2014-2015 оқу жылындағы декадада өткізген ашыө сабағы Коныршина Е.С.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сыныбы : 8Б
Сабақтыңтақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын,аудармашылығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
3. Топтық міндет: Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақ құрылымы:
Ұйымдастыру жұмысы:
Үй тапсырмасы тексеру : Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.
1. Абай – ақын
*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
*Абайдың өлеңдері сұралады.
*Өлеңдерінің шығу тарихы сұралады.
2. Абай – аудармашы
Оқушылар слайд арқылы Абайдың аудармалары туралы айтады.
3. Абай – сазгер.
*Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.
* «Көзімнің қарасы» әні айтылады.
Топқа бөлу
Слайд бойынша
Сары, көк, жасыл түстермен топқа бөлемін. (жаз, қыс, күз)
I. Қызығушылығын ояту
Абай кім ?
II. Мағынаны тану
(Абай туралы бейнефильмдер арқылы көрсетіледі)
Топ. «Абай- ақын» тобы
Венн диаграммасы «Абай және Пушкин»
2-топ. «Абай-аудармашы» Синквейн әдісімен «Абай және поэзия» сөздеріне
«Абай – сазгер» «Білдім, білемін, білгім келеді» кестесін толтыру
III. Ой - толғаныс «Толықтыру сынамасы» жұптық, cөздікпен жұмыс
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «Толықтыру» сынамасы беріледі.
1.Абай Құнанбаев кім ? Абай Құнанбайұлы 1845жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
2. Шығыстың қандай ақындарын оқыған ?Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқиды.
3. Абайдың алғаш білім туралы жазған өлеңі қалай аталады ? Абай 1885жылы алғаш білім туралы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
4. Абайдың әжесі кім ? (Зере)
5. Абайды не себепті философ деп атаймыз ?Абайдың қырық бес қара сөзі бар,
6. Абайдың сазгерлігі туралы айт. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бой бұлғаң» т. б. әндері бар.
7. Абайдың неше поэмасы бар ? (3)
8. Табиғат лирикасына арналған өлеңдері қалай аталады? (Күз, қыс, жаз, көктем)
9. Абай кімдердің шығармаларын аударған? (Пушкин, Крылов, Толстой, Некрасов)
10. Оқу білім туралы өлеңдерін ата (Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Интернатта оқып жүр, Ғылым таппай мақтанба т.б.)
11. Александр Македонский туралы поэмасы қалай аталады? (Ескендір)
12. Абай қандай медреседе оқыған ?
13.Абайдың білімді, зерек болуына отбасында кімдердің әсері болды ? (Әжесі Зере, анас Ұлжан)
14. Абайдың шын аты кім ? (Ибрахим)
15. Абайдың қара сөздері неге тәрбиелейді ? (адамгершілікке,білімділікке, еріншек болмауға , шыдамдылыққа тәрбиелейді).
16. Абайдың туған жері ? (Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстауда д.к.)
17. Абай қандай әдебиеттің негізін салушы ? (Жазба әдебиет)
18. Абайдың өмір сүрген жылдары ? (1845-1904)
19. Абайды әлемге танытқан жазушы ? Қандай шығарма жазған ? (М.Әуезов «Абай жолы»)