерді мекен тұтасыңдар», – деп Ібіліспен арадағы жаулықтың да сақталатынын айтып, оған еліктеуден сақ болуды, бақилық өмірде жұмаққа қайту мүмкіндігінің бар екенін ескертті. Киіз кітапта Ібілістің сөзіне ергені үшін әйел анаға берген Алла тағаланың жазасы босану кезіндегі толғақ екен дейді. А. сайтанның азғыруына ермес үшін Хауа ананы қамшымен ұрып жазалаған дейді қазақ аңызында. Бірақ, Ібілісті ұрып-соғып құртып жіберсе де, қайта айналып келе берген екен. Ең ақырында Ібілістің баласын қазанға салып қайнатып, А. мен Хауа ана бірге жепті-мыс. Сондықтан, Ібіліс адам бойында жүретін болыпты. Ендігі жерде адамдар «жақсылық» пен «жамандықтың», «имандылық» пен «нәпсіқұмарлықтың», «дұрыстық» пен «терістің» арасын өздері ажырата білуге, таңдауға мәжбүр болады. Кім де кім өз нәпсісін жеңе алса, оны меңгере алса, сол адам пәни жалғанда да, бақи дүниеде де Алла тағаланың жарылқауына және сый-құрметіне бөлене алады деген діни наным-сенім осылай қалыптасты. А. және оған байланысты композициялық сюжеттер қазақы ортада үлгілі социумдық қатынастың моделі ретінде дәріптелінді.

21 оқушы: Мөлдір. Хауа ана - Адамзаттық анасы, Құран Кәрім аңыздарының кейіпкері, Адам Атаның (салла-л-лаһу алейһи уаа сәллам) зайыбы. Аңыздарда Хауа ана аталуының себебін Адам Атаның қабырғасынан, тірідей жаратылуымен (хауа - тірі) байланыстырады. Хазірет Хауа ана теңдесі жоқ сұлу, көрікті болады. Адам Ата (салла-л-лаһу алейһи уаа сәллам) оған ерекше ынтызар болып, мейірім махаббаты түседі. Құтба оқылып, некесі қиылғаннан кейін екеуі ерлі-зайыпты болып, жаннатта мамыражай ғұмыр кешіп жатады. Ібілістің азғыруына ілескен Хауа ана тыйым салынған жемістен дәм татып, Адам Атаны (салла-л-лаһу алейһи уаа сәллам) да одан жеуге үгіттеп көндіреді. Осы күнәларының себебімен Құдайдың каһарына ұшырап, екеуі пейіштен шығарылған соң, күнәларына кешірім табу үшін жер бетіне жіберіледі.Араб еліндегі Джидда тауына келіп түскесін, жасаған күнәсына налып, көп жылын(үш жүз жыл) жылаумен өткізеді. Ақырында Қағбаға келгесін Аллаһ күнәларын кешіріп, Адам Атаға қосылады. Хауа ана бір ұл, бір қыздай егіз қылып, бірнеше ұрпақ дүниеге әкелді.

Журналдың үшінші беті: « Сыр - сұхбат» кездесу.

Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл сынып жетекшісі.

Журналдың үшінші беті: « Сыр – сұхбат » деп аталады. Аудандық мешіттің бас имамы Жарқымбаев Нұрлан мырзамен және ауыл имамы Даумов Қанат ағамен кездесу. Ендігі сөз кезегін, қонағымыз Нұрлан мырзаға береміз. Нұрлан мырза ортамызға қош келдіңіз! Сөз кезегі өзіңізде. Жастарға қандай өсиет сөз айтар едіңіз.Қанат аға ортамызға қош келдіңіз! Қанат аға сөз кезегі өзіңізде.

Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл сынып жетекшісі.

Оқушыларымыздың көкейінде жүрген сұрақтары бар екен, сіздерге қоюға рұқсат етіңіз.

Имамға сұрақ:

  1. Қандай оқу орнын бітірдіңіз?

  2. Аудандық мешітке жұма намазына оқушылар бара ма?

  3. «Имам» болу үшін оқып, диплом алдыңыз ба?

  4. Отбасы мүшелеріңіз ораза ұстап, намаз оқи ма?

  5. Теріс ағымдар жайлы айтып берсеңіз.

Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл - сынып жетекшісі.

Нұрлан мырза, Қанат аға әңгімелеріңіз өте әсерлі, тартымды болды. Бізге айтқан жақсы сөздеріңіз, әңгімелеріңіз бізді қызықтырды. Әсерлі әңгімелеріңіз үшін үлкен алғызымызды білдіреміз!

Ән «Жаса Қазақстан»» орындайтын Қапсихов Қадыржан.

Журналдың төртінші беті: « Имандылық - өмір айнасы»

ІІІ Қорытынды.

«Кітаптар көрмесі» сынып жетекшісі Хилауова Армангүл таныстырып өтті.

Мұғалім сөзі: Хилауова Армангүл - сынып жетекшісі.

Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнайды.

«Түзу бастап, ақ жолды кесе көрме,

Иман тонын үстіңнен шеше көрме» - деп түрік ғүламасы Жүсіп Баласағүн айтқандай Алла жолында түзу жүріп,бойымыздан иманымыз кетпесін. Әрдайым имандылық жанымызға серік болсын деген тілекпен бүгінгі ашық тәрбие сағатымды аяқтаймын. Бүтінгі сабақта өз ойларызды айтып, белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет. Барлыктарьңызға Алланың нұры жауып, шапағаты тисін!

Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану п?нінен "Жа?сылы? - жан жадыратады" саба?ы 9-сынып

Автор: Жунусова Куаныш Мирасбек?ызы

Дата: 04.05.2016

Номер свидетельства: 324231


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства